Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба в Катон-Карагайском районе Восточно-Казахстанской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына, Катонқарағай ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясы отырысының 2022 жылғы 06 қыркүйектегі № 2 хаттамасына сәйкес ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы жарияланған төтенше жағдайды жою басшысы болып Катонқарағай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.