Об утверждении Положения об апелляционной комиссии Күшін жойған
Басқа 0
Апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Апелляциялық комиссия туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Апелляциялық комиссия туралы ереже
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің
2022 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Апелляциялық комиссия туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ереже
1-тарау. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Апелляциялық комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және апелляциялық комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды, ғылым саласын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын, Ұлттық ғылыми кеңестер мүшелерінің әдеп кодексін және осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Комиссия өз құзыреті шегінде өтініш берушілердің өтініштерін, оның ішінде олардың қатысуымен объективті, жан-жақты және уақтылы қарауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысушы – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектісі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 2
2) өтініш – конкурс қатысушысының ұлттық ғылыми кеңестің (бұдан әрі – ҰҒК) қабылдаған шешімімен келіспейтіні туралы уәкілетті органға берген жазбаша өтініші;
Тармақша 3
3) салалық уәкілетті орган – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 4
4) уәкілетті орган – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы салааралық үйлестіруді және басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Тармақша 5
5) үлестестік – комиссия мүшесі (-лері) мен комиссия қабылдайтын шешімдерге бақылауды жүзеге асыруға немесе ықпал етуге мүмкіндігі бар басқа да тұлғалар арасындағы заңдық маңызы бар байланыс (заңнамалық, жарғылық, шарттық өкілеттіктер, сондай-ақ туыстық қатынастар негізінде).
Тармақ 5
5. Комиссия төрағадан және комиссия мүшелерінен тұратын алқалы орган болып табылады.
Тармақ 6
6. Комиссияның жұмыс органы комиссияның қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ететін уәкілетті орган болып табылады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттарды, комиссия мүшелеріне жолдануы тиіс материалдарды дайындайды.
Тармақ 7
7. Комиссияның құрамы уәкілетті органның, салалық уәкілетті органдардың, ғылыми қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ ғалымдар болып табылатын Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның мүшелері қатарынан қалыптастырылады және уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
ҰҒК мүшелері комиссия құрамына кірмейді.
Тармақ 8
8. Ғылыми қоғамдық бірлестіктің өкілі, сарапшы немесе ғалым болып табылатын Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның мүшесі ретінде комиссия құрамына кіру үшін ғалымның:
Тармақша 1
1) кандидатураны ұсынған күнге Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық деректер базаларына сәйкес кемінде 6 (алты) Хирш индексі болуы тиіс.
Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы ғалымдар үшін кандидатураны ұсынған күнге оның Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық деректер базаларына сәйкес кемінде 3 (үш) Хирш индексі;
Тармақша 2
2) Web of Science деректер базасының 1 (бірінші), 2 (екінші) және 3 (үшінші) квартиліне кіретін және (немесе) Scopus базасындағы CiteScore бойынша кемінде 65 (алпыс бес) процентилі бар басылымдарда соңғы 5 (бес) жыл ішінде кандидатура ұсынылған күнге дейін жарияланған кемінде 5 (бес) мақаласы және (немесе) шолуы болуы тиіс.
Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы ғалымдар үшін кандидатураны ұсынған күнге дейінгі соңғы 5 (бес) жыл ішінде Web of Science деректер базасының 1 (бірінші), 2 (екінші) және 3 (үшінші) квартиліне кіретін және 3 Scopus базасындағы CiteScore бойынша кемінде 35 (алпыс бес) процентилі бар басылымдарда 5 (бес) мақаласы болуы тиіс.
Scopus деректер базасында индекстеу түрлі бұзушылықтар үшін тоқтатылған журналдардағы жарияланымдар есептелмейді.
Хирш индексінің және Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық базаларында индекстелетін басылымдарда мақалаларының болуы туралы талап ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы ғалымдарға қолданылмайды.
Тармақ 9
9. Уәкілетті органның, салалық уәкілетті органның өкілі ретінде комиссия құрамына енгізу үшін кандидаттың жоғары заң білімі, кемінде 5 (бес) жыл заңдық жұмыс өтілі және басшылық лауазымда кемінде 3 (үш) жыл тәжірибесі болуы тиіс.
Тармақ 10
10. Комиссия құрамы кемінде 11 (он бір) адам тақ саннан тұрады.
Тармақ 11
11. Комиссияның төрағасы мемлекеттік органдардың өкілдерін қоспағанда, апелляциялық комиссия мүшелерінің арасынан ашық дауыс беру арқылы оның мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен сайланады.
Комиссияның төрағасы өкілеттігінің мерзімі сайланған күнінен бастап 1 (бір) жылды құрайды. Бір адам қатарынан 2 (екі) мерзімнен артық апелляциялық комиссияның төрағасы бола алмайды.
Тармақ 12
12. Комиссия мүшелері өкілеттігінің мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.
Тармақ 13
13. Комиссия мүшесінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда комиссияның жаңа мүшесі комиссия мүшесінің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде сайлануы (тағайындалуы) тиіс. Комиссияның жаңадан сайланған мүшесінің өкілеттігі комиссияның барлық мүшелерінің өкілеттік мерзімі аяқталуымен бір мезгілде аяқталады.
Тармақ 14
14. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды және уәкілетті орган жұмыскерлерінің қатарынан тағайындалады.
Тармақ 15
15. Комиссия төрағасы мен мүшелері оның жұмысына қоғамдық негізде қатысады.
Тармақ 16
16. Комиссия:
Тармақша 1
1) ҰҒК-тің қабылданған шешімдері бойынша конкурстарға қатысушылардың келіспейтіні туралы өтініштерін;
Тармақша 2
2) уәкілетті органның ұсынуы бойынша ҰҒК мүшелерінің әдеп кодексін сақтауы мәселелерін;
Тармақша 3
3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру туралы аралық және қорытынды есептерді ҰҒК-нің қарауының нәтижелері бойынша өтініштерді қарайды.
Тармақ 17
17. Комиссия:
Тармақша 1
1) өтінімдері ҰҒК-нің қарауына жіберілмеген конкурсқа қатысушылардың өтініштерін;
Тармақша 2
2) жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды азайту мәселелері жөніндегі өтініштерді;
Тармақша 3
3) «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – орталық) ұсынатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын іске асыруды мониторингтеудің қорытындысын қарау мәселелері жөніндегі өтініштерді;
Тармақша 4
4) иесі бүркемеленген өтініштерді;
Тармақша 5
5) мәселенің мәні баяндалмаған және жеткілікті негіздемелер мен фактілер ұсынылмаған өтініштерді;
Тармақша 6
6) ҰҒК қойған немесе мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижесі бойынша алынған балдарды ұлғайтуға немесе азайтуға байланысты мәселелер бойынша өтініштерді қарамайды.
Тарау 2. 2-тарау. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
2-тарау. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 18
18. Комиссия төрағасы:
Тармақша 1
1) оның қызметіне басшылық жасайды;
Тармақша 2
2) комиссия отырыстарының кестесін, сондай-ақ комиссияның бетпе-бет және (немесе) онлайн отырыстарын өткізу орны мен уақытын айқындайды;
Тармақша 3
3) комиссия отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді;
Тармақша 4
4) әрбір мәселені қарау кезінде комиссия мүшелерінің мүдделер қақтығысы туралы ақпаратты сұратады және мүдделер қақтығысы болған жағдайда комиссия мүшесін тиісті мәселе бойынша қараудан, талқылаудан және дауыс беруден уақытша шеттетуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 19
19. Конкурсқа қатысушылардың өтініштерін жұмыс органы орталықтың ақпараттық жүйесінде www.is.ncste.kz сілтемесі бойынша жеке кабинетте көрсетілген ҰҒК шешімі қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тармақ 20
20. Конкурсқа қатысушылардың өтініштерін жұмыс органы олар келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 17-тармағы талаптарының сақталуы тұрғысынан тексереді.
Комиссия хатшысы тексеру аяқталғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы осы Қағидалардың 17-тармағы талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушылардың өтініштерін, сондай-ақ өтінімдерді, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижелерін, өтінім бойынша ҰҒК қорытындысы және өтінішті мәні бойынша қарау үшін қажетті өзге де ақпаратты комиссияның қарауына жолдайды.
Өтініштер осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда жұмыс органы оларды қараусыз қалдырады.
Тармақ 21
21. Комиссия келіп түскен өтінішті қарау кезеңінде ҰҒК шағымданған шешімін орындау тоқтатыла тұрады.
Тармақ 22
22. Комиссияның хатшысы комиссия отырыстарын өткізуді, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды жүзеге асырады, мүдделі тұлғаларды хабардар етеді және отырыс өткізілгеннен кейін шешімдер жобаларын ресімдейді.
Тармақ 23
23. Комиссия отырыстары оған мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады.
Тармақ 24
24. Комиссия отырысына қатысатын адамдарды комиссияның хатшысы тіркейді.
Тармақ 25
25. Комиссия мүшелері оның қызметіне ауыстыру құқығынсыз қатысады.
Тармақ 26
26. Комиссияның шешімі отырысқа қатысушы комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Тармақ 27
27. Комиссия мүшелерінің ғана дауыс беру құқығы бар.
Тармақ 28
28. Комиссия отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселені қарау кезінде мүдделер қақтығысына әкеп соғуы мүмкін комиссия мүшесінің тікелей немесе жанама мүдделілігі немесе үлестестігі туындаған кезде комиссияның мүдделі (үлестес) мүшесі тиісті мәселені қарауға және талқылауға, сондай-ақ дауыс беруге қатыспайды және комиссияның басқа мүшелеріне ықпал етпейді.
Тармақ 29
29. Әрбір комиссия мүшесінің бір дауысы болады.
Тармақ 30
30. Дауыстар тең болған жағдайда түпкілікті шешімді комиссия төрағасы қабылдайды.
Комиссия төрағасы болмаған жағдайда оның функцияларын отырысқа қатысушы мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданатын комиссия шешімі бойынша комиссия мүшелерінің бірі жүзеге асырады.
Тармақ 31
31. Өтініштерді шағым жасалатын мәселелер шегінде комиссия қарайды.
Тармақ 32
32. Комиссия отырысына шағым жасалған шешімді қабылдаған ҰҒК төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ қарастырылып отырған өтініштің нысанасын нақтылау үшін конкурсқа қатысушы шақырылуы мүмкін.
Тармақ 33
33. Комиссия өтініштерді бетпе-бет немесе бейнеконференцбайланыс жүйелерін немесе өзге де осындай жүйелерді пайдалану арқылы өтініш материалдарын алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды. Қарау форматы конкурсқа қатысушының өтініші негізінде айқындалады.
Тармақ 34
34. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын өтініштерді комиссия Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып қарайды.
Тармақ 35
35. Комиссияға ұсынылатын материалдарды жан-жақты, толық және объективті қарауды қамтамасыз ету мақсатында консультациялар мен түсініктемелер алу үшін комиссия нақты ғылым саласындағы сарапшылар мен мамандарды тартуға құқылы.
Тармақ 36
36. Комиссия ҰҒК рәсімдері мен шешімдері бойынша өтініштерді:
Тармақша 1
1) ҰҒК шығарған шешімнің негізділігі, заңдылығы, объективтілігі және әділдігі;
Тармақша 2
2) есептерге, қысқаша мәліметтерге жүргізілген сараптаманың жан-жақтылығы, өзектілігі және халықаралық ғылыми деңгейлігі;
Тармақша 3
3) өтініште баяндалған фактілер мен наразылықтардың негізділігі;
Тармақша 4
4) бекітілген өтінімді қарау рәсімінің бұзылуы;
Тармақша 5
5) ҰҒК мүшелерінің «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысымен бекітілген Әдеп кодексін бұзуы тұрғысынан қарайды.
Тармақ 37
37. Комиссия отырысы тікелей эфирде көрсетіледі және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданып жазылады. Комиссия отырысының жазбасы жұмыс органында бір жыл бойы электрондық тасығышта сақталады.
Тармақ 38
38. Өтінішті қарау нәтижесі бойынша комиссия мынадай негізделген, дәлелді шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) өтінішті қанағаттандыру туралы;
Тармақша 2
2) өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы.
Тармақ 39
39. Комиссияның шешімі орталықтың ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинетте және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 40
40. Комиссияның шешімдерін ҰҒК, уәкілетті орган және (немесе) салалық уәкілетті органдар не ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыратын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғалар міндетті түрде орындауға тиіс.
Тарау 3. 3-тарау. Комиссия отырысының нәтижелерін рәсімдеу тәртібі
3-тарау. Комиссия отырысының нәтижелерін рәсімдеу тәртібі
Тармақ 41
41. Комиссия отырысының барысы қажетті құжаттар қоса беріліп, хаттамамен ресімделеді. Хаттаманы жүргізуді комиссия хатшысы қамтамасыз етеді.
Тармақ 42
42. Хаттамада комиссияның құрамы, шақырылған адамдар, оның отырысының орны, уақыты мен күні, комиссия мүшелерінің айтылған ұстанымдары, сондай-ақ шақырылған сарапшылар болса, олардың пікірлері көрсетіледі.
Тармақ 43
43. Хаттама жобасы отырысқа қатысқан комиссия мүшелерімен 3 (үш) күн ішінде келісіледі.
Тармақ 44
44. Хаттамаға комиссия төрағасы мен хатшысы қол қояды. Комиссия қабылдаған шешімдер хаттамадан үзінді көшірме түрінде шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің және мүдделі лауазымды тұлғаның (лардың) назарына жеткізіледі.
Тарау 4. 4-тарау. Қорытынды ережелер
4-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 45
45. Бұрын қаралған және шешiм қабылданған өтiнiш қайта келіп түскен кезде уәкiлеттi орган мұндай өтінішті қараусыз қалдырады, сондай-ақ комиссия отырысына шығармайды.
Тармақ 46
46. Комиссияның қарауы кезiнде конкурсқа қатысушы өтiнiштi қайтарып алған жағдайда уәкiлеттi орган комиссия мүшелерiн жазбаша хабардар етеді, мұндай өтiнiштi қараусыз қалдырады.
Тармақ 47
47. Комиссия мүшелері өз функцияларын орындаған кезде алған коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтер жария етілмейді.
Тармақ 48
48. Комиссияның өтiнiштердi қарау жөнiндегi өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы кезiнде оның қызметiне араласуға және комиссия мүшелерiне қандай да болсын ықпал етуге жол берiлмейдi.
Тармақ 49
49. Егер өтініш беруші уәкілетті органның шешімімен келіспесе, онда оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексіне сәйкес шағым жасалуы мүмкін.
______________________________