Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Кок уй Сугалинского сельского округа Кобдинского района Актюбинской области Күшін жойған
Басқа 0
Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округінің Көк үй ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекция басшысының 2022 жылғы 12 тамыздағы № 2-11-3/199 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Ірі қара малдың вирустық диарея ауруының анықталуына байланысты Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округінің Көк үй ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.