О проведении приписки граждан к призывным участкам Қолданыста
Басқа 0
Азаматтарды әскерге шақыру учаскелерiне тiркеу туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 12 бабына сәйкес:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының 1987 жылы туылған азаматтарын 2004 жылғы 5 қаңтардан 30 наурызға дейiн аудандық және қалалық әскери комиссариаттарына тiркеудi өткiзсiн.
Тармақ 2
2. Қала және аудан әкiмдерi:
Тармақша 1
1) қосымшаға сәйкес тiркеу жөнiндегi комиссияны құрсын, дәрiгер-мамандардың, медбикелердiң, техника қызметкерлерiнiң, қызмет көрсететiн адамдар мен көлiктiң қажеттi санын бөлсiн;
Тармақша 2
2) азаматтарды тiркеу жөнiндегi комиссияның жұмыс жүргiзуi үшiн әскери комиссариаттарын талаптарға сай келетiн ғимараттармен қамтамасыз етсiн;
Тармақша 3
3) әскерге шақыру учаскелерiне 1987 жылы туылған азаматтарды тiркеу жөнiндегi медициналық комиссияның жұмысын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды, сондай-ақ емдеу-алдын алу мекемелерiнде медициналық тексеруден өтудi қаржыландыру қалалардың және аудандардың бюджеттерi есебiнен, бөлiнген қаржылардың шегiнде жүзеге асырылсын.
Тармақша 4
4) әскерге шақыру учаскелерiне тiркелу үшiн аудандық, қалалық әскери комиссариаттарына азаматтардың ұйымдасқан түрде келуi бойынша шаралар қабылдансын.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау департаментi (Н.Н Тасмағамбетова), облыстық әскери комиссариатпен (А.А.Саттаров - келiсiмi бойынша) бiрлесе отырып, тiркеу жөнiндегi комиссияда жұмыс жүргiзу үшiн облыстық емдеу мекемелерiнiң дәрiгер-мамандарын тарту тәртiбiн белгiлесiн және аудандық, қалалық тiркеу жөнiндегi комиссияларды облыстық емдеу мекемелерiне жiберген азаматтарды бiрiншi кезекте тексерудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың, кәсiпорындардың және мекемелердiң басшылары тiркеу жөнiндегi комиссияның медициналық куәландыру, сондай-ақ тiркелуге жататын азаматтармен жұмыс жүргiзуге тартылған азаматтардың тұрақты жұмыс орнында орта жалақысы сақталынатындығын назарға алсын. Әскерге шақырылатындарды әскери есепке алумен байланысты мiндеттердi орындау үшiн қажеттi уақытқа азаматтар жұмысынан (оқудан) босатылады.
Тармақ 5
5. Облыстық iшкi iстер бас басқармасына (Р.Х.Өзбекғалиев - келiсiмi бойынша) әскерге шақыру учаскелерiне тiркелуден жалтарып жүргендердi iздеу және әскерге шақыру учаскелерiне оларды жеткiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешiмдi орындау жөнiндегi атқарылған жұмыс туралы ақпаратты 2004 жылғы 15 сәуiрге қарай облыс әкiмi аппаратына тапсырсын.
Тармақ 7
7. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ә.Ә. Бектаевқа жүктелсiн.
Облыстың әскери комиссары
Басқа 12. 1987 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеу
жөнiндегi қалалық (аудандық) әскери комиссиялардың
ҚҰРАМЫ
"Азаматтарды әскерге шақыру
учаскелерiне тiркеу туралы"
облыс әкiмiнiң
2003 жылғы " 18 " қыркүйек
№ 49 шешiмiне қосымша
1987 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеу
жөнiндегi қалалық (аудандық) әскери комиссиялардың
ҚҰРАМЫ
Комиссия төрағасы - Қала (аудан) әкiмiнiң
орынбасары
Комиссия төрағасының орынбасары - қалалық (аудандық) әскери комиссар.
Комиссия мүшелерi:
Тармақша 1
1) Медициналық куәландыруға қатысушы дәрiгерлер;
Тармақша 2
2) Әскери комиссариаттың өкiлi;
Тармақша 3
3) Комиссия хатшысы.