О мерах по предупреждению завоза и распространения «атипичной пневмонии» на территории области Қолданыста
Басқа 0
Облыс аумағына «өкпе қабынуының өзгеше түрінің» әкелінуінің және таралуының алдын алу жөніндегі шаралары туралы
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің хабарлауы бойынша дүние жүзінің 17 елінде 2223 ауыр жедел тыныс алу синдромы (әрі қарай - АЖТС) оқиғасы немесе өкпе қабынуының өзгеше түрі тіркелген, оның 78-і өліммен аяқталған.
Ауру, негізінен, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде тіркелуде, Германия, Канада, Швейцария, АҚШ және басқа елдерде аурудың сырттан әкелінген оқиғалары тіркелген.
Қазақстан Республикасының Павлодар қаласында Таиланд еліне туристік сапарға барып келген 1 ауруда өкпе қабынуының өзгеше түріне күдіктену тіркелді.
Аурудың тез таралуына елдер арасындағы кең әуе көлігімен байланыс мүмкіндік тудырып отыр.
Облыс аумағына өкпе қабынуының өзгеше түрінің әкелінуінің және тарауының алдын алу мақсатында облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс аумағында АЖТС әкелінуінің және таралуының алдын-алу жөніндегі ұйымдастыру, профилактикалық және індетке қарсы іс-шаралар жоспары бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. «"Атырау халықаралық әуе жайы", "ЕурАзия", "Атырау әуе жолы" ашық акционерлік қоғамдары, "АТМА-Атырау әуе жайы және тасымалдау", "қазақстан темір жолы" жабық акционерлік қоғамдарының жолаушылар тасымалдау Атырау бөлімшесі, "Атырау бекеті желілік ішкі істер бөлімшесі" басшыларына мыналар ұсынылсын:
Тармақша 1
1) жолаушылардың жағдайын бақылауды және дер кезінде қону әуе жайы мен вокзалдарға жол үстінде АЖТС ауруына күдіктілердің анықталғандығы туралы хабарлауды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) АЖТС ауруына күдіктілер анықталған жағдайда мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазым иелерінің ұйғарымы бойынша әуе көліктері мен вагондардың дезинфекция жасалуын қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. Атырау облыстық және темір жолдың бөлімшелік санэпидстанциялар бас дәрігерлері Атырау қаласының әуе жайы мен темір жол вокзалындағы санитарлық-карантиндік пункттердің АЖТС ауруына күдіктілер анықталған жағдайда індетке қарсы кешенді шаралар ала отырып, әуе және темір жол көліктерімен келген жолаушылардың денсаулығына бақылау жасауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы:
Тармақша 1
1) жұқпалы аурулар ауруханасында АЖТС ауырған ауруды жатқызу және емдеу үшін бокстардың ұдайы дайындығын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) емдеу препараттарының, оның ішінде резервтік қатардағы антибиотиктердің, дезинфекциялау заттарының, медицина қызметкерлері үшін жеке қорғаныс құралдарының, медициналық бір рет пайдаланылатын құралдардың қорын жасақтасын.
Тармақ 5
5. Облыстық туризм және спорт, ішкі істер басқармалары, туристік фирмалар басшыларына:
Тармақша 1
1) туристік фирмалардың жұмысына бақылау орнату және азаматтардың Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне туристік сапармен баруына шектеу жөніндегі қажетті шаралар алу;
Тармақша 2
2) облыстың санэпидстанцияның Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне сапарға барған және келген әрбір тұлға туралы ақпараттандырылуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Атырау шекара отрядына, Атырау облыстық кеден басқармасына өкпе қабынуының өзгеше түрін анықтау жөнінде және АЖТС оқиғасы анықталған жағдайда қызметкерлердің, қарым-қатынаста болған тұлғалардың мінез-құлқы жөнінде ведомстволық шаралар жасап және бекітіп, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға тапсыру ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Атырау облыстық қаржы басқармасы облыстық денсаулық сақтау басқармасына және облыстық санэпидстанцияға АЖТС ауруына күдіктілердің материалдарын вирусологиялық және бактериологиялық зерттеу мақсатында дәрілер, құралдар, залалсыздандыру заттарын және зертханалық құрал-жабдықтар, диагностикалық препараттар сатып алу үшін қажетті қаржы қарастырсын.
Тармақ 8
8. Облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер:
Тармақша 1
1) АЖТС әкелінуінің және таралуының алдын-алу, ұйымдастыру, профилактикалық және індетке қарсы шаралар жоспарының орындалуына бақылау орнатсын;
Тармақша 2
2) халық арасында санитарлық ағартудың барлық түрлері мен әдістерін қолдана отырып, АЖТС алдын алу туралы түсіндіру жұмысын ұйымдастырсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.Қ.Мұрсәлиеваға жүктелсін.
Басқа 18
Облыстық әкімияттың
2003 жылғы 8 мамырдағы
№ 113 қаулысына қосымша
Атырау облысы аумағында АЖТС әкелінуінің және таралуының алдын-алу, ұйымдастыру, профилактикалық және індетке қарсы шаралар жоспары
№
Шаралар
Орындау мерзімі
Орындаушылар
1.
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
ҚР денсаулық сақтау министрлігімен АЖТС таралу мәселесі бойынша жедел өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру.
Мүдделі ведомстволарды әлемде АЖТС аурушылық жағдайы және облыста жүргізіліп жатырған алдын алу шаралары туралы ұдайы ақпараттандыруды
қамтамасыз ету.
Облыс аумағына АЖТС әкелінуіне және таралуына жол бермеу шараларының жүргізілу барысы туралы облыстық әкімиятқа ақпарат дайындау.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің зертханалық кеңесінде жедел тыныс алу жолдары ауруларының зертханалық жолмен анықталуы жағдайын талқылау
және осы жұмысты дамытудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу.
Жедел тыныс алу жолдары вирустық инфекциялар диагностикасы үшін вирусологиялық зертхананы құрал-
жабдықтармен, өсіру орталарымен, тест жүйелерімен және басқа қазіргі заманғы препараттармен қамтамасыз етуді жақсарту шараларын алу.
Облыстық, қалалық денсаулық сақтау мекемелеріне жедел тыныс жолдары вирустық ауруларының шұғыл
алдын-алу және емдеу үшін негізгі дәрі-дәрмектердің таусылмас қорын жасақтау бойынша ұсыныстар дайындау.
АЖТС және оған күдікті ауруларды жатқызу үшін, қажет болған жағдайда кереует қоры профилін қайта қарауды, ауруларды тасымалдауға қосымша арнайы көлік бөлуді, жедел тыныс ауруларының алдын алу және емдеу үшін дәрі-дәрмек, залалсыздандыру заттарының қорын жасақтауды, қажет болған жағдайда қарулы күзетті қамтамасыз етуді қарастыра отырып, жатқызатын орынды
анықтау.
АЖТС белгілері, диагностика және емдеу сұрақтары бойынша емдеу алдын-алу ұйымдарының қызметкерлерін дайындауды қамтамасыз ету, өкпе қабынуының өзгеше
түрі ауруын анықтау мақсатында үй аралауды жүргізу үшін жұмылдыру медициналық бригадалар құру, қажет
болған жағдайда медицина колледжінің студенттерін тарту.
АЖТС емдеу үшін медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен, оның ішінде рибовиринмен, стероидтық гормондармен, антибиотиктермен қамтамасыз етуді қарастыру.
АЖТС ауруларының белгілері, диагностикасы және емдеу мәселелері бойынша қалалық, аудандық денсаулық сақтау мекемелерінің бас мамандарын
дайындауды ұйымдастыру және өткізу.
"Өкпе қабынуының өзгеше түрін" » анықтау шаралары
"Өкпе қабынуының өзгеше түріне" күдікті барлық жағдайлар туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы және облыстық СЭС-қа (тел. 25-45-71,
25-45-81, 25-40-39, 22-82-88, 22-31-68, 22-83-23 тәулік бойы) жедел хабарлау.
Шет, бірінші кезекте Оңтүстік-Шығыс Азия,
елдерінен келуші әуе және теңіз кемелері
жолаушыларына бақылауды күшейту, экипаждар және борт жолсеріктерімен АЖТС негізгі белгілері және АЖТС күдікті аурулар анықталған жағдайда алдын алу
шараларын жүзеге асыру тәртібі туралы нұсқамалар өткізілуін ұйымдастыру.
Жолаушы вагондары және әуе жолы борттары жолсеріктерімен АЖТС негізгі белгілері және АЖТС күдікті аурулар анықталған жағдайда алдын алу
шараларын жүзеге асыру тәртібі туралы нұсқамалар өткізуді ұйымдастыру. Карантин шараларын ұйымдастыру үшін санитарлық тұйық жасауды ұйымдастыру.
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген жолаушы вагондары мен әуе борттарында күн сайынғы залалсыздандыру, вентиляцияның тоқтаусыз жұмысын
қамтамасыз ету, АЖТС күдікті аурулар анықталған жағдайда шұғыл хабарлау, оларды оқшаулау және жатқызу тәртібін қарастыру.
Мемлекеттік санэпидқадағалау органдарының өтініші кезінде АЖТС және оған күдікті ауруларды зерттеу үшін материалдарды Атырау қаласынан Алматы қаласына әуе көлігімен кедергісіз жеткізу мүмкіндігін ұйымдастыру.
Туристік агенттіктер және фирмалардың, облыстық ішкі істер басқармасының Оңтүстік-Азия елдеріне кеткен және келген туристердің төлқұжаттық және мекен-жайы туралы мәліметтерді облыстық СЭС-ке
беруін қамтамасыз ету.
"Өкпе қабынуының өзгеше түрінің" тіркелген жағдайындағы іс-шаралар
Індетке қарсы комиссия шешімімен АЖТС ауруы шыққан немесе оған күдік туғанда шектеу (карантиндік) шараларын енгізуді және шұғыл хабарлау (жұмыс және
жұмыстан тыс уақытта) схемасын бекітуді қарастыру.
АЖТС ауруларынан және оған күдіктілердің
материалдарын вирусологиялық және серологиялық зерттеулер жүргізу үшін облыстық және республикалық
СЭС-ларға жеткізуді қамтамасыз ету.
Облыс орталығы мен облыс аудандарының қоғамдық көлік қызметкерлерін медициналық байқаудан өткізуді
қамтамасыз ету. Меншік түріне қарамастан өндіріс, ұйымдар және мекеме басшыларына вентиляция жүйелерінің төзулігінің, ғимаратты жөндету және ағымдағы залалсыздандыру ережелерінің сақталуын
қамтамасыз етуді ұсыну.
Балалар мектепке дейінгі, мектеп, арнайы орта және жоғары оқу орындары балалары мен жасөспірімдерін күн сайын медициналық байқаудан өткізуді жүзеге асыру және індетке қарсы шараларды қатаң сақтау.
Пенитенциарлық мекемелер жүйесінде санитарлық-індетке қарсы және залалсыздандыру ережелерін күшейту шараларын ұсыну, АЖТС және оған күдікті
ауруларды дер кезінде анықтау және оқшаулау шараларын алу, қажетті дәрі-дәрмек қорын жасақтау.
Күту залдарында және басқа халықтың жаппай топтасу орындарында, темір жол, теңіз, өзен вокзалдары мен әуе жайларында санитарлық-індетке қарсы және
залалсыздандыру ережесінің сақталуын ұсыну, медициналық пункттер қызметкерлерін АЖТС белгілері
мен анықталуы сұрақтары бойынша дайындау.
Қажет болғанда су құбыры станцияларында ауыз суды гиперхлорлау тәртібін енгізу.
Ауру тіркеліп отырған елдерге ерекше қажеттіліксіз бармауды ұсына отырып ақпарат құралдары арқылы АЖТС әлемде таралуы, осы аурудың жеке және қоғамдық алдын алу шаралары туралы халыққа жүйелі түрде хабарлауды жүзеге асыру.
Жанасқандар үшін изоляторды жайғастыру орны болып қазақ түрік лицейінің жатақханасы анықталсын.
Апта сайын
Апта сайын
Апта сайын
СӘуір
2003 жылдың 2-3 тоқсандарында
2003 жыл
2003 жыл
Сәуір
2003 ж.
Ұдайы
2003 жыл
2003 жыл
2003 жыл
2003 жыл
2003 жыл
2003 жыл
2003 жыл
2003 жыл
2003 жыл
2003 жыл
2003 жыл
2003 жыл
2003 жыл
Облыстық СЭС
Облыстық СЭС
Денсаулық сақтау басқармасы мүдделі ведомствалармен бірлесе
Облыстық СЭС
Облыстық СЭС
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Қалалық, аудандық денсаулық сақтау басқармалары, емдеу алдын алу мекемелері
Аумақтық және көліктегі мемлекеттік санэпидқадағалау органдары
"Атырау халықаралық әуе жайы","ЕурАзия", "Атырау әуе жолы" Ақ, "АТМА-Атырау әуе жайы", "Қазақстан темір жолы" ЖАҚ (келісім бойынша)
"Атырау халықаралық әуе жайы", "ЕурАзия", "Атырау әуе жолы" Ақ,"АТМА- Атырау әуе жайы"
Облыстық туризм және спорт, ішкі істер басқармалары (келісім бойынша)
Облыстық, қалалық, аудандық СЭС
Облыстық, қалалық, аудандық және көліктегі СЭС
Аумақтық мемлекеттік санэпидқадағалау және денсаулық сақтау органдары
Облыстық, қалалық, аудандық білім бөлімдері
Әділет басқармасы (келісім бойынша)
Өндіріс, ұйым, мекеме басшылары
Мемсанэпидқадағалау органдары
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
Облыстық білім жӘне денсаулық сақтау басқармалары