О работе областного управления здравоохранения по выполнению Закона РК «Об охране здоровья граждан Республики Казахстан» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының жұмысы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды шешімнің қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты - Ақтөбе облыстық мәслихатының 20.12.2004 № 1/5-282 хаты. «Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының жұмысы туралы» облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының бірінші орынбасары Қ.Ы. Жалымбетовтың баяндамасын және тұрақты комиссияның төрағасы депутат Т. К.Кәрімовтың осы мәселе бойынша қосымша баяндамасын тыңдап және талқылап облыстық Мәслихат облыс әкімінің стратегиялық жоспарына сәйкес тұрғындардың денсаулығын нығайтуға бағытталған шаралардың іске асырылып жатқандығын атап өтеді. Көп шығынды қажет ететін стационарлық емдеуден амбулаторлық-емханалық емдеуге көшуге бағытталған денсаулық сақтау желісі мен құрылымын тиімді ету жүйесін сақтау және дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде. Денсаулық сақтау мекемелерін жаңа медициналық техникамен жарақтандыру, диагностика мен емдеудің қазіргі заманға сай әдістерін енгізу жөнінде шаралар қабылдануда. Сонымен қатар денсаулық сақтау басқармасының жұмысы жеткілікті дәрежеде тиімді емес және «Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» Заңының талаптарына сай келмейді Облыста, әсіресе ауылдық жерлерде емдеу-профилактикалық мекемелер саны азаюда. Бірқатар елді мекендерде емдеу мекемелері жоқ. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржыларды тиімді және рационалды пайдалануды қадағалауды әлсіреткен. Жалақы төлеуге бөлінген бюджеттік қаржыларды өз мақсатына жұмсамауға жол берілген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының тарапынан ведомсволық бағынышты медициналық мекемелердің қызметіне бақылау жасау босаңсыған. Аудандық аумақтық медициналық бірлестіктердің барлығында дерлік облыстық денсаулық сақтау басқармасынан, ММСҚ және басқа да ұйымдардан алынған дәрі-дәрмектер мен химиялық реактивтердің тіркелмеу оқиғалары орын алуда. Азаматтардың тегін кепілдік берілген көлемде медициналық көмек алуға конституциялық құқықтары толық мөлшерінде қамтамасыз етілмейді. Бұл әсіресе сақтандыру төлемдері жергілікті бюджеттен уақытында аударылмайтын тұрғындардың жұмыс істемейтін бөлігіне қатысты. Көптеген ауруханаларда науқастарды тамақтандыру ұйымдастырылмаған, науқастар стационарға дәрі-дәрмектерімен, өз төсек керек-жарақтарымен келеді. Ауруханаларда ММСҚ бекіткен тегін емдеу қызметінің тізімі жоқ. 1997 жылы байқалып отырған облыс тұрғындарының ауыру санының азаю тенденциясы негізінен деесулықтың жақсаруынан емес, олардың медициналық көмек алуға өтініш білдіруінің төмендеуінен болып отыр. Жұкпалы гепатитке байланысты эпидемиологиялық қызмет бойынша алаңдатарлық жағдай сақталуда. 1997 жылы жұқпалы гепатит секілді инфекциялық аурулар санының өсуі байқалды, ол 1996 жылғы 254,06 қарағанда 337,04 құрады. Оның ішінде жұқпалы гепатитпен ауырғандардың 72,2 пайызы балалардың үлесіне тиеді. 1998 жылдың бірінші жарты жылдығында гепатитпен ауыру тұтастай алғаңда 2,3 есе, балалар арасында 3 есе өсті, ауру саны негізінен Ақтөбе, Қандыағаш және Шалқар қалаларында өскені байқалады. Өскелең ұрпақтың денсаулығы ерекше аландаушылық туғызуда. Олар жасөспірім кездерінен-ақ аурудың бірнеше асқынған түрлерімен науқастанады. Болашақ Отан қорғаушыларының денсаулығына байланысты шақыру комиссиясының дәрігерлері дабыл қағуда. Байғанин, Ырғыз, Темір аудандарында тұратын балалар арасыйда ас қорыту органдары аурулары, зат алмасу және иммунитет бұзылуы көбейді, Байғанин, Ырғыз, Мүғалжар аудандарында ересектер мен балалар арасында анемия саны өсті. Туберкулез бойынша күрделі эпидемиологиялық жағдай сақталуда. Туберкулезбен ауыру көрсеткіші орташа республикалық көрсеткіштен жоғары. Венерологиялық аурулар, наркотикалық тәуелділікке шалдығу, СПИД оқиғаларын (3 оқиға) анықтаудың көбеюі үлкен проблемаға айналып отыр. Облыста әлі де болса аналар мен балалар өлімінің деңгейі жоғары, онкологиялық және жүрек-тамыр аурулары кең таралған. Тұрғындардың орташа өмір сүру жасы жылдан жылға төмендеп келеді. Экономикадағы қиындықтар денсаулық сақтау саласына ауыр әсер етті. 1998 жылы денсаулық сақтау саласының бюджеті 789420,3 мың теңге болып бекітілген, қажеттілігі 2879167,6 теңге. 1993 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Міндетті медициналық сақтандыру қоры тұрғындардың 71,4 пайызын сақтандырды, оның 54,7 пайызы тұрғындардың жұмыс жасайтын бөлігіне жатады. 1998 жылдың 6 айында ММСҚ бөліміне сақтаңдыру төлемдерінің болжамдалған сомасының 59,5 пайызы ғана түсті, оның ішінде жұмыс берушілерден 78,0 пайыз, атқару органдарынан - 32,0 пайыз. Медикаменттер және дәкелер алуда кемшіліктер бар. Облысқа сапасыз дәрі-дәрмектер әкелу оқиғалары орын алуда, жеңілдетілген және тегін рецептілер бойынша дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселелері толық шешілмей отыр. Медицина қызметкерлеріне жалақы бойынша бережақ биылғы жылдың бірінші қыркүйегінде бюджет бойынша 39365,8 мың теңге, ММСҚ қоры бойынша 72378,3 мың теңге құрады. Облыстық денсаулық сақтау мекемелері материалдық-техникалық жарақтандыруда күрделі қиындықтарды бастан өткеруде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы облыста денсаулық сақтаудың ауылдық тізбегін білікті медициналық қызметшілермен жасақтауға, тұрғындарға дер кезінде және сапалы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруда кадрлардың жауапкершілігін арттыруға тиісті шаралар қабылдамайды. Облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстық десаулық сақтау басқармасының тұрғындарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудағы және денсаулық сақтау мекемелерін басқарудағы жұмысында айтарлықтай кемшіліктер мен қателіктер бар екендігі атап өтілсін.
Тармақ 2
2. Денсаулық сақтау басқармасы мына шараларды алуды қамтамасыз етсін: ■ азаматтардың заңдармен белгіленген тегін кепілдік берілген көлемде медициналық көмек алуға конституциялық құқықтарын сөзсіз іске асыруды, халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына тұрақты түрде бақылау жасауды, міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасын орындауды; ■ жұқпалы ауруларды, әсіресе туберкулезді, бірінші кезекте экологиялық апат аймақтарында айтарлықтай азайту; ■ 1998 жылдың 18 мамырында қабылданған ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі жұмысты тиімдірек жүргізу; ■ Мемлекеттік биліктің жергілікті органдарымен бірлесіп аналар мен балалардың денсаулығын қорғауға ерекше көңіл бөле отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, аса қатерлі және жаппай ауру түрлерімен күресу бағдарламаларын даярлау; ■ медицина қызметкерлерінің жіктелген еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесін енгізу бойынша қажетті шаралар қабылдау; ММСҚ арқылы қаржыландырылатын ауылдық тізбектің қызметшілеріне икемді еңбекақы жүйесін дайындау; ■ тұрғындардың жоғары сапалы емдеу-профилактикалық көмекке қажеттілігін өтеуді «Қазақстан 2030» Стратегиялық бағдарламасында айқындалған бірінші кезектегі әлеуметтік міндеттердің бірі ретінде қарастыру; ■ денсаулық сақтау мекемелерін, оның ішінде қат мамандықтар бойынша, әсіресе ауылдық жерлерде кадрлармен қамтамасыз ету; ■ медициналық көмектің инфрақұрылымын негізінен алғашқы медиктік-санитарлық көмекке нысаналау арқылы жетілдіру; жалпы практикадағы дәрігер жүйесін енгізу; ■ тұрғындардың дәрі-дәрмек препараттарына және науқастарды күту жабдықтарына қажеттілігін қанағаттандыру, облысқа әкелінетін дәрі-дәрмектердің сапасын қадағалау.
Тармақ 3
3. Ақтөбе медициналық академиясы, Ақтөбе медициналық колледжі медициналық кадрлар дайындау жүйесін жетілдірсін; өз түлектерінің бекітілген жерлерге баруын және жұмысқа орналасуын қатаң қадағаласын.
Тармақ 4
4. ММСҚ облыстық бөлімі (А. С. Беркімбаев) Қазақстан Республикасы заңдарында қарастырылған міндетті медициналық сақтаңдыру жүйесіне тұрғындардың толық қамтылуын және сақтандырылған азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етсін. Міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасын жүзеге асыруды, Қор қаржыларының мақсатты түрде пайдаланылуын ұдайы қадағалауды жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. Ақтөбе қаласы және аудандар әкімдеріне, қалалық және аудандық Мәслихаттарға ұсынылсын: ■ денсаулық сақтау органдары мен емдеу –профилактикалық мекемелер басшыларының, медициналық кадрлардың медициналық көмектің дер уақытында көрсетілуіне, сапасы мен мәдениетіне жауапкершілігін арттыру; ■ денсаулық сақтау саласы нысандарын мемлекет иелігінен айыру барысында жіберілген кемшіліктерді жою, ауылдық дәрігерлік амбулаторийлерді, фельдшерлік-акушерлік пункттерді қалыпта желтіру арқылы әрбір ауылдық елді мекенде медицина қызметтің ең аз деңгейін қамтамасыз ету; ■ жұмыс істемейтін тұрғындар үшін сақтандыру төлемдерінің төлемін азайтуға жол бермеу, жергілікті бюджетте бекітілген қаржылардың ММСҚ бөліміне толық көлемінде аудару; ■ медицина қызметшілеріне жалақының уақытында төленуіне қол жеткізу, өткен кезең үшін жалақы бойынша бережақты өтеу туралы мәселені шешу; ■ Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, оларға теңестірілген тұлғалардың медициналық қызмет көрсетудегі мұқтаждықтары мен қажеттіліктеріне, дәрі – дәрмектермен қамтамасыз етілуіне ерекше қамқорлық жасау; ■ денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайту, ауруханалар, емханалар, балалар емдеу және перзентхана мекемелері, амбулаторийлер, жедел және кезек күттірмес медициналық көмек қызметінің жұмысты жақсарту.
Тармақ 6
6. Облыстық Мәслихаттың білім, мәдениет, тілдерді дамыту, тұрғындардың денсаулығын қорғау, ғылым және экология мәселері жөніндегі тұрақты комиссиясы (Т. К. Кәрімов) азаматтардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған заң актілерінің медицина мекемелері, атқару органдары тарапынан орындалуына назарды күшейтсін.
Тармақ 7
7. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Ақтөбе қаласының және аудандардың атқару органдары осы шешімнің орындалу барысы туралы 1999 жылдын 1 қазанына дейін хабарлама берсін.