Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел внутренней политики и развития языков района Аққулы» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін: осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасының құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдансын; осы қаулыны Аққулы ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылсын; осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Аққулы аудан әкімінің орынбасары А. Ж. Қасымоваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Аққулы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы «28» қыркүйектегі № 1-03/260 қаулысымен бекітілген «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Тарау 1. 1- тарау. Жалпы ережелер
1- тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ) Аққулы ауданының аумағында ішкі саясат және тілдерді дамыту саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қарамағында мынадай ұйым бар: «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің «Жалын» жастар бастамаларын дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және құжаттандыру қағидаларына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мемлекеттік мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген.
Тармақ 5
5. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ азаматтық - құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлген жағдайда ол мемлекеттiң атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140700, Аққулы ауданы, Аққулы ауылы, Әбілқайыр Баймолдин көшесі, құрылыс 13.
Тармақ 10
10. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ жұмыс тәртібі: жұмыс күндері дүйсенбі-жұма сағат 9.00 - ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
Тармақ 11
11. Мемлекеттiк органның толық атауы мемлекеттік тілде – «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемесi, орыс тілінде государственное учреждение «Отдел внутренней политики и развития языков района Аққулы».
Тармақ 12
12. Мемлекет Аққулы ауданы әкімдігі тұлғасында «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ құрылтайшысы болып табылады.
Тармақ 13
13. Осы Ереже «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 14
14. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қызметiн каржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда алынған кiрiс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбенсе, мемлекеттік бюджетке жiберiледi.
Тарау 2. 2- тарау. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ мақсаты, қызметінің нысанасы, міндеттері мен өкілеттіктері
2- тарау. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ мақсаты, қызметінің нысанасы, міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 16
16. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ мақсаты: ішкі саяси үдерістерді мемлекеттік реттеуге қатысу, ішкі саясат және тілдерді дамыту саласында ауданның мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасау, аудандағы қоғамдық-саяси ахуалға, саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктер қызметіне мониторинг, талдау және болжам жасауды ұйымдастыру, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірлеу және жұмысты ұйымдастыру болып табылады.
Тармақ 17
17. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қызметінің нысанасы ішкі саясат және және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылға, ішкі саяси процестерді реттеуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Тармақ 18
18. Міндеттері:
Тармақша 1
1) ауданның мемлекеттік органдарымен қоғамдық-саяси тұрақтылықты, қоғамдық үрдістердің демократизациялануын және қоғамның бірігуін қамтамасыз ету бойынша әрекеттесу;
Тармақша 2
2) қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен өзара әрекеттесу және қолдау;
Тармақша 3
3) мемлекеттік саясатты жүргізуге жағдай туғызуға, ауданның мемлекеттік органдарымен мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру бойынша аудандық бағдарламаларды өңдеуге және іске асыруға бағытталған жағдайларды тудыру бойынша шараларды әзірлеу;
Тармақша 4
4) ауданда болып жатқан қоғамдық-саяси үрдістерді және олардың даму тенденцияларын жан-жақты бақылау, болжау және объективті зерттеу жүйелерін ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) Аққулы ауданында тұратын халықтардың тілдері мен мемлекеттік тілді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;
Тармақша 6
6) Аққулы ауданындағы қоғамдық-саяси жағдайын талдау және мониторингілеу.
Тармақ 19
19. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
Тармақша 1-1
1-1) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен, лауазымды тұлғалармен және азаматтармен келісе отырып, белгіленген тәртіпте «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындаумен байланысты мәселелер бойынша ақпаратты сұрату және алу;
Тармақша 1-2
1-2) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тарту;
Тармақша 1-3
1-3) «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін мемлекеттік органдарда, сотта өкілдік ету;
Тармақша 1-4
1-4) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау.
Тармақша 2
2) міндеттер:
Тармақша 2-1
2-1) Қазақстан Республикасының заңдарына және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қызметін жүзеге асыруға құқылы;
Тармақша 2-2
2-2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджет және салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік есебін және қаржылық есептілігін жүргізу;
Тармақша 2-3
2-3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзіне бекітілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті;
Тармақша 2-4
2-4) мекеме қызметкерлерінің кепілді еңбек жағдайларын және әлеуметтік қорғау шараларын қамтамасыз етуге.
Тармақ 20
20. Функциялары:
Тармақша 1
1) «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімі мен әкімдігінің актілерінің жобаларын әзірлеу;
Тармақша 2
2) ауданда 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясының, жыл сайынғы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларын, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі артықшылықтарын түсіндіру және насихаттауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тілдің жаппай қолдануына бағытталған шараларды қабылдайды;
Тармақша 4
4) ауданның жергілікті атқарушы органдарының әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және басқа да салалардағы қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын, аталған бағытта жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстардың әзірленуін ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған құқықтық негізді іске асырады;
Тармақша 6
6) ішкі саяси саладағы, этникааралық қарым-қатынас, Қазақстан Республикасында адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және сақтау мәселелерінде мемлекеттік саясатты анықтайтын тұжырымдамаларды, бағдарламаларды дайындау және іске асыруға қатысады;
Тармақша 7
7) мемлекеттік және өзге де тілдерді дамытуға бағытталған аудандық маңызы бар іс-шараларды жүргізеді;
Тармақша 8
8) ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
Тармақша 9
9) Аққулы ауданының аумағында дінге қатысты мемлекеттің саясатын өз кезегімен жүзеге асыру, діни бірлестіктердің қарым-қатынасын реттеу саласындағы заңнаманы жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 10
10) ауданның қоғамдық-саяси, діни, жастар, үкіметтік емес бірлестерінің ақпараттық деректер қорын қалыптастыру, жинау, қорыту және жіктеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этно-мәдени, діни бірлестіктермен, кәсіптік одақтармен өзара әрекеттесуді жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдануды насихаттау, әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) ауданда отбасы-демографиялық жағдайының мәселелері бойынша жұмысты жүзеге асыруын, Қазақстан Республикасында гендерлік және отбасы-демографиялық саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен нұсқаулықтарды әзірлейді;
Тармақша 14
14) әкімдіктің отырыстарына және аудан әкімі жанындағы мәжілістеріне «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ құзыретіне жататын мәселелері бойынша материалдарын, талдамалы жазбахаттарын, әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелерін, ауданда болып жатқан әлеуметтік-саяси үдірістер дамуының динамикасы мен тенденциялары туралы ақпаратты дайындайды;
Тармақша 15
15) ауданда ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, саяси үрдістерді демократизациялауға бағытталған облыстық және аудандық ғылыми-тәжірибелік шаралар дайындауға және өткізуге қатысады;
Тармақша 16
16) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғаммен байланысты орнату және үнемі дамыту;
Тармақша 17
17) ведомствоға қарасты ұйымға әдістемелік көмек көрсетеді;
Тармақша 18
18) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша консультативтік-кеңестік органдардың қызметін қамтамасыз етеді;
Тармақша 19
19) жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және жүзеге асырылуын бақылау;
Тармақша 21
21) ауданда болып жатқан қоғамдық үрдістерді талдау және реттеу, әлеуметтік зерттеулерді, қоғамдық пікір сауалнамасын жүргізу, әлеуметтік шиеленісу ошақтарын анықтау, республика, облыс, аудан өмірінің маңызды мәселелері жөніндегі қоғамдық пікірді қалыптастыру;
Тармақша 22
22) Аққулы ауданының аумағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 23
23) аудандық деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстарды жүргізеді;
Тармақша 24
24) «Ауданның Құрметті азаматы» атағын беру мәселелері бойынша құжаттаманы және есепке алуды жүргізеді, куәліктер мен төсбелгілерді дайындайды, ресімдейді және сақтайды;
Тармақша 25
25) куәліктерді және төсбелгілерді әзірлеу шығындарын қаржыландырады;
Тармақша 26
26) мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік сатып алу бойынша есептілікті жасау және «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу;
Тармақша 27
27) бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастыруды қамтамасыз ету, әкімшісі «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру, бекіту және орындау;
Тармақша 28
28) азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 29) Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды; 30) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауылдарда маңдайшаны орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қарауды жүзеге асырады
Тарау 3. 3-тарау. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 21
21. Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 22
22. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бірінші басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 23
23. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
Тармақ 24
24. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) аудан әкімдігінің бекітуіне «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ туралы Ережені және оған өзгерістер мен толықтыруларды енгізуін ұсынады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен қарамағындағы ұйымның басшысын тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты ұйымының басшысын көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жазалар қолдануды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 6
6) «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қызметкерлерінің және қарамағындағы ұйым басшыларының лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 7
7) барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де ұйымдарда меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ мүддесін қорғайды;
Тармақша 8
8) барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де ұйымдарда меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ мүддесін қорғау құқығына сенім хат береді;
Тармақша 9
9) ведомствоға бағынысты ұйымының басшысымен және ұжымымен кеңестер өткізеді;
Тармақша 10
10) азаматтардың жеке қабылдауын жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) өз құзыретінің шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 12
12) «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қызметкерлерін іссапарға жібереді;
Тармақша 13
13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 489-1 - бабы, 804-бабының 50) тармақшасы негізінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар құрастырады. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 25
25. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым - қатынас «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
Тармақ 26
26. «Аққулы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен реттеледі.
Тармақ 27
27. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және ұжымдық шартпен белгіленеді.
Тарау 4. 4-тарау. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ мүлкi
4-тарау. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ мүлкi
Тармақ 28
28. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 29
29. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншiкке жатады.
Тармақ 30
30. Егер «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңында өзгеше көзделмесе, «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ өзiне бекітілген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi, өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 31
31. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 32
32. «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қысқартылған (таратылған) кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғыннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.