Об установлении повышения на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения, культуры, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139- бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1- тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға бюджет қаражаты есебiнен қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.