Об утверждении Правил аттестации судебных исполнителей и приставов и Положения о Центральной аттестационной комиссии Күшін жойған
Басқа 0
Сот орындаушылар және приставтарды аттестациялау туралы Ережесі мен Орталық аттестациялық комиссия жөніндегі Ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20 тамыздағы N 3088
Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді аттестациядан
өткізудің тәртібі мен шарттары туралы Ережені басшылыққа ала отырып
БҰЙЫРАМЫН:
Сот орындаушылары мен приставтарды аттестациялау туралы және Орталық аттестациялық комиссия жөніндегі ұсынылған Ережелер бекітілсін.
Қазақстан Республикасы
Әділет Министрінің
20 қазан 1998 ж.
N 111 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы сот орындаушылары мен приставтарын аттестациялау ЕРЕЖЕСІ
Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Сот орындаушылары мен приставтарды аттестациялау Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Мемлекеттік қызмет туралы Жарлығының 19 бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20 тамыздағы N 3088 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді аттестациядан өткізудің тәртібі мен шарттары туралы Ережеге сәйкес өткізіледі.
Сот орындаушылары мен приставтарды аттестациялау олардың біліктілік деңгейін бағалау мен соның негізінде атқаратын қызметіне сәйкестілігін анықтау, кәсіптік даярлығының деңгейін, азаматтармен жұмыс істеу қабілетін бағалау мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Аттестациялауға атқарып отырған қызметінде кем дегенде бір жыл жұмыс істеген және юстиция саласында жұмысын жалғастырғысы келетін сот орындаушылар мен приставтар жатады.
Жоғары және орта заң білімі бар сот орындаушылар мен приставтар үш жылға, ал ондай заң білімдері жоқтары екі жылға аттестацияланады.
Қызметінде заңда көрсетілген себептермен болмаған сот орындаушылар мен приставтар қызметіне шыққаннан бастап бір ай ішінде аттестация өтеді.
Баланы күтуге байланысты және қосымша баланың 3 жасына дейін берілетін демалыста жүрген әйелдер аттестациялауға жатпайды. Олар тек жұмысқа шыққаннан кейін ғана аттестацияланады.
Тармақ ii. II. Аттестациялауды дайындау мен өткізу тәртібі
II. Аттестациялауды дайындау мен өткізу тәртібі
Тармақ 1
1. Аттестацияны өткізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің бұйрығымен Орталық және аймақтық аттестациялық комиссиялары құрылады.
Тармақ 2
2. Орталық аттестациялық комиссия Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің бұйрығымен бекітілген Ереже негізінде әрекет ете отырып, аймақтық аттестациялық комиссияның шешіміне жасалған шағымдарды қарайды, аттестациялау күнінен бастап жыл ішінде дәлелді себептермен аймақтық аттестациялық комиссияға аттестациядан өтуге екі рет келмеген сот орындаушылары мен приставтарды аттестациялайды.
Тармақ 3
3. Аттестацияланушы орындаушыларымен приставтарына облыстық Әділет басқармасы бастықтарымен, аттестация басталуға кем дегенде бір күн бұрын, аймақтық аттестациялық комиссиясына мынадай материалдар ұсынылады:
Тармақша 1
1) аттестацияланушының кәсіби даярлығының қызметі бойынша біліктілік талаптарға сәйкестігін, оның кәсіптік құзыретін, жұмысқа және қызметтік міндеттерін орындауға деген көзқарасын, өткен кезеңдегі жұмыс көрсеткіші көрсетілген, жан-жақты бағаланған ұсыныс; ұсынысқа облыстық және оған теңестірілген әділет басқармасының бастығы қол қояды;
Тармақша 2
2) аттестацияланушының кәсіптік, іскерлік және адамгершілік қасиеттерін бағалайтын мазмұндағы, облыстық және оған теңестірілген әділет басқармасының бастығы қол қойған қызметтік мінездеме;
Тармақша 3
3) нотариалды куәландырылған білімі бар туралы құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) аттестацияланушының өз қолымен жазған өмірбаяны;
Тармақша 5
5) аттестацияланушының 3х4 см. көлеміндегі суретімен бірге жеке іс парағы;
Тармақша 6
6) сотталғандығын тексеру нәтижесі бойынша құқықтық статистика және ақпарат Орталығының анықтамасы.
Ұсынылған материалдарға аттестацияланушыға қатысты аттестацияланушының соңғы жылдағы тәртіптік жаза белгілеу және көтермелеу туралы бұйрықтардың көшірмесі, соңғы жылдағы кәсіпкерлік қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықтамалардың көшірмесі, соңғы жылдағы атына түскен шағымдар туралы мәлімет және солар бойынша қабылданған әділет органы шешімдерінің көшірмелері қоса берілуі тиіс. Барлық құжаттар бір іс қағазында жинақталуы тиіс.
Тармақ 4
4. Аттестациялануға жататын сот орындаушы аттестация басталардан кем дегенде екі аптадан кешіктірілмей, ұсынылған мінездемемен және басқа материалдармен таныстырылуы тиіс.
Тармақ 5
5. Аттестация аттестацияланушының таңдауымен мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Аттестация жүргізу үстінде аттестациялық комиссия ұсыныс пен оған тіркелген құжаттарды қарап, аттестацияланушымен әңгімелесу өткізеді.
Әңгімелесу барысында аттестацияланушыға "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын білу және оны қолдана білу қабілеттілігін тексеру мақсатында осы заң бойынша сұрақтар қойылады. Аттестацияланушының жұмысын талқылау субъективизмге жол бермейтін талапшылдық, объективтілік пен тілектестік жағдайында жүргізілуі тиіс.
Тармақ 7
7. Аймақтық аттестациялық комиссияларының мүшелері болатын сот орындаушылар мен приставтар Департаменттерінің директорлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот приставтары аймақтық аттестациялық-комиссиялары төрағаларынан құрылған комиссияға, қалған сот орындаушылар мен приставтардың аттестациясынан кем дегенде бір жеті бұрын, аттестациялануға жатады.
Тармақ 8
8. Аттестациялық комиссияның материалдары тұрақты сақталатын құжаттар тобына жатады.
Тармақ 9
9. Аймақтық комиссияның теріс шешіміне Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Орталық аттестациялық комиссиясына, комиссия шешімінің көшірмесін алған күннен бастап, 10 күн ішінде, арыздануға болады.
Тармақ 10
10. Сот орындаушы мен приставтың қайта аттестациялану сұрағын қарау тек 3 айдан кейін жіберіледі.
Тармақ 11. Аттестациялық комиссиялардың құрамы және олардың жұмыс тәртібі
11. Сот орындаушылар мен приставтардың кезекті аттестациясы үш жылдан кейін осы Ережеде көрсетілгендей тәртіпте өткізіледі.
Аттестациялық комиссиялардың құрамы және олардың жұмыс тәртібі
Тармақ 1
1. Орталық және аймақтық аттестациялық комиссиялар Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің бұйрығымен құрылады. Орталық аттестациялық комиссияның мәжіліс орны мен уақытын Қазақстан Республикасы Әділет Министрі тағайындайды.
Тармақ 2
2. Аймақтық аттестациялық комиссия құрамына соттар мен әділет органдары жүйесіндегі жоғары білікті заңгерлерден тұратын 5 адамнан құралады.
Аймақтық аттестациялық комиссия құрамына лауазымы және келісімі бойынша:
Тармақша 1
1) Әділет министрлігінің өкілі-аймақтық аттестациялық комиссияның төрағасы;
Тармақша 2
2) аумақтық әділет басқармасының бастығы;
Тармақша 3
3) облыстық соттың (келісім бойынша) шаруашылық істер жөніндегі алқа мүшесі;
Тармақша 4
4) сол аймақтық әділет басқармасының сот орындаушылар және приставтары департаментінің директоры;
Тармақша 5
5) әділет басқармасына тиісті тергеу басқармасының бастығы.
Тармақ 3
3. Аймақтық аттестациялық комиссиялар облыстық, Алматы қаласы және Астаналық сот орындаушылар мен приставтардың департаменттері директорларының орынбасарларын, сот орындаушылар мен приставтарды осы Ережеге сәйкес аттестациялайды.
Тармақ 4
4. Орталық аттестациялық комиссияның ұйымдастырушылық-техникалық қызметін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, ал аймақтық аттестациялық комиссияның қызметі аумақтық әділет басқармасына жүктеледі.
Тармақ 5
5. Аймақтық аттестациялық комиссияның мәжілісі, оның мүшелерінің 4-еуі бар болса, өкілетті. Комиссия мәжілісінде мәжілістің өткізілу уақыты мен орны, аттестацияланушының тегі, аты, әкесінің аты, емтихан қорытындылары, аттестацияланушыға қойылған қосымша сұрақтар мен берген жауаптары, сондай-ақ комиссия қабылдаған шешім көрсетілген хаттама жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Комиссия хаттамасы мен шешіміне комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды. Шешіммен келіспеген комиссия мүшесі өз ойын жеке жазбаша түрде мазмұндауына құқықты.
Тармақ 7
7. Аттестацияланушының жұмысын бағалау және олардың Қазақстан Республикасының "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заңын білуін ашық дауыспен, аттестацияланушының қатысуынсыз жүргізіледі. Дауыс беру қорытындысы көпшілік дауыспен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, төраға қосымша дауысқа ие болуға құқылы.
Тармақ 8
8. Аттестация қорытындылары аттестацияланушыға дауыс беруден соң бірден хабарланады.
Тармақ 9
9. Аттестациялық комиссия келесі шешімнің біреуін қабылдайды:
- сот орындаушы мен приставтың атқарып отырған лауазымына сәйкестігі туралы;
- сот орындаушы мен приставтың комиссия ұсыныстарын міндетті түрде орындаған жағдайда, комиссия белгілеген мерзім өткеннен кейін қайта аттестацияланудан өткеннен кейінгі сәйкестігі туралы;
- атқарып отырған лауазымына сәйкес еместігі туралы.
Тармақ 10
10. Аттестациялау нәтижелері (баға мен ұсыныстар) аттестациялық параққа (қоса беріледі) енгізіледі, ол бір данада жасалады және оған
аттестациялық комиссияның төрағасы, хатшысы мен дауыс беруге қатысқан
мүшелері қол қояды.
Тармақ 11
11. Аймақтық аттестациялық комиссиясы аттестацияланушы дәлелсіз
немесе белгісіз себептермен қайта келмеген жағдайда, аттестация басталған
күннен бастап алты ай ішінде "Аттестациялануға келмегеніне байланысты
аттестациядан өткен жоқ" деген шешім қабылдайды.
Тармақ 12
12. Аттестациялық парақ пен аттестациялаудан өткен сот орындаушы немесе пристав туралы ұсыныс оның жеке іс қағазында сақталады.
Тармақ 13
13. Аттестациялаудан өткізуге байланысты даулар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шешіледі.