Об утверждении размера платы за один кубический метр поданной питьевой воды населению из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения по Северо-Казахстанской области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 470 «Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24170 болып тіркелген) сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері:
Тармақша 1
1) ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін – 80 теңге;
Тармақша 2
2) ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін – 100 теңге бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.