Об утверждении Правил и сроков представления сведений и документов о бенефициарных собственниках юридическим лицом и иностранной структурой без образования юридического лица по запросу уполномоченного органа по финансовому мониторингу и формы фиксирования сведений, необходимых для идентификации бенефициарных собственников юридическим лицом и иностранной структурой без образования юридического лица Қолданыста
Басқа 0
Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтер мен құжаттарды ұсыну қағидалары мен мерзімдерін және заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу нысанын бекіту туралы
«Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-3-бабының 1 және 5-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтер мен құжаттарды ұсыну қағидалары мен мерзімдерін және заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Қаржы мониторингі субъектілерімен жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыру.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
Басқа 0. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтер мен құжаттарды ұсыну қағидалары мен мерзімдері және заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу нысаны
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2022 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 33 бұйрығымен
бекітілген
Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтер мен құжаттарды ұсыну қағидалары мен мерзімдері және заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу нысаны
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ереже
1 тарау. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтер мен құжаттарды ұсыну қағидалары мен мерзімдері және заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу нысаны (бұдан әрі – Қағидалар) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заң) 12-3-бабының 1 және 5-тармақтарымен көзделген заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтер мен құжаттарды Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) сұрау салуы бойынша ұсыну тәртібі мен мерзімдерін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалардың талаптары Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерін және квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылымдарға қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда қолданылатын ұғымдар КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңда көрсетілген мәндерде пайдаланылады.
Тармақ 4
4. Заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылымдар КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 2-2) тармақшасында көзделген өздерінің бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ұсынады.
Тарау 2. 2 тарау. Заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылымның өздерінің бенефициарлық меншік иелері туралы ақпаратты уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ұсыну тәртібі мен мерзімі
2 тарау. Заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылымның өздерінің бенефициарлық меншік иелері туралы ақпаратты уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ұсыну тәртібі мен мерзімі
Тармақ 5
5. Заңды тұлғаға жіберілетін уәкілетті органның сұрау салуы қазақ және орыс тілдерінде жасалады.
Заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылымға жіберілетін уәкілетті органның сұрау салуы қазақ және орыс тілдерінде, қажет болған жағдайда ағылшын тіліне немесе заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым тіркелген (инкорпорацияланған) мемлекеттің (аумақтың) тіліне аударыла отырып жасалады.
Тармақ 6
6. Уәкілетті органның сұрау салуы тапсыру туралы хабарламамен тапсырыс пошта жөнелтілімі нысанында не электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат арқылы заңды тұлғаның (және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылымның), егер мұндай мекенжай бұрын мемлекеттік тіркеу органына ұсынылса, электрондық почта мекенжайы бойынша немесе өзге де қолжетімді тәсілмен жолданады.
Уәкілетті органның сұрау салуына уәкілетті органның басшысы (басшының орынбасары), уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қояды.
Тармақ 7
7. Заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым тиісті сұрау салуды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға оның сұрау салуы бойынша мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.
Заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу нысанын осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес ұсынады.
Заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым ұсынатын құжаттарға құрылтай құжаттары және акцияларды ұстаушылардың тізілімі жатады.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғалар және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылымдар уәкілетті органға жіберілетін мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығын, жеткіліктілігін және өзектілігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 9
9. Уәкілетті органның сұрау салуына жауапқа:
заңды тұлға басшысы (заңды тұлғаның атынан әрекет етуге уәкілеттік берілген өзге тұлға) кәсіпорынның мөрімен (ол болған кезде) куәландыра отырып;
заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылымның басшысы немесе ол уәкілеттік берген өзге тұлға кәсіпорынның мөрімен (ол болған кезде) куәландыра отырып, қол қояды.
Басқа 1. Бенефициарлық меншік иелерін заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылымның сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу нысаны
Қаржы мониторинг жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтер мен құжаттарды ұсыну қағидалары мен мерзімдерін заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылымнның бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу нысанына
қосымша
Бенефициарлық меншік иелерін заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылымның сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу нысаны
Нысанды толтыру күні_____
Заңды тұлға/заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым туралы жалпы деректер
1.
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі(БСН)/жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)
2.
Тіркеу мемлекетінде уәкілетті орган берген сәйкестендіру нөмірі не тіркеу нөмірі (коды) (заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес БСН берілмеген жағдайда)
3.
Ұйымның атауы
Заңды тұлға/ заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылымға бенефициарлық меншік иесінің бақылауды жүзеге асыру тәртібі *
4.
Заңды тұлға немесе заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлесінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) акцияларының 25% - дан астамы заңды тұлғаны құрмайтын тікелей немесе жанама түрде тиесілі болады
Иә
Жоқ
түсініктеме
(бар болса)
Заңды тұлға/ заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылымның өзге түрде бақылауды жүзеге асыру
Иә
Жоқ
түсініктеме
(бар болса)
Заңды тұлға/заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылымның оның мүддесінде әрекет ететін жеке тұлға
Иә
Жоқ
түсініктеме
(бар болса)
Заңды тұлға/ заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесінің деректері *
5.
Тегі
6.
Аты
7.
Әкесінің аты (бар болса)
8.
Туған күні
9.
Резиденттік елі**
10.
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)
11.
Тіркеу еліндегі сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаға ЖСН берілмеген жағдайда)
12.
Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі
13.
Қашан және кім берді
14.
Өзге ақпарат (бар болса)
Қосымша мәліметтер
15.
Уәкілетті органның қосымша мәселелері
16.
(Заңды тұлға/ заңды тұлғаны құрмайтын /шетелдік құрылымның 15-т. жауабы)