Об утверждении нормативов субсидирования затрат перерабатывающих предприятий на закуп сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки Күшін жойған
Басқа 0
Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын
субсидиялау нормативтерін бекіту туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабындағы 2-тармағының 12-7) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау нормативтері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жамбыл облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау нормативтері
Жамбыл облысы әкімдігінің
2022 жылғы 16 тамыздағы № 187
қаулысына 1-қосымша
Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау нормативтері
№
Ауылшаруашылық өнімінің атауы
Тереңдете өңделген өнімдердің атауы
Өнім бірлігіне арналған субсидиялар нормативі
(теңге/ килограмм)
1.
Сүт
Сары май
31,0
2.
Сүт
Қатты ірімшік
28,0
3.
Сүт
Құрғақ сүт (майы алынбаған, майы алынған)
23,0
Басқа 9. Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
Жамбыл облысы әкімдігінің
2022 жылғы 16 тамыздағы № 187
қаулысына 2-қосымша
Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
Тармақ 1
1. «Ауыл шаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алатын ауыл шаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 77 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2649 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі №77 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 94 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3017 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Ауыл шаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алатын ауыл шаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 77 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 344 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3227 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Ауыл шаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алатын ауыл шаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 77 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 16 наурыздағы № 44 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3374 болып тіркелген).
Тармақ 5
5. «Ауыл шаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алатын ауыл шаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 77 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 57 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3780 болып тіркелген).
Тармақ 6
6. «Ауыл шаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алатын ауыл шаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 77 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 106 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4228 болып тіркелген).