О Правилах содержания собак и кошек на территории района Магжана Жумабаева Күшін жойған
Басқа 0
«Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында мысық пен итті ұстау ережесі туралы»
«Қазақстан Республикасындагы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 8 пунктінің негізінде аудандық Мөслихат сессиясы ШЕШТІ:
Тармақ 1
«Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында мысық пен итті ұстау ережесі» бекітілсін
Келісілді:
Аудан әкімі
Қ.Аблезов
27.08.2003 ж.
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
М.Жұмағулов
27.08.2003 ж.
Ауданның мемлекеттік
ветеринарлық бас
инспекторы
Г.Исенов
27.08.2003 ж.
Басқа 2. Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында ит пен мысық ұстау ЕРЕЖЕСІ
Мағжан Жұмабаев аудандық Мәслихаттың
2003 жылғы тамыздың 27-і №35-7
«Аудан аумағында ит пен мысық
ұстау ережелерін бекіту туралы» шешімімен
Бекітілген
Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында ит пен мысық ұстау ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1.1
1.1. Осы ереже ветеринарлық және санитарлық нормалар негізінде әзірленген және Мағжан Жұмабаев ауднанының аумағындағы нысан түріне және ведомстволық қарамағына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдарды ескере отырып, иттер мен мысықтардың иелеріне таралады.
Тармақ 1.2
1.2. Елді мекендерде ит пен мысықты оңаша жерде (жақсы қоршалған аулаларда, учаскелерде, торлы қорада) немесе байлауда ғана ұстауға рұқсат етіледі.
Тармақ 1.3
1.3. Жатақхананың санитарлық- гигиеналық, ветеринарлық -санитарлық ережелерінің нормалары жануарларды ұстауда міндетті шарт болып табылады.
Тармақ 1.4
1.4. Иттерді оқшау жерден жалпы алаңға немесе көшеге шығарғанда шылбыры қысқа немесе тұмылдырық кигізіп шығаруға ғана рұқсат етіледі. Тұмылдырықсыз және байлаусыз иттерді тек қана отар басында, табын басында, аң аулау кезінде, үйрету аландарында, арнайы ұйымдармен шұғыл пайдалануда рұқсат етіледі.
Тармақ 1.5
1.5. Тек қана ветеринарлық қызметтің рұқсатымен мектепалды балалар мекемесінде, мектептерде зообұрышта жабайы жөне үй жануарларын ұстауға болады. Балалар үйі, балалар яслилері, балар бақшаларында, сондай - ақ емдік мекемелерде итті байлап, күзету ушін, олармен қарым -қатынаста болмайтын жағдайда ғана ұстауға болады.
Тармақ 1.6
1.6. Иттер мен мысықтардың өлімі туралы кешіктірмей ветеринарлық мекемеге, ал егер ит (мысық) адамдарды немесе жануарларды тістеп алса, онда медициналық және ветеринарлық мекемеге дереу хабарлау қажет.
Тармақ 1.7
1.7. Азаматтардың, кәсіпорындар мен мекелелердің, ұйымдардың иттері 3 айлық жастан бастап жындану және басқа да аурулардан егіліп отырылуы тиіс.
Тармақ 1.8
1.8. Егер иттер ауданнан шет жерге сатылатын болса, белгіленген үлгідегі ветеринарлық куәлік ресімделуі керек.
Тармақ 1.9
1.9. Жолаушылардың мазасын алмайтын шарттарды сақтай отыра жерде жүретін барлық көліктерде жануарларды тасуға болады. Ит тұмылдырықта және қысқа байлауда болуы тиіс.
Тармақ 1.10
1.10. Әкімшілікпен келісілген және санитарлық - гигиеналық ережелерді сақтаған жағдайда қонақ үйлерде иесімен бірге итті жөне мысықты ұстауға тиым салынбайды.
Тармақ 1.11
1.11. Тыйым салынатын жазу болмаса, почтада, азық -түлікті емес дүкендерде, мекемелерде иесімен бірге тұмылдырық кигізілген, қысқа байлаудағы иттің бірге жүруіне тыйым салынбайды.
Тармақ 1.12
1.12. Иесі дүкеннің, дәріхананың, тұрмыстық қызмет көрсететін кәсіпорынның, емхананың және басқалардың алдына байлап кеткен иттерден өзге, иесінің жетегінсіз қоғамдық жерлерде жүрген иттер мүдделі ұйымның арызы бойынша аулануға тиісті.
Тарау ii. II. Жануар иесінің міндеті
II. Жануар иесінің міндеті
Тармақ 2.1
2.1. Жануардың иесі оны биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес, жануарға адамгершілікпен қарап, оны қараусыз, тамақсыз, сусыз қалдырмай, ұрмай, жануар ауырса уақытында ветеринарлық көмекке сүйену керек.
Тармақ 2.2
2.2. Жануарлардың иелері айналадағы адамдар мен жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шаралар қолдануға міндетті.
Тармақ 2.3
2.3. Иттер мен мысықтардың иелері мемлекеттік ветеринарлық инспектордың талабы бойынша диогностикалық зерттеу байқауы, сақтандыру, егу мен емдік -алдын алу жұмыстарын жүгрізу үшін оларды әкелуге міндетті.
Тармақ 2.4
2.4. Иттер мен мысықтардың иелері адамдарды тістеген өздерінің асырандыларын ветеринарлық мекемеге тексеруге және 10 күн ішінде оңаша ұстауға әкелуге міндетті.
Тармақ 2.5
2.5. Мас адамдарға қоғамдық жерлерде, көлікте итпен жүруге тийым салынады.
Тармақ 2.6
2.6. Итті қыдыртуға шығарғанда шылбырмен байлап, қарғы бауында иттің аты, иесінің мекен- жайы, телефоны көрсетілген жетоны жапсырулы болуы тиіс. Сонымен қартар ірі иттерге тұмылдырық кигізілуі тиіс.
Тармақ 2.7
2.7. Пайдалануда жер учаскесі бар иттердің иелері иттерді тек қана жақсы қоршалған аумақта бос жібере алады, немесе байлауда ұстауға болады.
Тармақ 2.8
2.8. Магистральдар жанында жолдан кесіп өткен кезде жол- көлік оқиғасы болдырмау және жолда иттердің өлімін болдырмау үшін иттердің иелері оны шылбырдан ұстап, өткізуі тиіс.
Тармақ 2.9
2.9. Жануарды одан әрі ұстау мүмкіндігі болмаса иесі оны басқа біреуге береді немесе ветеринарлық мекемеге тапсырады.
Тармақ 2.10
2.10. Жануар өлген жағдайда оның өлімтігін иесі жерлеуге тиісті. Өлген малдың өлімтігін лақтырып тастауға тыйым салынады.
Тарау iii. III. Жануар иесінің құқығы
III. Жануар иесінің құқығы
Тармақ 3.1
3.1. Қандай жануар болса да иесінің меншігі және ол меншік Заңмен қорғалады.
Тармақ 3.2
3.2. Заңмен қарастырылған жағдайларда немесе сот шешімі бойынша жануар иесінен тартып алынуы мүмкін.
Тармақ 3.3
3.3. Иесі шектелген уақытқа итін дүкен немесе басқа да мекемелердің алдында қысқа шылбырмен байлап кетуге болады. (Ірі иттерді тұмылдырық кигізіп)
Тарау iv. ІV. Осы ережені сақтамағаны үшін жануар иесінің жауапкершілігі
ІV. Осы ережені сақтамағаны үшін жануар иесінің жауапкершілігі
Тармақ 4.1
4.1. Осы Ережені сақтамағаны үшін иттер мен мысықтардың иелері заңмен
белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 4.2
4.2. Иттер мен мысықтардың азаматтардың денсаулығына келтірілген зияны немесе мүлікке р келтірген шығыны үшін заңмен белгіленген тәртіпте қалпына келтіріледі.
Тармақ 4.3
4.3. Жануарларға қатігездік жасау жөне оның салдарынан ол өліп немесе мертіксе, сондай -ақ жануарларды қорлау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Осы Ережені бұзу Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартады.