О проведении комплексных мер по реализации государственной молодежной политики Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі кешенді шаралар жүргізу туралы
Қазақстан жастарының конгресінде Қазақстан Республикасы Президентінің берген тапсырмаларын орындау және жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жастар саясаты бойынша нақты шараларды іске асыру мақсатында мемлекеттік органдардың жүйелі жұмыс атқаруы үшін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Аудандар мен қалалардың әкімдіктеріне аппараттарына әкімнің жастар саясаты жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі бірлігін енгізу ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы аймақтық халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысын жандандырсын. Аймақта бастауыш және орта кәсіптік білімі бар мамандар мен жұмысшылар мониторинг жүйесін және қажеттілігін болжауды енгізсін.
Тармақ 3
3. Көкшетау қаласының әкіміне жұмыспен қамту мемлекеттік орталығы мекемесінің негізінде жастарды жұмыспен қамтамасыз ету бөлімін құру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы 2004 жылға арналған облыстық бюджеттің индикативтік жоспарын жасау барысында шағын бизнесті несиелеуге бөлінген қаржыдан, жастардан түскен жобаларға 20 % квота қарастырсын.
Тармақ 5
5. Ақмола облысының ішкі саясат Департаменті жоғары және орташа-арнайы оқу орындарына облыстық студенттердің құрылыс отряды штабын құруға және оның жұмысын үйлестіріп отыруға қолдау көрсетсін.
Тармақ 6
6. Облыс аудандары мен қалаларының әкімдері студенттердің құрылыс штабына оны құрғаннан кейін облыс объектілерінің құрылысы мен реконструкциясы жөніндегі мердігерлік жұмыстарға қатысуына қолдау жасасын.
Тармақ 7
7. Барлық оқу орындарының, кәсіпорындар мен мекемелердің басшыларына Жастар істері жөніндегі комитеттер құру ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Ішкі саясат департаменті атқарылған жұмыс туралы облыс әкімдігіне жыл сайын қаңтардың 15-не дейін ақпарат тапсырып отырсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М.Бекмағамбетовке жүктелсін.