О координационном Совете по профилактике и борьбе со СПИД в Акмолинской области Күшін жойған
Басқа 0
Ақмола облысында ЖҚТБ-ның алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан
Республикасында ЖҚТБ-ның алдын-алу және оған қарсы
күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесін кұру туралы» 1995 жылғы 5
тамыздағы № 1084 қаулысына сәйкес Ақмола облысының
әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысында ЖҚТБ-ң алдын-алу және қарсы
күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі құрылсын.
Тармақ 2
2. Ақмола облысында ЖҚТБ-ң алдын-алу және қарсы
күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы Ереже бекітілсін
(Қосымша).
Тармақ 3
3. Ақмола облысында ЖҚТБ-ң алдын-алу және қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесінің жеке құрамы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге енгізілсін.
Тармақ 4
4. Облыс әкімдігінің 25 тамыздағы 2003 жылғы № а-9/223 «Ақмола облысында ЖҚТБ-ның алдын-алу және оған
қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы» қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет басқармасында тіркелген сәттен
бастап күшіне енеді.
Басқа 6
Ақмола облыс әкімдігінің 10.10. 2003 жылғы «Ақмола облысында ЖҚТБ-ның алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі үйлестіру жөніндегі Кеңесі» туралы № а-10/272 қаулысына қосымша.
Ақмола облысында ЖҚТБ-ң алдын-алу және қарсы күрес жөніндегі облыстық үйлестіру Кеңесінің құрамы
Тармақ 1
1. Бекмағамбетов Ғалым Мадешұлы - облыс әкімінің орынбасары, кеңес төрағасы.
Тармақ 2
2. Комалдинов Инсафутдин Мавзетдинович - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы, кеңес төрайымының орынбасары.
Тармақ 3
3. Байғожин Олжабай Көбейұлы - облыстық ЖҚТБ Орталығының бас дәрігері, кеңес хатшысы.
Тармақ 4
4. Тәшметов Қасымжан Қалижанұлы - облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.
Тармақ 5
5. Мусралимова Айна Ермекқызы – облыс әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің бас маманы.
Тармақ 6
6. Түсіпбеков Дауыл Төлеутайұлы – Ақмола ОІІББ бастығы (келісім бойынша).
Тармақ 7
7. Ахметов Талғат Байзоллаұлы – ҚР Әділет Министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасының бастығы (келісім бойынша).
Тармақ 8
8. Дмитриенко Елена Александровна – облыстың білім басқармасының бастығы.
Тармақ 9
9. Төлеғұл Ғосман Төлеғұлұлы – облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы (келісім бойынша).
Тармақ 10
10. Ахметов Қанат Ахметұлы – облыстық туризм және спорт басқармасының бастығы.
Тармақ 11
11. Шораев Арман Төлегенұлы – облыстық ТРК директоры.
Тармақ 12
12. Мадияров Әбділрахман Советұлы – облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы.
Тармақ 13
13. Сейітжанова Нүрикамал Сейтжанқызы – облыстық мәдениет басқармасының бастығы.
Басқа 20
Ақмола облыс әкімдігінің 10.10. 2003 жылғы «ЖҚТБ-ң алдын-алу және
қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы»
№ а-10/272 қаулысымен бекітілген
Ақмола облысында ЖҚТБ-ң алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. ЖҚТБ-ң алдын-алу және қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан былай-Кеңес) облыс аймағында АҚТҚ-инфекциясы таратылуының алдын-алу бойынша шаралар өткізуде жергілікті атқару органдары, халықаралық және басқа ұйымдармен өзара іс-әрекетті қамтамасыз ету мақсатымен құрылды.
Тармақ 2
2. Кеңес құрамына мүдделі атқару органдарының, халықаралық және басқа ұйымдардың өкілдері кіреді.
Тармақ 3
3. Кеңес өз қызметін ҚР заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі міндеттері мен қызметтері.
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен қызметтері.
4.Кеңестің негізгі міндеттері;
Тармақша 1
1) ЖҚТБ-ң аддын-алу және қарсы күрес жүргізу мәселелеріне қатысты заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру.
Тармақша 2
2) АҚТҚ/ЖҚТБ таралуының алдын-алу бойынша шаралар өткізу мақсатында халықаралық және басқа ұйымдармен өзара іс-әрекетті қамтамасыз ету және жергілікті атқару органдарының жұмысын үйлестіру.
Тармақша 3
3) АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша эпидемиологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған шаралар ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды ойластыру болып табылады.
Тармақ 5
5. Кеңестің негізгі қызметі:
Тармақша 1
1) АҚТҚ/ЖҚТБ сұрақтары бойынша жергілікті органдар қызметін үйлестіруді жетілдіру.
Тармақша 2
2) АҚТҚ/ЖҚТБ мәселелері бойынша халықаралық және басқа ұйымдармен өзара іс-әрекет және ынтымақтастықты хамтамасыз ету.
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі №1207 (бұдан былай - бағдарлама) бекітілген Казақстан Республикасында 2001-2005 жылдарға арналған ЖҚТБ эпидемиясына қарсы іс-әрекет бойынша бағдарламаны жүзеге асыруды қамсыздандыру.
Тармақша 4
4) АҚТҚ/ЖҚТБ алдын-алу бойынша жергілікті атқару органдарының тиімді шараларын қамсыздандыру жөніндегі ұсыныстар ойластыру болып табылады.
Тармақ 6
6. Міндеттерді жүзеге асыру және өз қызметін атқару үшін кеңес:
Тармақша 1
1) кеңес міндеттерін жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты жергілікті атқарушы органдардан және басқа ұйымдардан сұратуға және алуға.
Тармақша 2
2) кеңес қызметіне кіретін сұрақтар бойынша жергілікті атқару органдарының және басқа ұйымдардың өкілдерін Кеңестің отырыстарында тыңдауға.
Тармақша 3
3) кеңес құзыретіне жататын басқа өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
Тарау 3. 3. Кеңес қызметін ұйымдастыру.
3. Кеңес қызметін ұйымдастыру.
Тармақ 7
7. Кеңесті облыс әкімінің орынбасары басқарады, ол оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды және Кеңес шешімдерінің жүзеге асырылуына жалпы бақылау жасайды. Төрайымның болмаған кезінде оның міндетін орынбасар атқарады.
Тармақ 8
8. Кеңес хатшысы отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстар, қажетті кұжаттар мен материалдар әзірлейді, ол өткеннен кейін хаттамаларды реттейді.
Тармақ 9
9. Кеңес отырыстары хаттамалармен ресімделеді.
Тармақ 10
10. Шешімдер ашық дауыспен қабылданады және қабылданған болып есептеледі, егер сол үшін Кеңес мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс берсе, дауыс тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
Тармақ 11
11. Кеңес отырыстары жылына 4 реттен кем өткізілмейді.
Тармақ 12
12. Кеңестің жұмыс органы облыстық денсаулық сақтау басқармасы болып табылады.