Об утверждении Положения государственного учреждения «Управление финансов города Шымкент» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шымкент қаласының қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Шымкент қаласының қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласының қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды атқарсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.Сәттібаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 21 шілдедегі № 1367 қаулысына қосымша «Шымкент қаласының қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Шымкент қаласының қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) қала бюджетінің атқарылуын ұйымдастыру және қаланың коммуналдық мүлкін басқару салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзіне қатысты жоғары тұрған орталық мемлекеттік орган қабыладайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Шымкент қаласының қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Nursultan Nazarbaev даңғылы № 10, индексі 160023.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілермен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары: - қала бюджетінің атқарылуы туралы есепті қалыптастыру және жасау; - қаланың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: - заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардан қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде өз функцияларын орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратады және алады, сондай-ақ ақпаратты басқа мемлекеттік органдарға ұсынады; - өзіне жүктелген міндеттер мен функциялар шегінде шешімдер қабылдайды;
Тармақша 2
2) міндеттері: - қала бюджетінің атқарылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету; - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бюджеттік есептілікті, қала бюджетінің атқарылуы туралы есепті жасау және ұсыну, сондай-ақ шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау; - қаланың жергілікті атқарушы органның борышын өтеу және қызмет көрсету; - қаланың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастыру, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз ету; - коммуналдық мүлікті коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту туралы шешім қабылдау; - «Шымкент қаласының қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу; - бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қабылдаған міндеттемелері бойынша бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру; - қала тапшылығын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін, сондай-ақ мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін қала әкімдігінің бағалы қағаздарын шығаруды жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) қала бюджетінің атқарылуын бюджеттік есепке алуды жүргізу;
Тармақша 2
2) бюджеттік мониторинг жүргізу;
Тармақша 3
3) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептерін жасау;
Тармақша 4
4) бюджеттік мониторинг нәтижелері туралы есептер жасау;
Тармақша 5
5) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиясына бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсыну;
Тармақша 6
6) қала бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті әкімдікке, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсыну;
Тармақша 7
7) тиісті қаржы кезеңіне арналған бюджет түсімдерінде көзделген салықтық түсімдер, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер, трансферттердің түсімдері бойынша бюджет кірістерінің атқарылуына талдау жүргізу;
Тармақша 8
8) бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуына талдау жүргізу;
Тармақша 9
9) республикалық бюджеттен, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттеріне бөлінген нысаналы трансферттердің және кредиттердің орындалуына талдау жүргізу;
Тармақша 10
10) жеке қаржыландыру жоспарларын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын және түсімдер жоспарларын жасау және бекіту;
Тармақша 11
11) түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау және бекіту;
Тармақша 12
12) қаржыландырудың жеке жоспарларына, түсімдердің жиынтық жоспарына және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу;
Тармақша 13
13) бюджеттік кредиттерді тіркеуді, есепке алуды және мониторингілеуді жүзеге асыру;
Тармақша 14
14) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді тіркеу және мониторингілеу;
Тармақша 15
15) республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органың ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздарды шығару;
Тармақша 16
16) бюджеттік даму бағдарламаларын орындау тиімділігі бөлігінде жергілікті атқарушы орган қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде мақсаттарға қол жеткізу блогы бойынша операциялық бағалау есептілігін қалыптастыру;
Тармақша 17
17) мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру және қабылдау;
Тармақша 18
18) коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру және қабылдау;
Тармақша 19
19) өз құзыреті шегінде қаланың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
Тармақша 20
20) аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдарының жұмысын үйлестіреді;
Тармақша 21
21) қаланың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 22
22) қаланың коммуналдық мүлкін пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 23
23) коммуналдық мүлікті коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту туралы шешім қабылдау;
Тармақша 24
24) коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды жүзеге асыру және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылау;
Тармақша 25
25) коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беру;
Тармақша 26
26) сенімгерлікпен басқарушының коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 27
27) мемлекеттік - жекешелік әріптестік шарттары негізінде құрылған объектілерді қаланың коммуналдық меншігіне қабылдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 28
28) өз құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардан келіп түсетін мәселелерді қарайды;
Тармақша 29
29) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шымкент қаласының коммуналдық меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 30
30) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын талдау.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Басқарманы басқаруды Басқарма басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Басқарманың басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шымкент қаласының әкімінің өкімімен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 18
18. Басқарманың басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Басқарманың басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
Тармақша 3
3) сенімхаттар береді;
Тармақша 4
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 6
6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының орындалуына дербес жауапты болады.
Тармақша 11
11) Басқама басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Басқарма басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Басқармаға бекітілген мүлік қалалық коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.