О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 маусымдағы № 917 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті» мемлекеттік мекемесі құрылсын.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» мемлекеттік мекемесінің атауы «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті» мемлекеттік мекемесінің атауы «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.
Тармақ 3
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы: 2022 жылғы 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 15-тармағының 100) және 101) тармақшаларын; 2022 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 15-тармағының 138) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Ереженің 104) тармақшасының қолданысы 2022 жылғы 24 қарашаға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: «104) Қазақстан Республикасындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын әзірлеу;».
Басқа 8. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы « » № қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, тіл саясаты, ғылым, ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, ғылымды, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді цифрландыру, инновациялық қызмет саласындағы басшылық жасауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің мынадай ведомстволары бар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті.
Тармақ 3
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Егер заңнамаға сәйкес уәкілетті берілген болса, Министрлік мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8 үй.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Министрлiкке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен оның өкiлеттiгiне жататын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ғылым саласында халықаралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, тілдерді дамыту салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласын қалыптастыру және оның дамуын қамтамасыз ету, инновациялық қызмет саласындағы елішілік құндылықты дамыту;
Тармақша 2
2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
Тармақша 3
3) ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
Тармақша 4
4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үшін жағдайлар жасау.
Тармақша 5
5) инновациялық жүйені жоспарлау, мониторингілеу, ынталандыру және дамыту;
Тармақша 6
6) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
Тармақша 7
7) мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктер:
Тармақша 1
1) құқықтары: заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу; орындалуы міндетті құқықтық актілерді қабылдау; өз өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволарға беру; Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану бойынша түсіндірмелер мен түсініктемелер беру; өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші және сарапшылық комиссиялар құру; Министрлік қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру; Еңбек кодексінде және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша қызметкерлерді көтермелеу, тәртіптік жаза қолдану, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту; өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу; Министрліктің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу; Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, олар бойынша хаттамалар жасау және әкімшілік жазалар қолдану; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрліктің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап-арыз беру; қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) міндеттері: Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен қарау; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеуге; Қазақстан Республикасы заңнамасының реттелетін салада қолданылуына талдау жүргізу; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіру; әкімшілік рәсімге қатысушыны тыңдаудың өткізілетін орны, күні және уақыты туралы алдын ала хабардар ету; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік рәсім бойынша шешім қабылдау алдында әкімшілік рәсімге қатысушыны тыңдау; әкімшілік актіні Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік рәсімге қатысушының не олардың өкілдерінің назарына жеткізу; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушының құқықтарын іске асырудан бас тарту; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялар:
Тармақша 1
1) азаматтардың жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 1-1
1-1) әкімшілік рәсімдер шеңберінде арыз иелері жолданымдарда көтеретін жүйелі проблемаларға талдау жүргізу және оларды анықтау;
Тармақша 2
2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру, салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен ғылым саласындағы халықаралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 2-1
2-1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік әріптестердің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру проблемаларын шешуге қатысуын қамтамасыз ету және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға үш жылға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту;
Тармақша 2-2
2-2) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерлерін бекіту;
Тармақша 2-3
2-3) «бакалавр» немесе «магистр» дәрежесін бере отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін білім беру грантын тағайындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 2-4
2-4) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын студент жастарды патриотизм көрсеткені және белсенді азаматтық ұстанымы үшін марапаттау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 2-5
2-5) мемлекеттік атаулы стипендияларды бекіту;
Тармақша 2-6
2-6) маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасы азаматтарының жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе міндетін тоқтату тәртібін айқындау;
Тармақша 2-7
2-7) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, білім алу мақсатында келетін иммигранттардың тұруға, сондай-ақ оқуға ақы төлеуге қажетті өзінің төлем қабілеттілігін растауды ұсынуы қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 2-8
2-8) мемлекеттік білім беру тапсырысымен байланысты көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 3
3) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді бекіту;
Тармақша 4
4) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 5
5) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттары мен докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 6
6) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау және жариялау арқылы қоғам мен мемлекетті жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің жай-күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз ету;
Тармақша 6-1
6-1) петициялардың сапалы және уақтылы қаралуын қамтамасыз ету;
Тармақша 6-2
6-2) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар жөніндегі есептерді бекіту және жариялау;
Тармақша 6-3
6-3) аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстар авторларына арналған жыл сайынғы конкурстар өткізу;
Тармақша 6-4
6-4) ғылым саласындағы мемлекеттік ғылыми-технологиялық саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
Тармақша 7
Тармақша 8
8) білім беруді басқару жүйесіне білім беру мониторингін және ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту;
Тармақша 8-1
8-1) білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 9
9) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 10
10) білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 11
11) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің сапасын басқаруды жүзеге асыру, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің сапасын әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз ету;
Тармақша 12
12) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 13
13) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру пәндері циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 14
14) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімдерін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізілімдеріне енгізу және олардан алып тастау негіздерін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 15
15) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 16
16) мыналарға: кадрларды даярлау бағыттары және оқыту нысандары бойынша жоғары білім; кадрларды даярлау бағыттары және оқыту нысандары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім; рухани білім беруге рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес білім беру қызметімен айналысуға лицензиялауды электрондық түрде жүзеге асыру;
Тармақша 16-1
16-1) білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын қайта ресімдеуге арналған өтініштің нысанын бекіту;
Тармақша 17
17) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру мониторингін жүзеге асыру тәртібін белгілеу;
Тармақша 18
18) «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 19
19) аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану талаптары мен тәртібін белгілеу;
Тармақша 20
20) аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану рәсімін жүзеге асыру;
Тармақша 21
21) танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізілімдерін және білім беру бағдарламаларын қалыптастыру;
Тармақша 22
22) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 23
23) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 24
24) мемлекеттік білім беру кредитін беру және орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 25
25) ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 26
26) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 27
27) мүдделі орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 27-1
27-1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 28
28) экстернат нысанында оқыту қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 29
29) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 30
30) экстернат нысанында және онлайн оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 31
31) білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 32
32) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою рәсімін жүзеге асыру;
Тармақша 33
33) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 34
34) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 35
35) бақылаудың тиімді және ашық рәсімдері негізінде білім алушылардың оқу жетістіктерін анықтау үшін білімді тексеруді жүргізу;
Тармақша 35-1
35-1) білім алушылардың білімін тексеруді жүргізу үшін қағидалар мен талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 36
36) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу және беру және олармен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту, олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 37
37) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп білім беру жинақтау салымы және білім беру жинақтау сақтандыруы туралы үлгілік шарттарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;
Тармақша 37-1
Тармақша 37-2
37-2) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 37-3
37-3) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы операторды айқындау;
Тармақша 38
38) қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру қағидаларын әзірлеу және бекіту, осындай кепілдік беру мөлшерін айқындау;
Тармақша 39
39) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп оператор мен қатысушы банк, оператор мен қатысушы-сақтандыру ұйымы, оператор мен қатысушы білім беру ұйымы арасындағы мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімдерді әзірлеу және бекіту;
Тармақша 39-1
39-1) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бастапқы білім беру капиталын есепке жазу, пайдалану, қайтару қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 39-2
39-2) білім беру саласындағы уәкілетті органның операторын айқындауды келісу;
Тармақша 40
40) Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 41
41) кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін және оқу-әдістемелік бірлестіктерді құру және олардың қызметі туралы ережені бекіту;
Тармақша 42
42) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының жарғыларын бекіту;
Тармақша 42-1
42-1) Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға атаулар беру, оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту және жеке адамдардың есімдерін беру туралы шешім қабылдау;
Тармақша 43
43) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының және нормативтік құқықтық актілердің, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардағы бюджеттік және қаржылық тәртіптің орындалуын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 44
44) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру;
Тармақша 45
45) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын беру;
Тармақша 46
46) мемлекет атынан доцент, қауымдастырылған профессор (доцент), профессор аттестаттарын беру;
Тармақша 47
47) ғылыми қызмет нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне енгізу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 48
48) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп формалды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін, сондай-ақ кәсіптік біліктілікті тану нәтижелерін тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 49
Тармақша 50
50) тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша білім беру ұйымдарына және олардың аумағына әкелуге тыйым салынған, онда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 51
51) салалық көтермелеу жүйесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 52
52) шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу және өз құзыреті шегінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, сондай-ақ ғылыми қызмет саласындағы халықаралық шарттар (келісімдер) мен бағдарламаларға қол қою;
Тармақша 53
53) Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 53-1
53-1) өз құзыреті шегінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алатын жастар арасында этносаралық келісім мен Қазақстан халқының бірлігі қағидаттарын қалыптастыруға және нығайтуға жәрдемдеседі;
Тармақша 54
54) шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға жіберу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 55
55) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 56
56) қысқы және жазғы каникул кезеңінде жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақы төлеу арқылы қалааралық теміржол және автомобиль көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 57
57) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттары мен докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 58
58) Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында факультативтік сабақтарды ұйымдастыру арқылы қоғамда терроризмге қарсы сананы қалыптастыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 59
59) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және олардың күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асыру;
Тармақша 60
60) стандарттау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асыру;
Тармақша 61
61) стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын және стандарттау жөніндегі ұлттық жоспарды қарау;
Тармақша 62
62) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру;
Тармақша 63
63) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу;
Тармақша 64
64) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
Тармақша 65
65) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуын қамтамасыз ету;
Тармақша 66
66) мемлекеттік тапсырыс немесе грант бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стипендиялар тағайындау және төлеу тәртібін әзірлеу;
Тармақша 67
67) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларын құқықтық тәрбиелеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 68
68) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары білім алушыларының заңға мойынсынушылық мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлеу және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жұмыс практикасына енгізу;
Тармақша 69
69) өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылар арасында құқық бұзушылықтардың профилактикасы бойынша іс-шаралар өткізу;
Тармақша 70
70) Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамалар беру;
Тармақша 71
71) бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазалар қолдану, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау және оларды сот органдарына беру, сот процестеріне қатысу;
Тармақша 72
72) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту және орналастыру бөлігінде білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 72-1
72-1) педагогтік қайта даярлау тәртібін айқындау;
Тармақша 73
73) «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту;
Тармақша 73-1
73-1) шетелде, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйымды (әкімшіні) айқындау;
Тармақша 73-2
73-2) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 73-3
73-3) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесін әзірлеу және жыл сайын бекіту;
Тармақша 73-4
73-4) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 73-5
73-5) мүдделі мемлекеттік органдармен, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен, ғылыми және өзге де ұйымдармен келісу бойынша тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамын, оның жұмыс тәртібі мен ұйымдастырылуын, сондай-ақ үміткерлердің тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен дербес әңгімелесуін бағалау парағын бекіту;
Тармақша 73-6
73-6) «Болашақ» халықаралық стипендиясынан бас тартқан не одан айырылған, сондай-ақ «Болашақ» халықаралық стипендиясының әкімшісі алдында қаржылай берешегі бар «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсының жеңімпаздарын оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын қайтаруға байланысты жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 73-7
73-7) стипендиаттармен оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу, стипендиаттарды орналастыруды жүзеге асыру, стипендиаттардың үлгерімі мен еңбек қызметін жүзеге асыруының мониторингі, стипендиаттардың міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде берілген кепіл мүлкін ауыстыру, тұрақсыздық (айыппұл) төлемін қоса алғанда, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап стипендиатқа жұмсалған шығыстарды өтеу қағидалары мен шарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 73-8
73-8) «Болашақ» халықаралық стипендиясының шеңберінде тілдік курстар ұзақтығының кестесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 73-9
73-9) «Болашақ» халықаралық стипендиясының шеңберінде шетелде оқыту үшін мәндес мамандықтар тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 73-10
73-10) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларында айқындалатын тұлғалар санаттары үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясының шекті санын әзірлеу және жыл сайын белгілеу;
Тармақша 73-11
73-11) «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттарды қабылдау және конкурс өткізу мерзімдерін бекіту;
Тармақша 73-12
73-12) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлер үшін мемлекеттік және шет тілдерін білуінің қажетті ең төмен деңгейін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 73-13
73-13) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін жұмыс орнын сақтау шартымен жұмыс берушінің маман даярлауға өтінімінің нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 73-14
73-14) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер сауалнамасының үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 73-15
73-15) Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде тағылымдамадан өту бағдарламасына қойылатын талаптар нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 73-16
73-16) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін бағалардың баламалылығы кестесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 73-17
73-17) «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөнінде комиссия құру;
Тармақша 73-18
73-18) жыл сайын білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп білім беру ұйымдарының типтері бойынша оқытудың орташа құнының ұзақ мерзімді болжамдарын әзірлеу; 73-19) Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындары және (немесе) олардың филиалдары қызметінің қағидаларын және олардың ынтымақтастығының нысандарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 74
74) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту;
Тармақша 75
75) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерді алу;
Тармақша 76
76) қағидаларын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін денсаулық сақтау саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды нысаналы даярлауды қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында философия докторларын (PhD) нысаналы даярлау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 77
77) ведомстволық бағынысты жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ректорларын тағайындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 78
78) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 79
79) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын дамыту бағдарламасының құрылымы мен оны әзірлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 80
80) стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 81
81) кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;
Тармақша 82
82) кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;
Тармақша 82-1
82-1) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізбесін бекіту;
Тармақша 83
83) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметін тоқтата тұру;
Тармақша 84
84) білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру, білім беру ұйымын қайта ұйымдастыруға байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мәселелерін алқалы және жария қарау үшін консультациялық-кеңесші орган құру;
Тармақша 85
85) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Сот төрелігі академиясын қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу;
Тармақша 85-1
85-1) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты мемлекеттік аттестаттауды өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 86
86) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жүргізуді үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 87
87) мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мен жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 88
88) кредиттік оқыту технологиясын бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 89
89) білім беру ұйымдарына қашықтықтан оқытуды ұсыну бойынша қойылатын талаптарды және қашықтықтан оқыту бойынша және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 90
90) білім және (немесе) біліктілік туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілерінің пайдаланылуына бақылау жүргізу;
Тармақша 91
91) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына әдіснамалық қолдау көрсету;
Тармақша 92
92) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген білім алушыларды қорытынды аттестаттау ерекшеліктерін айқындау;
Тармақша 93
93) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын алқалы басқаруды сайлау тәртібін қоса алғанда, жұмысты ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 94
94) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептілік құжаттарының нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 95
95) ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 96
96) мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 97
97) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;
Тармақша 98
98) жастар ұйымдарымен ғылым, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 99
99) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 100
100) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа жеткен академиктеріне өмір бойғы ай сайынғы стипендия белгілеу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 101
101) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 102
102) ғылым, ғылыми-техникалық қызмет және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру және мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 103
103) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысын үйлестіру;
Тармақша 104
104) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес айқындайтын ғылым мен технологияларды дамытудың стратегиялық басым бағыттарына сәйкес Қазақстан Республикасында ғылымды дамытудың басым бағыттарын, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді әзірлеу және оларды Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның бекітуіне ұсыну;
Тармақша 105
105) Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 106
106) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын әзірлеуді және оларды қалыптастыру, орындау және аяқтау сатыларында іске асыруды ұйымдастыру;
Тармақша 107
107) мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ғылыми зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 108
Тармақша 109
109) іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 110
110) іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нормаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 111
111) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 111-3
111-3) бюджет қаражаты есебінен және берілетін салықтық жеңілдіктер шеңберінде қаржыландырылатын ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 111-4
111-4) ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйымды айқындау;
Тармақша 111-5
111-5) коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама, сараптама жүргізу, сұралатын қаржыландыру көлемі сомасының негізділігін бағалау жөніндегі қазақстандық сарапшылар көрсететін қызметтер құнының әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 111-6
111-6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыруды қолдап отырудың көрсетілетін қызметтері құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 111-7
111-7) ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған шығыстардың нормаларын, үлгілік шарттарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 111-8
111-8) ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйымды (әкімшіні) айқындау;
Тармақша 111-9
111-9) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына «зерттеу университеті» мәртебесін беру қағидаларың, өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 111-10
111-10) технологиялардың әзірлігі мен ұйымдардың технологиялық әзірлігі деңгейлерін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 111-11
111-11) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын орындау және аяқтау сатыларында олардың іске асырылуын мониторингтеу туралы ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 111-12
111-12) тұлғаларға ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы есептің негізінде олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға (сатып алуға) арналған шығыстары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі, пайдалануға беру актісі бар есептің негізінде олардың ғылыми орталықтар құруға арналған шығыстары бойынша ғылыми орталық құру туралы, ендіру актісі бар ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижелерін ендіру туралы есептің негізінде олардың ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға (сатып алуға) арналған шығыстары бойынша ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жөніндегі хабарламаларды беру нысанын, мерзімдері мен қағидаларын бекіту;
Тармақша 111-13
111-13) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің «Қазақстан ғылымы» бірыңғай ақпараттық жүйесі немесе Ұлттық инновациялық жүйенің «бірыңғай терезесі» арқылы ғылыми-техникалық ақпаратты алу тәртібін айқындау;
Тармақша 111-14
111-14) бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың ғылым саласындағы міндеттемелері шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатынан қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру;
Тармақша 111-15
111-15) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 111-16
111-16) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 111-17
111-17) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша заттай нормаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 111-18
111-18) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаны бөлу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 111-19
111-19) өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 111-20
111-20) ғылым және жоғары білім саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу;
Тармақша 111-21
111-21) мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірістің бөлігін бюджетке толық және уақтылы аударуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 111-22
111-22) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 40-бабында белгіленген мониторинг нәтижелерін жариялауды қамтамасыз ету;
Тармақша 112
112) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 112-1
112-1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің аккредиттеуден өту шарттарын сәйкестігін бағалау (балл) шкаласын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 112-2
112-2) ғылыми-техникалық кеңес туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 113
113) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеуді жүргізу;
Тармақша 114
114) ұлттық ғылыми кеңестердің қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 115
115) салалық уәкілетті органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылатын жұмысын үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 115-1
115-1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің жұмысын ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру және Кеңес төрағасын – Қазақстан Республикасының Президентін ғылым мен технологияларды дамытудың өзекті мәселелері жөніндегі сараптамалық-талдамалық материалдармен қамтамасыз ету;
Тармақша 116
116) ғылыми ұйымның мүшелерін сайлау тәртібін қоса алғанда, оның консультативтік-кеңесші органы туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 117
117) ұжымдық пайдаланымдағы ғылыми зертханалар туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 118
118) диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 119
119) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 120
120) үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 120-1
120-1) ғылыми тағылымдамадан өтуді ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми тағылымдамадан бас тартқан не одан айырылған, қаржылық берешегі бар тұлғалардың бюджет қаражатын қайтаруы жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 120-2
120-2) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 121
121) ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 122
122) еңбегіне ақы төлеу базалық қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылатын жетекші ғалымдарға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 123
123) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу тәртібін бекіту;
Тармақша 124
124) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін қорғалған диссертациялардың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз ету;
Тармақша 125
125) жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 126
126) ғылыми бағыттар сыныптауышын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 127
Тармақша 128
128) ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 129
129) ғылым бағыттары бойынша ұлттық ғылыми кеңестер құру, ұлттық ғылыми кеңестер құрамын бекіту;
Тармақша 130
130) апелляциялық комиссия туралы ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 131
131) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 131-1
131-1 ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 132
132) ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша басты ұйымды айқындау;
Тармақша 133
133) өз құзыреті шегінде мемлекеттік ғылыми ұйымдардың басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату;
Тармақша 134
134) бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың ғылым саласындағы міндеттемелері шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатынан қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 135
Тармақша 136
136) ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 137
137) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 138
138) ғылыми және өндірістік қызметте пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-ұстау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 139
139) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 140
140) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды ынталандыру жөніндегі шараларды жоспарлау, іске асыру;
Тармақша 141
141) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі шаралардың тиімділігі туралы ақпарат енгізу;
Тармақша 142
142) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу, бекіту және іске асыру;
Тармақша 143
143) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 144
144) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы шоғырландырылған талдамалық ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурстарында және мерзімді баспасөз басылымдарында ашық қолжетімділікте орналастыру;
Тармақша 145
145) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды әдіснамалық қамтамасыз ету;
Тармақша 146
Тармақша 147
147) белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынысты ұйымдарды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды жүзеге асыру;
Тармақша 148
148) Қазақстан Республикасының Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын, ғылым саласындағы атаулы сыйлықтарды және мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 148-1
148-1) ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды белгілеу;
Тармақша 148-2
148-2) ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 148-3
148-3) мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 149
149) уәкілетті органның және салалық уәкілетті органдардың ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы есептерді мемлекеттік есепке алуға ұсынуына бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 150
150) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалар бойынша міндеттемелерді іске асыру;
Тармақша 151
151) ғылыми ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 152
152) тілдерді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 152-1
152-1) «ҚАЗТЕСТ» қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша жұмысты үйлестіру;
Тармақша 152-2
152-2) «ҚАЗТЕСТ» қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша қағидаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 152-3
152-3) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін әзірлеу және бекіту; 152-4) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін айқындау бойынша тестілеуді өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 152-5
152-5) тіл саясаты саласындағы кәсіптік стандартты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 153
153) орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 153-1
153-1) тексерілетін субъектіні тілдерді дамыту саласындағы мерзімді тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарына енгізу өлшемшартын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 154
154) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру;
Тармақша 155
155) тілдерді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметті ақпараттық, әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
Тармақша 156
156) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілдің жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, оның халықаралық беделін нығайту;
Тармақша 157
157) Республикалық терминологиялық комиссияны құру және оның қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 158
158) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының бұзылуына кінәлі лауазымды адамдарға тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы тиісті органдарға ұсыныстар енгізу;
Тармақша 159
159) мемлекеттік тілді ғылым тілі ретінде дамыту, терминологиялық жұмысты жүйелеу;
Тармақша 159-1
159-1) терминологиялық жұмыстарды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 160
160) тіл реформасын жүргізу, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіруді қамтамасыз ету;
Тармақша 160-1
160-1) қазақ тілінің емле қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 160-2
160-2) Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 160-3
160-3) Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын қолдап отыру мен дамытуға жауапты заңды тұлғаны айқындау;
Тармақша 161
161) мемлекеттік тілді оқытуға және оның қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған қызметті ақпараттандыруды, ІТ-жобаларды әзірлеуді және қолданысқа енгізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 161-1
161-1) Қазақ тілінің ұлттық корпусын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 162
162) мемлекеттік тілді оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдар, сөздіктер мен анықтамалықтар әзірлеуді және басып шығаруды қамтамасыз ету;
Тармақша 163
163) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл саясатын іске асыру мәселелері бойынша қоғамдық ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 163-1
163-1) азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
Тармақша 164
164) мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша Министрліктің даму жоспарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 165
165) орталық және жергілікті атқарушы органдардың жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 166
166) Министрліктің өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша орталық атқарушы органдардың қызметіне бақылау функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 167
167) базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін қалыптастыру және бекіту;
Тармақша 168
168) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 169
169) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
Тармақша 170
170) мемлекеттік қызметтер көрсету;
Тармақша 171
171) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз ету;
Тармақша 172
172) білім және ғылым саласында жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу, мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізу;
Тармақша 173
173) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны электрондық форматта көрсетуге ауыстыру бойынша шаралар қолдану;
Тармақша 173-1
173-1) көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және шаралар қабылдау;
Тармақша 174
174) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, рұқсаттардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
Тармақша 175
175) лицензиарларды, лицензиялар беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу;
Тармақша 176
176) біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу, нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
Тармақша 177
177) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптарды сақтауын тексеруді жүзеге асыру;
Тармақша 177-1
177-1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 177-2
177-2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңес құру;
Тармақша 177-3
177-3) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөнінде ақпарат беру;
Тармақша 177-4
177-4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өзінің интернет-ресурсында орналастыру;
Тармақша 177-5
177-5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсету;
Тармақша 177-6
177-6) өздерінің құзыреті шегінде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы мемлекеттік гранттар беру және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарау;
Тармақша 177-7
177-7) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 177-8
177-8) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастыру;
Тармақша 177-9
177-9) стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізу және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасу;
Тармақша 177-10
177-10) стратегиялық әріптестердің жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 177-11
177-11) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат ұсыну;
Тармақша 177-12
177-12) микроағзалардың (штамдардың) генетикалық ресурстары саласындағы генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және пайданы бірлесіп пайдалануды ұйымдастырады;
Тармақша 177-13
177-13) генетикалық ресурстарға байланысты өзінің құзыреті және дәстүрлі білімдер шегінде генетикалық ресурстардың пайдаланылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;
Тармақша 177-14
177-14) микроағзалардың (штамдардың) генетикалық ресурстарына қол жеткізу үшін негізделген қорытынды береді;
Тармақша 177-15
177-15) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
Тармақша 177-16
177-16) «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 177-17
177-17) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне (профессор-оқытушылар құрамына) арналған кәсіптік стандартты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 177-18
177-18) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
Тармақша 177-19
177-19) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;
Тармақша 177-20
177-20) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;
Тармақша 177-21
177-21) кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
Тармақша 177-22
177-22) кәсіптік біліктілікті тану, білім беру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеу және (немесе) өзектілендіру;
Тармақша 177-23
177-23) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 177-24
177-24) ғылыми әдептің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 177-25
177-25) білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларын келісу;
Тармақша 177-26
177-26) іргелі ғылыми зерттеулер жүргізілетін салаларды айқындау;
Тармақша 177-27
177-27) жетекші ғалымдардың ғылыми еңбектерді дайындау және жариялау үшін халықаралық рецензияланатын баспаларды (журналдарды) айқындау;
Тармақша 177-8
177-28) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын жекешелендіруді келісу; 177-29) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) жаңарту;
Тармақша 177-30
177-30) инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимдерге бастама жасау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 177-31
177-31) инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау;
Тармақша 177-32
177-32) Қазақстан Республикасының Үкіметіне инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін айқындау жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 177-33
177-33) салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту;
Тармақша 177-34
177-34) технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту;
Тармақша 177-35
177-35) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту;
Тармақша 177-36
177-36) инновациялық гранттар беру кезінде инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты көрсететін қызметтерге ақы төлеу қағидаларын бекіту;
Тармақша 177-37
177-37) инновациялық қызмет сыныптамасын бекіту;
Тармақша 177-38
177-38) инновациялық қызметті дамытудың ұлттық индексін есептеу әдістемесін бекіту;
Тармақша 177-39
177-39) инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, инновациялық гранттар беру;
Тармақша 177-40
177-40) инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтымен жасалатын шарт негізінде инновациялық гранттар беруге қаражат бөлу;
Тармақша 177-41
177-41) жобалардың инновациялылығы өлшемшарттарын айқындау жөніндегі әдістемені бекіту;
Тармақша 177-42
177-42) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту;
Тармақша 177-43
177-43) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қосылған құнның жаһандық тізбектеріне кіру бойынша, оның ішінде тауарлардың жаңа түрлерін өндіруге арналған техникалық құжаттаманы және нақты тауарлар бойынша көш бастап тұрған жетекші әлемдік өндірушілердің әлемдік өндірістік франшизаларын пайдалану арқылы жәрдем көрсету;
Тармақша 177-44
177-44) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері ұсынатын мамандарға деген қажеттілік туралы мәліметтер негізінде экономиканың басым секторлары үшін мамандар даярлау талап етілетін мамандықтар тізбесін айқындау жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жіберу;
Тармақша 177-45
177-45) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) және олармен үлестес заңды тұлғалардың даму жоспарларын және іс-шаралар жоспарларын технологиялар мен инновацияларды дамыту бөлігінде келісу;
Тармақша 177-46
177-46) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын инновациялық және технологиялық даму бөлігінде келісу;
Тармақша 177-47
Тармақша 177-48
177-48) бизнес-инкубациялауды дамытуға жәрдемдесу бойынша қызметтер көрсету қағидаларын бекіту;
Тармақша 177-49
177-49) технологиялық болжауды жүзеге асырудың, салалық технологиялық құзырет орталықтарының жұмыс істеуінің, технологиялық платформаларды ұйымдастырудың және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеудің әдістемесі мен өлшемшарттарын бекіту;
Тармақша 177-50
177-50) цифрлық трансформация және 4.0 индустриясын енгізу жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу;
Тармақша 177-51
177-51) Технологиялық саясат жөніндегі кеңесте қарау үшін жетекшілік ететін бағыттардағы салалық технологиялық құзырет орталықтарын, нысаналы технологиялық бағдарламаларды айқындау және технологиялық платформаларды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 177-52
177-52) өңірлерде мемлекеттік технологиялық саясаттың іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
Тармақша 177-53
177-53) құзыреті шегінде әлеуетті инвесторларды, оның ішінде шетелдік инвесторларды өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға қатысуға тарту мақсатында оларды іздестіру және олармен келіссөздер жүргізу;
Тармақша 177-54
177-54) құзыреті шегінде өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдарға, конференциялар мен семинарларға қатысуға тарту;
Тармақша 177-55
177-55) құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде шетелдегі мекемелер арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер мен консулдық мекемелер арқылы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында өнеркәсіптік-инновациялық жобалар туралы ақпарат тарату;
Тармақша 177-56
177-56) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілері конкурстық негізде жүзеге асыратын венчурлік қорларды қоса қаржыландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 178
178) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Министрліктің, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Министрліктің, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Министрлікке басшылықты Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Министрліктің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 2
2) еңбек қатынастары мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған Министрліктің қызметкерлерін заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 3
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Министрліктің қызметкерлеріне тәртіптік жаза және көтермелеу шараларын қолданады;
Тармақша 4
4) бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 5
5) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
Тармақша 6
6) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
Тармақша 7
7) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 8
8) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тармақ 21
21. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
Тарау 4. 4-тарау. Министрліктің мүлкі
4-тарау. Министрліктің мүлкі
Тармақ 22
22. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрліктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 379. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі қарамағындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі қарамағындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 2
2. «Ұлттық тестілеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны».
Тармақ 3
Тармақ 4
Тармақ 5. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі
5. «Ұлытау техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Математика және математикалық модельдеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 2
2. «Экономика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 3
3. «А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 4
4. «М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 5
5. «Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 6
6. «Философия, саясаттану және дінтану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 7
7. «Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 8
8. «Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 9
9. «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 10
10. «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 11
Тармақ 12
12. «Генетика және физиология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 13
13. «Алтай ботаникалық бағы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 14
14. «Маңғышлақ эксперименттік ботаникалық бағы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 15
15. «Зоология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 16
16. «М.А. Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 17
17. «Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 18
18. «Ақпараттық және есептеу технологиялары институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 19
19. «Жану проблемалары институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 20
20. «Жошы Ұлысын зерттеу ғылыми институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 21
21. «Академик Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 22. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы берілген заңды тұлғалардың тізбесі
22. «Мемлекет тарихы институты» республикалық мемлекеттік мекемесі. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы берілген заңды тұлғалардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.12.2025 № 1162 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 2-1
2-1. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 08.04.2026 № 248 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 3
3. «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тармақ 4
4. «Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тармақ 5
5. «Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тармақ 6
6. «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тармақ 7
7. «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тармақ 8
8. «Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тармақ 9
9. «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тармақ 10
10. «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тармақ 11
11. «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тармақ 12
12. «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тармақ 13
13. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 16.07.2024 № 567 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 14
14. «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тармақ 15
15. «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тармақ 16
16. «Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тармақ 17
17. «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тармақ 18
18. «Шәкәрім университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тармақ 19
19. «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тармақ 20
20. «Қарағанды индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тармақ 21
21. «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тармақ 22
22. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тармақ 23
23. «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тармақ 24
24. «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тармақ 25
25. «Рудный индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тармақ 26
26. «Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тармақ 27
27. «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тармақ 28
28. «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тармақ 29
29. «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тармақ 30
30. «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тармақ 31
31. «Азаматтық авиация академиясы» акционерлік қоғамы.
Тармақ 32
32. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымы.
Тармақ 33
33. «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тармақ 34. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы берілген заңды тұлғалардың тізбесі
34. «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы берілген заңды тұлғалардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы.
Тармақ 2
2. «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы.
Тармақ 3
3. «География және су қауіпсіздігі институты» акционерлік қоғамы.
Тармақ 4
4. ЮНЕСКО аясындағы 2-санаттағы «Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 5
5. «Еуразиялық интеграция институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 6
6. «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы» акционерлік қоғамы.
Тармақ 7. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетіне акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы берілген заңды тұлғалардың тізбесі
7. «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетіне акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы берілген заңды тұлғалардың тізбесі Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.