Об особых условиях и порядке реализации конкурсной массы открытого акционерного общества "Актюбинская распределительная электросетевая компания "Актобеэнерго" Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Ақтөбеэнерго" Ақтөбе электр тарату желiсi компаниясы" ашық акционерлiк қоғамының конкурстық массасын сатудың ерекше шарттары мен тәртiбi туралы "Ақтөбеэнерго" Ақтөбе электр тарату желiсi компаниясы" ашық акционерлiк қоғамының оңалту рәсiмi мақсатына қол жеткiзе алмауына, ауыр қаржы-экономикалық жағдайына байланысты, өңiр экономикасы үшiн оның маңызды стратегиялық мәнiн ескере отырып және "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 2-бабы  4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Ақтөбеэнерго" Ақтөбе электр тарату желiсi компаниясы" ашық акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - Қоғам) оңалту рәсiмiн тоқтатуға және конкурстық iс жүргiзудi қозғауға бастамашылық жасасын.
Тармақ 2
2. Сот Қоғамды банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы шешiм шығарған жағдайда мыналарды:
Тармақша 1
1) Қоғамның негiзгi технологиялық кешенiн бiрыңғай лотпен сатуды;
Тармақша 2
2) әкiмшiлiк шығыстардың және бiрiншi, екiншi және үшiншi кезектердегi кредиторлар талаптарының сомасынан төмен емес бiрыңғай лотты сатудың ең төменгi бағасын белгiлеудi;
Тармақша 3
3) технологиялық кезеңiнiң үздiксiздiгiн сақтай отырып банкрот рәсiмiн өткiзудi;
Тармақша 4
4) меншiк құқығы бiрыңғай лотты сатып алушыға өту сәтiне дейiн тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды үздiксiз қамтамасыз ету үшiн конкурстық басқарушыға шарттар жасасу құқығын берудi көздейтiн конкурстық массасын сатудың ерекше шарттары мен тәртiбi белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Бiрыңғай лотты сатып алушыға мынадай:
Тармақша 1
1) сатып алушының қызметтiң бейiнiн, тұтынушылармен шарттарды және көрсетiлетiн қызметтер көлемiн сақтап қалу бойынша мiндеттемелер қабылдауын;
Тармақша 2
2) электр энергиясын қайта сату, электр энергиясын беру және тарату мақсатында сатып алу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясының болуын;
Тармақша 3
3) Ақтөбе облысының әкiмдiгiмен келiсілген инвестициялық бағдарламасының болуын;
Тармақша 4
4) төртiншi кезектегi кредитор талаптарын өтеу үшiн конкурстық массаны сатудан түскен қаражаттың жеткiлiксiздiгi жағдайында сатып алушының оларды сатып алу-сату шартына қол қойылған сәтiнен бастап бiр күнтiзбелiк жылдың iшiнде өтеуi бойынша мiндеттемелер қабылдауын;
Тармақша 5
5) сатып алушының саны 1100 адамнан кем емес Қоғам қызметкерлерiнiң жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуiн көздейтiн қосымша талаптар белгiленсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары C.M.Мыңбаевқа жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі