Об утверждении Правил ведения реестра законных представителей иностранных онлайн-платформ и (или) сервисов обмена мгновенными сообщениями, осуществляющих взаимодействие с уполномоченным органом в области средств массовой информации Күшін жойған
Басқа 0
Шетелдік онлайн-платформалардың және (немесе) лездік хабар алмасу сервистерінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын заңды өкілдерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Шетелдік онлайн-платформалардың және (немесе) лездік хабар алмасу сервистерінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын заңды өкілдерінің тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Шетелдік онлайн-платформалардың және (немесе) лездік хабар алмасу сервистерінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын заңды өкілдерінің тізілімін жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2022 жылғы 24 тамыздағы
№ 344 Бұйрықпен
бекітілген
Шетелдік онлайн-платформалардың және (немесе) лездік хабар алмасу сервистерінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын заңды өкілдерінің тізілімін жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Шетелдік онлайн-платформалардың және (немесе) лездік хабар алмасу сервистерінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын заңды өкілдерінің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және шетелдік онлайн-платформалардың және (немесе) лездік хабар алмасу сервистерінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын заңды өкілдерінің тізілімін бұдан әрі – тізілім) жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) интернет-ресурс – бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылған (мәтіндік, графикалық, аудиокөрінімді немесе өзге де түрдегі) ақпарат;
Тармақша 2
2) лездік хабар алмасу сервисі – қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға және электрондық коммерцияға арналған бағдарламалық қамтылымды қоспағанда, лездік хабарлар алмасуға не оларды нақты айқындалған тұлғаға (тұлғаларға) телекоммуникация желілерін пайдалана отырып нақты уақыт режимінде беруге арналған және (немесе) сол үшін пайдаланушылар қолданатын бағдарламалық қамтылым;
Тармақша 3
3) онлайн-платформа – қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға және электрондық коммерцияға арналған интернет-ресурсты және (немесе) лездік хабарлар алмасу сервисін қоспағанда, белгілерді және (немесе) сигналдарды және (немесе) дауыстық ақпаратты және (немесе) жазбаша мәтінді және (немесе) кескінді және (немесе) дыбыстарды және (немесе) хабарларды орналастыру, қабылдау және (немесе) нақты айқындалған немесе айқындалмаған тұлғалар тобына беру арқылы пайдаланушының өзі жасаған дербес парақшасы арқылы ақпарат таратуына арналған интернет-ресурс және (немесе) лездік хабарлар алмасу сервисі;
Тармақша 4
4) уәкілетті орган – бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Тармақ 3
3. Тізілімді жүргізудің негізгі міндеттері – уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын шетелдік онлайн-платформалардың және (немесе) лездік хабар алмасу сервистерінің заңды өкілдерін енгізу және есепке алу болып табылады.
Тармақ 4
4. Тізілімді уәкілетті орган электрондық түрде қазақ және басқа тілдерде жүргізеді.
Тарау 2. 2-тарау. Шетелдік онлайн-платформалардың және (немесе) лездік хабар алмасу сервистерінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын заңды өкілдерінің тізілімін жүргізу тәртібі
2-тарау. Шетелдік онлайн-платформалардың және (немесе) лездік хабар алмасу сервистерінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын заңды өкілдерінің тізілімін жүргізу тәртібі
Тармақ 5
5. Тізілімді қалыптастыруды және жүргізуді уәкілетті орган осы Қағидалардың 7-тармағының 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларына сәйкес шетелдік онлайн-платформаның және (немесе) жедел хабар алмасу сервисінің меншік иелері және (немесе) өзге де заңды өкілдері уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында көрсетілген электрондық мекенжайға ұсынған мәліметтер негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Шетелдік онлайн-платформалардың және (немесе) лездік хабар алмасу сервистерінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын заңды өкілдері туралы мәліметтерді тізілімге енгізуді уәкілетті орган уәкілетті органның ресми сайтында көрсетілген электрондық мекенжайға мәліметтерді алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Әрбір тізілімдік жазба мынадай ақпаратты қамтиды:
Тармақша 1
1) шетелдік онлайн-платформалардың және (немесе) лездік хабар алмасу сервистерінің заңды өкілдері туралы мәліметтер:
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты (тұратын) жері бойынша тіркелген мекенжайы немесе нақты тұратын жерінің мекенжайы;
заңды тұлғалар үшін – толық және қысқартылған (бар болса) атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жерінің мекенжайы, бизнес сәйкестендіру нөмірі, негізгі мемлекеттік тіркеу нөмірі, заңды тұлға басшысының, ұйымның өзге де байланыс адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
жеке кәсіпкерлер үшін – атауы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты (тұратын) жері бойынша тіркелген мекенжайы;
шетелдік ұйымдар үшін – толық және қысқартылған (бар болса) атауы, тіркелген елі, салық сәйкестендіргіші және (немесе) тіркелген елдің сауда тізіліміндегі салық сәйкестендіргіші, орналасқан жерінің мекенжайы;
шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, нөмірі және құжатты берген ел, тұрғылықты (тұратын) жері бойынша тіркеу мекенжайы (бар болса);
Тармақша 2
2) шетелдік онлайн-платформалардың және (немесе) лездік хабар алмасу сервистерінің заңды өкілінің пошталық мекенжайы, электрондық мекенжайы;
Тармақша 3
3) онлайн-платформаның және (немесе) лездік хабар алмасу сервисінің домендік атауы;
Тармақша 4
4) онлайн-платформа әкімшілігінің және (немесе) лездік хабар алмасу сервисінің электрондық мекенжайы;
Тармақша 5
5) тізілім жазбасының нөмірі және оны тізілімге енгізу күні;
Тармақша 6
6) уәкілетті органның шетелдік онлайн-платформалардың және (немесе) лездік хабар алмасу сервистерінің заңды өкілдерімен өзара іс-қимылын ұйымдастыруға байланысты мәліметтер;
Тармақша 7
7) осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), және 6) тармақшаларында көзделген деректердің өзгеруіне байланысты мәліметтер.
Тармақ 8
8. Шетелдік онлайн-платформаның және (немесе) лездік хабар алмасу сервисінің қызметін тоқтату туралы не уәкілетті органмен өзара іс-қимыл бойынша олардың заңды өкілінің ауысқаны туралы ақпаратты, сондай-ақ осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген деректердің өзгерістері туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган оларды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тізілімге енгізеді.
Тармақ 9
9. Тізілімде жазбалардың жасалған күні мен уақыты көрсетілген тізілімдік жазбалардың өзгертулерінің дербестендірілген тарихы сақталады. Тізілімнен мәліметтерді жоюға жол берілмейді.