Об установлении мест для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах и водохозяйственных сооружениях города Астаны Күшін жойған
Басқа 0
Астана қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Су кодексі 94-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Астана қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер осы қаулыға қосымшада сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
«Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Есіл бассейндік инспекциясы»
республикалық мемлекеттік мекемесі
«Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі Экологиялық
реттеу және бақылау комитетінің
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша
экология департаменті»
республикалық мемлекеттік мекемесі
«Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитарлық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті Нұр-Сұлтан
қаласының Санитарлық-
эпидемиологиялық бақылау
департаменті» республикалық
мемлекеттік мекемесі
Басқа 0. Астана қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 1-2553 қаулысына
қосымша
Астана қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер
№
Су объектісінің атауы
Көпшiлiктiң демалу орны
Орналасқан жері
1
Есіл өзені
«Столичный двор» демалыс аймағы
«Алматы» ауданы, «Күйгенжар» тұрғын алқабы
2
Есіл өзені
«Три пескаря» демалыс аймағы
«Сарыарқа» ауданы
3
3.
Есіл өзені
«Оазис» орталық жағажайы
«Нұра» ауданы, орталық елордалық саябақ
4
Есіл өзені
коммуналдық жағажай
«Сарыарқа» ауданы,
Ш. Бейсекова көшесі бойындағы көпірдің оң жағы
5.
Есіл өзені
«Армина» орталық жағажайы
«Алматы» ауданы, «Күйгенжар» тұрғын алабы