О внесении изменений в некоторые постановление акимата Жетысайского района Күшін жойған
Басқа 0
Жетісай ауданы әкімдігінің кейбір
қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65 бабының 3 тармағына сәйкес, Жетісай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жетісай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 06 маусымдағы №423 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жетісай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы;
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Жетісай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін»;
2. «Жетісай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі – осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. Жетісай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 шілдедегі №520 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 1
1. Жетісай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 06 маусымдағы «Жетісай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» №423 қаулысымен бекітілген қосымша Ережесіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Примбековке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. «Жетісай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Жетісай ауданы әкімдігінің
2022 жылғы «15» тамыздағы
№558 қаулысына қосымша
«Жетісай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
1. «Жетісай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) Жетісай ауданы аумағында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, жұмыссыздықтан әлеуеттік қорғауды ұйымдастыру және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзгеде шараларын іске асыру бойынша функцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдық-құқықтық мекеме нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Орталық өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Орталық ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ тілінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Орталық азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.
5 Орталық Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес, уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Орталық өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жетісай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Орталықтың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Ахмет Яссауи көшесі, құрылыс №161 А.
9. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілде толық атауы: «Жетісай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже орталықтың құрылтай құжаты болып табылады.
1). Орталықтың құрылтайшысы – Жетісай ауданы әкімдігі, уәкілетті органы (басқару) - Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі болып табылады.
11. Орталық қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. Орталыққа кәсіпкерлік субъектілермен «Жетісай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер «Жетісай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 1. 1. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мақсаттары мен өкілеттіктері
1. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
- Халықты жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру,халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу,жұмыссыздықты қысқарту;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері
Тармақша 1
1) Құқықтары:
- мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мүдделерін білдіру;
- өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
- Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
Тармақша 2
2) міндеттері
- мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуді қамтамасыз ету;
- мекемелерге қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) халықты жұмыспен қамтудың жай-күйін бағалауды және дамуын болжауды, халықты еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етуді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Заңда көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын іске асыруды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) өтініш білдірген адамдарды жұмыс іздеуші және жұмыссыздар ретінде тіркейді;
Тармақша 4
4) "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жұмыссыз ретінде тіркелу туралы анықтама береді;
Тармақша 5
5) жұмысынан айырылған жағдайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 236 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11224 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларының 4-тармағымен көзделген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен әлеуметтік төлем тағайындау үшін тізбесін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және оларды Мемлекеттік корпорацияға жібереді;
Тармақша 6
6) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттарды қабылдауды, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде мүдделі органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады оларды учаскелік комиссияның қарауына жолдайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11426 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларымен бекітілген нысан бойынша аудандық (қалалық) және (немесе) өңірлік комиссия әлеуметтік келісімшарт жасайды, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген өтініш берушілердің құжаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде уәкілетті органға береді, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жеке жоспарды іске асыруға көмек көрсетеді, әлеуметтік келісімшарт міндеттемелерінің орындалуына мониторинг жүргізеді;
Тармақша 7
7) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді;
Тармақша 8
8) жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдеседі, жұмысқа орналасу үшін жолдама береді;
Тармақша 9
9) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру мәселелері бойынша өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) жұмыссызды жұмысқа орналастырудың жеке картасын жүргізеді;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) қатысушылармен еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөнінде осы бұйрықпен бекітілген әлеуметтік келісімшартқа қол қояды, оның орындалуына және шарттары орындалмаған кезде Заңға сәйкес санкциялардың қолданылуына мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) еңбек делдалдығын, сондай-ақ проактивті форматта Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамаларында көзделген халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын, оның ішінде мобильді халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы көрсетеді.
Тармақша 13
13) азаматтарды Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша хабардар етеді және оларға консультациялық қызметтер көрсетеді, құжаттарды дайындауға көмектеседі, үміткерлердің мұқтаждығын зерделеу мақсатында оларға консультация береді, үміткерлердің әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын бағалауды, олардың құжаттарын қабылдауды жүргізеді;
Тармақша 14
14) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына әлеуеттi қатысушыларды iрiктеуді және бөлуді жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) жергілікті еңбек нарығындағы жұмыс күшіне қажеттілікті айқындайды және мониторинг жүргізеді;
Тармақша 16
16) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға жолдама береді;
Тармақша 17
17) жұмыс берушілерде бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы, сондай-ақ мүгедектерді, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелет жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру квоталарының орындалуы туралы есепке алуды жүргізеді;
Тармақша 18
18) Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
Тармақша 19
19) "Еңбек нарығы" ақпараттық жүйесі арқылы Бағдарламаға қатысушылардың жұмысқа орналасуына және міндетті зейнетақы жарналарының болуына мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 20
20) еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсету үшін жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерін тартады;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық комиссия туралы үлгігілік ережесінде.)
Тарау 3
Тармақ 3. 3. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының мәртебесі және өкіліттіктері
3. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының мәртебесі және өкіліттіктері
Тармақ 16
16. Орталықты басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, орталыққа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруды дербес жауапты директор жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Орталықтың басшысын (директорын) – аудан әкімінің келісімімен Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы қызметке тағайындайды және босатады.
Тармақ 18
18. Орталық басшысының Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады;
Тармақ 19
19. Орталық басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Коммуналдық мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 2
2) Коммуналдық мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
Тармақша 3
3) заңнамада белгілінген жағдайлар мен шектерде коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкіне иелік етеді;
Тармақша 4
4) шарттар жасасады;
Тармақша 5
5) сенімхаттар береді;
Тармақша 6
6) Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін іс-сапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
Тармақша 7
7) банк шоттарын ашады;
Тармақша 8
8) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 9
9) Басқару органы тағайындайтын қызметкерлерінен басқа, еңбек заңнамасына сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 10
10) Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкелеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;
Тармақша 11
11) өз орынбасарының және коммуналдық мемлекеттік мекеменің басқа қызметкелерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;
Тармақша 12
12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды;
Тармақша 13
13) қызметкерлердің жұмыс уақыты мен демалыс уақытын, еңбек тәртібінің шарттарын, еңбек қатынастыратын реттейтін өзге де мәселелерді белгілейтін коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібін бекітеді;
Тармақша 14
14)өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және Басқару органымен жүктелген функцияларды жүзеге асырады.
Орталықтың бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі
4. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі
Тармақ 21
21. Орталық заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Орталықтың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Орталыққа бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, орталық өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойыеша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тармақ 5
Тарау 5. 5. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату
5. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату
Тармақ 24
24. «Жетісай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 25
25. «Жетісай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағында ведомстволық ұйымдар жоқ.