О проведении идентификации сельскохозяйственных животных в хозяйствах области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.09.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың шаруашылықтарында ауыл шаруашылық жануарларының бірдейлендіруін өткізу туралы "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10-шілдедегі N 339-II Заңының 10, 32-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Заңының 27-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс аумағында ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру қосымшадағы мерзімге сәйкес өткізілсін.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкімдері ведомстволық қарасты аумақтарында ветеринарлық қызметтерге барлық меншік түріндегі ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді өткізуге іс-әрекеттессін. Малдарды бірдейлендірудің қорытындысының көрінісі кенттер мен ауылдық округтер әкімшіліктерінің шаруашылық кітаптарында көрініс табуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің облыстық аумақтық басқармасы (Ж.Құндызбаев) бірдейлендірудің қорытындысын қалалық, аудандық аумақтық басқармалардың компьютерлік деректер базасына енгізілуіне бақылауды жасасын.
Тармақ 4
4. Облыстық ішкі істер бас басқармасының бастығы (С.Т.Күнғожинов) тасымалдау кезінде шикізат және мал өнімдеріне берілген жолдама құжаттардың түгелдігіне бақылау жасауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Облыстық статистика басқармасының бастығы (К.К.Орунханов) облыс аумағындағы малдардың толық мәліметтерінің дұрыстығына бақылау жасауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Д.М.Селихановқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 8. Ауыл шаруашылық жануарларының бірдейлендіруін өткізудің
Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 22 қыркүйек N 201 қаулысына қосымша Ауыл шаруашылық жануарларының бірдейлендіруін өткізудің КЕСТЕСІ Өткізу кестесі, уақыты Аудандар 2003 жылғы қазан 1. Көкпекті 2. Зайсан 3. Глубокое 4. Шемонаиха 2003 жылғы қараша 1. Катонқарағай 2. Күршім 3. Зырян 4. Бородулиха 2003 жылғы желтоқсан 1. Абай 2. Тарбағатай 2004 жылғы қаңтар 1. Үржар 2. Семей қаласы 3. Өскемен қаласы 2004 жылғы ақпан 1. Ұлан 2. Курчатов қаласы 3. Бесқарағай 2004 жылғы наурыз 1. Аягөз 2. Жарма 3. Риддер қаласы Облыс әкімінің аппарат басшысының міндетін атқарушы