Об утверждении Порядка установки, снятия и поверки индивидуальных и коммерческих приборов учета коммунальных услуг в городе Алматы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласында коммуналдық қызметтерді есептейтін жеке және коммерциялық приборларды тексеру, орнату және орнынан алу тәртібін бекіту туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы заңының 6 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына сәйкес ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
Тармақ 1
1. Алматы қаласында коммуналдық қызметтерді есептейтін жеке және коммерциялық приборларды тексеру, орнату және орнынан алу тәртібі бекітілсін, қоса беріліп отыр.
Тармақ 2
2. Алматы қаласының әкіміне: - 2004 жылғы Алматы қаласының бюджетін қалыптастыру кезінде қаланың әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған тұрғындарға бюджет қаражат есебінен орнатылған коммуналдық қызметтерді есептейтін приборларды тексеруді төлеу үшін төлем қарастыру; - қала бюджеті есебінен халықтың есептегіштерін тексеру үшін коммуналдық қызметтерді есептейтін приборларды айырбастау қорын құру; - есептейтін приборларға тексеруді жүргізу кезінде Алматы қаласының әлеуметтік ахуалын шиеленістірген ұйымдарға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану ұсынылсын; - су үшін бұрын берілген есепшотты төлеу тоқтатылсын. Коммуналдық қызметтерді көрсетушілер төленген түбіртектерді қайта есептеу бойынша шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Алматы қаласы бойынша табиғи монополияны реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің Департаментіне тауар нарығында басым жағдайды иеленетін нарық субъектілерінің есептеу приборларын тексеру жөніндегі қызметтер үшін мемлекеттік бағаны реттеуді енгізу ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Алматы қаласында коммуналдық қызметтерді есептейтін приборларды тексеру, орнату және орнынан алу тәртібі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап күшіне енгізілсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қалалық Мәслихатының экология және ТЖ мәселесі жөніндегі тұрақты комиссияға (Бөлекбаев В.Е.) және Алматы қаласының орынбасары Қ.-Қ.Е. Жаңбыршинге жүктелсін.
Басқа 6
ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының кезектен тыс ХХVІІ-сессиясының 2003 жылғы 16 қыркүйектегі шешіміне қосымша Алматы қаласында коммуналдық қызметтерді есептейтін жеке және коммерциялық приборларды тексеру, орнату және орнынан алу тәртібі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Осы тәртіп " Өлшемдер бірліктерін қамтамасыз ету туралы", " Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы заңдарына және республиканың өзге нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және коммуналдық қызметтерді есептейтін жеке және коммерциялық приборларды тексеру, орнату және орнынан алу тәртібін белгілейді.
Тармақ 1.2
1.2. Қазақстан Республикасында коммуналдық қызметтерді көрсету тұтынушылар құқығы мен экономиканы қорғау мақсатында приборлық есептеуге жатады.
Тармақ 1.3
1.3. Есептеу приборларының үлгісінің бекітілуі стандарттау, метрология және сертификациялау жөніндегі өкілетті органның сертификатымен куәландырылады. Есептеу приборларының бекітілген үлгісі өлшемдер бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізбесіне енгізіледі. Ішінара әкелінген есептеу приборлары мемлекеттік метрологиялық қызметте аттестациялауға жатады. Бекітілген үлгідегі есептеу приборларына өкілетті органның белгісі жазылады.
Тармақ 1.4
1.4. Үлгіні белгілеу немесе метрологиялық аттестациялау мақсаты үшін сынақтан өтпеген есептеу приборларын айналымға шығаруға, өткізуге және пайдалануға тыйым салынады.
Тармақ 1.5
1.5. Есептейтін приборларды шығаруды, тексеруді, орнатуды және жөндеуді осы қызмет түрлері үшін өкілетті мемлекеттік орган берген лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүргізе алады.
Тармақ 1.6
1.6. Коммуналдық қызметтерді есептейтін приборлар оларды пайдалану немесе жөндеу кезінде тексеруге жатады. Өз уақытында тексерістен өтпеген есептеу приборларын қолдануға рұқсат етілмейді.
Тармақ 1.7
1.7. Тексеріс тәртібі мен мерзімін метрология және сертификациялау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Тармақ 1.8
1.8. Коммуналдық қызметтерді есептейтін жеке және коммерциялық приборларды тексеруді мемлекеттік метрологиялық қызмет, тіркелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері сондай-ақ стандарттау, метрология және сертификациялау жөніндегі өкілетті орган сенімді өкілдері ретінде аттестацияланған жеке тұлғалар белгіленген тәртіппен жүргізеді.
Тармақ 1.9
1.9. Белгіленген үлгідегі есептеу приборларды тексеру мерзімі оның техникалық паспортында көрсетіледі.
Тармақ 1.10
1.10. Тексерудің оң нәтижелері есептеу приборларының пломбасына және пайдалану құжатындағы (паспортында) мемлекеттік тексерушінің қойған қолына басылған тексеру белгісімен куәландырады.
Тарау 2. 2. Коммуналдық қызметтерді есептейтін жеке және коммерциялық приборларды тексеру, орнату және орнынан алу тәртібі мен шарттары
2. Коммуналдық қызметтерді есептейтін жеке және коммерциялық приборларды тексеру, орнату және орнынан алу тәртібі мен шарттары
Тармақ 2.1
2.1. Есептеу приборларын орнату мен алуды техникалық талаптарға сәйкес осы қызмет түрлері үшін өкілетті мемлекеттік орган берген лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүргізеді.
Тармақ 2.2
2.2. Тұтынушы 1.3.тармақ талаптарына сай келетін коммуналдық қызметтерді есептейтін приборларды жеке алуға құқылы.
Тармақ 2.3
2.3. Орнатылған есептеу приборын оны орнатқан ұйым немесе орнатылған сәттен бастап 3 күннің бойында коммуналдық қызметті көрсетушінің өкілі пломбалайды.
Тармақ 2.4
2.4. Есептеу приборларын орнату мен алу тиісті акті жасау арқылы айғақталады (үш дана): - орнату мен алуды жүргізген ұйымды есептеу приборларын пайдалануға жіберу; - коммуналдық қызметті көрсетушінің пломбалауы және пломба мен есептеу приборлары көрсетілімін алуы.
Тармақ 2.5
2.5. Пломбаны қою мен акті жасағандығы үшін төлем алынбайды.
Тармақ 2.6
2.6. Есептеу приборларын орнату мен алуды жүргізген ұйым (адам) 3 күн мерзімінде тұтынушыға есептеу приборларының орнатылғандығы/алынғандығы туралы коммуналдық қызметті көрсетушінің абоненттік бөліміне мәлімет тапсыруға міндетті.
Тармақ 2.7
2.7. Коммуналдық қызметті көрсетушінің келесі 3 күннің бойында тұтынушыда есептеу приборының бар екендігі немесе алынғандығы туралы мәліметтер ақпараттық есептеу орталығына оларды есепшот-хабарламаға енгізу үшін тапсырады.
Тармақ 2.8
2.8. Коммуналдық қызметтер құнын есептеу: - есептеу приборларын 1 м 3 үшін өкілетті орган белгілеген баға бойынша есептеу приборларын көрсетілімін ескере отырып орнату кезінде; - есептеу приборларын 1 м 3 үшін өкілетті орган белгілеген баға бойынша соңғы 3 айдағы есептеу приборларының көрсетілімін ескере отырып алу кезінде жүргізіледі. Есептеу мерзімі 3 айдан аспауға тиіс.
Тармақ 2.9
2.9. Жөндеу мен тексеру үшін есептеу приборларын орнынан алу мерзімі тұтынушы тарапынан 3 айдан аспауы тиіс.
Тармақ 2.10
2.10. Тексеру ұзатылған жағдайда жеткізуші тұтынушыға есептеу приборын тексеру қажеттігі туралы хабарлауға құқылы.Жеткізушінің хабарламасы осы Тәртіптің қосымшасына сәйкес, белгіленген үлгіде болуы керек және тұтынушының отбасының кәмелетке толған мүшесіне табыс етіледі. Хабарлама бойынша тұтынушы шара қолданбаған жағдайда жеткізуші тұтынушы хабар алған күннен бастап екі айдан кейін тұтынылған коммуналдық қызмет (тауар) үшін өкілетті орган белгіленген 1 адамға шаққандағы баға бойынша есептеме жүргізуге құқылы.
Тармақ 2.11
2.11. Есептеу приборларын тексеру, орнату және орнынан алу, жөндеу бойынша қызметтер үшін төлем қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленген баға бойынша жүргізіледі.
Тармақ 2.12
2.12. Тауар нарығында басым жағдайға ие ұйымдар нарық субъектілерінің қызметтерге монополиялық жоғарғы баға қоюына немесе олардың баға бойынша ымырасына жол бермеу мақсатында өкілетті орган бағаны мемлекеттік реттеуді енгізуге құқылы.
Тармақ 2.13
2.13. Тұтынушылар көрсетілімді алу үшін есептеу приборына жеткізуші өкілінің еркін келуін қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 2.14
2.14. Тұтынушыда есептеу приборларын қосу сұлбасының өзгерісі, оның зақымдалуы пломбаның жұлынуы, есептеу приборы көрсетілімінің бұзу мақсатында икемделгіштер қою және өзге бұзушылықтар анықталған жағдайды тұтынушы заңнамада көзделген жауапкершілікті көтереді. Қызметті пайдаланғандығы үшін бұл жағдайды қайта есептеу соңғы тексеріс сәтінен бастап немесе бүкіл өткен талап мерзімінің бойында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 2.15
2.15. Есептеу приборларын тексеру, орнату және орнынан алу, жөндеу бойынша қызмет көрсететін жеткізушілер мен ұйымдар өкілдері тұрғын және тұрғын емес ғимараттарға барған кезінде қызмет куәліктерін алып жүруге және көрсетуге міндетті. Алматы қаласында коммуналдық қызметтерді есептейтін жеке және коммерциялық приборларды тексеру, орнату және орнынан алу тәртібіне қосымша ХАБАРЛАМА Аз.______________________________________________, Алматы қаласы, ______________________ көшесі (ықшамауданы), N _____үй ______пәтер тұрғыны, осы хабарлама бойынша сіздің үйіңізде орнатылған суық және ыстық суды, жылуды (керегінің асты сызылсын) есептеу құралы 20 ____ жылдың "__"»_________ айында орнатылған. Қызмет ету мерзімінің өтіп кетуіне байланысты есептеу құралын тексеруден өткізу қажет. Тексеруді осы хабарламаны алған күннен бастап екі ай ішінде өткізу қажет, тексеру өткізілмеген жағдайда ІІІ сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 16 қыркүйектегі ХХVІІ-ші сессиясының шешімімен бекітілген "Алматы қаласында коммуналдық қызметтерді есептейтін жеке және коммерциялық приборларды тексеру, орнату және орнынан алу Тәртібінің" 2.10 тармағына сәйкес (құқықтық-нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеудің тізбесінде 2003 жылғы 17 қазанында N 559 рет санымен тіркелген, 2003 жылғы 25 қазанда "Алматы Ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған, енгізілген өзгерістер мен толықырулар 200__ жылғы "___" _________ N___ рет санымен тіркелген, "Алматы Ақшамы" газетінің 200__ жылғы "___" __________ және "Вечерний Алматы" газетінің 200__ жылғы "___" ______ сандарында жарияланған) тұтынылған коммуналдық қызмет (тауар) үшін өкілетті орган белгілеген 1 адамға шаққандағы баға бойынша жүргізу құқығымызды пайдаланамыз. Есептеу құралдарын орнату мен мен алуды техникалық талаптарға сәйкес осы қызмет түрлері үшін өкілетті мемлекеттік орган берген лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүргізеді. Хабарламаны алдым ____________________________, (А.Ж.Ф) "___" _________ 20 __ жыл ___________________ (қолы) Жеткізушінің реквизиттары