Об установлении карантина Күшін жойған
Басқа 0
Карантин белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Федоров ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 01-20/167 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің Запасное ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдың сібір жарасы ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.