О внесении изменений в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
Тармақ 2
2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін
Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2022 жылғы 31 тамыздағы № 736 Бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін
Тармақ 1
1. «Апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1317 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17324 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: ««Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3-1-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының Патент заңы» Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 2-тармағына, «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; осы бұйрықпен бекітілген Апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларында: 1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Селекциялық жетістіктер туралы заң), «Қазақстан Республикасының Патент заңы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Патент заңы), «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Тауар таңбалары туралы заң) және «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі –Интегралдық микросхемалары туралы заң) сәйкес әзірленді және қарсылықтарды апелляциялық кеңесте қараудың тәртібін белгілейді. 2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) Апелляциялық кеңес – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанындағы алқалы орган; 2) қорғау құжаттары – Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңдарына сәйкес берілетін құжаттар (өнертабыстарға патент, өнеркәсіптік үлгілерге, пайдалы модельдерге, тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына, тауар шығарылған жердің атауына куәліктер, селекциялық жетістіктерге патенттер); 3) Мадрид келісімі – 1891 жылғы 14 сәуірдегі Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі; 4) Мадрид келісіміне хаттама – 1989 жылғы 28 маусымдағы Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне хаттама; 5) өнеркәсіптік меншік объектілері – өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары мен қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылған жердің атаулары, селекциялық жетістіктер; 6) өтініш беруші - Апелляциялық кеңес қарсылық берген тұлға; 7) патенттік сенім білдірілген өкіл – Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жоғары білімі, зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс тәжірибесі бар немесе патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен, аттестаттаудан өткен және патенттік сенім білдірілген өкілдер тізілімінде тіркелген, әрекетке қабілетті азаматы. 8) сараптама ұйымы – «Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегі комитетiнiң Ұлттық санаткерлiк меншiк институты» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 шелдедегі № 756 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы; 9) тараптар – Апелляциялық кеңесте қарсылықтарды қарауға қатысатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар; 10) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі. 3. Апелляциялық кеңеске мынадай: 1) сараптама ұйымының тауар белгісін тіркеуден бас тарту, оның ішінде Мадрид келісіміне хаттаманың 5-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес мәлімделген тауар белгісіне құқықтық қорғауды беруден бас тарту туралы шешімдеріне; 2) сараптама ұйымының тауар шығарылған жердің атауын және географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын тіркеуден және (немесе) табыстаудан бас тарту туралы шешімдеріне; 3) тауар белгісін, оның ішінде Мадрид келісіміне хаттаманың 5-бабының 6-тармағына сәйкес тіркеуге; 4) тауар шығарылған жердің атауын және географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын тіркеуге және (немесе) табыстауға; 5) сараптама ұйымының өнертабысқа патент беруден бас тарту туралы шешіміне; 6) сараптама ұйымының селекциялық жетістікке патент беруге арналған өтінімді қараудан бас тарту туралы шешімдеріне; 7) сараптама ұйымының селекциялық жетістікке патент беруден бас тарту туралы шешімдеріне қарсылықтар беріледі; 8) сараптама ұйымының пайдалы модельге патент беруден бас тарту туралы шешіміне; 9) сараптама ұйымының өнеркәсіп үлгісіне патент беруден бас тарту туралы шешіміне;»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Өтініш берушінің, құқық иеленушінің өкілі ретінде патенттік сенім білдірілген өкіл зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мәселелері бойынша уәкілетті органмен және сараптама ұйымымен іс жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асырады. Уәкілетті органмен және сараптама ұйымымен іс жүргізуді өтініш беруші және (немесе) құқық иеленуші де дербес жүзеге асыра алады. Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдік заңды тұлғалар уәкілетті органда және оның ұйымдарында өзінің өтініш беруші, тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің иесі құқықтарын және географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға құқықтарын патенттік сенім білдірілген өкілдер арқылы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ оның шегінен тысқары жерде уақытша жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегінде хат алмасу үшін мекенжайын көрсеткен кезде патенттік сенім білдірілген өкілсіз өзінің өтініш беруші, тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің иесі құқықтарын және географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға құқықтарын жүзеге асыра алады.»; 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «15. Осы Қағидалардың 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қарсылықтар Апелляциялық кеңеспен олардың келіп түскен күнінен бастап төрт ай ішінде қаралады. Осы Қағидалардың 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген қарсылықтар Апелляциялық кеңеспен олардың келіп түскен күнінен бастап алты ай ішінде қаралады. Осы Қағидалардың 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген қарсылықтар Апелляциялық кеңеспен олардың келіп түскен күнінен бастап төрт ай ішінде қаралады. Осы Қағидалардың 3-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген қарсылықтар Апелляциялық кеңеспен олардың келіп түскен күнінен бастап үш ай ішінде қаралады. Осы Қағидалардың 3-тармағының 7) тармақшада көрсетілген қарсылықтар Апелляциялық кеңеспен олардың келіп түскен күнінен бастап үш ай ішінде қаралады; Осы Қағидалардың 3-тармағының 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген қарсылықтар Апелляциялық кеңеспен олардың келіп түскен күнінен бастап екі ай ішінде қаралады.»; 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «17. Селекциялық жетістіктер туралы заңның 22-3-бабының 3-тармағына, Патент заңының 32-2-бабының 3-тармағына және Тауар таңбалары туралы заңның 41-2-бабының 3-тармағына сәйкес қарсылықты қарау мерзімі үш айға дейін, оның ішінде өтініш берушінің жазбаша өтініші бойынша ұзартылады. Апелляциялық кеңестің отырыстары күндізгі (немесе) және қашықтық форматта өткізіледі.»; 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «19. Апелляциялық кеңес отырыс өткізілетін күнді мынадай: 1) тараптар, қарсылықты өзінің қатысуынсыз қарау туралы өтінішхатын берген жағдайды қоспағанда, келмеген; 2) өтініш беруші қосымша дәлелдемелерді ұсыну үшін уақыттың қажеттігі туралы өтінішхат берген.»; 25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 25. Қабылданған шешім қарсылықты қарауға қатысқан адамдарға ол шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жіберіледі. Апелляциялық кеңестің шешімі жазбаша нысанда баяндалады және ол кіріспе, сипаттау, уәждеу және қарар бөліктерінен тұрады. Шешімге апелляциялық кеңестің барлық мүшелері қол қояды.».
Тармақ 2
2. «Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1318 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17323 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: ««Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; осы бұйрықпен бекітілген Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ережесінде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Тауар таңбалары туралы заң) 18-1-бабына сәйкес әзірленді.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады: 1) Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің алқалы органы; 2) патенттік сенім білдірілген өкіл – Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жоғары білімі, зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс тәжірибесі бар немесе патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен, аттестаттаудан өткен және патенттік сенім білдірілген өкілдер тізілімінде тіркелген, әрекетке қабілетті азаматы; 3) сараптама ұйымы – «Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегі комитетiнiң Ұлттық санаткерлiк меншiк институты» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 шелдедегі № 756 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы; 4) тараптар - тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану туралы өтініш берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар, сондай-ақ патенттік сенім білдірілген өкілдер; 5) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік).»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Комиссияның жұмыс органының функциялары Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы департаментінің Өнеркәсіптік меншік басқармасына жүктеледі.».
Тармақ 3
Тармақ 4
4. «Тауар белгілерін мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде айрықша құқықтарды беру, тауар белгісін пайдалануға құқық беру туралы қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1345 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17331 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: ««Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; осы бұйрықпен бекітілген Тауар белгілерін мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде айрықша құқықтарды беру, тауар белгісін пайдалануға құқық беру туралы қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Тауар белгілерін мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде айрықша құқықтарды беру, тауар белгісін пайдалануға құқық беру туралы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына (бұдан әрі – Мемқызметтер туралы заң) сәйкес әзірленген және тауар белгілерінің мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде айрықша құқықтарды беру, тауар белгісін пайдалануға құқық беру тәртібін белгілейді, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайды.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы қағиданың 1-қосымшасындағы «Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке, өнеркәсіптік меншік объектісіне, сондай-ақ интегралдық микросхема топологиясына айрықша құқықты беруді тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің (бұдан әрі – тізбе) 8-тармағында көрсетілген қосымша құжаттарымен осы қағидалардың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат түріндегі өтініштерді көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы жолдайды.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі тізбеде келтірілген. Төлем қолма-қол ақшасыз аударым тәсілімен көрсетілетін қызметті берушінің "newscab.kazpatent.kz" ақпараттық жүйесімен түйістірілген екінші деңгейлі банктің төлем шлюзі арқылы, осы қағидаларының 4-қосымшасында (бұдан әрі - 4-қосымша) көрсетілген банктік ревизиттер бойынша жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы жіберген кезде, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұранысты қабылдау күйі автоматты түрде «жеке кабинетте» көрсетіледі.»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Көрсетілетін қызметті беруші Мемқызметтер туралы заңның 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді. Осы Қағидаларға өзгерістер немесе (және) толықтырулар енгізу кезінде, уәкілетті орган «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникацялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына, көрсетілген қызметті берушіге тиісті нормативтік құқықтық акт әділет органдарына мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.». 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы қағидалардың 7-қосымшасындағы «Тауар таңбасын, селекциялық жетістікті, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн, сондай-ақ интегралдық микросхеманың топологиясын пайдалану құқығын беруді тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің (бұдан әрі – тізбе) 8-тармағында көрсетілген қосымша құжаттарымен осы қағидалардың 8, 9 және 10-қосымшаларына сәйкес ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат түріндегі өтініштерді көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы жолдайды.»; 12-тармақтың бірінші бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: «12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі тізбеде келтірілген.»; 1-қосымша осы тізбенің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2-қосымша осы тізбенің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 3-қосымша осы тізбенің 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 5-қосымша осы тізбенің 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 7-қосымша осы тізбенің 5-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 11-қосымша осы тізбенің 6-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 12-қосымша осы тізбенің 7-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Басқа 1. «Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке, өнеркәсіптік меншік объектісіне, сондай-ақ интегралдық микросхема топологиясына айрықша құқықты беруді тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілген өзгерістерге 2022 жылғы 31 тамыздағы № 736 1-қосымша Тауар белгілерін мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде айрықша құқықтарды беру, тауар белгісін пайдалануға құқық беру туралы қағидаларына 1-қосымша Нысан «Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке, өнеркәсіптік меншік объектісіне, сондай-ақ интегралдық микросхема топологиясына айрықша құқықты беруді тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Әді­лет ми­ни­стр­лі­гі­нің «Ұлт­тық зи­ят­кер­лік мен­шік ин­сти­ту­ты» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны (бұ­дан әрі – «ҰЗ­МИ» ШЖҚ РМК). 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы ар­қы­лы (бұ­дан әрі – пор­тал). 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі 10 (он) жұ­мыс кү­ні 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі Та­у­ар бел­гі­сіне ай­рық­ша құқық­ты бе­ру­ді тір­кеу неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны – элек­трон­дық. 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі «Та­у­ар бел­гі­ле­рі, қыз­мет көр­се­ту бел­гі­ле­рі, гео­гра­фи­я­лық нұс­қа­ма­лар және та­у­ар­лар шы­ға­ры­л­ған жер­лер­дің ата­у­ла­ры ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Заң­ның 3-1 ба­бы­ның 2-тар­ма­ғы­на сәй­кес бе­кі­ті­ле­тін және уәкі­лет­ті ор­ган­ның adilet.gov.​kz және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​kaz​pate​nt.​kz ре­сми сайт­та­рын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған та­у­ар бел­гі­ле­рін қор­ғау са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­тер­ге және ба­ға­лар­ға сәй­кес ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді. Тө­лем қол­ма-қол ақ­ша­сыз ауда­рым тә­сі­лі­мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің «newscab.kazpatent.kz» ақ­па­рат­тық жүй­е­сі­мен түй­і­сті­рі­л­ген екін­ші дең­гей­лі банк­тің тө­лем шлю­зі ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. 7 Жұ­мыс кесте­сі Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін жұ­мыс іс­тей­ді. Пор­тал жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы жұ­мыс іс­тей­ді (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де, өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды). 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі 1) осы қа­ғи­да­ның 2 және 3-қо­сым­ша­ла­ры­на сәй­кес ны­сан­дар бой­ын­ша өзге­ге бе­ру/іші­на­ра бе­ру шар­ты бой­ын­ша та­у­ар таң­ба­сы­на ай­рық­ша құқық­ты бе­ру­ді тір­кеу үшін же­ке және (неме­се) заң­ды тұл­ға­ның элек­трон­дық ны­сан­да­ғы өті­ніш­те­рі; 2) та­у­ар таң­ба­сын пай­да­ла­ну­ға ай­рық­ша құқық­ты бе­ру ту­ра­лы шар­ттың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі неме­се шар­ттың но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған кө­шір­ме­сі; 3) ұлт­тық көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы өті­ніш бер­ген жағ­дай­да, қор­ғау құ­жа­ты неме­се ай­рық­ша құқық­тар ие­сі­нің бас­қа­ру ор­ган­да­ры неме­се құ­ры­л­тай­шы­лар­дың/ак­ци­о­нер­лер­дің жал­пы ше­ші­мі­мен шарт жа­са­су және шар­тқа кә­сі­по­рын бас­шы­сы­ның қол қою өкі­лет­ті­гін бе­ру мә­се­ле­сі бой­ын­ша ше­ші­мі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 4) се­нім­хат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі егер мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге өті­ніш өкіл ар­қы­лы бе­ріл­се. Тө­лем­ді рас­тай­тын құ­жат ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші "элек­трон­дық үкі­мет" шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­ден ала­ды. 9 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер 1) объ­ек­ті­ге ай­рық­ша құқық­тың тоқ­та­ты­л­ған қол­да­ны­лу мер­зі­мін қал­пы­на кел­ті­ру мер­зі­мі­нің аяқ­та­луы; 2) тір­ке­у­ге уа­қыт­ша ке­дер­гі кел­ті­ре­тін негіз­дер­ді жою үшін мер­зім­нің өтуі; 3) шар­ттың та­ра­пы бо­лып та­был­май­тын тұл­ға­дан тір­кеу ту­ра­лы өті­ніш­ті алу; 4) ли­цен­зи­я­лық шар­тты неме­се оған қо­сым­ша ке­лі­сім­ді тір­ке­удің бол­мауы; 5) та­рап­тың объ­ек­ті­ні пай­да­ла­ну құқы­ғын бе­ру­ге ке­дер­гі кел­ті­ре­тін қа­был­дан­ған мін­дет­те­ме­лер­дің бо­луы; 6) та­у­ар таң­ба­сы­на құқық бе­рі­л­ген жағ­дай­да та­у­ар­ға неме­се оны дай­ын­да­у­шы­ға қа­ты­сты жа­ңы­лы­сты­ру­ға; 7) «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес ұсы­ны­ла­тын көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­ма­ған жағ­дай­да жол бе­ріл­мей­ді. Құ­жат­тар­ды ре­сім­де­у­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар бұ­зы­л­ған неме­се шар­тты тір­ке­у­ге ке­дер­гі кел­ті­ре­тін негіз­дер болған жағ­дай­да, бі­рақ көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­мен қал­пы­на кел­ті­рі­луі мүм­кін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға жі­бе­рі­л­ген күн­нен ба­стап үш ай ішін­де бол­ма­ған неме­се тү­зе­ті­л­ген құ­жат­тар­ды ұсы­ну­ға не бол­ма­са ти­іс­ті өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру­лар ен­гізу­ге ха­бар­ла­ма жол­да­на­ды. Бұл жағ­дай­да құ­жат­тар­ға тек­се­ру жүр­гі­зу мер­зі­мі бол­ма­ған неме­се тү­зе­ті­л­ген құ­жат­тар ұсы­ны­л­ған күн­нен ба­стап есеп­те­ле­ді. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тiк қыз­мет көр­се­ту­дің мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті» ар­қы­лы қа­шық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу­ға және бiрың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8-800-080-7777 ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар; 2) мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша ақ­па­рат­тық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры уәкі­лет­ті ор­ган­ның www.​adilet.​gov.​kz және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​kaz​pate​nt.​kz ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да көр­се­ті­л­ген.
Басқа 2. Айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілген өзгерістерге 2-қосымша Тауар белгілерін мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде айрықша құқықтарды беру, тауар белгісін пайдалануға құқық беру туралы қағидаларына 2-қосымша Нысан Айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеуді сұраймын. 1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері): ____________________________________________________________________ 2. Иеленуші (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) / заңды тұлғаның атауы, заңды мекенжайы): ____________________________________________________________________ 3. Құқықтық мирасқор (жеке тұлғаның Т.А.Ә. / заңды тұлғаның атауы, заңды мекенжайы): ____________________________________________________________________ 4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі: ____________________________________________________________________ 5. Хат алмасу үшін мекенжайы және байланыс телефондары: ____________________________________________________________________ 6. Өтініш беруші «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісемін. Т.А.Ә. ________________________ Қосымшалар: Шарт ___ парақта; Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат көшірмесі ___ парақта ___ данада; Көрсетілетін қызметті берушінің қызметі үшін төлемді растайтын құжат; Басқа құжат (көрсету). Күні ЭЦҚ (Т.А.Ә.) Рөлі
Басқа 3. Айрықша құқықты ішінара басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілген өзгерістерге 3-қосымша Тауар белгілерін мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде айрықша құқықтарды беру, тауар белгісін пайдалануға құқық беру туралы қағидаларына 3-қосымша Нысан Айрықша құқықты ішінара басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты айрықша құқықты ішінара басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеуді сұраймын. 1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері): ____________________________________________________________________ 2. Иеленуші (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) немесе заңды тұлғаның атауы, заңды мекенжайы): ____________________________________________________________________ 3. Құқықтық мирасқор (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы, заңды мекенжайы): ____________________________________________________________________ 4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі: ____________________________________________________________________ 5. Берілетін құқықтардың шартпен көзделген көлемі: ____________________________________________________________________ 6. Хат алмасу үшін мекенжайы және байланыс телефондары: ____________________________________________________________________ 7. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісемін. Т.А.Ә. _________________________ Қосымшалар: Шарт ___ парақта; Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат көшірмесі ___ парақта ___ данада; Көрсетілетін қызметті берушінің қызметі үшін төлемді растайтын құжат; Басқа құжат (көрсету). Күні ЭЦҚ (Т.А.Ә.) Рөлі
Басқа 4. «Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке, өнеркәсіптік меншік объектісіне, сондай-ақ интегралдық микросхема топологиясына айрықша құқықты беруді тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету туралы ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілген өзгерістерге 4-қосымша Тауар белгілерін мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде айрықша құқықтарды беру, тауар белгісін пайдалануға құқық беру туралы қағидаларына 5-қосымша Нысан Шарттың тіркеу нөмірі: Шартты тіркеу күні: Патент иеленуші: Құқықтық мирасқор: «Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке, өнеркәсіптік меншік объектісіне, сондай-ақ интегралдық микросхема топологиясына айрықша құқықты беруді тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету туралы ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының _ бабының _ тармағына сәйкес № _ тауар таңбасына құқықтарды басқаға беру шарты (ішінара) бойынша айрықша құқықты беру Қазақстан Республикасы тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде тіркелгенін хабарлайды. (Электрондық цифрлық қолтаңба)
Басқа 5. «Тауар таңбасын, селекциялық жетістікті, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн, сондай-ақ интегралдық микросхеманың топологиясын пайдалану құқығын беруді тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілген өзгерістерге 5-қосымша Тауар белгілерін мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде айрықша құқықтарды беру, тауар белгісін пайдалануға құқық беру туралы қағидаларына 7-қосымша Нысан «Тауар таңбасын, селекциялық жетістікті, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн, сондай-ақ интегралдық микросхеманың топологиясын пайдалану құқығын беруді тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «ҰЗМИ» ШЖҚ РМК). 2 Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал). 3 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 10 (он) жұмыс күні 4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны Электрондық (толық автоматтандырылған) 5 Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Тауар белгісіне пайдалану құқығын беруді тіркеу туралы хабарламаны жіберу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық. 6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 3-1 бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін және уәкілетті органның adilet.gov.kz және мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің www.kazpatent.kz ресми сайттарында орналастырылған тауар белгілерін қорғау саласындағы қызметтерге және бағаларға сәйкес ақылы негізде көрсетіледі. Төлем қолма-қол ақшасыз аударым тәсілімен көрсетілетін қызметті берушінің «newscab.kazpatent.kz» ақпараттық жүйесімен түйістірілген екінші деңгейлі банктің төлем шлюзі арқылы, жүзеге асырылады. 7 Жұмыс кестесі Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді. Портал жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы жұмыс істейді (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). 8 Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі 1) осы қағидалардың 8, 9 және 10-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша лицензиялық шарт, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты немесе лицензиялық шарттың электрондық түрдегі талаптарын қамтитын өзге шарт бойынша селекциялық жетістікті пайдалану құқығын беруді тіркеу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштері; 2) тауар таңбасын пайдалану құқығын беру туралы шарттың электрондық көшірмесі немесе шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі; 3) ұлттық көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда, қорғау құжаты немесе айрықша құқықтар иесінің басқару органдары немесе құрылтайшылардың/акционерлердің жалпы шешімімен шарт жасасу және шартқа кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі бойынша шешімінің электрондық көшірмесі; 4) сенімхаттың электрондық көшірмесі егер мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш өкіл арқылы берілсе. Төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады. 9 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) объектіге айрықша құқықтың тоқтатылған қолданылу мерзімін қалпына келтіру мерзімінің аяқталуы; 2) тіркеуге уақытша кедергі келтіретін негіздерді жою үшін мерзімнің өтуі; 3) шарттың тарапы болып табылмайтын тұлғадан тіркеу туралы өтінішті алу; 4) лицензиялық шартты немесе оған қосымша келісімді тіркеудің болмауы; 5) Тараптың объектіні пайдалану құқығын беруге кедергі келтіретін қабылданған міндеттемелердің болуы; 6) тауар таңбасына құқық берілген жағдайда тауарға немесе оны дайындаушыға қатысты жаңылыстыруға жол берілмейді; 7) Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмаған жағдайда жол берілмейді. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар бұзылған немесе шартты тіркеуге кедергі келтіретін негіздер болған жағдайда, бірақ көрсетілетін қызметті берушімен қалпына келтірілуі мүмкін көрсетілетін қызметті алушыға жіберілген күннен бастап үш ай ішінде болмаған немесе түзетілген құжаттарды ұсынуға не болмаса тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуге хабарлама жолданады. Бұл жағдайда құжаттарға тексеру жүргізу мерзімі болмаған немесе түзетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап есептеледі. 10 Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға және бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар; 2) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпараттық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның www.adilet.gov.kz және көрсетілетін қызметті берушінің www.kazpatent.kz интернет-ресурстарында көрсетілген.
Басқа 6. «Тауар таңбасын, селекциялық жетістікті, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн, сондай-ақ интегралдық микросхеманың топологиясын пайдалану құқығын беруді тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету туралы ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілген өзгерістерге 6-қосымша Тауар белгілерін мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде айрықша құқықтарды беру, тауар белгісін пайдалануға құқық беру туралы қағидаларына 11-қосымша Нысан Шарттың тіркеу нөмірі: Шартты тіркеу күні: Лицензиар (Қосалқы лицензиар): Лицензиат (Қосалқы лицензиат): «Тауар таңбасын, селекциялық жетістікті, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн, сондай-ақ интегралдық микросхеманың топологиясын пайдалану құқығын беруді тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету туралы ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының _ бабының _ тармағына сәйкес № _ тауар таңбасын пайдалануға арналған лицензиялық шарт бойынша айрықша (қосалқы) лицензия беру (бермеу) Қазақстан Республикасы тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде тіркелгенін хабарлайды. (Электрондық цифрлық қолтаңба) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілген өзгерістерге 7-қосымша Тауар белгілерін мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде айрықша құқықтарды беру, тауар белгісін пайдалануға құқық беру туралы қағидаларына 12-қосымша Нысан Шарттың тіркеу нөмірі: Шартты тіркеу күні: Кешенді лицензиар (Қосалқы лицензиар): Кешенді лицензиат (Қосалқы лицензиат): «Тауар таңбасын, селекциялық жетістікті, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн, сондай-ақ интегралдық микросхеманың топологиясын пайдалану құқығын беруді тіркеу» мемлекеттік қызметтін көрсету туралы ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының _ бабының _ тармағына сәйкес № _ тауар таңбасын (ларды) пайдалануға айрықша лицензия беру (бермеу) туралы кешенді кәсіпкерлік (қосалқы) лицензия шарты Қазақстан Республикасы тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде тіркелгенін хабарлайды. (Электрондық цифрлық қолтаңба)