Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Управление цифровизации города Шымкент» Қолданыста
Басқа 0
«Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына және 39-бабына, «Құқықтық актілер туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы»
коммуналдық
мемлекеттік мекемесі туралы ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы»
коммуналдық
мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды атқарсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкiмiнің орынбасары М. Исаховқа жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі.
Басқа 5
Шымкент қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 1855 қаулысына қосымша
«Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Шымкент қаласының аумағында жергілікті атқарушы органының қызметінде пайдаланылатын цифрландыру, ақпараттандыру, байланыс және ақпараттық-коммуникациялар саласында басшылық ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың ведомствосы бар.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Басқармаға уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқада актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат шағын ауданы, Nursultan Nazarbaev даңғылы 10, индекс 160023.
Тармақ 10
10. Жұмыс режимі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес реттеледі.
Тармақ 11
11. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Басқарма кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқарма заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері:
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері:
Тармақ 13
13. Мақсаттары: цифрландыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
Басқарма қызметкерлері және Басқарма қарамағындағы ұйымдарға орындауға мiндеттi бұйрықтар шығаруға және тапсырмалар беруге;
Басқарманың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша үйлестiру мен бақылауды жүзеге асыруға;
қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі қажетті ақпаратты және материалдарды белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
өздерiне берiлген мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға;
Басқарма қарамағындағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзуге;
Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" Заңына сәйкес, ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетуге құқылы.
Тармақша 2
2) міндеттері:
Тармақша 1
1) экономиканың негізгі салаларына цифрлық технологияларды енгізу, цифрландыру жобаларын әзірлеу, енгізу жөніндегі жұмысты үйлестіру, бақылау және мониторинглеу;
Тармақша 2
2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік салаларындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) инвестициялар тарту жүйесін және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту үшін жағдай жасайды;
Тармақша 5
5) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құрады және дамытады;
Тармақша 6
6) платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлейді және орналастырады;
Тармақша 7
7) жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстарының толықтырылуын жүзеге асырады, олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасын есепке алуды және жаңартып отыруды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) өз интернет-ресурстарында мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жоспарлары мен нәтижелері туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты орналастырады;
Тармақша 10
10) техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын сақтауды қамтамасыз етеді және оларды «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторына оның сұрау салуы бойынша ұсынады;
Тармақша 11
11) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарына және ақпараттық жүйелеріне жеке және заңды тұлғалардың қоғамдық қол жеткізу пункттерін, оның ішінде осы қол жеткізуді ұйымдастыру үшін тұрғын емес үй-жайларды бөлу жолымен ұйымдастырады;
Тармақша 13
13) цифрлық сауаттылықты арттыру үшін жағдай жасайды;
Тармақша 14
14) ашық деректердің интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде ашық деректерді орналастырады;
Тармақша 15
15) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурстарды орналастырады, сондай-ақ олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 16
16) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алады;
Тармақша 17
17) операторға «электрондық үкімет» веб-порталын ақпараттық толықтырып отыру үшін қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды береді;
Тармақша 18
18) өз құзыреті шегінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жататын объектілерді айқындайды;
Тармақша 19
19) операторға деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік береді;
Тармақша 20
20) деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасына береді;
Тармақша 21
21) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 22
22) уәкілетті органмен және қызметін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жүзеге асыратын, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен және Қазақстан Республикасы әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер уәкілетті мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен бірге, үкіметтік және президенттік байланыс бөлімшелерінің желілерін қоспағанда, байланыс құрылысжайларының, байланыс жолдары мен басқа да инженерлік инфрақұрылым объектілері құрылысының жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 23
23) байланыс операторларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті шығыстарды өтей отырып, абоненттерге тегін қосуды ұсыну үшін байланыс операторларымен бірлесіп, әлеуметтік мәні бар объектілердің тізбесін айқындайды;
Тармақша 24
24) пошта операторларының өндірістік объектілері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрғын емес үй-жайлар бөледі, сондай-ақ пошта операторларының олардың аумағына өндірістік объектілерді орналастыруына жәрдемдеседі;
Тармақша 25
25) ұялы немесе спутниктік байланыс операторының өтініші бойынша, уәкілетті органмен келісу арқылы ұялы немесе спутниктік байланыс операторларының ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылыстарды және (немесе) тіреуіштерді салуы үшін электрмен жабдықтау жүргізілген орын ұсынады;
Тармақша 26
26) байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 27
27) облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігіне облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) даму жоспарына енгізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте байланыс қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру жөнінде ұсыныс енгізеді;
Тармақша 28
28) Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің және орталық мемлекеттік архивтердің жинақтау көздерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 29
29) субъектінің немесе оның заңды өкілінің дербес деректер мазмұнының және оларды өңдеу тәсілдерінің оларды өңдеу мақсаттарына сәйкестігі туралы жолданымдарын қарайды және тиісті шешімдер қабылдайды;
Тармақша 30
30) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 31
31) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының бұзылуына жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөніндегі шараларды қабылдайды;
Тармақша 32
32) меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан анық емес немесе заңсыз жолмен алынған дербес деректерді нақтылауды, бұғаттауды немесе жоюды талап етеді;
Тармақша 33
33) субъектілердің құқықтарын қорғауды жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 34
34) «ақылды» қала тұжырымдамасы шеңберінде бастамалар мен жобаларды іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 35
35) «ақылды» қала тұжырымдамасының бастамалары мен жобаларын іске асыру мәселелері бойынша қазақстандық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
Тармақша 36
36) цифрландыру, байланыс және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша қалалық, республикалық және халықаралық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
Тармақша 37
37) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Басқарманың бірінші басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Басқарманың бірінші басшысының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Басқарманың жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 2
2) Басқарманың атынан әрекет етеді;
Тармақша 3
3) сенімхаттар береді;
Тармақша 4
4) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 6
6) Басқарманың ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
Тармақша 7
7) Басқармада «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылды күшейтуге бағытталған шараларды қабылдайды және жемқорлыққа қарсы тұру жұмыстарының жай-күйіне жауапты болады;
Тармақша 10
10) Басқармаға қарамағындағы мекемелердің басшыларын тағайындайды және лауазымынан босатады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Басқарманың мүлкі
4-тарау. Басқарманың мүлкі
Тармақ 21
21. Басқарманың Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына және соттар актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының «Шымкент қаласының ситуациялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.