О проведении Международного Дня пожилых людей и Дня инвалидов Республики Казахстан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.09.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Егде адамдардың халықаралық күнін және Қазақстан Республикасының Мүгедектер күнін өткізу туралы 1-қазанды Егде адамдардың халықаралық күні деп жариялау туралы БЎЎ Бас Ассамблеясының шешіміне және "Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні деп белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 маусымдағы N 1224 Жарлығына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 148-ІІЗаңының 27-бабы 1-тармағының 17)-тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2003 жылғы 1-қазаннан 1-қарашаға дейін қайырымдылық айлығы жариялансын.
Тармақ 2
2. Аудандар мен қалалардың әкімдері Соғыс және еңбек ардагерлері кеңестерімен, қоғамдық ұйымдармен және меншіктіктің барлық нысанындағы кәсіпорындармен (келісім бойынша) бірлесіп соғыс және еңбек ардагерлерінің, мүгедектердің, жалғыз басты азаматтардың кездесулерін, құрмет көрсетуін, үйлеріне баруды ұйымдастырсын. Оларға материалдық көмек көрсетуге, қысқа үй-жайларын дайындауға, отын әзірлеуге мүмкіндіктерін іздестірсін.
Тармақ 3
3. Облыстың еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (А.С. Шерубаев):
Тармақша 1
1) мүгедектер арбашаларының алуын және оны мұқтаж мүгедектерге дәрігерлік - әлеуметтік сараптау комиссиясының шешіміне сәйкес беруді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) жалғыз басты табысы аз азаматтарға, ардагерлер активіне 2004 жылғы 1-жартыжылдықта "Дидар" (557-дана) және "Рудный Алтай" (701-дана) газеттеріне жазылуды ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) табысы аз азаматтар мен ардагерлер активіне 1 (бір) млн. теңге сомаға материалдық көмек көрсетсін;
Тармақша 4
4) облыстың интернат-үйлерінде салтанатты іс-шаралар, қайырымдылық акциялар ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Табысы аз азаматтарды қолдау жөніндегі Шығыс Қазақстан өңірлік қоры (Н.М. Аверьячкина) мұқтаж жеке басты егде адамдарға, зейнеткерлерге және мүгедектерге 800 сыйлы қоржындар әзірлеп тапсырсын.
Тармақ 5
5. Облыстың ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (А.И. Рукин) бұқаралық ақпараттар құралдарында "Қайырымдылық" акциясын кеңінен жария етсін, ардагерлер мен мүгедектердің өмірі туралы әңгіме айтсын.
Тармақ 6
6. Облыстың білім департаменті (С.И. Ферхо) оқушы жастардың ардагерлермен кездесуін, концерттерді ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2002 жылғы 20-қыркүйектегі N 253 "Халықаралық Қарттар күнін және Қазақстан Республикасының Мүгедектер күнін өткізу туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.Н. Сухоруковаға жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.