Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по району Байдибек Күшін жойған
Басқа 0
Бәйдібек ауданы бойынша тұрғын
үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар
санаттарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы №417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18883 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Бәйдібек ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Бәйдібек ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
Бәйдібек аудандық мәслихатының
2022 жылғы 30 қыркүйектегі №22/138
шешіміне 1 қосымша
Бәйдібек ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек ретінде бастапқы жарна сомасының 90 % мөлшерінде,
бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде;
Тармақша 2
2) әлеуметтік қолдау ретінде бастапқы жарна сомасының 90 % мөлшерінде, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.
Басқа 6. Бәйдібек ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
Бәйдібек аудандық мәслихатының
2022 жылғы 30 қыркүйектегі №22/138
шешіміне 2 қосымша
Бәйдібек ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
Тармақша 2
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
Тармақша 3
3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
Тармақша 4
4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
Тармақша 5
5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
Тармақша 6
6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
Тармақша 7
7) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
Тармақша 8
8) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
Тармақша 9
9) қандастар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
Тармақша 10
10) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
Тармақша 11
11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
Тармақша 12
12) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
Тармақша 13
13) толық емес отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 «Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18445 болып тіркелген) сәйкес, қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып айқындалатын денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы бюджеттік ұйымдарының мамандары және де өзге де салалардағы мамандар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).