О совершенствовании железнодорожных перевозок пассажиров пригородного сообщения в Западно-Казахстанской области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысында қала төңірегіне қатынайтын жолаушыларды темір жолмен тасымалдауды жетілдіру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 25.01.2005 № 24 қаулысымен. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" , "Темiр жол көлiгi туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, әдiлет басқармасында 2002 жылы 19 қыркүйекте 1750 номермен тiркелген және "Приуралье" газетiнiң 2002 жылы 26 қыркүйектегi N 116 санында жарияланған "2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы" Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 8 қаңтардағы N 17-2 шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 27 тамыздағы N 24-2 шешiмiн орындау үшiн және қала төңiрегiне темiр жолмен қатынайтын тұрғындардың қажетiн қанағаттандыру мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын қала төңiрегiне қатынайтын темiр жол маршруттарының тiзбесi бекiтiлсiн (жалғанды).
Тармақ 2
2. Жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын қала төңiрегiне жолаушыларды темiржолмен тасымалдаудың уақытша Ережесi бекiтiлсiн (жалғанды).
Тармақ 3
3. Темiр жол тасымалын қаржыландыру жөнiндегi бағдарлама әкiмшiсi-облыстық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлiк басқармасы темiржол тасымалын облыстық бюджетте қаралған қаржы шегiнде қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнің орынбасары С.П. Качалоға жүктелсiн.
Басқа 5. Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын қала төңiрегiне қатынайтын темiржол маршруттарының тiзбесi
Батыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 29.11 N 220 қаулысымен бекiтiлген Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын қала төңiрегiне қатынайтын темiржол маршруттарының тiзбесi 1. Орал - Озинки 2. Орал - Шыңғырлау
Басқа 6. Қала төңірегіне жолаушыларды теміржолмен тасымалдауды қаржыландырудың уақытша ережесі
Батыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 29.11 N 220 қаулысымен бекiтiлген Қала төңірегіне жолаушыларды теміржолмен тасымалдауды қаржыландырудың уақытша ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже жергілікті бюджет есебінен қала төңірегіне жолаушыларды теміржолмен тасымалдауға бөлінетін қаржының жұмсалу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде жүзеге асырылатын қала төңірегіне жолаушыларды тасымалдау кіріс деңгейін қамтамасыз етпейді, теміржол маршруттарының тиімді қызмет істеуі үшін жергілікті бюджетте қаралған қаржы есебінен қаражат беруге жатады.
Тармақ 3
3. Қаржы беру белгіленген тариф пен әрбір жекеленген теміржол маршруты бойынша тасымалдау кезінде қалыптасқан пайдалану шығындары көлемі арасындағы айырмашылыққа сәйкес беріледі.
Тарау 2. 2. Қаржыны есептеу және төлеу тәртібі
2. Қаржыны есептеу және төлеу тәртібі
Тармақ 4
4. Қала төңірегіне жолаушыларды теміржолмен тасымалдауға жергілікті бюджеттен жәрдем ақша төлеу әкімдіктің қаулысымен бекітілген бюджеттік бағдарлама паспортына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Жәрдем ақша төлеу теміржол тасымалының нақты орындалған және құжаттармен куәландырылған көлемі бойынша тоқсан сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Жәрдем ақша алу үшін жергілікті уәкілетті орган (Бұдан әрі-облыстық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлік басқармасы) және теміржол тасымалын жүзеге асырушы теміржол кәсіпорыны арасында осы Ереженің 2-тармағында белгіленгенге сәйкес теміржол тасымалына жәрдем ақша беру туралы шарт жасалады.
Тармақ 7
7. Шарт жасалғаннан кейін, тасымалдаушы келесі есепті айдың 5-не дейінгі мерзімде басшы, бас бухгалтер куәландырған және ұйымның мөрі басылған төмендегідей құжаттарды тіркей отырып, жергілікті уәкілді органға айлық қаржы есебін тапсырады:
Тармақша 1
1) жолаушыларды нақты осы маршрут бойынша тасымалдау жөнінде сатылған билеттер тізілімінің көшірмесі;
Тармақша 2
2) жәрдем ақша бөлінген жекеленген әрбір маршрут бойынша жолаушылар тасымалдау, локомотив, жол шаруашылығы, сумен жабдықтау, сигнализация және байланыс, азаматтық құрылыстар және басқалар бойынша нақты шығындарды куәландыратын шоттар көшірмесі.
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган тіркелген құжаттар мен қоса айлық қаржы есебін қабылдап алғаннан кейін салыстырып тексеру актісін жасайды және шығындардың мақсатты жұмсалғандығы және жәрдем ақшаның сомасын куәландыру туралы қорытынды жасай отырып, тасымалдаудың орындалу фактілеріне салыстырып тексеру жүргізеді.
Тармақ 9
9. Уәкілетті орган бюджет қаржысын пайдалануға жергілікті атқарушы органның рұқсатына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық органдарына жәрдем ақша берілетін теміржол тасымалының тізілімін, өзінің бюджеттік шотынан тасымалдаушының ағымдағы шотына ақша аударуға арналған төлем тапсырмасымен қоса салыстырып тексеру актісін және шарт көшірмесін тапсырады.
Тармақ 10
10. Осы Ережеде белгіленген теміржол маршруттарын пайдалану процесіндегі талаптарды орындамаған теміржол кәсіпорындарына жәрдем ақша аударылмайды және төленбейді.