Об утверждении Перечня закрытых и обособленных военных городков, пограничных отделений и иных закрытых объектов, содержание служебных жилищ и централизованное отопление в которых обеспечиваются за счет государства Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызметтік тұрғынжайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 101-2-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қызметтік тұрғынжайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті _________________________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі _________________________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі _________________________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі _________________________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі _________________________
Басқа 0. Қызметтік тұрғынжайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің тізбесі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 786 бұйрығымен бекітілген Қызметтік тұрғынжайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің тізбесі Р/с № Гарнизон (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана) Әскери қалашықтың орналасқан жері Санаты (жабық, оқшауланған) Орналасқан әскери бөлiм (бөлімше) 1 2 3 4 5 1-бөлім. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 1-кіші бөлім. Астана қаласы 1. Ақмола Астана қаласы, Железнодорожный тұрғын алабы Жабық 68665 2. Ақмола Астана қаласы Жабық Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті 2-кіші бөлім. Ақмола облысы 3. Ақмола Аршалы ауданы, Арнасай ауылы Жабық 68665, 44813 4. Ақмола Ақкөл қаласы Жабық 55209 5. Щучинск Щучинск қаласы Жабық «А» Кадет корпусы 3-кіші бөлім. Алматы облысы 6. Алматы Қарасай ауданы, Шамалған ауылы Оқшауланған 11567 7. Қонаев Қонаев қаласы Жабық 32363 8. Шеңгелді Қонаев қаласы, Шеңгелді ауылы Оқшауланған 86621 4-кіші бөлім. Жетісу облысы 9. Жаркент Жаркент қаласы Оқшауланған 74261 10. Сарыөзек Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы Жабық 12740, 68602 11. Үшарал Алакөл ауданы, Достық ауылы Жабық 31767 «Д» 12. Жетісу Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы Оқшауланған 15603 13. Жетісу Талдықорған қаласы Жабық Талдықорған аудандық пайдалану бөлімі, 54380 5-кіші бөлім. Шығыс Қазақстан облысы 14. Өскемен Өскемен қаласы, Жаңа Ахмеров ауылы Оқшауланған 27943, 64471 15. Өскемен Күршім ауданы, Күршім ауылы Жабық 31767 «В» 6-кіші бөлім. Абай облысы 16. Өскемен Жарма ауданы, Жаңғызтөбе кенті Оқшауланған 47007 17. Аягөз Аягөз қаласы Оқшауланған 10810 18. Аягөз Аягөз қаласы, Мамырсу ауылы Оқшауланған 97616 7-кіші бөлім. Жамбыл облысы 19. Гвардейск Қордай ауданы, Гвардейск қала үлгісіндегі кенті Жабық 30212, 21450 20. Тараз Жуалы ауданы, Қызыларық ауылы Жабық 91678 21. Луговой Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Луговая станциясы Жабық 42062 22. Луговой Меркі ауданы, Меркі ауылы Жабық 11971 23. Тараз Байзақ ауданы, Қайнар разъезі, Сарыкемер ауылы Оқшауланған 28349 24. Тараз Байзақ ауданы, Ақжар ауылы Жабық 40336 25. Тараз Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылы Оқшауланған 10216 «Г» 8-кіші бөлім. Қарағанды облысы 26. Қарағанды Абай ауданы, Спасск ауылы Оқшауланған 36352 27. Қарағанды Саран қаласы, Ақтас кенті Жабық 22750 28. Балқаш Ақтоғай ауданы, Орта Дересін ауылы Жабық 03876 29. Приозерск Приозерск қаласы Жабық 44841 9-кіші бөлім. Маңғыстау облысы 30. Ақтау Ақтау қаласы Оқшауланған 25744, 51809 31. Ақтау Форт-Шевченко қаласы Жабық 51809 32. Ақтау Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы Оқшауланған 99116 10-кіші бөлім. Түркістан облысы 33. Арыс Арыс қаласы Оқшауланған 44859 34. Шымкент Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылы Оқшауланған 32039 11-кіші бөлім. Шымкент қаласы 35. Шымкент Шымкент қаласы Жабық 35748 12-кіші бөлім. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бөлімшелері, байланыс тораптары мен әскери қоймалары 36. Әуе қорғанысы күштерi бөлiмшелерiнiң өз тұрғын үй қоры бар және елдi мекендерден тыс орналасқан әскери қалашықтары Оқшауланған 37. Байланыс торабының және әскери қоймалардың өз тұрғын үй қоры бар және елдi мекендерден тыс орналасқан әскери қалашықтары Оқшауланған 2-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті 38. Алматы облысы Іле ауданы, Қараой ауылы Оқшауланған Шекара академиясы 1-кіші бөлім. Шекара қызметі 39. Астана қаласы Сарыарқа ауданы Жабық Шекара қызметі 1-1-кіші бөлім. Шекара қызметіне ведомстволық бағынысты ұйымдар 39-1. Алматы қаласы Жетісу ауданы, Көкмайса шағын ауданы Жабық Техника мен қару-жарақты жөндеу басқармасы 39-2. Алматы қаласы Түрксіб ауданы Жабық «Алматы» жабдықтау басқармасы 39-3. Алматы облысы Іле ауданы, Қараой ауылы Жабық Қызметтік кинология басқармасы 39-4. Абай облысы Жарма ауданы, Жаңғызтөбе ауылы Оқшауланған «Жаңғызтөбе» жабдықтау басқармасы 2-кіші бөлім. Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаменті 40. Жетісу облысы Панфилов ауданы, Жаркент қаласы Жабық құрылымдық бөлімше 41. Жетісу облысы Панфилов ауданы, Пенжім ауылы Оқшауланған құрылымдық бөлімше 42. Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы Жабық құрылымдық бөлімше 2-1-кіші бөлім. Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті 42-1. Алматы облысы Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы Жабық құрылымдық бөлімше 3-кіші бөлім. Шекара қызметінің Атырау облысы бойынша департаменті 43. Атырау облысы Атырау қаласы Жабық Департамент 4-кіші бөлім. Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 44. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Күршім ауылы Жабық құрылымдық бөлімше 45. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы, Зайсан қаласы Жабық құрылымдық бөлімше 5-кіші бөлім. Шекара қызметінің Абай облысы бойынша департаменті 46. Абай облысы Үржар ауданы, Мақаншы ауылы Жабық құрылымдық бөлімше 6-кіші бөлім. Шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 47. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Жабық Департамент 7-кіші бөлім. Шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаменті 48. Ақмола облысы Шортанды ауданы, Степное ауылы Жабық құрылымдық бөлімше 7-1-кіші бөлім. Шекара қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 48-1. Қызылорда облысы Қызылорда қаласы Жабық Департамент 8-кіші бөлім. Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 49. Жамбыл облысы Қордай ауданы, Қордай ауылы Жабық құрылымдық бөлімше 50. Жамбыл облысы Меркі ауданы, Сарымолдаев ауылы Жабық құрылымдық бөлімше 9-кіші бөлім. Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті 51. Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы Жабық құрылымдық бөлімше 52. Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы, Баутино ауылы Жабық құрылымдық бөлімше 53. Маңғыстау облысы Ақтау қаласы, Өнеркәсіптік аймақ Жабық құрылымдық бөлімше 10-кіші бөлім. Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті 54. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы Жабық құрылымдық бөлімше 55. Түркістан облысы Төлеби ауданы, Леңгір қаласы Жабық құрылымдық бөлімше 55-1. Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Жабық құрылымдық бөлімше 55-2. Шымкент қаласы Абай ауданы Жабық Департамент 55-3. Түркістан облысы Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті Жабық құрылымдық бөлімше 11-кіші бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шекара бөлімдері (бөлімшелері) 56. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шекара бөлімдері (бөлімшелері) Оқшауланған 12-кіші бөлім. Авиация қызметі 57. Алматы облысы Іле ауданы, Боралдай қала үлгісіндегі кенті Жабық құрылымдық бөлімше 58. Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы Жабық құрылымдық бөлімше 📌 Ескертпе. Әскери қалашық деп бір жер учаскесінде орналасқан және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерін орналастыру үшін белгілі бір нысаналы мақсаты бар ғимараттар мен құрылыстар кешені түсініледі. 3-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы 1-кіші бөлім. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 59. Павлодар облысы Павлодар қаласы Жабық 6679 2-кіші бөлім. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы 60. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Жабық 5548 61. Маңғыстау облысы Ақтау қаласы Жабық 3502 3-кіші бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының орталық бағыныстағы әскери бөлiмдері 62. Астана қаласы Есіл ауданы, Үркер шағын ауданы Жабық 5573 63. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылы Оқшауланған 6654 64. Алматы облысы Іле ауданы, Заречный кенті Оқшауланған 5574 65. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Жабық Ұлттық ұлан академиясы 4-бөлім. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі 66. Алматы облысы Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы Жабық 28237 67. Қарағанды облысы Қарағанды қаласы, Әлихан Бөкейхан ауданы Жабық 52859