Шыңғырлау ауданы жергілікті атқарушы органдардың жанынан мүгедектер істері жөнінде кеңестер құру туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шыңғырлау ауданы жергілікті атқарушы органдардың жанынан мүгедектер істері жөнінде кеңестер құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы "Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" № 1758 және Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2002 жылғы 1 тамыздағы "Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған республикалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспары туралы" № 149 қаулыларына сәйкес және Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 17 наурыздағы "Шыңғырлау ауданы бойынша мүгедектерді оңалтудың 2003-2005 жылдарға арналған республикалық бағдарламасын жүзеге асыру іс-шаралар Жоспары туралы" (тіркеу № 2040) № 39 қаулысын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігі жанынан мүгедектер істері жөнінде № 1 қосымшаға сәйкес кеңес құрылсын және аудандық мәслихатқа бекітілуге ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігі жанынан құрылған мүгедектер істері жөніндегі кеңес туралы Ереже № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Селолық округ әкімдері селолық әкімдігі жанынан мүгедектер істері жөнінде кеңес құру тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалу үйлестірушісі болып аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі (Айтмухамбетов) белгіленсін.
Тармақ 5
5. Селолық округ әкімдеріне:
Тармақша 1
1) қаулыны орындау жөнінде қажетті шаралар алсын;
Тармақша 2
2) қаулының орындалу барысы туралы аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне 2003 жылдың 1 қыркүйегіне, 2004 жылдан бастап жылына 2 рет, 1 қаңтар және 1 шілдесіне ақпарат тапсырылу жүктелсін;
Тармақша 3
3) аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі, жылына 2 рет 10 қаңтар және 10 шілдеде аудан әкімдігіне, облыстық халықты әлеуметтік қорғау басқармасына қаулының орындалу барысы туралы ақпарат беріп отырсын.
Тармақ 6
6. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 28 шілдедегі № 153 "Шыңғырлау ауданы жергілікті атқарушы органдардың жанынан мүгедектер істері жөнінде кеңестер құру туралы" қаулысы жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалу барысын қадағалау аудан әкімінің орынбасары М. Қ. Беркалиевке жүктелсін.
Басқа 11. Аудан әкімдігі жанынан мүгедектер істері жөніндегі кеңесінің құрамы
Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 26 тамыздағы № 186 қаулысына № 1 қосымша Аудан әкімдігі жанынан мүгедектер істері жөніндегі кеңесінің құрамы
Тармақ 1
1. Берқалиев Мақсот Қубайұлы - аудан әкімінің орынбасары, кеңес төрағасы
Тармақ 2
2. Айтмухамбетов Қалияр Шадиярұлы - аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы, кеңес төрағасының орынбасары
Тармақ 3
3. Затынайченко Елена - аудандық еңбек, жұмыспен Владимировна қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің жетекші маманы, кеңес хатшысы
Тармақ 4
4. Хайруллин Қанат Хазимидинұлы - аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы
Тармақ 5
5. Хангереев Самат Нағымұлы - аудандық білім бөлімінің меңгерушісі
Тармақ 6
6. Казиев Төлеген Кихметұлы - аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі
Тармақ 7
7. Малтиев Мұрат Жұмағұлұлы - аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі.
Басқа 19. Мүгедектер істері жөніндегі аудандық кеңес туралы ЕРЕЖЕ
Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 26 тамыздағы № 186 қаулысына № 1 қосымша Мүгедектер істері жөніндегі аудандық кеңес туралы ЕРЕЖЕ Осы Ереже мүгедектер істері жөніндегі аудандық кеңес қызметінің міндеттерін, функцияларын, құқықтық және ұйымдық негіздерін айқындайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мүгедектер істері жөніндегі аудандық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) аудан әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Кеңесті құрудың мақсаты мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік органдардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары
Тармақ 2
2. Мүгедектік және мүгедектер проблемаларымен айналысатын қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.
Тармақ 3
3. Жергілікті мемлекеттік органдардың мүгедектіктің алдын алу, мүгедектерді оңалту, олардың әлеуметтік қорғалуы, оларға білім беру және кәсіби даярлау, жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі қызметін үйлестіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу.
Тармақ 4
4. Мүгедектер проблемалары бойынша ұсыныстар дайындау.
Тарау 3. 3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Кеңеске төраға басшылық жасайды. Кеңестің мәжілістерін қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет төраға немесе оның тапсырмасы бойынша төрағаның орынбасары шақырады.
Тармақ 6
6. Кеңестің жұмысын ұйымдастыруды, тиісті материалдарын, ұсынымдарын дайындауды Кеңестің хатшысы жүзеге асырады. Кеңес өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Кеңестің шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және егер, оларға Кеңес мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс бергенде, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
Тармақ 8
8. Кеңес мәжілістерін өткізудің нәтижелері бойынша, оның төрағасы мен хатшысы қол қоятын хаттама жүргізіледі. Кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
Тармақ 9
9. Кеңестің жұмыс органы аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі болып табылады.