О размещении во вклад остатков временно свободных денег на счетах органов казначейства Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазынашылық органдарының шоттарындағы уақытша бос ақша қалдықтарын салымға орналастыру туралы Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.07.25. № 832 қаулысымен Астана қаласындағы құрылысты қаржыландыру проблемасын жедел шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің "Қазақстан Халықтық банкі" ашық акционерлік қоғамындағы (бұдан әрі - Банк) салымға Банктің "Жаңа астана" республикалық бюджеттен тыс қорына сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасымен 5 000 000 (бес миллион) АҚШ долларына баламды сомада несие ресурстарын беруі шартымен қазынашылық органдарының шотынан 5 000 000 (бес миллион) АҚШ долларына баламды сомадағы уақытша бос ақшаны заңдарда белгіленген тәртіппен орналастыратыны назарға алынсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаментіне осы қаулының 1-тармағында көрсетілген ақшаны сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша және Банк салым бойынша міндеттемелерді (кепілді) қамтамасыз етпестен орналастыруға рұқсат берілсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті орналастырылған ақшаның қайтарылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Ескерту. 4-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2001.07.11. N 943 қаулысымен.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.