Об установлении ограничительных мероприятий на животноводческой точке «Котлаван» села Карагайлы Баскольского сельского округа Бескарагайского района области Абай Күшін жойған
Басқа 0
Абай облысы Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округінің Қарағайлы ауылына қарасты «Котлаван» мал шаруашылық жайылым мекеніне
шектеу іс-шараларын орнату туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының 2022 жылғы 22 тамыздағы №198 ұсынысы негізінде ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мүйізді ірі қара мал табынынан құтырма ауруының шығуына байланысты, Абай облысы Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округінің Қарағайлы ауылына қарасты «Котлаван» мал шаруашылық жайылым мекеніне шектеу іс-шаралары орнатылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.