Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества на территории поселка Шалгинский города Каражал Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаражал қаласы Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 5 қазандағы № 707 қаулысына сәйкес  ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қаражал қаласы Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаражал қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылған деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары туралы» 2014 жылғы 31 наурыздағы №220 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2622 нөмірімен тіркелген) шешімі;
Тармақша 2
2) «Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы XXVIII сессиясының №220 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 74 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4129 нөмірімен тіркелген).
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
Қаражал қалалық мәслихатының 2022 жылғы 18 тамыздағы №154 шешіміне қосымша Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Шалғы кенті тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің үлгі тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Шалғы кентінің аумағы учаскелерге ( шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін әр көшеден саны үш адамнан тұратын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Шалғы кентінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Шалғы кентінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе ұялы байланыс арқылы қоңырау шалу немесе Whatsapp, Instagram, Telegram мессенджерлерін пайдалану арқылы хабарлама жіберу тәсілімен, өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 7
7. Олардың тұрғылықты жері шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Шалғы кентінің әкімі ұйымдастырады. Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті кенттің, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастық жиынына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы кентте, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Шалғы кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Шалғы кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін кент, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қаражал қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде Шалғы кенті әкімінің аппаратына беріледі.