Об обязательных правилах безопасности граждан на водоемах области Қолданыста
Басқа 0
Ақтөбе облысының су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздігін сақтау жөніндегі Міндетті Ережелер туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы орғандары туралы» Заңының 40-шы және 41-ші баптарына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Облыс су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздігін сақтау жөніндегі Міндетті Ережелер» бекітілесін (жалғанды).
Тармақ 2
2. «Облыс су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздігін сақтау жөніндегі Міндетті Ережелері бұзғаны үшін айып мөлшері бекітілеін.
Тармақ 3
3. Облыстың барлық дәрежедегі өкімдері бір ай ішінде жұмыс жасап тұрған ережелерді, шешімдерді және басқа да су қоймалары мен су объектілерін реттейтін нормативттік актілерді бекітілген Ережелерге сәйкестендіріп олардың орындалуын қамтамасыз етеін.
Тармақ 4
4. «Облыс су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздігін сақтау жөніндегі Міндетті Ережелердің» бабын бұзған кінәлілерді облыстық судан құтқару қызметінің ұсынысы бойынша барлық дәрежедегі өкімдер жанындағы әкімшілік комиссиясы жауапқа тартатын болеын.
Тармақ 5
5. «Облыс су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігінің Міндетті Ережелерін» бұзғаны туралы хаттаманың үлгісі бекітілсін. (жалғанды)
Тармақ 6
6. Жергілікті әкімшіліктер Ережелерді бұзғаны үшін айыптан түскен қаржының 30 процентін облыстық судан құтқару қызметінің заттық-техникалық басшсын дамытуға жіберіп отырсын.
Басқа 7
Ақтөбе облыстық Мәслихатының
шешімімен БЕКІТІЛГЕН
1998 жылғы 19 маусым № 3
Ақтөбе облысының Су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздігін сақтау жөніндегі
МІНДЕТТІ ЕРЕЖЕЛЕР
Бөлім 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тармақ 1.1
1.1. Осы Тәртіп Ақтөбе облысының су қоймалары көпшілік демалысы, туризм және спорт мақсатында пайдалану ретін белгілейді.
Тармақ 1.2
1.2. Тәртіп меншіктің барлық түріндегі су қоймаларын пайдалланушы және йелік етушілердің суда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды.
Тармақ 1.3
1.3. Жергілікті атқарушы орғандар азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында суға шомылуға, қайықпен серуендеуге және көпшілік демалысының ,өзге түрлерін ұйымдастыруға тыйым салынатын орындарды айқындайды, сондай-ақ өздерінің аумақтық шекарасының шегінде орналасқан су қоймаларын жалпы пайдаланудың өзге де шарттарын белгілейді.
Тармақ 1.4
1.4 Құтқару күзеттерінсіз, даярлықтан өткен құтқарушы кадрларсыз және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқармасының суда құтқару қызметі облыстық ортылығының және мемлекетік санитарлық-эпидемиялогиялық қызмет орғаңдарының тиісті рұқсатынсыз су қоймалары жағасында жағажай, еңбек және демалыс лагерлерін, базаларын, су стансаларын және көпшілік демалатын өзге нысандар ашуға тыйым салынады
- жағажайларды, еңбек және демалыс лагерлерін, су стансаларын және басқа да көпшілік демалыс нысандарын койылатын талаптарды-орындамай тұрып ашқан жағдайда лауазымды тұлғалар 5 (бестен) 10 (онға) дейін және заңды тұлғалар 50 (елуден) 100 (жүзге) дейін ең төменгі есептік көрсеткіштер көлемінде айыппұл төлейді.
Тармақ 1.5
1.5 Меншіктің барлық түріндегі ұйымдар өздеріне бекітілген су қоймаларында адам өмірін қорғауды қамтамасыз ету, құтқару күзеттерін жабдықтап, күтімде ұстау ісіне жауап береді. Құтқарушыларды оқытуды олардың қаражаты есебінен Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің суда құтқару қызметі республикалық орталығының қызметкерлері жүргізеді.
Тармақ 1.6
1.6 Суда экскурсия, спорт жарыстарын мейрам өткізген кезде кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары суда азаматтар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапты адамдар бөлуге және құтқару күзеттерін қоюга міндетті.
Тармақ 1.7
1.7 Ведомстнолық және қоғамдық құтқару күзеттерінің жұмысына бақылау жасау осы күзеттер бағынатын ұйымдардың өкімшілігіне, сондай-ақ Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің суда құтқару қызметі республикалық орталығының аумақтық бөлімішелеріне жүктеледі.
Тармақ 1.8
1.8. Жағажайларда, су маңындағы көпшілік демалатын орындарда, жалға қайық беретін стансаларда және шағын кемелердің тұрақ базаларында, өткелдер мен айлақтарда аталған құралдар мен жүзу жабдықтарын пайдаланған кезде қауіпсіздік сақтаудың тәртібі ілінуі тйіс
- жағажайларда, су маңындағы көпшілік демалыс орындарында, жалға қайык, беру стансаларында және шағын кемелердің тұрақ базаларында, өткелдер мен кемежайларда аталған құрылыстар мен жүзу жабдықтарын пайдаланылатын кезде қауіпсіздік сақтаудың ережелерін бүзғаны үшін лауазымды тұлғалар 5 (беске) және занды тұлғалар 10 (оннан) 20 (жиырмаға) дейін ең төменгі есептік көрсеткіштер көлемінде айыппүл төлейді.
Тармақ 1.9
1.9. Меншіктің барлық түріндегі ұйымдардың басшылары халық демалатын орындарда топырақ алу, мұз ою, су қоймаларының түбін терендету жұмыстарын жүргізген кезде участкелерді қоршап қоюга, ал жұмыс аяқталғаннан кейін су табанын тегістеуге міндетті.
Тармақ 1.10
1.10. Суға түсу маусымының ұзақтығы, су спорты және құтқару стансаларының, жағажайлардың, жүзу әулеттерінің жұмыс сағаты жергілікті атқару орғанымен және осы нысандар бағынатын ұйымдар басшыларымен келісе отырып белгіленеді.
Тармақ 1.11
1.11. Су қоймалары бетінде дербес құтқару жабдығынсыз балық аулауға, аңшылық құруға тыйым салынады.
- су қоймаларының бетінде дербес құтқару жабдығынсыз балық аулағаны және аңшылық құрғаны үшін азаматтарға 5 (беске) дейін ең төменгі есептік көрсеткіштер көлемінде айыппұл салынады.
Бөлім 2. 2. Жағажайларды жүзу әуіттерін және су жағасынада көпшілік демалатын орындарды пайдаланған кездегі қауіпсіздік шаралары
2. Жағажайларды жүзу әуіттерін және су жағасынада көпшілік демалатын орындарды пайдаланған кездегі қауіпсіздік шаралары
Тармақ 2.1
2.1. Жағажайларға және су жағасында көпшілік демалуы үшін бөлінген орындарға қойылатын талап:
- суға шомылатын орынның және оған тақау төңіректің жағалау аумағы «Елді мекендер аумағын күтіп ұстаудың санитарлық ережесіне» және «Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын өткізетін орындарды құрып, күтіп ұстаудың санитарлық ережесіне» сәйкес келуі керек;
- су қоймасының түбі тығыз, жағадан бастап бірте-бірте еңіс тарта беретін болуы, 1,75 м тереңдікке дейін және жағадан бастап есептегенде ең кемі 15 м белдеуде құламасыз, жарғабақсыз болып келуі, шырмауықты су өсіпдіктерін, ағаш түбіртегі, таскесек, шыны, шьны құты және өзге заттардан таза болуы тиіс (теңіз бен өзеннің суға шомылатын айдын беті бір ересек адамға 5 шаршы м, балаға 4м, ал тұйық суда 10-нан 15 шаршы метрге дейін келуі керек);
- жағажайлар мен көпшілілік демалатын орындар жергілікті атқару орғандары белгіленген қашықтықта, бірақ ақаба сулар құйылатын тұстан кемі 500 м жоғары және порт ғимараттарынан, пирстерден, тоқтайтын жерлерден, паром өткелдерінен және мұнай өнімдері сақталатын орындардан кемі 1000 м төмен орналасуы керек.
Жағажайға құлдайтын жер жайпақ болуы тиіс;
- су нысанының шомылуға бөлінген бөлігінде төмен температуралы жер асты су көздері, су үйрімдері мен шұңқырлар болмауы керек, бұл тұстардағы ағынның жылдамдығы секундына 0,5 м-ден аспауы тиіс, ағын жылдамдығы жоғары жерлерге оны бәсеңсітетін қосымша құралдар қондырылуы керек;
- су қомасындағы судың саласы мәдени-тұрмыстық су пайдалану пунктерінің су нысандарындағы судың құрамы мен айырым қасиетіне қойылатын гигиеналық талаптарға сай болуы керек.
Тармақ 2.2
2.2. Суға шомылатын орынның 1,2-1,3 м тереңдігінде су өлшейтін шыбық шаншылады.
Суға шомылатын орынның жүзу шекаралары бір-бірінен 25-30 м қашықтықта және тереңдігі 1,3 м болатын тұстан әрі 25 метрге дейінгі жерде орналасатын сарғылтым тұсті белгілермен белгіленеді. Жүзу шекарасы кеме жолына енбеуі тиіс.
Тармақ 2.3
2.3. Әр жағажайдағы суға шомылатын орында жүзе алмайтындар шомылуға арналған балаларды жүзуге үйрету үшін терендегі 1,2 м аспайтын айдын бет учаскелері жасалады. Аталған учаскелер темір арқанға бекітілген желісімен бөлінеді немесе арнаулы қашамен қоршалады.
Тармақ 2.4
2.4. Суға түсу тыйым салынған, соның ішінде бактериялық немесе химиялық залалдануға ұшыраған жерлерге «Суға түсуге тыйым салынады» деп жазылған бегілер орнатылады -
- суға түсуге тыйым салынған, соның ішінде бактериялық немесе химиялық залалдануға ұшыраган жерлерде «Суға түсуге тыйым салынады» деп жазылған белгілер орнатылмаса азаматтарға 5 (беске лауазымды және заңды тұлталарға 10 (оннан) 20 (жиырмаға) дейін ең төменгі есептік көрсеткіштер көлемінде айыппұл салынады.
Тармақ 2.5
2.5. Жағажайлар мен су маңындағы демалыс орындарына радио жүргізілуі оларда мүмкіндікке қарай телефон, радио байланысы болуы керек.
Тармақ 2.6
2.6. Су маңындағы көпшілік демалатын орындарында спиртті ішімдіктер сатуға қатаң тыйым салынады
- су маңындағы көпшілік демалыс орындарында спиртті ішімдіктер сатқаны үшін азаматтарға 5 (беске), лауазымды және заңды тұлғаларға 10 (оннан) 20 (жиырмаға) дейін ең төменгі есептік көрсеткіштер көлемінде айыппұл салынып, спирттік ішімдіктері тәркіленеді.
Тармақ 2.7
2.7. Жағада, ұйымдасқан шомылу орындарында, әр 50 м сайын судан 5 м аспайтын жерлерде құтқарғыш шеңберлер мен өзге құтқару құралдары іліген қалқандар қойылады Шеңберлерде «Суға кеткенге лақтыр» деген жазу (шеңбердің бір бетінде) және жағажайдың аты (шеңбердің екінші бетінде жазылыу керек.
Тармақ 2.8
2.8. Жағажайларда және су маңындағы көпшілік демалатын орындарда міндеті түрде алғақы жедел дәрігерлік жәрдем көрсету үшін кезекші қызметкерлері бар үй-жай жабдықталады. Алғашқы дәрігерлік жәрдем пункті суда апатқа ұшырап, жарақат алғандарға жәрдем көрсетуде қажет құралдармен, дәрі дармекпен қамтамасыз етілуі тиіс.
Тармақ 2.9
2.9. Көпшілік. суға түсетін орындарда, жағажайларда, демалыс базалары мен жүзу әуіттерінде судағы қайғылы оқиғалардың алдын алуға. бағытталған материалдары бар стендтер көрнекі жерлерге жабдықталып қойылады.
Қалқына дабыл (буй), стенді және белгілерді уақытылы орнату жауапкершілігі су қоймаларының иелеріне жүктеледі және солардың қаржысына орнатылады.
Тармақ 2.10
2.10. Әр жағажайда ол жұмыс істеп тұрған уақытта тәртіп қадағалайтын жағажай әкімшілігінің өкілі болуы керек. 12 жасқа дейінгі балалар жағажайға тек ересектермен бірге және олардың қадағалауымен жіберіледі.
Тармақ 2.11
2.11. Суға түсетін орындарда және ағыстан 500 м жоғары тұстарда кір жууға, аң-құс шомылдыруға тыйым салынады.
Тармақ 2.12
2.12. Суға түсушілерге:
• белгінің және қоршаудың сыртына жүзіп шығып кетуге;
• моторлы, желкенді және өздігінен жүрмейтін кемелерге, ескекті қайықтарға, баржаларға, салдарға және басқа да жүзу құралдарына жақындап жузуге;
• суға секіруге және суға мас күйінде түсуге;
•
тақтаймен, бөренемен, автомашина доңғалағының резенкесімен, доппен
және т.б. жүзуге;
• суға сүңгіп, суға түсушілерді тартып әкететін ойын ойнауға;
• жағажайға ит және басқа да жануарларды әкелуге;
• су қоймаларын ластауға және қоқыстар тастауға;
• жағада қағаз, банкі, әйнек және басқа да қоқыстар қалдырып кетуге қатаң тыйым салынады -
• қойылатын талаптарды орындамағаны үшін азаматтарға 5 (беске) дейін ең төменгі есептік көрсеткіштер көлемінде айыппұл салынады.
Тармақ 2.13
2.13. Жүзу сабақтары арнайы бөлінген орындарда ғана өткізілуі тиіс. Суда адам қауіпсіздігін ұйымдастыруға сабақ не жаттығу өткізуші оқытушы (нұсқаушы, бапкер, тәрбиеші) жауап береді.
Тармақ 2.14
2.14. Топтан жүзуге үйретуде бір уақытта үйретуішлердің саны 10 адамнан аспауы керек. Үйренушілер тобына, оқытушыдан басқа, кезекші құтқарушы мен медицина қызметкері үнемі бақылау жасауы тиіс.
Тармақ 2.15
2.15. Судағы спорт түрлерімен шуғылданушылардың баршасы құтқару әдістеріне жеке зардап шегушілерге дәрігерге дейінгі алғашқы жәрдем көрсетуге үйретілген болуы жө.н
Тармақ 2.16
2.16. БиіктІгі 3 м және одан да жоғары суға секіретін мунаралар алаңшасына шығу нұсқаушы (бапкер) рұқсатымен және олардың көзінше жүргізіледі.
Тармақ 2.17
2.17 Жыл сайын, суға түсу маусымы алдында, одан соң айына кемі бір рет шомылуға арналған су айдынының табанын сүңгірушілер тексеріп. шығып, болса көлденең заттардан тазартылу керек. Су табаны тексеру және тазарту жұмыстарын ұйымдастыру жағажай иегері немесе су қоймасы бекітілген кәсіпорындар мен ұйымдардың міңдетіне кіреді.
Су айдынын тексеру және тазарту жұмысын- суңгірушілер төтенше жағдайлар жөніндегі мелекеттік комитеттің Суда құтқару орталығы суда құтқару қызметінің облыстық (қалалық) бөлімшелерімен жасасқан келісімшарттарға сейкес жүргізеді.
Жұмыс аяқталғаннан. кейін тапсырыс берушіге жатажай төлқұжаты табыс етіледі.
Тиісті дәрежеде ресімделген құжаттары жоқ жағажай тексерілмеген, адам, өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті деп есептеледі, ал оларды пайдалануға жол берілмейді
-тиісті дәрежеде ресімдеген құжаттары жоқ жағажай тексерілмеген, адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті деп есептеледі, ал оларды пайдалануға жол берілмейді - қойылатын талаптарды орындамағаны үшін лауазымды тұлғаларға 5 (бестен) 10 (онға) дейін және занды тұлғаларға 50 (елуден) 100 (жүзге) дейін ең төменгі есептік көрсеткіштер көлемінде айыппұл салынада.
Бөлім 3. 3. Суда балалар кауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары
3. Суда балалар кауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары
Тармақ 3.1
3.1. Суда балалар қауіпсіздігін сақтауды жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді және оған мынадай алдын- алу-түсінік шаралар кешенін өткізу арқылы қол жеткізіледі:
• суға түсетін жерлерді дұрыс тандау;
• балаларда жүзуге үйрететін су айдыны учаскелері мен жағажайларды жабдықтау;
• ведомстволық күзет орындары мен медициналық пункттер ашу;
• балаларды жүзуге үйрететін сабақтар ұйымдастыру; суда өзін-өзі ұстау және су нысандарын пайдалапу барысында сақтық шараларын сақтау
тәртібі туралы жүйелі түсінік жұмысын жүргізу.
Тармақ 3.2
3.2. Мектеп лагері, балалар мекемесі жағажайларында суға түсетін жерлерде жасқа дейінгі балаларды суға түсіріп, жүзуге үйрету үшін тереңдігі 0,7 м аспайтын, сондай-ақ 9-11 жастағы және жүзе білмейтін ересек балаларға арнап 1,2 м-ден терең емес су учаскелері жасалуы керек.
9 жасқа дейінгі балалардың шомылуына арналған учаскелер су бейне шығып тұратын биіктіггі кемі 80 см келетін қоршаумен қоршалады, ал ересек балалар үшін темір арқанға бекітілген қалтқы желімен тартылып тасталады. Тереңдігі 2 м дейін баратын жасы 12-ден асқан, жақсы жүзе білетін балаларға рұқсат етіледі. Бұл тереңдіктер бір-бірнен 20-30 м қашықтықта орналасқан белгілермен қоршалады.
Тармақ 3.3
3.3. Мектеп лагерінің балалар мекемесінің жағажайы белгіленген санитарлык, талаптарға жауап беріп, абаттандырылып, жаға жағынан шарбақ қашамен қоршалып, көлеңкелі қалқалармен жабдықталуы керек.
Тармақ 3.4
3.4. Балалар жағажайын ашуға оны жергілікгі әкімшілік, Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті Суда құтқару орталығының суда құтқару қызметі өкілдерінің қатысуымен құратын арнаулы комиссияның тексеруінен соң ғана рұқсат беріледі. Тексеру жөніндегі арнаулы акт жасалады балалар жағажайын арнайы актісіз ашқаны үшін лауазымды тұлғаларға - 5 (бестен) 10 (онға) дейін және заңды тұлғаларға – 50 (елуден) 100 (жүзеге) жүзеге дейін ең төменгі есептік көрсеткіштерге дейін айыппұл салынады.
Тармақ 3.5
3.5. Суға шомылу кезіндегі балалар қауіпсіздігінің жауапкершілігі жүзу жөніндегі нұсқаушыға жүктеледі.
Тармақ 3.6
3.6. Балаларға шомылуға 10 адамнан аспайтын топпен бірге, жүзе алатын ересектердің қадағалауымен 10 минөтке рұқсат беріледі.
Тармақ 3.7
3.7. Жүзе білмейтін балалар суға жүзе білетін балалардан бөлек түсуі керек. Мұндай балалардың шомылуын балалар лагерінің не мекемесінің жетекшісі ұйымдастырып, бақылау жасайды.
Тармақ 3.8
3.8. Шомылу медицина қызметкерінің және жүзе білетін, суда апатқа ұшырағандарға жәрдем көрсете алатын адамдардың бақылаумен ұйымдастырылады. Шомылуға әдістемелік басшылықты жүзу нұсқаушысы жасайды.
Тармақ 3.9
3.9. Сабақ жүргізу ыңғайлы болуы үшін жағалаудың суға еніп жатқан тұсынан қоршалып алаң жасалады.
Тармақ 3.10
3.10. Балалар суға тусіп жатқанда бүкіл жағажай аумағында бөгде адамдардың жүруіне, шомылуына және қайықпен. катермен серуендеуге, ойын, спорт шараларын өткізуге тыйым салынады.
Тармақ 3.11
3.11 Жорық, серуен және экскурсия кездерінде балалардың шомылуы үшін түбі жайпақ, діңгек, түбіртек, қырлы тас, балдар мен тұнбадан таза тайыз тұстар тандап алынады. Ондай жерлерді сүңги білетін, құтқару және алғашқы жәрдем көрсету әдістеріне ие ересектер тауып, тексеруден өткізеді.
Шомылу аймағының шекарасы белгі, сайғақ, сырықпен және өзге де бейімделген нәрселермен белгіленіп қойылады.
Шомылу ересектердің бақылаумен барша сақтық шараларын сақтай отырып жүргізіледі.
Тармақ 3.12
3.12 Қайықпен, катермен серуендеу тек ересектердің басшылығымен өтеді. Катер және моторлы қайықтарды жүргізуге жүзбелі құралдарды дербес басқараруға берілген арнайы құқы бар адамдар ғана жіберіледі - қойылатын талаптарды бұзған азаматтарға 5 (бес) ең төменгі есептік көрсеткіштер көлемінде айыппұл салынады.
Тармақ 3.13
3.13 - катерге, қайыққа белгіленген нормадан артық жүк алуға;
- ересектердің еріп жүруінсіз 16-жасқа дейінгі балаларды серуендетуге;
- 7 жасқа толмаған балаларды серуендітуте;
- қайықта суға секіруге, онда тұрып шомылуға;
- катер, қайық жүріп келе жатқанда жиегіне отыруға, орын ауыстыруға, өзге катер, қайыққа ауысып отыруға болмайды.
Катерлер мен қайықтар ақаусыз болуы керек, құтқару құралдарының толық жабдығы, өзге жабдықтар мен мүкәммалдар болуы тиіс
- аталған талаптарды орындамағаны үшін азаматтарға 5 (беске) лауазымды тұлғаларға 5 (бестен) 10 (онға) дейін ең төменгі есептік көрсеткіштер көлемінде айыппұл салынады.
Тармақ 3.14
3.14. Қараңғы түсісімен жағажай әкімшілігі жағалауды сүзіп шығу үшін патруль (кезекші, жауапты адам) бөлуге міндетті.
Бөлім 4. 4. Су өткелдерін пайдалануда қолданылатын қауіпсіздік шаралары
4. Су өткелдерін пайдалануда қолданылатын қауіпсіздік шаралары
Тармақ 4.1
4.1. Су өткелдерін жасауға рұқсатты жергілікті әкімшілік береді, ол өткелдің жұмыс ретін, сондай-ақ уақыты мен сағатын белгілейді.
Тармақ 4.2
4.2. Өткел аялы, паром және тасымал катері құтқару құралдарымен жабдықталуы керек. Күннің қараңғы мезгілдеріне оларда белгі оттар жағылуы тиіс-
- жарық беру ережесін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар - 5 (бестен), 10 (онға) дейін және заңды тұлғалар - 10 (оннан) 20 (жиырмаға) дейін ең төменгі есептік көрсеткіштер көлемінде айыппұл тартады.
Тармақ 4.3
4.3. Өткелдің әр аялында суға батқандарға алғашқы жәрдем көрсете алатын, кезекші және құтқару мүкәммалы (құтқарушы шеңбер, құтқарушы жіп ұшы, сырық) бар құтқарушы шлюпка (қайық) тұруы тиіс -
- қойылатын талаптарды орындамағаны үшін лауазымды тұлғалар 5 (бестен) 10 (онға) дейін және занды тұлғалар 10 (оннан) 20 (жиырмаға) дейін ең төменгІ есептік көрсеткіштер көлемінде айыппұл тартады.
Тармақ 4.4
4.4. Өткел аялына мықты ернеу жүргізіледі. Оған түсетін жер жайпақ болуы керек.
Тармақ 4.5
4.5. Аялға жолаушылар мен машиналарды кіргізіп, шығарып тұруды өткел әкімшілігі жүргізеді.
Тармақ 4.6
4.6. Өткел аялдарында (өзеннің екі бетінде) көрнекі жерлерге бекеттің кімге тиесілілігі, жауапты адамы, өткелін, жұмыс уақыты мен реті туралы ақпарат жазылған нұсқамалар ілінеді -
- белгіленген ережелерді орындамағаны үшін лауызымды тұлғалар – 5 (бестен) 10 (онға) дейін ең төменгі есептік көрсеткіштер көлемінде айыппұл төлейді.
Тармақ 4.7
4.7. - Паромдарға, моторлы және ескекті қайықтарға жақындап жүзуге;
• аялдан, паром, катер, шлюпка, қайықтардан суға қарғуға;
• паром, катер, шлюпка, қайықтарға артық жүк тиеуге;
• мас күйде жүзбелі құралдарды жүргізуге;
• катер мен қайықта жүріп-тұру тәртібін бұзуға;
• паром мен тасымал катері жүріп келе жатқанда жолаушыларды ауыстырып-қағыстыруға; -
• құтқару құралдары жоқ жолаушыларды тасымалдауға. тыйым салынады
- қойылатын талаптарды орындамағаны үшін азаматтарға - 5 (беске), лауазымды тұлғаларға - 5 (бестен) 10 (онға) және занды тұлғаларға
- 10 (онға) 20 (жиырмаға) дейін ең төменгі есептік көрсеткіштер көлемінде айыппұл салынады.
Бөлім 5. 5. Мұз өткелдерін пайдалануда қолданылатын қауіпсіздік шаралары
5. Мұз өткелдерін пайдалануда қолданылатын қауіпсіздік шаралары
Тармақ 5.1
5.1. Қыс басында, қыс аяғында мұз өткелдерін ашу және жабу уақытын, сондай-ақ оның тәуліктік жұмыс кестесін жерглікті әкімшілік өз өкілдері, өткелге жауапты ұйымның, ауа райы қызметінін, ішкі істер орғандары, суда құтқару қызметтерінің және өзге де ынталы ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен тагайындайтын арнаулы комиссия белгілейді.
Тармақ 5.2
5.2. Өзен, су қоймалары үстімен адам және жүк тасымалдаумен айналысатын ұйымдар мұз ұстасқаннан кейін мұз үстінде жаяу соқпақ, авто және арба көлігі егетін жол салады, қажетті құтқару жабдығы мен мүкәммалы бар ведомстволық құтқару күзеттерін құрады -
- қойылатын талаптарды орындамағаны үшін лаузымдыды адамдарға – 10 (оннан) 20 (жиырмаға) дейін және занды тұлғаларға - 50 (елуден) 100 (жүзге) дейін ең төменгі есептік көрсеткіштер көлемінде айыппұл салынады.
Тармақ 5.3
5.3 Өткел үшін бөлінген орындар мына шарттарға сай болуы қерек:
• өткелдің кірме жолдары мен еңістер абаттандырылуы тиіс;
• өткелдің екі бетінде, оның ұзына бойынан есептегенде 20 м жерде мұзарт шоғырланын қалауына және су деңгейінің кенет орта түсіп, не көбейіп кетуіне жол берілмейді;
• өткел бойының мұзы басынан аяғына дейін шыңылтыр қатты, өрі қалындағы біркелкі болуы тиіс;
• өткел ауданында (одан оң және сол жаққа 100 м дейінгі жерде) жер асты жылы суы және қайнар су көзі (басту, бұлақ), сондай-ақ ойық, жылым кездеспеуі керек;
• авто және арба көлігі өтетін даңғылдағы қозғалыс тек біржақты: болады, қарсы қозгалыс үшін алдыңғы жолға қаз-қатар, одан 40-50 м аралықта дербес жол салынады.
Тармақ 5.4
5.4 Өткелдерде кәсіптік мақсатта балық аулау үшін ау салуға, балық аулайтын ойық оюға, тексерілмеген және күзетілмейтін тұстардан өтуге қатаң тыйым салынады -
- өткелдерде ережелерді орындамағаны үшін азаматтар және лаузымды тұлғалар 5 (беске) дейін ең, төменгі көрсеткіштер көлемінде айыппұл тартады.
Тармақ 5.5
5.5 Көлік қозғалысының тәртібін, жүк және жолаушы тасымалы нормасын ауа райы қызметінің мұз ұстасу хақындағы болжамдарын, мұз көтеретін салмақтың жоғары шегінің кестелерін ескере отырып өткел әкімшілігі белгілейді.
Тармақ 5.6
5.6 Өткелдің жабдықталуы және күтімі:
• өткелге лайықталған тұстың шекарасы бір-бірінен 25-30 метр қашықтықта орналасқан сайғақтармен белгіленеді. Сайғақтарға қызыл жалау, жәлем немесе шөп шудасы ілінеді;'
• өткелде қауіпсіздікті сақтау мақсатында құрамында мұз үстіндегі апат жағдайында көмек көрсетуге қабілетті теңізші-құтқарушылар бар ведомстволық құтқару күзеті қойылады;
• өткелде тәулік бойы кезекшілер болуы керек;
• өткел аузына өткелден өту құқы бар көлік түрлері, рұқсат етілетін ең жоғары салмақ, қозғалыс интервалдары және жылдамдығы, мұзда өзін-өзі ұстау тәртібі, сондай-ақ басын озуға, көліктің аялдауына тыйым салатын белгілер туралы ақпарат жазылған арнаулы қалқан қойылады;
• өткелдің кірме жолының бойы және өткелдердің өзі жақсы жарықтандырылуы керек;
• қозғалыс үшін қауіпті орындарда, әсіресе елді мекендар маңында, ойық, жылым, т.б. тұсында ең көрнекі жерлерге «Мұз үстімен өтуге рұқсат» және «Мұз үстімен өтуге тыйым салынады» деп жазылған ескерпе белгілер қойылады;
• су қоймасының өткелге түсер ауызының екі бетіне құтқару шеңберлері, арқан, құтқару- сатылары мен тақтайлары ілінген қалқандар қойылады.
Оның әрқайсына «Суға батқан адамға жекіз» деп жазылады. Қалқанның жанында мұз ойылып кеткен жағдайда жәрдем көрсету үшін ұзындығы 5-6 метр және диаметрі 10-12 см бөрене жатуы керек;
• күн сайын таңертең және кешкілік, ал жылымық күндері күндізгі уакытта мұздың қалыңдығы өлшеніп, оның бүкіл жол бойындағы, әсіресе ағыны қатты, терең тұстардағы құрылымы аныңталады;
• мұз еріп, салмақтан ойылып кетпеуі үшін мұз жолының көлік өтетін тұсы жүйелі түрде қардан тазартылып, ал кірме жолға. дүркін-дүркін құм, қиыршық тас төселіп отырады -
- өткелдерді жасақтау ұстау ережелері орындалмаған жағдайда лауазымды тұлғалардан - 30 (ошак) 20 (жиырмаға дейін және заңды тұлғалардан - 50 (елуден) 100 (жүзге) дейін ең төменгі есептік көрсеткіштер көлемінде айыппұл алынады.
Тармақ 5.7
5.7. Көктем кезінде немесе күн өте жылып кеткенде ауыр жүктерді су жолы-арқылы түнгі, таңертеңгі аязда тасымалдау керек. Өткел арқылы өтетін жүк көлемін екі есе азайту ұсынылады.
Өткел арқылы өткізу мұз бетінде қызыл су жүре бастағанан кейін 4-5 күннен соң тоқтатылады. Мұз беріктігін күшейтуде сабан, шөп, қурай сияқты заттарды пайдалануға болмайды.
Мұз өткелі уақытша немесе біржола жабылған жағдайда көрнекі жерге мұз үстіне шығуға тыйым салатын белгілер орнатылады.
Бөлім 6. 6. Сырғанақ және ойын алаңдарын жасау
6. Сырғанақ және ойын алаңдарын жасау
Тармақ 6.1
6.1. Мұз үстінде сырғанақ және ойын алаңдарын жасаған кезде тереңдігі 100-120-см-деп аспайтын тұстар тандап алынады. Сырғанақ (ойын алаңы) ауданындағы мұздың қалыңдығы 25 см-ден кем болмауы керек.
Тармақ 6.2
6.2. Сырғанақ аумағы сайғақпен қоршалады Сырғанақ маңына құтқару құралдары (арқан, тақтай, саты, т.б.) ілінген қалқан орнатылады.
Тармақ 6.3
6.3. Сырғанақта тұрақты кезекшілік ұйымдастырылады.
Тармақ 6.4
6.4. Сырғанақ және ойын-аландарын:
• өнеркәсіптік кәсіпорындардың ақаба суы құйылатын тұс маңында; :
• ағысы қатты жерлерде;
• суға қатып қалған заттары бар, қамыс, құрақ, т.б. өскен учаскелерде;
• мұз астынан балық аулайтын, мұзы ойылатын учаскелерде;
• жылым, бұлақ, бастау маңында;
• көпір астында, бұрылыстарда және қылта жерлерде жасауға тыйым салынады.
Бөлім 7. 7. Мұзда қауіпсіздік сақтаудың жалпы шаралары
7. Мұзда қауіпсіздік сақтаудың жалпы шаралары
Тармақ 7.1
7.1. Қатқан суларды арнаулы мұз өткелдері (жаяуларға және авто, арба көлікке арналған) жасалған тұстарда ғана қиын өтуге рұқсат етіледі.
Мұндай өткел жоқ жерден өткенде алдымен ол жердегі мұздың беріктігіне көз жеткізіп алу керек. Мұздың беріктігін ағаш келдікті сүійменмен ұрып байқау
ұсынылады: қатты ұстасқан мұз 2-3 соққыдан соң ғана ойыла бастайды.
МҰЗ БЕРІКІТІН АЯҚПЕН ҰРЫП БАЙҚАҒА ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Тармақ 7.2
7.2. Әлсіз мұз үстімен жүруге, мұзы шытынаған тұстарға жақындауға, жағадан жұқа мұз үстіне шаңғымен, шанамен, конькимен сырғанап түсуге болмайды.
Мұз жүріп жатқан кезде мұз сынықтарында сырғанауға немесе олар арқылы арғы бетке өтуге, сондай-ақ мұз бетіне ой-шұқыры беймәлім тұстардан, әсіресе жарғабақтан түсуге болмайды.
Тармақ 7.3
7.3. Өзенді (су қоймасын) мұз үстімен тынын салынған және қауіпті тұстардан. кесіп өтуге рұқсат етілмейді, ескертпе қалқандардың мұқият қарап отыру керек.
Қызыл су жүре мұз үстіне шығуға қатаң тыйым салынады.
Бөлім 8. 8. Жүзбе құралдарын жалға беретін стансаларын (пунктерін) құру, күту және пайдалану
8. Жүзбе құралдарын жалға беретін стансаларын (пунктерін) құру, күту және пайдалану
Тармақ 8.1
8.1. Жүзбе құралдарын жалға беретін стансаларды (пунктерді) құруға және пайдалануға беруте Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің Суда құтқару орталығымен, мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарымен алдынала келісе отырып жергілікті әкімшілік рұқсат етеді
жалға беру стансаларын арнайы рұқсатсыз салғаны және пайдалануға бергені үшін лауазымды тұлғалар - 10 (оннан) 20 (жиырмаға) дейін және заңды тұлғалар - 50 (елуден) 100 (жүзге) дейін ең төменгі есептік көрсеткіштер көлемінде айыппұл тартады.
Тармақ 8.2
8.2. Қайық тұрағы құтқару шеңберлерімен (тұрақ желісінің әр 10 метріне бір шеңберден), өзге құтқару құралдарымен және өрт сөндіретін мүкәммалмен жабдықталуы керек -
- қайықтар тұрағындағы айлағына- талаптардың орындалмағаны үшін лауазымды тұлғалардан - 10 (оннан) 20 (жиырмаға) дейін және занды тұлғалардан 50 (елуден) 100 (жүзге) дейін ең төменгі есептілік көрсеткіштер көлемінде айтппұл алынады.
Тармақ 8.3
8.3. Жалға беретін пункт тұрған судың айдын беті шегінен жалдық жүзбе құралдарын шығаруға болмайтын қалқыма белгілермен белгіленеді -
-жалға беру пунктінің айдын бетіндегі белгілермен айқындамағаны үшін лауазымды тұлғаларға - 10 (оннан) 20 (жиырмаға) және занды тұлғаларға - 50 (елуден) 100 (жүзге) дейін ең төменгі есептік көрсеткіштер көлемінде айыппұл салынады.
Тармақ 8.4
8.4. Әрбір жалға беру стансасының жанынан құтқаруға арналған керек-жарағы, жасақшы-құтқарушылары бар, сондай-ақ радиохабар қондырғысы орнатылған кезекші. қайыққа не құтқару күзеті құрылады -
- қойылатын талаптарды орындамағаны үшін лауазымды тұлғаларға 20 (оннан) 20 (жиырмаға) дейін және заңды тұлғалардан 50 (елуден)-100 (жүзге) дейін ең төменгі есептік көрсеткіштер көлемінде айыппұл салынады.
Тармақ 8.5
8.5. Жалға берілетін жүзу құралы міндетті турде ақаусыз болып, ескек ілмегі, құрал байлап қоятын жіп, су қотаратын ожау және құтқару керек-жарағы комплектілермен жабдықтауы керек -
жалға берілетін кемелердің жарамсыз болғаны, қойылатын талаптардың орындалмағаны үшін лауазымды тұлғаларға - 10 (оннан) 20 (жиырмаға) дейін және занды тұлғаларға - 50 (елуден) 100 (жүзге) дейін ең төменгі есептік көрсеткіштер көлемінде айппұл салынады.
Тармақ 8.6
8.6. Жалға беру стансасының кассалары мен демалушылар жайғасатын орындықтар жағада орналасады. Қайыққа мінгізіп-түсіретін орын оларды күтіп тұратын жерлерден бөлек болады. Мінгізіп-түсіру жалға беру стансасының кезекші-құтқарушысының бақылауымен жүргізіледі.
Бөлім 9. 9. Топырақ алу жүмысшы кезінде адамдардың қауіпсіздігін сақтау шаралары.
9. Топырақ алу жүмысшы кезінде адамдардың қауіпсіздігін сақтау шаралары.
Тармақ 9.1
9.1. Өзен, көл және өзге су нысандары жағалауына тақау тұста, әсіресе көпшілік суға түсетін орындарда топырақ алу жұмыстары жергілікті әкімішлікпен, өзен флотынын, Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті Суда құтқару орталағының тиісті бөлімшелермен және өзге де ынталы үйымдармен келісе отырып жүргізілуі тиіс.
Тармақ 9.2
9.2. Су толған қазан шұңқырлар маңындағы адам қауіпсіздігін сақтауда қамтамасыз ету жұмыс аяқталғанша топырақ алуды жүргізуші басшысына жүктеледі.
Тармақ 9.3
9.3. Су толған қазаншұңқырлардан топырақ алу аяқталғаннан кейін жағалаудан 1,7 м тереңдікке дейінгі су табанын тегістеу жүргізіледі.
Көпшілік демалатын орындардағы шығын қазаншұңқылар топырақ алуды
жүргізген кәсіпорын, ұйым тарапынан бітелуі (тегістелуі) керек.
Бөлім 10. 10. Судағы қауіпсіздік белгілерінің сипаты.
10. Судағы қауіпсіздік белгілерінің сипаты.
Тармақ 10.1
10.1. Судағы қауіпсіздік белгілері су нысандары жағалауына су жиегінде және суда жүрген азаматтардың қаупсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орнатылады.
Тармақ 10.2
10.2. Белгілер әр беті кемі 50x60 см болып келетін тік бұрыш пішінді болып келеді және ағаш тақтайдан, қалың фанерден, металл тілсемнен немесе басқа да берік нәрседен жасалады.
Белгілер көрнекі жерлерге қойылады және жерге қадалған бағаналарға (ағаш, металл, темірбетон, т.б.) бекітіледі. Бағаналардың жер бетінен биікгігі кемі 2,5 м болуы керек.
Тармақ 10.3
10.3. Белгілерге жазу қара немесе ақ бояумен түсіріледі.
Тармақ 10.4
10.4. Судағы қауіпсіздік белгілерінің сипаттамасы.
№
Белгідегі жазу
Белгінің жалпы түрі
1
2
3
1.
Суға түсетін орын (метрмен елшегендегі шекарасы көрсетіледі).
Жасыл қоршауға алынады. Жазу үстінде орналасады. Төменде жүзіп келе жатқан адам бейнесі. Белгі ақ бағанға бекітіледі.
2
Балалар суға түсетін орын (метрмен өлшегендегі шекарасы көрсетіледі).
Жасыл қоршауға алынады. Жазу үстінде орналасады. Төменде су ішінде тұрған екі баланың бейнесі. Белгі ақ бағанға бекітіледі.
3.
Жануарлар суға түсетін орын (метрмен өлшегендегі шекарасы көрсетіледі).
Жасыл қоршауға алынады. Жаз үстінде. Төменде жүзіп келе жатқан ит бейнесі. Белгі ақ бағанға бекітіледі.
4
Суға түсуге болмайды (метрмен өлшегендегі шекарасы көрсетіледі).
Қызыл қоршауға алынады. Жазу үстінде. Төменде жүзіп келе жатқан адам бейнесі. Бейне жоғардағы сол бұрыннан бастап қызыл белдеумен айқара сызылады. Белгі қызыл бағанга бекітіледі. .
5.
Сүнгуге болмайды.
Қызыл қоршауға алынады. Жазу үстінде.
Төменде сүңгіп бара жатқан адам бейнесі. Бейне жоғардағы сол бұрыштан бастап қызыл белдеумен айқара сызылады. Белгі қызыл бағанға бекітіледі
1
2
3
6.
Жүзбе құралдардың жүруіне болмайды.
Қызыл қоршауға алынады. Жазу үстінде, төменде ілме моторлы шағын кеме бейнесі. Бейне жоғардағы сол бұрыштан бастап қызыл белдеумен айқара сызылады. Жүзіп келе жатқан адам бейнесі. Жағажайдың айдын бетін қоршайтын белгілермен қатар қойылады.
7.
Мұз үстімен жүруге болады
Тұтастай жасылмен боялады. Жазу ортасында, ақ түсті. Белгі ақ бағанға орнатылады.
8.
Мұз үстімен жүруге болмайды.
Тұтастай қызыл түске боялады. Жазу ортасында, ақ түсті. Белгі ақ бағанға орнатылады.
Бөлім 11. 11. Қазақстан Республмкасының ішкі сулары мен теңіз жағалауына тақау учаскелерде адам өмірін корғау төртібі бұзғаны үшін жауапкершілік
11. Қазақстан Республмкасының ішкі сулары мен теңіз жағалауына тақау учаскелерде адам өмірін корғау төртібі бұзғаны үшін жауапкершілік
Тармақ 11.1
11.1. Осы Тәртіпті бұзғаны үшін тәртіпке шақыру, материалдық және әкімшілік жауапқа тарту белгіленеді.
Тармақ 11.2
11.2. Осы Тәртіп талаптардының орындалуына бақылау жасау жергілікті әкімшілік органдары мен Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттің комитеттің Суда құтқару орталығының бөлімшелеріне жүктеледі
Тармақ 11.3
11.3. Суда адам өмірін қорғау Тәртібінің орындалуына бақылау жасау өкідеттіліктерін жүзеге асыру үшін Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің, Суда құтқару орталығы қызметкерлеріне:
• меншіктің барлық түріндегі ұйымдарға суда қауіпсіздік талаптарын және нормалық-құқықтық, нормалық-техннкалық актілерді сақтау шараларын бұзу фактілері бойынша орындалуы міндетті ұйғарымдар жіберу;
• көпшілік пайдаланатын су нысандарына, судағы көлік құралдары мен өткелдерге келісімшарт негізінде техникалық куәландырулар жүргізу, оларды пайдалануға тыйым салу, азаматтар, меншіктің барлық түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындарға олар қауіпсіздік ережесін бұзған жағдайда белгіленген тәптіппен шара қолдану;
• суда төтенше жағдайлардың алдыналуға бағытталған шараларды талдап жасап, өткізу бойынша меншіктің барлық түріне жататын ұйым, кәсіпорындардың ведомстволық құтқару стансалары мен күзеттері қызметіне бақылау жасау;
•
штормдық, ауа райы қарсаңында және суға түсуге арналған аудан шекарасынан шығып кеткенде немесе спортшылар жаттығуға катер не моторлы қаиықтын еріп жүруінсіз шығып кеткенде барлық шағын-кемелерді айлық-тұрағына қайтару құқы беріледі.
Тармақ 11.4
11.4. Құтқару қызметі өкілдерінің суда қауіпсіздік сақтау шаралары туралы нұсқаулары: жағажай, демалыс базалары, жүзу әуіттері, басқа да су нысандары әкімшіліктері үшін; соларды пайдаланушы барлық азаматтар үшін; шағын-кемелерді жүргізушілер үшін, сондай-ақ меншіктің қай түріне жататындығына қарамастан ұйымдардың басшыларына міндетті болып табылады.
Басқа 99. Ереже бұзушы туралы мәліметтер:
1998 жылғы 19 маусымындағы
облыстық Мәслихаттың № 3 шешімінің
№ 1 қосымшасы
«Облыстың су қоймаларында азаматтардың міңдетті қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы туралы
ХАТТАМА-ҚАУЛЫ
«___»
___________
1998ж
______________________________________________________________________________________
(хаттаманы дайындаған органның, атауы)
______________________________________________________________________________________
(аты-жөні, лауазымы)
______________________________________________________________________________________
(бұзақылық жасалған орны)
______________________________________________________________________________________
(ережелер пункттеріне байлынысты жасалған бұзақылықтын, мазмұны)
______________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________
Ереже бұзушының түсініктемесі: __________________________________________________________
Ереже бұзушы туралы мәліметтер:
1.
____________________________________________________________________________________
(аты-жөні және лауазымы)
2.
____________________________________________________________________________________
(мекен-жайы, телефон нөмірі)
3.
___________________________________________________________________________________
(мекеменің атауы, телефон нөмірі)
4. Есепшот нөмірі №
__________________ банк
____________________________________________
Актіні дайындағандардың қойылған қолдары
______________________________________________
5. «___»
_____________199 ж. сағатта әкімшілік комиссияға келуі тиіс
6. Хаттамамен таныстым ______________________________________________________________
(ереже бұзушының қойылған қолы)
______________________________________________________________________________________________________
(кесу сызығы)
Әкімшілік комиссиясының шешімі:
«Облыстың су қоймаларында азаматтардың міндетті қауіпсіздік ережелерінің ____________________
бабын бұзғаны үшін ______________________________________________________________________
(толық аты жөні)
төмендегідей көлемде айыппұл салынсын
______________________________________________ теңге
Айыппұл _______________кешіктірілмей
_____________________________ есепшотқа аударылуы тиіс.
Хаттама-қаулыны алдым
__________________________________________________________________
(қойылған қолы)
«Облыстың (қаланың) су қоймаларында азаматтардың міндетті қауіпсіздік ережелерін» бұзғаны үшін айппұл ұстау туралы
ХАБАРЛАМА
Облыстық (қалалық) судан құтқару қызметіне
________________________________________________
(аты-жөні)
____________ теңге көлемінде
_____________________________________________________________
(аты-жөні)
199_ ж. "__"
______________ салынған айыппұл, № __________
есепшотқа енгізілген
Әкімшілік комиссияның хатшысы:
_________________________
ЕСКЕРТПЕ:
1. Хаттама-қаулыны дайындау кезінде ережені бұзғаңдарға әкімшілік бұзушылық туралы заңдарда карастырылған құқықгары түсіндіріледі.
2. Хаттама-қаулының үш данасы дайындалады:
а) біреуі әкімшілік комиссияға жіберіледі;
б) екіншісі заң бұзушылықка жауапты тұлғаға табыс етіледі;
в) үшіншісі судан құтқару қызметінде тіркеу үшін хаттама-қаулыны дайындаған жауапты тұлғада қалады.