Вопросы медицинского осмотра юношей допризывного возраста Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.09.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әскерге дейiнгi жасөспiрiмдердi медициналық тексеруден өткiзу туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Заңына , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 27 қаңтардағы "Тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiн бекiту туралы" N 135 қаулысына сәйкес және әскерге дейiнгi жасөспiрiмдердi кешендi медициналық тексеруден ұйымдасқан түрде өткiзу, сондай-ақ емдеудi қажет ететiн жасөспiрiмдерге медициналық көмек көрсету мақсатында:
Тармақ 1
1. Қала және аудан әкiмдерi, бiлiм (С.Ж.Барахова) және денсаулық сақтау (Н.Н.Тасмағамбетова) департаменттерi басшылары:
Тармақша 1
1) 2002 жылғы 22 қыркүйектен 10 желтоқсанға дейiнгi кезеңде облыс бойынша 1987-1988 жылы туған әскерге дейiнгi жасөспiрiмдердi қалалық және аудандық емдеу-алдын алу мекемелерiнде медициналық тексеруден өткiзсiн. Медициналық тексеру қорытындысын тиiстi медициналық құжаттарға енгiзсiн;
Тармақша 2
2) емдеу-алдын алу мекемелерiнде медициналық тексеру жұмысын бөлiнген қаржы шегiнде, қалалар мен аудандар бюджетi есебiнен жүзеге асырсын;
Тармақша 3
3) 2003 жылғы 20 қыркүйекке дейiн медициналық тексеру өткiзу кестесiн бекiтсiн.
Тармақша 4
4) жоспар-кестеге сәйкес жасөспiрiмдердiң медициналық тексеруге және емделуге толық келуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 2
2. Ұйым, кәсiпорын, мекеме басшылары, меншiк нысанына қарамастан, 2003 жылғы 1 қазанға дейiн 1987-1988 жылы туған жасөспiрiмдердiң тiзiмiн N 278-нысан бойынша қалалық (аудандық) медицина бiрлестiктерiне, N 1 МО-нысаны бойынша аудандық, қалалық әскери комиссариаттарға тапсыру ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау департаментi(Н.Н.Тасмағамбетова) бекiтiлген кестеге сәйкес жасөспiрiмдердi медициналық тексеруден өткiзсiн. Осы мақсатта:
Тармақша 1
1) қажеттi медициналық мүлiк пен жабдық бөлсiн, сондай-ақ дәрiгер- мамандар мен орта буын медицина қызметкерлерiн тағайындасын;
Тармақша 2
2) жасөспiрiмдердi тексеру барысында зертханалық және флюорографиялық зерттеулер, антропометрия мен ауыз қуысын санациялауды жүргiзсiн;
Тармақша 3
3) тексерудi, емдеудi, дәрiгерлiк бақылауды қажет ететiн жасөспiрiмдердi анықтап, оларды диспанцерлiк есепке алсын;
Тармақша 4
4) жасөспiрiмдер дәрiгерлерiнiң жұмысын, тексерулердi ұйымдастыруды, жоспарлауды, өткiзудi, анықталған науқастарды емдеудi, осы жұмыстағы есепке алу және есептiлiк құжаттарын жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ә.Ә.Бектаевқа жүктелсiн.