О переименовании государственного учреждения "Институт повышения квалификации судей и работников судебной системы при Верховном Суде Республики Казахстан" в государственное учреждение "Судебная академия при Верховном Суде Республики Казахстан" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты" мемлекеттік мекемесін "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот академиясы" мемлекеттік мекемесі деп қайта атау туралы Сот кадрларын даярлау және судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот академиясы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Сот академиясы) болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Сот академиясы қызметінің негізгі түрлері: сот жүйесінің кадрларын даярлау; судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Сот академиясына жалпы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган болып белгіленсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен қайта аталған мемлекеттік мекеменің Жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Сот академиясына білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия берсін.
Тармақ 6
6. (Ескерту. 6-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1400 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Тармақ 7
7. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 6-тармақты қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.