Об утверждении Правил возмещения ущерба, нанесенного сотруднику или работнику дипломатической службы или членам его семьи во время пребывания за границей при исполнении им своих служебных обязанностей либо деятельности, связанной с ними Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Дипломатиялық қызмет қызметкерiне немесе жұмыскерiне немесе оның отбасы мүшелерiне шет елде болу уақытында өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн не соларға байланысты қызметтi атқару кезiнде келтірілген залалды өтеудің ережесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңы 25-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Дипломатиялық қызмет қызметкерiне немесе жұмыскерiне немесе оның отбасы мүшелерiне шет елде болу уақытында өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн не соларға байланысты қызметтi атқару кезiнде келтiрiлген залалды өтеудiң ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 3. Дипломатиялық қызмет қызметкерiне немесе жұмыскерiне немесе оның отбасы мүшелерiне шет елде болу уақытында өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн не соларға байланысты қызметтi атқару кезiнде келтiрілген залалды өтеудiң ережесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 15 қазандағы N 1056 қаулысымен бекітілген Дипломатиялық қызмет қызметкерiне немесе жұмыскерiне немесе оның отбасы мүшелерiне шет елде болу уақытында өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн не соларға байланысты қызметтi атқару кезiнде келтiрілген залалды өтеудiң ережесi
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже дипломатиялық қызмет қызметкерiне немесе жұмыскерiне немесе оның отбасы мүшелерiне шет елде болу уақытында өздерінiң қызметтік мiндеттерiн немесе соларға байланысты қызметтi атқару кезiнде келтiрілген залалды өтеудiң шарттарын анықтайды және тәртiбiн белгілейдi.
Тармақ 2
2. Осы Ережедегi залал деп қарулы немесе азаматтық қақтығыстардың, террорлық актілердiң, төтенше жағдайлардың, үшiншi бiр адамдардың заңға қарсы әрекеттерi нәтижесiнде дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң немесе жұмыскерiнiң немесе оның отбасы мүшелерiнiң өмiрiне және денсаулығына келтiрiлген зиян (бұдан әрi - дененiң зақымдануы) ұғынылады.
Тармақ 3
3. Залал Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте жыл сайын көзделетiн резервiнiң қаражаты есебiнен өтеледi.
Тармақ 2. 2. Залалды өтеу туралы iстi қарау тәртiбi
2. Залалды өтеу туралы iстi қарау тәртiбi
Тармақ 4
4. Осы Ережеге сәйкес өтелуге тиiс залал келтiрiлген жағдайда, дипломатиялық қызмет қызметкерi немесе жұмыскерi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрiне (бұдан әрi - Министр) келтiрiлген залалды өтеу туралы жазбаша өтiнiш бередi.
Тармақ 5
5. Залалды өтеу туралы өтiнiш осы Ереженiң 3-тарауында белгiленген талаптарға сәйкес берiледi. Залалды өтеу туралы өтiнiш осы Ереженiң 3-тарауында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде ол өтініш берушiге қаралмай қайтарылады.
Тармақ 6
6. Дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң немесе жұмыскерiнiң залалды өтеу туралы жеке өзiнiң өтiнiшпен шығу мүмкiндiгi болмаған жағдайда, Министрге оның отбасының кәмелетке толған мүшесi жүгiнедi.
Тармақ 7
7. Өтiнiштiң негiзiнде Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен залалды өтеуге қаражат бөлудi көздейтiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын әзiрлейдi.
Тармақ 8
8. Залалды өтеу "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабында белгiленген мөлшерде жүзеге асырылады.
Тармақ 3. 3. Залалды өтеу туралы өтiнiшке қойылатын талаптар
3. Залалды өтеу туралы өтiнiшке қойылатын талаптар
Тармақ 9
9. Өтiнiште өмiрiне және денсаулығына зиян келтiрiлген орны, уақыты, себебi және басқа да жағдайлары, келген мемлекеттiң болған оқиға туралы хабар берiлген органдарының атауы және заңды мекен-жайы немесе осы оқиға туралы хабар берiлмегендiгінiң себептерi көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлгендiгi туралы өтiнiшке: өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлгенiн анықтайтын құжаттар (медициналық анықтамалар, өзге де растайтын құжаттар); дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң немесе жұмыскерiнiң немесе оның отбасы мүшесiнiң өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген орны, уақыты, себебi және басқа да жағдайлары туралы актi немесе өзге де құжат.
Тармақ 4. 4. Қорытынды ережелер
4. Қорытынды ережелер
Тармақ 11
11. Дипломатиялық қызмет қызметкерi немесе жұмыскері немесе оның отбасы мүшесi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда, ол сот тәртібiмен оған шағымдануға құқылы.