Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 48, 50-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Малеевск ауылдық округі аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып жетекшілік ететін Алтай ауданы әкімінің орынбасары тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Алтай ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.