Об утверждении порядка проведения сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории Баскольского сельского округа Майского района Күшін жойған
Басқа 0
Май ауданы Баскөл ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастықтың жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Май ауданы Баскөл ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастықтың жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі «Май ауданы Баскөл ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы» № 3/40 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Май ауданы Баскөл ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастықтың жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі
Майаудандық мәслихатының
2022 жылғы 14 қазандағы
№ 5/19 шешімімен
бекітілген
Май ауданы Баскөл ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастықтың жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Май ауданы Баскөл ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастықтың жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі (бұдан әрі – тәртіп) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Май ауданы Баскөл ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастықтың жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Май ауданы Баскөл ауылдық округі аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың жиындарын өткізудің тәртібі
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың жиынын өткізу үшін Баскөл ауылдық округіаумағы. Баскөл, Жаңатілек, Бозша ауылдарына бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың жиынын Баскөл ауылдық округі әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Баскөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың халқы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Баскол ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары, Instagram, Facebook және WhatsApp әлеуметтік желілері арқылы өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 7
7. Ауыл шегінде жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Баскөл ауылдық округі әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 39-3 бабының 1-тармағына сәйкес Жергілікті қоғамдастықтың жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың жиынын Баскөл ауылдық округі әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Баскөл ауылдық округі әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол 3 жұмыс күн аралығында Баскөл ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
Тарау 3. 3-тарау. Баскөл ауылдық округіжергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
3-тарау. Баскөл ауылдық округіжергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
Тармақ 13
13. Баскөл ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылтұрғындары өкілдерінің саны мынадай тәртіппен айқындалады:
Баскөл ауылы үшін – 5 адам;
Жаңатілек ауылы үшін – 1 адам;
Бозша ауылы үшін – 1 адам.