Об утверждении Стандарта организации оказания населению медицинской помощи при туберкулезе Қолданыста
Басқа 0
Халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандартын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7–бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
Басқа 1. Халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандарты
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2022 жылғы 30 қыркүйектегі
№ ҚР ДСМ-107
Бұйрығына 1-қосымша
Халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандарты
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 32) тармақшасына және 138-бабына сәйкес әзірленді және туберкулез кезінде Қазақстан Республикасының халқына медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен ұғымдар:
Тармақша 1
1) амбулаториялық жағдайларда көрсетілетін медициналық көмек – тәулік бойы медициналық байқау мен емдеу көзделмейтін, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлардың қабылдау бөлімшелеріндегі медициналық көмек;
Тармақша 2
2) консилиум – кемінде үш дәрігердің қатысуымен диагноз қою, емдеу тактикасын айқындау және ауруды болжау мақсатында адамды зерттеу;
Тармақша 3
3) мәжбүрлеп емдеу – науқасты сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын емдеу;
Тармақша 4
4) медициналық оңалту – пациент организмінің функцияларын сақтауға, бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;
Тармақша 5
5) пациент – медициналық көмек көрсетуді қажет ететін ауруының немесе жай-күйінің болуына немесе болмауына қарамастан, медициналық көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;
Тармақша 6
6) стационарды алмастыратын жағдайларда көрсетілетін медициналық көмек – тәулік бойы медициналық байқау мен емдеу қажет етілмейтін және төсек-орын беріле отырып, күндізгі уақытта медициналық байқау мен емдеу көзделетін медициналық көмек;
Тармақша 7
7) стационарлық жағдайларда көрсетілетін медициналық көмек – тәулік бойы медициналық байқау, емдеу, күтім, сондай-ақ тамақпен бірге төсек-орын беру көзделетін, оның ішінде емдеу басталғаннан кейін алғашқы тәуліктер ішінде тәулік бойы байқау көзделетін «бір күн» терапиясы және хирургиясы жағдайларындағы медициналық көмек;
Тармақ 3
3. Туберкулез кезінде халыққа медициналық көмек көрсететін ұйымдар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңдарын, актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және осы Стандартты басшылыққа алады және өз жұмысын медициналық қызметке арналған мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Туберкулез кезінде халыққа медициналық көмекті (анықтау, диагностика) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) көрсету желілерінің ұйымдарында және медициналық ұйымды, меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына және медициналық көмек көрсету деңгейіне қарамастан стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін ұйымдарда көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Халыққа туберкулез кезінде мамандандырылған медициналық көмекті «Терапия», «Учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері», «Фтизиатрия (ересектер, балалар)», «Педиатрия» мамандықтары бойынша сертификаты бар дәрігерлер көрсетеді.
Тармақ 6
6. Туберкулез кезінде халыққа медициналық көмекті республикалық деңгейде Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы (бұдан әрі – ҰФҒО), орындарда – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың фтизиопульмонология орталықтары (бұдан әрі – ФО) үйлестіреді.
Тармақ 7
7. Туберкулез кезінде халыққа медициналық көмек, сондай-ақ дәрімен қамтамасыз ету Кодекстің 196-бабына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде көрсетіледі.
Туберкулез кезінде ТМККК-ға профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер, сондай-ақ дәрімен қамтамасыз ету, диспансерлік байқау және медициналық оңалту кіреді.
Туберкулез кезінде ТМККК-ге:
Тармақша 1
1) амбулаториялық жағдайларда туберкулез профилактикасы, диагностикалау және емдеу бойынша қызмет көрсету кезіндегі мамандандырылған медициналық көмек;
Тармақша 2
2) стационар алмастырушы жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек;
Тармақша 3
3) стационарлық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек кіреді.
Тармақ 8
8. Туберкулезбен ауыратын науқастарды дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету ТМККК шеңберінде «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-89 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24069 болып тіркелген) және «Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Туберкулез кезінде медициналық көмек мынадай деңгейлерде Кодекстің 116-бабына сәйкес жоспарлы және шұғыл медициналық көмек нысанында мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек, медициналық оңалту, амбулаториялық, стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда, паллиативтік медициналық көмек түрінде, сондай-ақ үйде және оңалту орталықтарында жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) бірінші – МСАК ұйымдары мамандарының амбулаториялық, стационар алмастыратын жағдайларда және үйде медициналық көмек көрсету деңгейі;
Тармақша 2
2) екінші – мамандандырылған медициналық көмек көрсететін бейінді мамандардың амбулаториялық, стационар алмастыратын және стационарлық жағдайларда, оның ішінде бірінші деңгейде медициналық көмек көрсететін мамандардың жолдамасы бойынша медициналық көмек көрсету деңгейі;
Тармақша 3
3) үшінші – жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып мамандандырылған медициналық көмекті жүзеге асыратын бейінді мамандардың амбулаториялық және стационарлық жағдайларда, оның ішінде бірінші және екінші деңгейлердегі мамандардың жолдамасы бойынша медициналық көмек көрсету деңгейі.
Тармақ 10
10. Халықтың негізгі топтарындағы (бұдан әрі – ХНТ) туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау, психология саласындағы әлеуметтік қызметкерлер, МСАК ұйымдары саламатты өмір салты кабинеттерінің мамандары және үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ) тартылады.
ХНТ-ға сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділігі шектеулі, мінез-құлық факторларына негізделген туберкулезді жұқтыру және аурудың қаупі жоғары топтарындағы адамдар (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар (БТЖА), қамаудағы және бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар, есірткі пайдаланылатын адамдар ( ЕПА), алкогольді шамадан тыс тұтынатын адамдар, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар (АӨА), мигранттар) жатады.
Тарау 2. 2-тарау. Туберкулез кезінде медициналық көмек көрсететін
ұйымдардың құрылымы
2-тарау. Туберкулез кезінде медициналық көмек көрсететін
ұйымдардың құрылымы
Тармақ 11
11. Бастапқы деңгейдегі туберкулез кезінде медициналық көмек көрсету ұйымдарына:
Тармақша 1
1) аудандық деңгейде:
медициналық пункт;
фельдшерлік-акушерлік пункт;
дәрігерлік амбулатория;
медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы;
аудандық емхана;
нөмірлі аудандық емхана;
аудандық аурухана;
нөмірлі аудандық аурухана;
көп бейінді орталық аудандық аурухана;
Тармақша 2
2) қалалық деңгейде:
дәрігерлік амбулатория;
медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы;
қалалық емхана;
бастапқы психикалық денсаулық орталығы;
консультациялық-диагностикалық орталық;
қалалық аурухана;
көп бейінді қалалық аурухана;
көп бейінді қалалық балалар ауруханасы;
психикалық денсаулық орталығы;
онкологиялық орталық;
инфекциялық аурухана;
перинаталдық орталығы, перзентхана;
АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
Тармақша 3
3) облыстық деңгейде:
көп бейінді облыстық аурухана;
көп бейінді облыстық балалар ауруханасы;
облыстық психикалық денсаулық орталығы;
онкологиялық орталық;
инфекциялық аурухана;
перинаталдық орталығы, перзентхана;
АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары жатады.
Тармақ 12
12. Екінші деңгейдегі туберкулез кезінде медициналық көмек облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ФО-да көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Үшінші деңгейдегі туберкулез кезінде медициналық көмек ҰФҒО-да көрсетіледі.
Тармақ 14
14. Туберкулез кезінде медициналық көмек көрсету үшін МСАК ұйымдарында:
Тармақша 1
1) фтизиатр кабинеті;
Тармақша 2
2) тікелей бақыланатын емдеуге арналған кабинет;
Тармақша 3
3) «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 болып тіркелген) сәйкес қақырықты жинау бөлмесі көзделеді.
Тармақ 15
15. Туберкулез кезінде медициналық көмек көрсету үшін екінші және үшінші деңгейлерде олардың алдында тұрған атауы және тізбесінің қажеттіліктері мен міндеттеріне байланысты құрылымдық бөлімшелер құрылады:
Тармақша 1
1) қабылдау бөлімшесі;
Тармақша 2
2) сезімталдылығы сақталған өкпе туберкулезі бөлімшесі;
Тармақша 3
3) дәріге төзімді өкпе туберкулезі бөлімшесі;
Тармақша 4
4) торакальдық хирургия бөлімшесі;
Тармақша 5
5) өкпеден тыс туберулез хирургиясы бөлімшесі немесе төсектері;
Тармақша 6
6) анестезиология және реанимация бөлімшесі немесе интенсивті терапия палаталары;
Тармақша 7
7) пульмонология бөлімшесі;
Тармақша 8
8) медициналық оңалту бөлімшесі;
Тармақша 9
9) инфекциялық аурулар бөлімшесі;
Тармақша 10
10) консультациялық-диагностикалық бөлімше;
Тармақша 11
11) ұйымның міндеттеріне сәйкес құрылымдық бөлімшелер, сондай-ақ ұйымның тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті бөлімшелер.
Екінші деңгейде мәжбүрлеп және симптоматикалық емдеуге арналған бөлімше/төсектер қосымша ұйымдастырылады.
Тармақ 16
16. ФО-да толық қарап-тексеру жүргізілгеннен кейін түпкілікті диагноз қою мүмкін болмаған жағдайда ҰФҒО деңгейінде консультация жүргізіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Туберкулез кезінде медициналық көмек көрсететін ұйымдар қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары
3-тарау. Туберкулез кезінде медициналық көмек көрсететін ұйымдар қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары
Тармақ 17
17. Медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттердегі туберкулез кезіндегі медициналық көмек мынадай міндеттерді көздейді:
Тармақша 1
1) туберкулезді диагностикалау және емдеуді бақылау мақсатында осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес қақырық жинауды ұйымдастыруға қойылатын талаптар бойынша қақырықты жинау және зертханаға тасымалдау;
Тармақша 2
2) тікелей бақыланатын емдеуді (бұдан әрі – ТБЕ) ұйымдастыруға осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес ТБЕ қойылатын талаптарға сай жауапты медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен барлық жазып берілген туберкулезге қарсы препараттарды (бұдан әрі – ТҚП) қабылдауды көздейді;
Тармақша 3
3) бейне бақыланатын емдеуді (бұдан әрі – ББЕ) ұйымдастыруға осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес ББЕ қойылатын талаптарға сай туберкулезбен ауыратын адамдардың емделуін нақты уақыт режимінде немесе бейнежазу режимінде қашықтықтан бақылау.
Тармақ 18
18. Дәрігерлік амбулаторияда, МСАК орталығында, аудандық емханада, нөмірлік аудандық емханада, қалалық емханада (учаскелік дәрігерлер және (немесе) жалпы дәрігерлік практика дәрігерлері, терапевттер, педиатрлар) туберкулез кезіндегі медициналық көмек мынадай міндеттерді көздейді:
Тармақша 1
1) «Туберкулез профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21695 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығы) сәйкес туберкулез бойынша жоғары қауіп топтарын қалыптастыру және туберкулезді ерте анықтау мақсатында скринингтер жүргізу (флюорография, Манту сынамасы және туберкулезді рекомбинантты аллергені бар сынама);
Тармақша 2
2) № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығына сәйкес туберкулезге күдікті адамдарды анықтау, туберкулезді диагностикалау сызбаларына сәйкес зерттеп-қарауды жүргізу;
Тармақша 3
3) соңғы диагноз қою үшін туберкулезге күдікті адамдарды ФО жіберу;
Тармақша 4
4) туберкулезбен ауыратын адамдарды амбулаториялық және стационарды алмастыратын емдеуді ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес ТБЕ ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес және осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес ББЕ ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес ТБЕ және ББЕ ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) ТҚП қауіпсіздігінің белсенді мониторингі, ТҚП қабылдауға жағымсыз құбылыстардың профилактикасы, диагностикалау және емдеу;
Тармақша 7
7) № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығына сәйкес туберкулезге қарсы вакцинациялауды және ревакцинациялауды жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 8
8) туберкулез инфекциясын бақыланатын профилактикалық емдеуді ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) диспансерлік есепте тұрған адамдарды қадағалау;
Тармақша 10
10) тіркелген халық арасында туберкулез мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Тармақ 19
19. МСАК ұйымдарының дәрігер-фтизиатрлары мыналарды қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) туберкулезге флюорографиялық зерттеп-қарауды, Манту сынамасын және туберкулез рекомбинантты аллергені бар сынаманы жүргізу мониторингі (МСАК мамандарының зерттеп-қарауға жататын адамдар тізімін қалыптастыруының дұрыстығы мен дәйектілігі, зерттеп-қарау нәтижелері бойынша олардың медициналық құжаттаманы ресімдеуі, ай сайынғы және (немесе) тоқсан сайынғы есепті жасауы);
Тармақша 2
2) № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығына сәйкес туберкулезді диагностикалау схемасына сәйкес туберкулезге күдікті адамдарды зерттеп-қарау мониторингі;
Тармақша 3
3) МСАК мамандарына консультациялық көмек көрсету;
Тармақша 4
4) түпкілікті диагноз қою үшін туберкулезге күдікті адамдарды ФО жіберуді;
Тармақша 5
5) туберкулезді амбулаториялық емдеу мониторингі; ТҚП жағымсыз құбылыстарының профилактикасы, диагностикасы және емі;
Тармақша 6
6) туберкулез инфекциясын профилактикалық емдеуді тағайындау және оның мониторингі;
Тармақша 7
7) «Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ТНҰТ АЖ) деректерді енгізе отырып, туберкулез науқастарының және профилактикалық ем алатын адамдардың медициналық карталарын жүргізу мониторингі;
Тармақша 8
8) когорттық талдау жүргізу және ФО-ға ай сайынғы және тоқсан сайынғы есептілікті ұсыну;
Тармақша 9
9) туберкулездің профилактикасы бойынша іс-шаралардың жүргізілуіне мониторинг жүргізу (халықты туберкулез мәселелері бойынша хабардар ету, туберкулезге қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау, туберкулез инфекциясын профилактикалық емдеу);
Тармақша 10
10) диспансерлік есепте тұрған адамдарды динамикалық байқау;
Тармақша 11
11) туберкулез жағдайларын эпидемиологиялық тексеруге, байланыста болған адамдарды анықтауға және зерттеп-қарауға қатысу;
Тармақша 12
12) туберкулезбен ауыратын адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету бойынша әлеуметтік қызметтермен өзара іс-қимыл жасау.
Тармақ 20
20. Аудандық, нөмірлік аудандық, көпбейінді орталық, қалалық, көпбейінді қалалық және облыстық, көпбейінді қалалық және облыстық балалар ауруханаларында, психикалық денсаулық орталығында, консультациялық-диагностикалық орталықта, онкологиялық орталықта, инфекциялық ауруханада, перинаталдық орталықта, перзентханада көрсетілетін туберкулез кезіндегі медициналық көмек мынадай міндеттерді көздейді:
Тармақша 1
1) туберкулезді диагностикалау мақсатында биологиялық материалды жинау және зертханаға тасымалдау;
Тармақша 2
2) дәрігер-фтизиатрдың консультациясын қамтамасыз ету.
Тармақ 21
21. АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетілетін туберкулез кезіндегі медициналық көмек мынадай міндеттерді көздейді:
Тармақша 1
1) АӨА арасында туберкулезді ерте анықтау мақсатында скринингтер ұйымдастыру (флюорография, Манту сынамасы және рекомбинантты туберкулез аллергені бар сынама);
Тармақша 2
2) туберкулезге күдік болған кезде АӨА туберкулезді диагностикалау мақсатында осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес қақырық жинауды ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сай қақырықты жинау және зертханаға тасымалдау;
Тармақша 3
3) дәрігер-фтизиатрдың консультациясын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) АӨА туберкулез инфекциясын бақыланатын профилактикалық емдеуді ұйымдастыру.
Тармақ 22
22. ФО көрсетілетін туберкулез кезіндегі медициналық көмек мынадай міндеттерді көздейді:
Тармақша 1
1) ұйымдастыру, әдістемелік, профилактикалық, емдеу-диагностикалық қызметті және фтизиопульмонологиялық қызметті дамытуды үйлестіру, мониторингтеу, талдау;
Тармақша 2
2) туберкулезбен ауыратын адамдарға профилактикалық, консультациялық-диагностикалық, емдеу, оңалту көмегін көрсету;
Тармақша 3
3) осы Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес 10 қайта қараудағы аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктемесі (АХЖ-10) бойынша «Туберкулез» диагнозын қою;
Тармақша 4
4) туберкулездің зертханалық диагностикасын ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) ҰҒФО мамандарының қатысуымен консультацияларды ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) туберкулезбен ауыратын адамдарды көрсетілімдері бойынша ҰҒФО жіберу (күрделі дифференциалды-диагностикалық және клиникалық жағдайлар, түпкілікті диагноз қоюдың мүмкін еместігі, дәріге төзімді туберкулездің қайталанған жағдайлары, емдеу схемаларын түзету емдеудің тиімсіздігі, ТҚП қабылдауға елеулі жағымсыз құбылыстар, хирургиялық емдеу);
Тармақша 7
7) стационарлық және амбулаториялық жағдайларда медициналық көмектің өзара іс-қимылын және сабақтастығын қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) ТҚП үздіксіз қамтамасыз ету (қажеттілікті айқындау, өтінім жасау, сатып алу, сақтау, бөлу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді үйлестіру);
Тармақша 9
9) туберкулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігін талдау;
Тармақша 10
10) туберкулез кезінде адвокация, коммуникация және әлеуметтік жұмылдыруды жүргізу;
Тармақша 11
11) туберкулезді бақылауда ведомствоаралық және сектораралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
Тармақ 23
23. ҰҒФО көрсетілетін туберкулез кезіндегі медициналық көмек мынадай міндеттерді көздейді:
Тармақша 1
1) ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік, профилактикалық және емдеу-диагностикалық, білім беру қызметін үйлестіру, мониторингтеу, талдау, туберкулез мәселелері жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 2
2) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес туберкулезді диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін жүргізу, зерттеулерге қатысу, әзірлеу және енгізу;
Тармақша 3
3) туберкулезбен ауыратын адамдарға профилактикалық, консультациялық-диагностикалық, емдеу, оңалту көмегін көрсету;
Тармақша 4
4) туберкулезді диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша ФО, МСАК дәрігерлеріне, бейінді мамандарға консультациялық көмек көрсету;
Тармақша 5
5) туберкулез кезінде адвокация, коммуникация және әлеуметтік жұмылдыруды жүргізу.
Тармақ 24
24. Туберкулез кезінде медициналық көмек көрсететін ұйымдар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер негізінде эпидемияға қарсы жұмыс режимінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 25
25. Туберкулез кезінде медициналық көмек көрсететін ұйымдар «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы) бекітілген нысандар бойынша медициналық есепке алу құжаттамасын жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ жоғары деңгейдегі ұйымдарға «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21879 болып тіркелген) бекітілген нысандар бойынша есептік құжаттаманы ұсынады.
Тарау 4. 4-тарау. Туберкулез кезінде медициналық көмек көрсету тәртібі
4-тарау. Туберкулез кезінде медициналық көмек көрсету тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Туберкулез кезінде амбулаториялық жағдайда медициналық көмек көрсету тәртібі
1-параграф. Туберкулез кезінде амбулаториялық жағдайда медициналық көмек көрсету тәртібі
Тармақ 26
26. Туберкулез кезінде амбулаториялық жағдайда медициналық көмекті МСАК ұйымдары және ФО клиникалық-диагностикалық бөлімшелері көрсетеді.
Тармақ 27
27. Туберкулез кезінде амбулаториялық жағдайда медициналық көмек көрсету тәртібі № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 28
28. Туберкулезді диагностикалау және емдеу мониторингі үшін қақырықты жинау осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес қақырық жинауды ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес қақырықты жинау бөлмесінде ұйымдастырылады.
Тармақ 29
29. ТҚП қабылдау осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес ТБЕ ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сай және осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес ББЕ ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сай жауапты медицина қызметкерінің бақылауымен ТБЕ кабинетінде немесе ББЕ түрінде ұйымдастырылады.
Тармақ 30
30. ББЕ жауапты медицина қызметкері:
Тармақша 1
1) МСАК ұйымының фтизиатрынан ББЕ жүргізу үшін пациенттердің тізімін алады және үнемі жаңартып отырады;
Тармақша 2
2) ББЕ байланыс деректері мен бейнежазбаларын компьютерде (планшетте, ноутбукта) сақтау кезінде ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтайды.
Тармақ 31
31. Пациент дәрігерлік амбулатория, медициналық пункт, фельдшерлік-акушерлік пункт жағдайында емдеген кезде ТБЕ, ББЕ және қақырықты жинауды учаскелік мейірбике немесе фельдшер жүзеге асырады.
Тармақ 32
32. Туберкулезбен ауыратын адамды емдеу «Туберкулез» диагнозы белгіленген сәттен бастап 72 сағаттан кешіктірілмей басталады.
Тармақ 2. 2-параграф. Туберкулез кезінде стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсету тәртібі
2-параграф. Туберкулез кезінде стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсету тәртібі
Тармақ 33
33. Стационарлық көмек туберкулезбен ауыратын адамдарға екінші (ФО) және үшінші (ҰҒФО) деңгейлерде көрсетіледі:
Тармақша 1
1) бактерия бөлумен;
Тармақша 2
2) тәулік бойы медициналық байқауды қажет ететін;
Тармақша 3
3) хирургиялық емдеуді қажет ететін;
Тармақша 4
4) әлеуметтік және тұрғын үй жағдайлары қолайсыз жағдайларда жүргізіледі.
Тармақ 34
34. Емдеуге жатқызу «Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР-ДСМ-27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27218 болып тіркелген) сәйкес жоспарлы және (немесе) шұғыл тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 35
35. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ туберкулезбен ауыратын науқастар ФО стационарына емдеуге жатқызылуы тиіс. Олар ФО стационарына келіп түскен кезде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне 5 жұмыс күні ішінде осы Стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ФО басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның қолы қойылған жазбаша сұрату жіберіледі.
Тармақ 36
36. Жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған кезде ТНҰТ АЖ-да туберкулезбен ауыратын науқасқа мынадай сандардың комбинациясын көрсететін он екі таңбалы жеке тіркеу коды беріледі: 00 00 00 – туған жылы (гг/мм/дд); 00 – өңірдің цифрлық коды; 0000 – ТНҰТ АЖ автоматты түрде беретін нөмір. Бұдан кейін жеке сәйкестендіру нөмірін берген кезде немесе пациентті диспансерлік есептің белсенді емес тобына ауыстырған кезде бұл код жойылады.
Тармақ 37
37. ФО ҮЕҰ тарта отырып, стационарлық емдеуде жатқан туберкулезбен ауыратын науқастың құжаттарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдайды.
Тармақ 38
38. Туберкулезбен ауыратын адамдарды палаталар бойынша бөлу бактерия бөлу және дәрілік сезімталдықтың болуын ескере отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 39
39. Бактерия бөлетін, дәрілік сезімталдығы белгісіз туберкулезбен ауыратын адамдар дәрілік сезімталдыққа тест нәтижелерін алғанға дейін бір орындық палаталарда немесе бокстарда ұсталады.
Тармақ 40
40. Стационардағы пациенттерді фтизиатр дәрігер күн сайын тексеріліп-қаралып отыруға тиіс. Пациенттің медициналық картасына жазу оның жай-күйінің ауырлығына байланысты жүзеге асырылады (жеңіл және орташа ауыр жағдайда аптасына кемінде 3 рет және ауыр жағдайда күн сайын).
Тармақ 41
41. Бөлімше меңгерушісі пациенттерді аптасына кемінде 1 рет қарап-тексеруді жүргізеді.
Тармақ 42
42. Күрделі сараланған-диагностикалық жағдайларда диагнозды верификациялау және емдеу тактикасын айқындау үшін облыстық және республикалық деңгейдегі мамандардың қатысуымен күндізгі немесе қашықтықтан консилиум жүргізіледі.
Тармақ 43
43. ФО мен ҰҒФО ем қабылдап жүрген жүкті әйелдер босануға рұқсат беру үшін босандыру ұйымдарына ауыстырылады.
Тармақ 44
44. Пациентті стационардан шығару өлшемшарттары:
Тармақша 1
1) бактерия бөлінуінің болмауы;
Тармақша 2
2) стационарлық емдеудің жалпы қабылданған нәтижелері (сауығу, жақсару, өзгеріссіз, өлім және басқа медициналық ұйымға ауыстырылған);
Тармақша 3
3) қақырық жағындысының конверсиясына қол жеткізілген және тәулік бойы медициналық байқау қажет болмаған жағдайда пациенттің (оның заңды өкілінің) жазбаша өтініші.
Тармақ 45
45. Стационардан шығару кезінде «Бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізу және есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-244/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21761 болып тіркелген) сәйкес шығару эпикриз ресімделеді.
Тармақ 46
46. ФО немесе ҰҒФО пациентті стационардан шығарғанға дейін күнтізбелік 10 күн бұрын амбулаториялық жағдайда емдеуді ұйымдастыру үшін пациенттің тұрғылықты жері бойынша МСАК медициналық ұйымына телефонограммамен хабарлайды.
Тармақ 47
47. ТҚП қабылдаудан жалтару және аурухана режимін бұзу Кодекстің 158-бабының 2-тармағына сәйкес туберкулезбен ауыратын адамды мәжбүрлеп емдеуге ауыстыру үшін негіз болып табылады.
Тармақ 48
48. Кодекстің 137-бабының 1-тармағына сәйкес туберкулезбен ауыратын адамның келісімінсіз туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуге жол беріледі.
Тармақ 3. 3-параграф. Стационарды алмастыратын жағдайларда туберкулез кезінде медициналық көмек көрсету тәртібі
3-параграф. Стационарды алмастыратын жағдайларда туберкулез кезінде медициналық көмек көрсету тәртібі
Тармақ 49
49. Туберкулез кезінде стационарды алмастыратын көмек аудандық немесе қалалық емханалардың, дәрігерлік амбулаториялардың, ФО күндізгі стационарларында көрсетіледі.
Тармақ 50
50. Стационарды алмастыратын көмек «Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 669 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12106 болып тіркелген) сәйкес амбулаториялық жағдайда ем алатын және тәулік бойы медициналық бақылауды қажет етпейтін туберкулезбен ауыратын адамдарға көрсетіледі.
Тармақ 51
51. Туберкулезбен ауыратын адамдарды күндізгі стационарға емдеуге жатқызу үшін көрсетілімдер мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) қосалқы аурулар;
Тармақша 2
2) ТҚП қабылдауға жағымсыз құбылыстар.
Тармақ 4. 4-параграф. Туберкулез кезінде үйде медициналық көмек көрсету тәртібі
4-параграф. Туберкулез кезінде үйде медициналық көмек көрсету тәртібі
Тармақ 52
52. Туберкулезбен ауыратын адамдарға үйдегі медициналық көмек медициналық қызметкерді, ФО мобильді бригадасын шақыру, медицина қызметкерлерінің белсенді патронажы, үйде емдеуді ұйымдастыру (үйдегі стационар) және ББЕ кезінде ұсынылады.
Тармақ 53
53. Үйдегі стационар туберкулезбен ауыратын, бактерия бөлмейтін немесе қақырық жағындысын конверсиялауға қол жеткізгеннен кейін тәулік бойы медициналық бақылауды қажет етпейтін адамдарға ЕТБ жүргізу мақсатында ұйымдастырылады.
Тармақ 54
54. Үйдегі стационар мынадай туберкулезбен ауыратын адамдарға:
Тармақша 1
1) МСАК көрсететін медициналық ұйымдарға емделу үшін күн сайын келуге кедергі болатын қосалқы аурулармен;
Тармақша 2
2) ЕТБ кабинеттеріне өз бетінше баруға мүмкіндігі жоқ адамдарға, оның ішінде қарт адамдарға, босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдерге, мектеп жасына дейінгі балалармен, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған.
Тармақ 55
55. Үйде ТБЕ осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес ТБЕ ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес учаскелік мейіргер жүргізеді.
Тармақ 56
56. ФО мобильді бригадасы тәулік бойы медициналық байқауды қажет етпейтін және стационарды алмастыратын жағдайларда бақыланатын ем алу мүмкіндігі жоқ, туберкулезбен ауыратын, КГН бактерия бөлмейтін немесе қақырық жағындысының конверсиясына қол жеткізгеннен кейін адамдарға ЕТБ қамтамасыз етеді.
Тармақ 57
57. Фтизиатр-дәрігер туберкулезбен ауыратын адамды 10 жұмыс күні ішінде бір рет ФО мобильді бригадасымен бірге емдеуді бақылайды.
Тармақ 5. 5-параграф. Туберкулез кезінде оңалту медициналық көмек
көрсету тәртібі
5-параграф. Туберкулез кезінде оңалту медициналық көмек
көрсету тәртібі
Тармақ 58
58. Туберкулез кезінде оңалту медициналық көмек көрсету тәртібі «Медициналық оңалту көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21381 болып тіркелген) және клиникалық хаттамалар сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 6. 6-параграф. Медициналық ұйымнан тыс туберкулез кезінде халыққа медициналық көмек көрсету тәртібі
6-параграф. Медициналық ұйымнан тыс туберкулез кезінде халыққа медициналық көмек көрсету тәртібі
Тармақ 59
59. Медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтердің, сондай-ақ жылжымалы (далалық) медициналық кешендер мен медициналық поездардың мүмкіндіктері «Жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздар арқылы медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-241/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № № 21745 болып тіркелген).
Тармақ 7. 7-параграф. Туберкулез кезінде паллиативтік медициналық көмек
көрсету тәртібі
7-параграф. Туберкулез кезінде паллиативтік медициналық көмек
көрсету тәртібі
Тармақ 60
60. Туберкулезбен ауыратын адамдарға паллиативтік медициналық көмек «Қазақстан Республикасында ересек халыққа паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-209/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21687 болып тіркелген) сәйкес және клиникалық хаттамаларға сәйкес көрсетіледі.
Тарау 5. 5-тарау. Туберкулез кезінде халыққа медициналық көмек көрсететін ұйымдар қызметкерлерінің ең төмен штаты және медициналық бұйымдармен ең төмен жарақтандыру
5-тарау. Туберкулез кезінде халыққа медициналық көмек көрсететін ұйымдар қызметкерлерінің ең төмен штаты және медициналық бұйымдармен ең төмен жарақтандыру
Тармақ 61
61. Туберкулез кезінде халыққа медициналық көмек көрсететін ұйымдар қызметкерлерінің ең төмен штаты осы Стандартқа 6-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Тармақ 62
62. Екінші және үшінші деңгейлерде халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек көрсететін ұйымдар қызметкерлерінің штаты ұйымның құрылымына, төсек қуаттылығына және тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету қажеттілігіне сәйкес айқындалады.
Тармақ 63
63. Туберкулезге қарсы көмек көрсететін ұйымдарды медициналық бұйымдармен жарақтандыру «Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-167/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21560 болып тіркелген) бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1-1. Қақырық жинауды ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Халыққа туберкулез кезінде
медициналық көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
1-қосымша
Қақырық жинауды ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Арнайы киім (халат, қалпақ, алжапқыш, полипропилен маскасы, қолғап) кию.
Тармақ 2
2. Пациенттен «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) № 097/е «Жолдама № зертханалық зерттеу қызметтері/консультациялық қызметтер үшін/басқа ауруханаға жатқызу үшін» (бұдан әрі - № 097/е нысаны) медициналық нысанын алу.
Тармақ 3
3. Пациентті қақырықты жинау рәсімімен таныстыру (қақырықты жинау рәсімі туралы ақпаратты айту және оқуды сұрау).
Тармақ 4
4. № 097/е нысанынан пациент туралы деректерді тіркеу журналына енгізу.
Тармақ 5
5. Пациенттің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) және қақырық мөлшерінің нөмірін (№ 1, № 2) контейнерде белгілеу (тек қақпақта емес).
Тармақ 6
6. Пациенттен қолын жууды, тамақ қалдықтары мен ауыз қуысының микрофлорасын ластастайтын бөлшектерді жою үшін аузын сумен жақсылап шаюды сұрау.
Тармақ 7
7. Пациентті кең ашық терезеге қаратып қою.
Тармақ 8
8. Пациенттің артында кемінде 1 метр қашықтықта тұрып, пациенттен 3-5 миллилитр қақырықты жөтелуді және емнің орындалуын бақылауды сұрау.
Тармақ 9
9. Пациентке контейнерді бұрандалы қақпақпен мықтап жауып, мейіргерге тапсыруды ұсыну.
Тармақ 10
10. Контейнердің дұрыс жабылғанына көз жеткізу, оны дезинфекциялық ерітіндімен өңдеу және бикске қою.
Тармақ 11
11. Қолды сабынмен ағынды су астында жуу және қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес өңдеу.
Тармақ 12
12. Пациентке келесі күні таңертең үйде қақырықты жинауға арналған таза контейнер беру және контейнерді медициналық ұйымға әкелуді сұрау.
Тармақ 13
13. Қақырықты жинау жөніндегі журналда (журналдың оң жақ бөлігі) рәсімді жүргізуді белгілеу және № 097/е нысанына үлгінің сәйкестендіру нөмірін белгілеу.
Басқа 1-2. Тікелей бақыланатын емдеуді ұйымдастыруға қойылатын
талаптар
Халыққа туберкулез кезінде
медициналық көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
2-қосымша
Тікелей бақыланатын емдеуді ұйымдастыруға қойылатын
талаптар
Мейіргер:
Тармақша 1
1) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) «Туберкулезбен ауыратын науқастың медициналық картасы» № ТБ 014/е (бұдан әрі - № ТБ 014/е нысаны) немесе «IV санатты Туберкулезбен ауыратын науқастың медициналық картасы» № ТБ 015/е (бұдан әрі - № ТБ 015/е) нысанын дайындайды;
Тармақша 2
2) пациенттің бүгін қабылдайтын туберкулезге қарсы препараттардың (бұдан әрі – ТҚП) тәуліктік дозасын дайындайды;
Тармақша 3
3) пациентке ТҚП қабылдау үшін бір стақан су дайындайды;
Тармақша 4
4) пациенттің алдына ТҚП тәуліктік дозасы салынған контейнерді қояды;
Тармақша 5
5) пациенттің қалай ТҚП қабылдағанын бақылайды;
Тармақша 6
6) пациенттің хал-жағдайын және ТҚП қабылауға реакциясы туралы сұрайды;
Тармақша 7
7) № ТБ 014/е немесе № ТБ 015/е нысанында және «Дәрімен қамтамасыз ету» ақпараттық жүйесінде пациенттің ТҚП тәуліктік дозасын қабылдағаны туралы белгі қояды.
Басқа 1-3. Бейне бақыланатын емді ұйымдастыруға қойылатын
талаптар
Туберкулез кезінде халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына
3-қосымша
Бейне бақыланатын емді ұйымдастыруға қойылатын
талаптар
Тармақ 1
1. Мейіргер:
Тармақша 1
1) пациентті бейне бақыланатын емдеуге (бұдан әрі – ББЕ) ауыстыру кезінде «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) № ТБ 014/е немесе № ТБ 015/е нысанының оң жақ жоғарғы бұрышына «ББЕ» белгісін және ББЕ басталған күнін қояды.
Тармақша 2
2) ББЕ басталар алдында:
пациентке ББЕ жүргізу үшін қажетті қосымшаны (бейнебайланысқа арналған платформа) пайдалану бойынша нұсқау береді және оған жадынама береді;
пациентпен бірге туберкулезге қарсы препараттарды (бұдан әрі – ТҚП) бір аптаға беру күнін, нақты уақытта ББЕ жүргізу уақытын айқындайды және демалыс күндері ТҚП қабылдау бейнежазбасын беру кестесін келіседі;
пациентке өз байланыстарын, сондай-ақ сұрақтар немесе шұғыл жағдайлар туындаған кезде пациент байланыса алатын емдеуші дәрігерін ұсынады (ТҚП қабылдауға жағымсыз құбылыстардың туындауы, күтпеген жағдайлар бойынша бейнебайланысқа шығу мүмкін еместігі, байланысқа шығу уақытының өзгеруі);
пациентті іздеу үшін байланысуға болатын, оған жақын адамның телефон нөмірлерін тіркейді;
аптаның күндері бойынша ыдыратылған ТҚП бар таблетка салатынды береді.
Тармақша 3
3) ББЕ сеансы кезінде:
№ ТБ 014/е немесе № ТБ 015/е нысанын дайындайды;
пациенттің ТҚП тәуліктік дозасын қалай қабылдайтынын бақылайды;
пациенттің әл-ауқаты және ТҚП қабылдауға реакцияның болуы туралы сұрайды;
пациенттің ТҚП тәуліктік дозасын № ТБ 014/е немесе № ТБ 015/е нысанында қабылдағаны туралы және «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» ақпараттық жүйесінде белгі жасайды;
пациентпен келесі бейне байланыс сеансының уақыты мен күні туралы келіседі.
Тармақша 4
4) пациент ТҚП үшін алдағы аптаға барған кезде, ББЕ үшін жауапты мейіргер сол жерде ТҚП тәуліктік дозасын қабылдауды аптаның ағымдағы күніне бақылау жүргізеді және ТҚП бар таблетканы береді.
Тармақша 5
5) Мереке және демалыс күндері пациенттердің бейнежазбаларына мониторинг жүргізеді.
Тармақ 2
2. Пациент:
Тармақша 1
1) бейне байланыс сеансының алдында интернеттің жұмыс істеп тұрғанына және қажетті қосымшаның (бейне байланыс платформасы) ашылғанына көз жеткізу керек;
Тармақша 2
2) тәуліктік ТҚП дозасы бар таблетка салатынды (контейнер) және мөлдір стакан су дайындайды;
Тармақша 3
3) белгіленген уақытта мейіргерге қоңырау шалады;
Тармақша 4
4) камераға келесі деректерді дауыстап және анық айтады:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
сеанс күні-күні, айы және жылы;
сеансты өткізу уақыты-сағат және минут;
Тармақша 5
5) камераға ТҚП тәуліктік дозасы бар таблетканың (контейнерлердің) ұяшығын көрсетеді, ол бейнебайланыс сеансы өткізілетін аптаның күніне сәйкес келеді;
Тармақша 6
6) бейне байланыс сеансын өткізу күніне қабылдауға жататын ТҚП таблеткаларының (капсулаларының) атауы мен санын камераға көрсетеді және дыбыстайды;
Тармақша 7
7) алақанды ТҚП-мен жақтауда ұстайды, аузына салып, жеткілікті мөлшерде сумен жуады;
Тармақша 8
8) тәуліктік дозаны қабылдағаннан кейін ТҚП камераға өзінің хал-жайы туралы хабарлайды, күні бойы кешегі хал-жағдайы туралы айтады;
Тармақша 9
9) камерада бейне байланыс сеансын өткізу күніне сәйкес келетін таблетка салғыштың (контейнердің) ұяшығы бос екенін көрсетеді;
Тармақша 10
10) ТҚП тәуліктік дозасын қабылдауды аяқтау уақытын камераға айтады;
Тармақша 11
11) мейіргермен бейнебайланыстың келесі сеансының уақыты мен күні туралы уағдаласады;
Тармақша 12
12) аптаның келісілген күні медициналық ұйымға алдағы аптаға ТҚП алу үшін таблеткамен келеді.
Ескертпе: демалыс және мереке күндері пациент ТҚП тәуліктік дозасының белгіленген уақытында қабылдаудың бейне жазбасын ББЕ ұйымдастыруға қойылатын талаптарына сәйкес жазады және бейнежазбаны мейіргерге жібереді.
Басқа 1-4. 10 қайта қараудағы аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктемесі
(АХЖ-10) бойынша туберкулез кезіндегі диагноздар
Халыққа туберкулез кезінде
медициналық көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
4-қосымша
10 қайта қараудағы аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктемесі
(АХЖ-10) бойынша туберкулез кезіндегі диагноздар
Тармақ 1
1. А15.0 Бактериологиялық жəне гистологиялық тұрғыдан расталған тыныс алу ағзаларының туберкулезі;
Тармақ 2
2. А15.1 Тек қана культураның өсуімен расталған өкпе туберкулезі;
Тармақ 3
3. А15.2 Гистологиялық тұрғыдан расталған өкпе туберкулезі;
Тармақ 4
4. А15.3 Анықталмаған əдістермен расталған өкпе туберкулезі;
Тармақ 5
5. А15.4 Бактериологиялық жəне гистологиялық тұрғыдан расталған кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі;
Тармақ 6
6. А15.5 Бактериологиялық жəне гистологиялық тұрғыдан расталған көмей, кеңірдек, бронхтардың туберкулезі;
Тармақ 7
7. А15.6 Бактериологиялық жəне гистологиялық тұрғыдан расталған туберкулезді плеврит;
Тармақ 8
8. А15.7 Бактериологиялық жəне гистологиялық тұрғыдан расталған, тыныс алу ағзаларының алғашқы туберкулезі;
Тармақ 9
9. А15.8 Бактериологиялық жəне гистологиялық тұрғыдан расталған, басқа тыныс алу ағзаларының туберкулезі
Тармақ 10
10. А15.9 Бактериологиялық жəне гистологиялық тұрғыдан расталған, орналасу орны анықталмаған, тыныс алу ағзаларының туберкулезі;
Тармақ 11
11. А16.0 Теріс нəтижелі бактериологиялық жəне гистологиялық зерттеулер барысындағы өкпе туберкулезі;
Тармақ 12
12. А16.1 Бактериологиялық жəне гистологиялық зерттеулер өткізілмей танылған өкпе туберкулезі;
Тармақ 13
13. А16.2 Бактериологиялық немесе гистологиялық расталуы ескертілмеген өкпе туберкулезі;
Тармақ 14
14. А16.3 Бактериологиялық немесе гистологиялық расталуы ескертілмеген кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі;
Тармақ 15
15. А16.4 Бактериологиялық немесе гистологиялық расталуы ескертілмеген көмей, кеңірдек жəне бронхылар туберкулезі;
Тармақ 16
16. А16.5 Бактериологиялық немесе гистологиялық расталуы ескертілмеген туберкулезді плеврит;
Тармақ 17
17. А16.7 Бактериологиялық немесе гистологиялық расталуы ескертілмеген тыныс алу ағзаларының алғашқы туберкулезі;
Тармақ 18
18. А16.8 Бактериологиялық немесе гистологиялық расталуы туралы ескертілмеген басқа тыныс алу ағзаларының туберкулезі;
Тармақ 19
19. А16.9 Бактериологиялық немесе гистологиялық расталуы ескертілмеген, орналасу орны анықталмаған, тыныс алу ағзаларының туберкулезі;
Тармақ 20
20. А17.0 Туберкулездік менингит (G01*);
Тармақ 21
21. А17.1 Ми қабықтарының туберкулемасы (G07*);
Тармақ 22
22. А17.8 Нерв жүйесінің басқа орындарда орналасқан туберкулезі;
Тармақ 23
23. А17.9 Нерв жүйесінің анықталмаған туберкулезі (G99.8*);
Тармақ 24
24. А18.0 Сүйектер мен буындар туберкулезі;
Тармақ 25
25. А18.1 Несеп-жыныс ағзаларының туберкулезі;
Тармақ 26
26. А18.2 Туберкулездік шет лимфаденопатия;
Тармақ 27
27. А18.3 Ішек, ішперде жəне шажырқай лимфа түйіндерінің туберкулезі;
Тармақ 28
28. А18.4 Тері қабаты мен тері асты шелмайының туберкулезі;
Тармақ 29
29. А18.5 Көз туберкулезі;
Тармақ 30
30. А18.6 Құлақ туберкулезі;
Тармақ 31
31. А18.7 Бүйрекүсті безінің туберкулезі (E35.1*);
Тармақ 32
32. А18.8 Басқа, анықталған ағзалардың туберкулезі;
Тармақ 33
33. А19.0 Анықталған, бір орында орналасқан миллиарлы жіті туберкулез;
Тармақ 34
34. А19.1 Көп орында орналасқан миллиарлы жіті туберкулез;
Тармақ 35
35. А19.2 Орны анықталмаған, миллиарлы жіті туберкулез;
Тармақ 36
36. А19.8 Миллиарлы туберкулездің басқа пішіндері;
Тармақ 37
37. А19.9 Орналасу орны анықталмаған миллиарлы туберкулез.
Басқа 1-5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
Көші-қон полициясы департаментіне
сұрату
Туберкулез кезінде халыққа медициналық
көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына
5-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
Көші-қон полициясы департаментіне
сұрату
_________________________(облыс) фтизиопульмонология орталығы (бұдан әрі – ФО) _________________________(облыс) Полиция департаментіне «______» __________20_____ФО стационарына туберкулезбен ауыратын жеке басын куәландыратын құжаттарсыз адам келіп түскені туралы хабарлайды.
Туберкулезбен ауыратын адамның сөзінен:
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)___________________________ _________________________________________________________________,
туған күні ______________,
тумасы ______________________________________________________ ____________________________________________________________________.
Пациенттің жеке басын сәйкестендіру нәтижелері туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 44-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімде ұсынуды сұраймыз.
ФО басшысы немесе оны алмастыратын тұлға
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)___________________________
Басқа 1-6. Туберкулез кезінде халыққа медициналық көмек көрсететін ұйымдар қызметкерлерінің ең төмен штаты
Туберкулез кезінде халыққа медициналық
көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына
6-қосымша
Туберкулез кезінде халыққа медициналық көмек көрсететін ұйымдар қызметкерлерінің ең төмен штаты
№
Мамандықтар бойынша медицина қызметкерлері
Норматив
Бастапқы деңгей
1.
Ересектер фтизиатры
25 000 ересек тұрғынға немесе ауданға 1 штат бірлігі (ересек халық саны 25 000-нан кем болған кезде)
2.
Балалар фтизиатры
15 000 балаға немесе ауданға 1 штат бірлігі (балалар саны 15 000-нан кем болған кезде)
3.
Тікелей бақыланатын емге жауапты мейіргер*
1 мейіргерге тәулігіне 20 науқастан аспайтын
4.
Бейне бақыланатын емдеу үшін жауапты мейіргер*
1 мейіргерге тәулігіне 20 науқастан аспайтын
5.
Биологиялық материалды (қақырықты) жинауға жауапты мейіргер*
медициналық ұйымға 1 штат бірлігі
Екінші және үшінші деңгейлер
6.
Ересектер фтизиатры, сезімталдығы сақталған өкпе туберкулезінің балалар бөлімшесі
1 штат бірлігіне 25 науқастан аспайтын
7.
Дәріге төзімді ересек фтизиатр, балалар өкпе туберкулезінің бөлімшесі
1 штат бірлігіне 15 науқастан аспайтын
8.
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және фармакологиялық қадағалау жөніндегі менеджер
медициналық ұйымға 1 штат бірлігі
9.
Мониторинг және бағалау тобының маманы
медициналық ұйымға кемінде 5 (бес) штат бірлігі
10.
Адвокаттық қызмет, коммуникация және әлеуметтік жұмылдыру және үкіметтік емес ұйымдар жөніндегі менеджер
медициналық ұйымға 1 штат бірлігі
* дәрігерлік амбулаторияларда, медициналық пункттерде және фельдшерлік-акушерлік пункттерде мейіргерге жүктеледі;
Тікелей бақыланатын емге, бейне бақыланатын емге немесе қақырықты жинауға жауапты мейіргер болмаған кезде функциялар оны алмастыратын адамға жүктеледі.
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2022 жылғы 30 қыркүйектегі
№ ҚР ДСМ-107
Бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 77 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13384 болып тіркелген);
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-39 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17965 болып тіркелген);
Тармақ 3
3. «Халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 77 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 қаңтардағы № ҚР ДСМ-158 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19829 болып тіркелген).