Об утверждении норм профессиональной этики поведения социальных работников Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіптік мінез-құлық әдебі нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңның 16-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік қызметкерлердің кәсіптік мінез-құлық әдебі нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Д. Оспановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Басқа 0. Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіптік мінез-құлық әдебі нормалары
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2022 жылғы 27 тамыздағы № 333 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіптік мінез-құлық әдебі нормалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы әлеуметтік қызметкерлердің кәсіптік мінез-құлық әдебі нормалары (бұдан әрі – кәсіптік мінез-құлық әдебі нормалары) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы кәсіптік мінез-құлық әдебі нормалары, әлеуметтік қызметкерлер басшылыққа алатын, кәсіптік мінез-құлық әдебі қағидаттары мен кәсіптік мінез-құлық әдебі нормаларының жиынтығын білдіреді.
Тарау 2. 2-тарау. Кәсіптік мінез-құлық әдебі қағидаттары
2-тарау. Кәсіптік мінез-құлық әдебі қағидаттары
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қызметкердің негізгі әдеп қағидаттары мыналар:
Тармақша 1
1) әлеуметтік әділдік: арнаулы әлеуметтік қызметтер алушылар (бұдан әрі – қызмет алушылар) негізгі әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әлеуметтік қызметкердің ресурстарды тең құқылы бөлуін болжайды;
Тармақша 2
2) адалдық: әлеуметтік қызметкердің өз өкілеттіктерін, қызмет алушылармен, әріптестерімен және өзге де адамдармен сенімгерлік қатынастарын теріс пайдалануына жол бермейді; жеке және кәсіптік өмір арасындағы шекараны мойындауға және жеке материалдық пайда үшін өзінің жағдайын теріс пайдаланбауға бағдар береді; қызмет алушыларды оның мүдделеріне қатысты жүзеге асырылатын барлық іс-әрекеттер туралы толық көлемде хабардар етеді;
Тармақша 3
3) жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу: әлеуметтік қызметкер қызмет алушылардың жеке айырмашылықтары мен мәдени-этникалық алуан түрлілігін түсінумен жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтейді; қызмет алушыларға физикалық, моральдық және психологиялық зорлық-зомбылық әдістерін қолдануға жол бермейді;
Тармақша 4
4) гуманизм: әлеуметтік қызметкердің адамға деген сүйіспеншілігін және адамға жанашырлық танытуын және әлеуметтік қызметкердің қызмет алушы үшін барынша қолайлы және қауіпсіз жағдай жасауын болжайды;
Тармақша 5
5) патриотизм және қоғамға қызмет ету: патриотизм және қоғамға қызмет ету әлеуметтік жұмыстың негізінде жатыр, әрбір азаматтың әл-ауқаты туралы қамқорлық көрсету арқылы көрінеді; әлеуметтік қызметкер қызмет алушыға әлеуметтік саладағы оң нәтижелер мен жетістіктерді жеткізеді; әлеуметтік қызметкер Қазақстан Республикасының мәдени және тарихи дәстүрлерін сақтайды, бұл қатынасты қызмет алушыларға жеткізеді;
Тармақша 6
6) кәсіптік дамудың құзыреттілігі мен үздіксіздігі: әлеуметтік қызметкер өз құзыретінің шеңберін мойындайды және проблеманы шешудің неғұрлым жоғары деңгейі талап етілетін жағдайларда олардың шегінен шықпайды; әлеуметтік қызметкер өз кәсібилігінің деңгейін үнемі арттырады; әлеуметтік қызметкер өз қызметінде жаңа тәсілдер мен практикалық әдістерді іздеу мен бағалауды жүзеге асыра отырып, қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында өзінің құзыреттілігін қолдайды және кеңейтеді;
Тармақша 7
7) жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеу және төзімділік: әлеуметтік қызметкер қызмет алушылардың сеніміне, құндылықтарына, мәдениетіне, мақсаттарына, мұқтаждарына, қалауына, басқа адамдармен өзара қарым-қатынастарына құрмет көрсете отырып, оларға қатысты тілектестігін көрсетеді; әлеуметтік қызметкер қызмет алушылардың жеке басын, мүдделерін және әлеуметтік қажеттіліктерін ескереді, олармен толерантты қарым-қатынас құру негізінде қорғайды және қадір-қасиетін төмендетпейді;
Тармақша 8
8) құпиялылық: «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 4-1) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, әлеуметтік қызмет көрсету мақсатында әлеуметтік қызметкер қызмет алушы туралы ақпаратты басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тек оның рұқсатымен ғана береді; әлеуметтік қызметкер цифрлық технологиялар мен әлеуметтік желілерді пайдалану әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде құпиялылықты сақтау үшін қауіп төндіруі мүмкін екенін түсінеді;
Тармақша 9
9) өзін-өзі анықтау құқығын ілгерілету: әлеуметтік қызметкер әлеуметтік ресурстар туралы білімдерін және практикалық дағдыларын адамдарға олардың жағдайына, басымдықтарына, күшті жақтарына, қажеттіліктері мен проблемаларына сәйкес ең жақсы шешімдер таңдауға көмектесу үшін қолданады. Әлеуметтік қызметкер адамдардың таңдауы мен шешімдерін құрметтейді және өздерінің өкілеттіктерін мәжбүрлеу үшін пайдаланбайды.
Тармақша 10
10) қатысу құқығын ілгерілету: әлеуметтік қызметкер жекелеген адамдарға, отбасыларға өздерінің қабілеттерін, дағдыларын және олар үшін маңызды әрекеттер мен шешімдерге қатысуда өзіне деген сенімін дамытуға мүмкіндік беретін қажетті негіз жасау үшін жұмыс істейді.
Тарау 3. 3-тарау. Кәсіптік мінез-құлық әдебі нормалары
3-тарау. Кәсіптік мінез-құлық әдебі нормалары
Тармақ 2
2. Әлеуметтік қызметкер қызмет алушылармен қарым-қатынаста:
Тармақша 1
1) ізеттілікті сақтай отырып, оларға құрметпен, сыпайылықпен жүгінеді;
Тармақша 2
2) ең үздік нәтиже алу үшін әлеуметтік жұмыстың неғұрлым тиімді тәсілдерін, әдістерін, нысандарын таңдайды;
Тармақша 3
3) қызмет алушыларға олардың құқықтарын түсіндіреді және оларды бұзатын іс-әрекеттерге жол бермеу, оның ішінде тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша кемсітудің кез келген нысандарының алдын алады;
Тармақша 4
4) қызмет алушыларды әлеуметтік қызметтер көрсетуге байланысты тәуекел, мүмкіндіктер, міндеттер туралы хабардар етеді;
Тармақша 5
5) қызмет алушыларға қатысты жыныстық әрекеттер жасауға жол бермейді;
Тармақша 6
6) кәмелетке толмаған баланың заңды өкілімен, әрекетке қабілетсіз адамның қорғаншысымен қызмет алушының мүддесі тұрысынан ғана өзара әрекет жасайды;
Тармақша 7
7) қайырымдылық көмек көрсету кезінде қызмет алушының субъективті позициясын ескереді;
Тармақша 8
8) қызмет алушының құпиясын құрметтейді және қызмет алушының өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төндіретін жағдайларды қоспағанда, кәсіптік әлеуметтік көмек барысында алынған ақпаратты таратпайды;
Тармақша 9
9) дербес деректер және оларды қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады;
Тармақша 10
10) қызмет алушының аудио-, бейне жазбаны жүргізуге, ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жариялауға және үшінші инстанцияның әлеуметтік қызметкердің жұмысын бақылауға еркін нысанда жасалған жазбаша келісімін алады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік қызметкер әріптестерімен қарым-қатынаста:
Тармақша 1
1) ізеттілікті сақтай отырып, құрметпен, сыпайылықпен, әділ, сеніммен қарайды;
Тармақша 2
2) кәсіптік мүдделер мен сендіру негізінде өзара қарым-қатынас орнатады;
Тармақша 3
3) кәсіптік өзара қарым-қатынастар барысында әріптестерінің сенімін бағалайды және ақтауға ұмтылады;
Тармақша 4
4) ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасайды және қолдайды;
Тармақша 5
5) әріптестерін ауыстырған кезде олардың беделі мүддесінде әрекет етеді;
Тармақша 6
6) әріптестермен кәсіптік жанжалдар дереу шешімді талап еткен кезде объективті заңды делдалдықты жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) басқа әлеуметтік қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде сабырлық, ізеттілік, бейтараптық танытады;
Тармақша 8
8) басқа әлеуметтік қызметкерлердің қызметін бағалауға жауапты әлеуметтік қызметкер оларды осы бағамен таныстырады;
Тармақша 9
9) өз әріптестерінің сенімін асыра пайдаланбайды, олардың кәсіптік міндеттерін орындауына кедергі келтірмейді, зиян келтірмейді;
Тармақша 10
10) әріптестеріне теориялық, әдістемелік шеберлік деңгейін арттыруда және шығармашылық қабілеттерін дамытуда жәрдем көрсетеді.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік қызметкер қоғамға қатысты:
Тармақша 1
1) адамға немесе адамдар тобына қарсы әділетсіздікті, сондай-ақ олардың құқықтарының бұзылуын болдырмайды;
Тармақша 2
2) өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасылар мен адамдардың жеке мүмкіндіктерін кеңейтуге жәрдемдеседі;
Тармақша 3
3) өмірдің әлеуметтік жағдайын жақсарту және әлеуметтік институттардың белсенді қызметін дамыту мақсатында әлеуметтік саясатты қалыптастыруға белсенді қатысады;
Тармақша 4
4) төтенше жағдайлар туындаған кезде кәсіптік қызметтерді қамтамасыз етеді.