Об утверждении Правил об аттестации педагогических работников и приравненных к ним лиц Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген адамдарды аттестаттау туралы ереженi бекiту туралы "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасы заңын жүзеге асыру мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген адамдарды аттестациялау туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жалпы орта бiлiм департаментi (C.Ырсалиев) белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарының педагог және басқа қызметкерлерiн аттестациялау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1193 болып тiркелген) Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгiнiң 2000 жылғы 28 сәуiрдегi N 422 бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым вице-министрi К.H.Шәмшидиноваға жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енедi.
Басқа 6. Педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген адамдарды аттестаттау туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 18 қазандағы N 688 бұйрығымен бекiтiлген Педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген адамдарды аттестаттау туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Ереже меншiк нысандарына және ведомстволық бағынысына қарамастан мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқыту, жалпы орта, кәсiптiк бастауыш және орта, қосымша жалпы бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген адамдарды (бұдан әрi - педагогикалық қызметкерлерi) aттестаттау тәртiбiн анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде келесi терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Тармақша 1
1) апелляция - жоғарғы органдарда қандай да бiр шешiмге шағымдану;
Тармақша 2
2) педагогикалық қызметкерлердi аттестаттау - бiлiктiлiк деңгейiнiң кешендiк бағасы, және білiм беретiн мекемелердегi педагогикалық қызметкерлерi iс-әрекеттерiнiң өнімділігі;
Тармақша 3
3) бiлiктiлiк санаты - нормативтiк өлшемдерiнiң бiлiктiлiк деңгейiне сәйкестiгi, қызметкерлерге белгiлi бiр дәрежедегi күрделi кәсiби мiндеттердi шешу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) мұғалiмдердiң әдiстемелiк бiрлестiгi - қалада, ауданда, мектепте құрылған сынып жетекшiлерi немесе осы немесе өзгеде пәндер мұғалiмдерiнiң топтық әдiстемелiк жұмысын ұйымдастырудың бiр түрi. Мұғалiмдердiң әдiстемелiк бiрлестiгi сабақтар мен тәрбие iс-шараларының жоспарын талқылайды, ашық сабақтар мен педагогикалық қызметкерлердiң бiлiктiлiк деңгейiн, педагогикалық кәсiптiгi мен iс-әрекеттерiнiң өнiмдiлiгiн талдайды.
Тармақ 3
3. Aттестаттау педагогикалық қызметкерлердiң оларға бiлiктiлiк санаты берiлу немесе өзiнде бар бiлiктiлiк санатын растау барысында кәсiптiк деңгейiнiң мамандыққа қойылатын талаптарға сәйкестiгiн анықтау мақсатында жүргiзiледi. Аттестаттау педагогикалық қызметкерлердiң кәсіптік құзырлығы деңгейiн үздiксiз арттыруға, шығармашылық ынтасы мен шеберлiгiн дамытуға, беделi мен мәртебесiн өсiруге, материалдық және моральдық ынталандыру мүмкiндіктерiн кеңейтуге және олардың еңбек ақысының төлемi деңгейiн арттыруға үздiксiз ықпал жасауға бейiмделген.
Тармақ 4
4. Аттестаттау 5 жылда кемiнде бiр рет өткiзiледi.
Тармақ 5
5. Аттестаттаудың негiзгi принциптерi ашықтық, алқалылық, жүйелiлiк, объективтiлiк болып табылады.
Тармақ 6
6. Білiм беру ұйымдарының басшылары, олардың орынбасарлары, педагогикалық жүктемесi бар бiлiм басқармасы органдарының қызметкерлерi аттестаттаудан жалпы негiзде өтедi.
Тармақ 7
7. Бiлiм беру ұйымының басшысы пәндiк әдiстемелiк бiрлестiктерiнiң шешiмдерi негiзiнде педагогикалық қызметкерлердi қайта аттестаттay туралы шешiмдi қабылдауы мүмкiн. Көрсетiлген қызметкерлердi қайта аттестаттау осы Ереже негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 2. 2. Аттестаттау комиссиясы және оның құрамы
2. Аттестаттау комиссиясы және оның құрамы
Тармақ 8
8. Аттестаттау өткiзу үшiн бiлiм беру ұйымдарында аттестаттау комиссиялары құрылады, олар аттестаттауды өткiзудiң түрлерi мен шараларын, нақты мерзiмiн анықтайды, аттестатталушының жұмысына талдау жүргiзедi, аттестаттау қорытындысы бойынша шешiмдер шығарады. Aттестаттау комиссиялары бiлiм беру ұйымдарында, аудандық, қалалық бөлiмдерде (басқармаларда), облыстық, Астана және Алматы қалалары бiлiм басқармаларында (департаменттерiнде), білiм саласындағы орталық атқарушы органдарда, өз қарамағында бiлiм ұйымдары, және олардың аумақтық органдары бар Қазақстан Республикасының салалық министрлiктерiнде (ведомстволарында) құрылады.
Тармақ 9
9. Аттестаттау комиссиялары келесi құрамда құрылады: aттестаттay комиссиясының төрағасы - бiлiм басқармасы органының немесе бiлiм ұйымының басшысы (немесе оның орынбасары), төрағаның орынбасары, хатшы және комиссия мүшелерi. Комиссия құрамына білiм басқармасы органының мамандары, бiлiм бepу ұйымының басшылары, әдiстемелiк қызметтер, ғылыми ұйымдар мен жергiлiктi атқарушы органдардың қызметкерлерi, кәсiподақтың өкiлдерi енедi. Аттестаттау комиссиясының құрамына енген бiлiм жүйелерi қызметкерлерiне олардың комиссия құрамындағы тiкелей қызметi кезеңiнде негiзгi жұмыс орнындағы жалақысы сақталады.
Тармақ 10
10. Аттестаттау комиссиясының арнаулы құрамы мен өкiлдiк мерзiмi бiлiм беру ұйымдары басшыларының, тиiстi бағыныстағы бiлiм беру басқармасы органының бұйрығына сәйкес анықталады.
Тармақ 3. 3. Аттестаттауды өткiзу тәртiбi
3. Аттестаттауды өткiзу тәртiбi
Тармақ 11
11. Педагогикалық қызметкерлердi аттестаттау бiлiктiлiк деңгейiн, кәсiби құзырлығын, қызметкерлердiң iс-әрекеттерiнiң нәтижелiлiгi және сапасын талдау, оның әдiстемелiк, тәжiрибе-эксперимент және/немесе ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу негiзiнде өткiзіледi.
Тармақ 12
12. Aттестаттaу комиссиясы ағымдағы оқу жылында аттестаттауға қатысу жөнiндегi өтiнiштердi 15 қазанына дейiн қабылдайды.
Тармақ 13
13. Республикалық ведомствоға бағынысты жалпы орта, кәсiптiк бастауыш және орта бiлiм бepу ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерiн аттестаттауды Бiлiм және ғылым министрлiгi; меншiк нысандарына және ведомстволық бағынысына қарамастан мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқыту, жалпы орта, кәсiптік бастауыш және орта, қосымша жалпы бiлiм беру ұйымдарының - тиiстi бағыныстағы бiлiм беру басқармасы органдары жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Бiлiм беру ұйымдарындағы педагогикалық қызметкерлердi аттестаттау 30 наурызда, ал аудандық, қалалық бөлiмдерде (басқармаларда), облыстық, Астана және Алматы қалалары бiлiм басқармаларында (департаменттерiнде), бiлiм саласындағы орталық атқарушы органдарда, өз қарамағында бiлiм беру ұйымдары, олардың аумақтық органдары бар Қазақстан Республикасының салалық министрлiктерiнде (ведомстволарында) - 10 мамырда аяқталады.
Тармақ 15
15. Aттестаттaу тиiстi бiлiм беру ұйымдарында педагогикалық қызметi кемiнде бiр жылдан стажы бар педагогикалық қызметкерлерге өткiзiледi.
Тармақ 16
16. Бiрнеше пәндерден беретiн педагогикалық қызметкерге өз қалауы бойынша осы пәндердiң бiреуi бойынша аттестаттаудан өту құқығы беріледi (математика-физика, оpыс тiлi-әдебиетi, математика-информатика және тағы басқалары). Мемлекеттiк тiлден дәрiс беретiн тиiстi арнайы бiлiмi жоқ педагогикалық қызметкерлер мемлекеттiк тiл бойынша аттестаттаудан өтуі керек.
Тармақ 17
17. Бiлiм беру ұйымының басшысы аттестаттау парағын (1-қосымша) ресiмдейдi және аттестаттау комиссиясына жiбередi. Аттестаттау комиссиясының мәжілісiне дейiн кемiнде он күн бұрын педагогикалық қызметкер аттестаттау парағымен танысуы керек. Өз жұмысының мiнездемесi және аттестаттау комиссиясының ұсыныстарымен келiспеген жағдайда, педагогикалық қызметкер аттестаттау комиссиясының мәжiлiсiне дейiн кемiнде 3 күн бұрын төрағаның атына дәлелденген арыз беруiне болады.
Тармақ 18
18. Комиссия әр педагогикалық қызметкерге төмендегiдей қорытындылардың бiрiн шығарады: мәлiмделген санат талаптарына сай; мәлiмделген санат талаптарына сай емес; өзiнде бар санат талаптарына сай; өзiнде бар санат талаптарына сай емес.
Тармақ 19
19. Республикалық бағыныстағы бiлiм беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерiне жоғары және бiрiншi санаттар беру (төмендету) туралы шешiмдi бiлiм беру саласындағы орталық атқару органының аттестаттау комиссиясы бекiтедi. Басқа ведомстволардың білiм беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерiне жоғары, бiрiншi санаттар беру (төмендету) туралы шешiмдi аталған ведомствоның аттестаттау комиссиясы бекiтедi. Бiлiм беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерiне жоғары санат беру (төмендету) туралы аттестациялық комиссиясының шешiмiн облыстық, Астана және Алматы қалалары бiлiм басқармаларының (департаменттерiнiң) аттестаттау комиссиялары бекiтедi. Педагогикалық қызметкерлерге бiрiншi санат беру (төмендету) туралы шешiмдi бiлiм беру басқармасының тiкелей органдарының аттестаттау комиссиясы бекiтедi. Екiншi санат беру (төмендету) туралы шешiмдi тиiстi бiлiм беру ұйымының аттестаттау комиссиясы қабылдайды.
Тармақ 20
20. Аттестаттау комиссиясының шешiмi хаттамамен және аттестаттау парағымен ресiмделедi. Хаттама мен аттестаттау парағына төраға, төрағаның орынбасары, хатшы және дауыс беруге қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелерiнің қолдары қойылады. Егер комиссияның қорытынды мәжiлiсiне оның мүшелерiнiң кемiнде 2/3 бөлiгi қатысқан жағдайда ғана, шешiм жарамды болып саналады. Дауыс берудiң нәтижесi қорытынды мәжiлiске қатысқан комиссия мүшелерi санының басым дауыс беруiмен анықталады. Дауыс тең болған жағдайда, шешiм аттестаттанушының пайдасына шығарылады. Аттестаттау комиссиясының мүшесi болып табылатын педагогикалық қызметкер аттестаттау кезiнде дауыс беруге қатыспайды.
Тармақ 21
21. Аттестаттау комиссиясы аттестаттay нәтижесiмен бiрге аттестаттау комиссиясының шешiмдерi туралы хаттама мен санат беруге арналған педагогикалық қызметкерлердiң аттестаттау парағының көшiрмесiн тиiстi бiлiм беру басқармасы органдарына, олар бiлiм беру ұйымдарын көрсетiлген құжаттар келiп түскен күнiнен бастап 1 айдан кешiктiрмей қабылдаған шешiм туралы хабарлаулары тиiс.
Тармақ 22
22. Осы Ережеге сәйкес педагогикалық қызметкерлерi өзiнде бар білiктiлiк санаттарының қолдану мерзiмi өткенге дейiн, бұрынғыдан жоғары бiлiктiлiк санатқа аттестаттаудан өтуiне болады:
Тармақша 1
1) жоғары бiлiктiлiк санатқа: педагогикалық қызметкерлер конкурстары, конференциялары, семинарлары жеңiмпаздары (республикалық, халықаралық деңгейлердегi); өз бейiнi бойынша (республикалық, халықаралық деңгейлердегi) олимпиадалар, сайыстар, көрмелер жүлдегерлерiн дайындаған адамдар; жарияланымдары бар, оқулық және оқу-әдiстемелiк кешендер авторлары;
Тармақша 2
2) бiрiншi бiлiктiлiк санатқа: өз бейiнi бойынша (аудандық, облыстық (қалалық), деңгейлердегi) олимпиадалар, конкурстар, көрмелер жүлдегерлерiн дайындаған адамдар; конференциялар, семинарлар, т.б. сайыстар жеңiмпаздары (аудандық, облыстық (қалалық) деңгейлердегi); аудандық, облыстық (қалалық) деңгейлерде тәжiрибесi таратылған адамдар;
Тармақша 3
3) екiншi бiлiктілiк санатқа: арнаулы орта және жоғары кәсiптiк оқу орнын "үздiк" бiтiрген жас мамандар; пән бойынша тиiстi бiлiмi жоқ, бiрақ шығармашылық есеп немесе оқу-әдiстемелiк әзiрлеменi қорғаған және Республикалық, облыстық (қалалық) бiлiктiлiгiн жетiлдiру институттарында тиiстi курстан өткен адамдар. Егер педагогикалық қызметкерге мәлiмделген бiлiктiлiк санаты берiлмесе, қолдану мерзiмi аяқталғанға дейiн бұрынғы бiлiктiлiк санаты сақталады.
Тармақ 23
23. Бiлiм беру ұйымдары педагогикалық қызметкерлердiң бiлiктілiк санаттары оларды қолдану мерзiмi өткеннен кейiн, оның өтiнiшi негiзiнде бiр жылдан артық емес мерзiмге мынадай жағдайларда ұзартылады:
Тармақша 1
1) уақытша еңбекке жарамсыздық;
Тармақша 2
2) жүктiлiк және бала туу мен күту бойынша демалыста болғанда;
Тармақша 3
3) мамандығы бойынша шетелде iссапарда болғанда;
Тармақша 4
4) оның тоқтатылу себептерiне қарамастан, бiлiктiлiк санаты берiлген лауазымдағы қызметiне қайта келуiне байланысты.
Тармақ 24
24. Аттестатталушы аттестаттау комиссиясының шешiмiмен келiспеген жағдайда аттестаттаудан өткеннен кейiн бiр ай мерзiм iшiнде келесi деңгейдегi аттестаттау комиссиясына апелляцияға өтiнiш бepугe құқығы бар.
Тармақ 4. 4. Аттестаттау комиссиясының шешiмдерiн жүзеге асыру
4. Аттестаттау комиссиясының шешiмдерiн жүзеге асыру
Тармақ 25
25. Бiлiм беру ұйымдарының басшысы аттестаттау комиссия шешiмдерiнiң негiзiнде педагогикалық қызметкерлерге бiлiктiлiк санаттарын беру туралы бұйрық шығарады (жоғары және бiрiншi - осы Ереженiң 23-тармағында белгiленген тәртiппен бекiтiлгеннен кейiн).
Тармақ 26
26. Аттестаттау нәтижесi бойынша педагогикалық қызметкерлерге белгiленген үлгiдегi (2-қосымша) куәлiктер табыс етіледi. Куәлiкке бiлiм ұйымы басшысының қолы қойылып және мөрмен расталады. Куәлiк көшiрмесi педагогикалық қызметкердiң жеке iсiнде сақталады. Куәлiктердi беру беттерi белгіленген тәртiппен нөмiрленген және жiппен қатталған журналда (3-қосымша) тiркеледi.
Тармақ 27
27. Білiктiлiк санаттары берiлгенi туралы белгіленген тәртiппен толтырылған куәлiктер Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады. Аттестаттау нәтижелерi бойынша бiлiктiлiк санаттары берiлген педагогикалық қызметкерлердiң еңбек кiтапшасына тиiстi жазбалар жазылады.
Тармақ 28
28. Аттестаттау нәтижелерi бойынша берiлген бiлiктiлiк санаты аттестаттаудан кейiн келесi оқу жылының 1 қыркүйегiнен бастап күшiне енедi.
Тармақ 29
29. Аттестаттауға байланысты еңбек даулары Қазақстан Республикасының заңдар жиынтығына сәйкес қаралады.
Басқа 51. АТТЕСТАТТАУ ПАРАҒЫ
Педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген адамдарды аттестациялау туралы ережеге 1-қосымша ___________________________________________________________________ (министрлiк немесе ведомствоның атауы) ___________________________________________________________________ (бiлiм мекемесiнiң атауы) АТТЕСТАТТАУ ПАРАҒЫ ___________________________________________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты) ___________________________________________________________________ (санаты көрсетiлген лауазымы) Туған күнi мен жылы ___________________ ұлты ______________________ Педагогикалық стажы _______________________________________________ Лауазымы бойынша стажы ___________________________________________, оның iшiнде осы ұйымда ____________________________________________ Бiлiмi (қай оқу орнын бiтiрдi және қашан, алған мамандығы мен бiлiктiлiгi) ______________________________________________________ ___________________________________________________________________ Бiлiктiлiгiн арттыруы туралы мәлiмет ______________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Наградалары, атақтары, ғылыми атақтары мен дәрежелерi: ___________________________________________________________________ Аттестатталушы қандай санатқа өтiнiш бердi ________________________ ___________________________________________________________________ (жазбаша) Аттестатталушының жұмысы туралы пiкiр _____________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Бiлiм беру ұйымының аттестаттау комиссиясының қорытындысы: ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Бiлiм беру ұйымының басшысы _______________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты)   (қолы) Жұмыс туралы пiкiрмен және қорытындымен таныстым __________________ ___________________________________________________________________ (аттестатталушының қолы) ______________ жыл._______"___"_____ ____ Аттестаттау комиссиясының шешiмi ______________ жыл. "___"____________ ___________________________________________________________________ Аттестаттау комиссиясының төрағасы ________________________________ ___________________________________________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты)            (қолы) Төрағаның орынбасары ______________________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты)      (қолы) Хатшы                ______________________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты)      (қолы) Комиссия мүшелерi    ______________________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты)      (қолы) ______________________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты)      (қолы) ______________________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты)      (қолы) ______________________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты)      (қолы) ______________________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты)      (қолы) ______________________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты)      (қолы)
Басқа 52. Бiлiктiлiк санатын беру туралы КУӘЛIК
Педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген адамдарды аттестациялау туралы ережеге 2-қосымша Бiлiктiлiк санатын беру туралы КУӘЛIК Осы куәлiк аттестаттау комиссиясының шешiмiне сәйкес ______________ __________________________________________________________ берiлдi. (тегi, аты, әкесiнiң аты) ___________________________________________________________________ (бiлiм ұйымының толық атауы) "___" _________ ж. N ____________________ оған білiктілiк санаты берiлдi ____________________________________________________ (лауазымның атауы мен санаты жазбаша) Аттестаттау комиссиясының төрағасы ________________________________ ___________________________________________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты)            (қолы) Аттестаттау комиссиясының хатшысы _________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты)  (қолы) M.О. Тiркеу нөмiрi __________              20   ж. "___"________________ (берiлген күнi, айы, жылы)
Басқа 53. Қызметкерлерге біліктілік санаты берілгені туралы куәліктерді тіркеу журналының нысаны
Педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген адамдарды аттестациялау туралы ережеге 3-қосымша Қызметкерлерге біліктілік санаты берілгені туралы куәліктерді тіркеу журналының нысаны ___________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) ___________________________________________________________________ N  |Тегі,    |Лауазымы   |Аттестаттау|Біліктілік|Куәліктің|Куәлік р/с|аты,     |мен        |комиссия   |санаты    |берілген |алушының |әкесінің |берілген   |шешімінің  |берілгені |күні     |қолы |аты      |біліктілік |күні       |туралы    |         | |         |санатының  |           |бұйрықтың |         | |         |атауы      |           |нөмірі    |         | |         |           |           |мен күні  |         | ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________