Об утверждении Стандарта организации оказания нефрологической помощи в Республике Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 14 қазандағы № ҚР ДСМ-114 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) әзірленді және Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру процесіне қойылатын талаптарды белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
Тармақша 1
1) автоматтандырылған перитонеалдық диализ (бұдан әрі – АПД) - пациенттің қатысуынсыз диализ ерітіндісін енгізуді және шығаруды қамтамасыз ететін арнайы аппараттардың (циклерлердің) көмегімен жүзеге асырылатын перитонеалдық диализ әдісі (берілген бағдарлама бойынша циклер ішперде қуысында ерітіндіні ауыстырудың автоматты циклдерін жүзеге асырады), сондай-ақ модификациялары бар плазмаферез, плазмаалмасу, плазмосорбция және гемосорбция, альбуминді диализ, оның ішінде КХ сәйкес бір ағынды альбуминді диализ;
Тармақша 2
2) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;
Тармақша 3
3) гемодиализ (бұдан әрі - ГД) – «Жасанды бүйрек» аппаратында жүргізілетін организмнен зат алмасудың уытты өнімдерін шығару, су және электролиттік теңгерімдердің бұзылуын қалыпқа келтіру мақсатында айналымдағы экстракорпоралдық қан мен диализдейтін ерітіндінің арасындағы төмен молекулалы субстанциялар мен сұйықтықтарды жартылай өткізгіш мембрана арқылы диффузиялық және сүзгілік тасымалдау қағидатына негізделген әдіс;
Тармақша 4
4) бүйректі алмастыру терапиясы (бұдан әрі – БАТ) – бүйрек жеткіліксіздігіне және басқа да себептерге байланысты адамның денесінде жиналған уытты заттар мен артық сұйықтықты жою мақсатында қолданылатын әдістердің жиынтығы;
Тармақша 5
5) динамикалық байқау – пациенттің денсаулық жағдайын жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;
Тармақша 6
6) клиникалық хаттама (бұдан әрі – КХ) - пациенттің белгілі бір ауруы немесе жай-күйі кезіндегі профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және паллиативтік медициналық көмек бойынша ғылыми дәлелденген ұсынымдар;
Тармақша 7
7) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;
Тармақша 8
8) мультидисциплинарлық топ (бұдан әрі – МДТ) – пациент организмінің функциялары мен құрылымдарының бұзылу сипатына, оның клиникалық жай-күйінің ауырлығына қарай қалыптасатын әртүрлі мамандар тобы;
Тармақша 9
9) онлайн-гемодиасүзгілеу (бұдан әрі – оГДС) – «Жасанды бүйрек» аппаратында жүргізілетін алмастыру ерітіндісін вена ішіне енгізе отырып, экстракорпоралдық айналымдағы қан мен диализдейтін ерітіндінің арасындағы төмен және орташа молекулалы субстанциялардың және сұйықтықтың жартылай өткізгіш мембранасы арқылы диффузиялық, сүзгілік және конвекциялық тасымалдау қағидатына негізделген әдіс. On-line нұсқасында алмастырғыш ерітінді диализатты стерильдейтін сүзгілеу жолымен «Жасанды бүйрек» аппаратында дайындалады;
Тармақша 10
10) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі;
Тармақша 11
11) тұрақты амбулаториялық перитонеалдық диализ (бұдан әрі – ТАПД) – құрсақ қуысындағы диализдік ерітіндіні ауыстыру (тәулігіне бірнеше рет) науқастарға амбулаториялық жағдайда (үй жағдайында) дербес жүргізілетін перитонеалдық диализ әдісі;
Тармақша 12
12) ультрасүзгілеу (бұдан әрі – УС) модификациялары бар жалғасқан БАТ- бүйректі алмастыру терапиясы (бұдан әрі – БАТ), перитонеалдық диализ (бұдан әрі – ПД) - диффузиялық алмасу, төмен және орташа молекулалық және белоктық субстанциялардың «перитонеалдық мембрана» арқылы сүзгіш және конвекциялық тасымалдау қағидатына, сондай-ақ ішперде қуысындағы диализдейтін ерітіндідегі қаннан алынатын сұйықтыққа негізделген бүйректі алмастыратын терапия әдісі.
Тарау 2. 2-тарау. Нефрологиялық көмек көрсету құрылымы, негізгі бағыттары мен тәртібі
2-тарау. Нефрологиялық көмек көрсету құрылымы, негізгі бағыттары мен тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Жалпы ережелер
1-параграф. Жалпы ережелер
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін медициналық ұйымның (бұдан әрі – МҰ) құрылымында мынадай бөлімшелер ұйымдастырылады:
Тармақша 1
1) меншік нысанына қарамастан емханаларда (облыстық, аудандық, қалалық деңгейдегі) көп бейінді стационарлардың консультациялық-диагностикалық бөлімшесінде, консультациялық-диагностикалық орталықтарда, диализ бөлімшелерінде, орталықтарында (бұдан әрі – ДБ және (немесе) ДО) мамандандырылған нефрологиялық кабинет (бұдан әрі – Кабинет);
Тармақша 2
2) қалалық, облыстық деңгейдегі, республикалық маңызы бар қалалардың және ғылыми ұйымдардың көп бейінді ауруханаларының (балалар, ересектер) құрылымындағы нефрологиялық бөлімше немесе меншік нысанына қарамастан аудандық, қалалық деңгейлердегі көп бейінді ауруханалардың (балалар, ересектер) құрылымындағы нефрологиялық төсектер;
Тармақша 3
3) аудандық, қалалық, облыстық, республикалық деңгейлерде және меншік нысанына қарамастан ғылыми ұйымдарда стационарды алмастыратын жағдайларда (ересектер және (немесе) балалар) тәуліктік стационар жағдайында диализ бөлімшесі (бұдан әрі – ДБ) және диализ орталығы (бұдан әрі-ДО);
Тармақша 4
4) нефрологиялық орталық нефрологиялық бөлімше, тәуліктік стационар жағдайында диализ төсектері және (немесе) диализ бөлімшесі және республикалық маңызы бар ғылыми ұйымда бір МҰ-да стационарды алмастыратын жағдайларда диализ орталығы (ересектер және (немесе) балалар) болған жағдайда ұйымдастырылады. Нефрологиялық орталықтың құрамына қосымша нефрологиялық пациенттерге арналған медициналық оңалту кабинеті, бөлімшесі кіреді.
Тармақ 4
4. БАТ-қа диализ (гемо- және перитонеалды) және бүйректі трансплантаттау жатады. БАТ әдістері интермиттелген және ұзартылған болып бөлінеді. Интермиттирлеу әдістері емшараның ұзақтығы 6 сағаттан аспауымен сипатталады. Ұзартылғандар интермиттирлеуші (8-12 сағат) және ұзақ (12-24 сағат) болып бөлінеді;
Тармақ 5
5. Нефрологиялық көмек көрсететін МҰ қызметінің негізгі бағыттары:
Тармақша 1
1) ерте диагностикалауға, асқынулардың өршуі мен дамуының профилактикасына, несеп бөлу жүйесі ауруларымен сырқаттанушылықты, мүгедектікті және өлім – жітімді емдеуге және төмендетуге, бүйректің созылмалы ауруы (бұдан әрі - БСА) бар пациенттердің өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға және сапасын жақсартуға, оның ішінде диализге дейінгі сатысын ұзартуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 2
2) несеп шығару жүйесі ағзаларының патологиясы (бүйректің жіті және созылмалы гломерулярлық және интерстициалдық аурулары, бүйректің және зәр шығару жүйесінің даму ақаулары, қант диабеті кезінде бүйректің қайталама зақымдануы, жүрек-қантамыр патологиясы және аутоиммундық аурулар, несеп-тас ауруы, бүйректі трансплантаттаудан кейінгі жай-күй, бүйректің жіті жеткіліксіздігі немесе бүйректің жіті зақымдануы (бұдан әрі – БЖЗ) және БСА бар пациенттерге КХ-ға сәйкес емдеудің барлық кезеңдерінде сабақтастықты сақтай отырып медициналық көмек көрсету.
Тармақша 3
3) БЖЗ, 3-5-сатыдағы БСА пациенттерді, оның ішінде бүйректі трансплантаттауды басынан өткерген, БАТ және эфференттік терапияның басқа да түрлерін алатын пациенттерді есепке алу және динамикалық байқау;
Тармақша 4
4) бүйрек аурулары мәселелері бойынша халыққа және денсаулық сақтау субъектілеріне ақпараттық-консультациялық және ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету;
Тармақша 5
5) ғылыми-зерттеу қызметіне қатысу және жүргізу, клиникалық нефрология саласында инновациялық технологияларды енгізу;
Тармақша 6
6) МҰ-да қолданылатын ақпараттық жүйенің (бұдан әрі – АЖ) қолданыстағы АЖ-мен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 6
6. Бүйрек аурулары бар пациенттерге мамандандырылған медициналық көмекті бейінді мамандар көрсетеді және мамандандырылған емдеу әдістерімен (БГД, ТАПД, АПД, оГДС, ГФ, УФ) БАТ немесе бүйректі трансплантаттау жүргізуді қамтиды.
Тармақ 7
7. Бүйрек аурулары бар пациенттерге жоғары технологиялық медициналық қызметтерді (бұдан әрі – ЖТМҚ) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-238/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21746 болып тіркелген) бекітілген Мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес бейінді мамандар көрсетеді.
Тармақ 8
8. Бүйрек аурулары бар пациенттерге паллиативтік көмек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-209/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21687 болып тіркелген) Қазақстан Республикасында ересек халыққа паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Нефрологиялық бейіндегі, оның ішінде бүйректің бөлу функциясын немесе БАТ алмастырудың мамандандырылған әдістерінің кешенін алатын пациенттерді медициналық оңалту Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21381 тіркелген) бекітілген медициналық оңалту көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. МО «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттаманың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) және «Денсаулық сақтау саласындағы есепті құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21879 болып тіркелген) бұдан әрі – № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрығы) сәйкес есепті құжаттама бекітілген денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарына сәйкес МҰ медициналық құжаттаманы жүргізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 11
11. Нефрологиялық көмек Кодекстің 116-бабында көзделген медициналық көмек көрсету деңгейінде көрсетіледі, Кодекстің 117-бабында көрсетілген нысандарда және КХ сәйкес ұсынылады.
Тармақ 12
12. Нефрологиялық көмек:
Тармақша 1
1) тәулік бойы медициналық байқау мен емдеу көзделмейтін амбулаториялық жағдайларда, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлардың қабылдау бөлімшелерінде;
Тармақша 2
2) тәулік бойы медициналық байқау, емдеу, күтім, сондай-ақ тамақпен бірге төсек-орын беру көзделетін стационарлық жағдайларда, оның ішінде емдеу басталғаннан кейін алғашқы тәуліктердің ішінде тәулік бойы байқау көзделетін «бір күннің» терапиясы және хирургиясы жағдайларында;
Тармақша 3
3) тәулік бойы медициналық байқау мен емдеу қажет етілмейтін және төсек-орын беріле отырып, күндізгі уақытта медициналық байқау мен емдеу көзделетін стационарды алмастыратын жағдайларда көрсетіледі;
Тармақша 4
4) МҰ-дан тыс:
Тармақша 1
1) медициналық көмек көрсетудің екінші және үшінші деңгейлеріндегі МҰ-дан емдеуді жалғастыру үшін тұрғылықты жеріндегі МҰ-ға медициналық сүйемелдеуді қажет ететін пациентті жеткізу үшін медициналық авиацияны пайдалану;
Тармақша 2
2) экстракорпоралдық гемокоррекция әдістерімен терапия көрсету үшін медициналық персонал мен медициналық бұйымдарды, жылжымалы (далалық) медициналық кешендер мен медициналық поездарды, далалық госпиталдарды, трассалық медициналық-құтқару пункттерін жеткізу үшін;
Тармақша 3
3) қашықтықтан медициналық қызмет көрсету кезінде ы қамтиды.
Тармақ 13
13. Жедел медициналық көмек, оның ішінде бүйрек аурулары бар пациенттерге медициналық авиацияны тарта отырып, «Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21713 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Осы стандартқа сәйкес нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыруды және үйлестіруді облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – ЖАО) бұйрығымен айқындалған құрамында нефрологиялық бөлімшесі/төсектері бар стационардың МҰ бірінші басшысы жүзеге асырады.
Тармақ 2. 2-параграф. Амбулаториялық жағдайларда нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі
2-параграф. Амбулаториялық жағдайларда нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 15
15. Бүйрек аурулары бар пациенттерге МСАК-ты (бұдан әрі – медициналық-санитариялық алғашқы көмек) жалпы практика дәрігерлері (отбасылық дәрігерлер), учаскелік терапевтер, педиатрлар, фельдшерлер, акушерлер, кеңейтілген практика (жалпы практика) мейіргерлері, учаскелік мейіргерлер, әлеуметтік қызметкерлер, денсаулық сақтау саласындағы психологтар көрсетеді.
Тармақ 16
16. Амбулаториялық жағдайларда пациенттерді ерте диагностикалау және динамикалық байқау КХ-ға сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Нефрологиялық көмек:
Тармақша 1
1) дәрігердің қарап-тексеруі, бүйректің зақымдану белгілерін анықтауы және аурудың сатысын, этиологиясын және белсенділік дәрежесін айқындау үшін КХ-ға сәйкес клиникалық-диагностикалық зерттеулер жүргізуі;
Тармақша 2
2) № ҚР-ДСМ 175/2020 бұйрығына сәйкес № 097/е нысаны бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасынан үзінді көшірмені және медициналық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі-МАЖ) деректерді енгізе отырып, № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрығына сәйкес есептік құжаттаманы ресімдей отырып, пациентті консультациялық – диагностикалық көмек көрсетуге жіберуді;
Тармақша 3
3) даму қаупі топтарын қалыптастыру, сатысы мен нозологиялық нысандарына қарай БСА асқынуларының үдеуі мен дамуының профилактикасы, сондай-ақ бүйрек аурулары бар пациенттерді есепке алу мен динамикалық бақылауды МСАК мамандары КХ-ға сәйкес нефрологтардың ұсыныстарын ескере отырып жүргізуді;
Тармақша 4
4) КХ және халықаралық ұсынымдарға сәйкес МДТ нефролог дәрігерлерінің ұсынымдарын ескере отырып, мамандандырылған медициналық көмек пен ЖТМҚ көрсету үшін МҰ емдеуге жатқызуға іріктеу мен жіберуді;
Тармақша 5
5) «Созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, байқаудың мерзімділігі мен мерзімдерін, диагностикалық зерттеулердің міндетті минимумы мен еселігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21513 болып тіркелген) сәйкес әртүрлі генездегі, оның ішінде операциядан кейінгі (трансплантаттаудан кейінгі) кезеңде бүйрегі зақымданған пациенттерді динамикалық байқауды;
Тармақша 6
6) нефрологиялық аурулары, БСА және БЖЗ бар, оның ішінде диализдік терапия алатын және бүйректі трансплантаттаудан кейін операцияны басынан өткерген (иммуносупрессивтік терапияны мониторингілеуді, инфекциялық асқынулардың профилактикасын және уақтылы анықтауды қоса алғанда) пациенттерді медициналық оңалтуды;
Тармақша 7
7) «Белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 21 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелген) сәйкес бүйрек аурулары бар пациенттерді (БЖЗ-ға пациенттерді қоса алғанда) дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру мен мониторингілеуді;
Тармақша 8
8) «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 20 қарашада № 21660 болып тіркелген) сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізуді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) бекітілген медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес мүгедектікті анықтау мен белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жіберуді;
Тармақша 10
10) 1-5-сатыдағы БСА, RIFLE (Райфл): Risk (Риск), Injury (Инжури), Failure (Фэйлэ), Lost (Лост), End Stage Renal Disease (Энд Стэйдж Ренал Дизиз) бойынша халықаралық сыныптамаға сәйкес барлық сатыдағы БЖЗ бар пациенттердің деректерін тіркеу және мониторинг үшін БСА сатысын көрсете отырып МҰ АЖ тұрақты енгізу, БАТ уақтылы басталуы және пациенттер маршрутының сабақтастығын қамтиды. АЖ болмаған немесе жеткіліксіздігі жағдайда пациенттерді тіркеу БСА электрондық тіркеліміне жүзеге асырылады; 1-ден 3 а-ға дейінгі сатылардағы БСА бар пациенттерді тіркеуді МСАК деңгейінде жалпы практика дәрігерлері (отбасылық дәрігерлер), учаскелік терапевтер, педиатрлар жүргізеді. БСА 3б-мен 5 кезең бойынша пациенттерді тіркеуді емхананың, кабинеттің, нефрологиялық орталықтың нефролог дәрігерімен бірлесіп жүргізеді.
Тармақ 18
18. Амбулаториялық жағдайларда бүйрек аурулары бар пациенттерге консультациялық-диагностикалық көмекті КХ-ға сәйкес нефролог дәрігер, жалпы практика дәрігері, басқа да бейінді мамандар көрсетеді.
Тармақ 19
19. Кабинеттің негізгі функциялары:
Тармақша 1
1) МСАК дәрігерінің жолдамасы бойынша бүйрек аурулары бар пациенттерге және олардың даму қаупі жоғары адамдарға мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
Тармақша 2
2) мынадай патологиясы бар адамдарды динамикалық бақылауды ұйымдастыру және байқау:
Тармақ 1
1. бастан өткерген БЖЗ-дан кейін;
Тармақ 2
2. бүйректі трансплантаттаудан кейін;
Тармақ 3
3. әртүрлі этиологиядағы бүйректің бастапқы және қайталама зақымдануы;
Тармақ 4
4. 3-5- сатыдағы БСА;
Тармақша 3
3) амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тиімділігін мониторингтеуді және бақылауды қамтамасыз ету үшін БСА өршу факторларын түзету (артериалдық гипертензия, қант диабет, анемия, жүрек функциясының жеткіліксіздігі);
Тармақша 4
4) пациенттерді зерттеп-қарауға және консультацияға жіберу;
Тармақша 5
5) бүйрек және аралас патология аурулары кезінде уақытша еңбекке жарамсыздық пен мүгедектік туралы мәселелерді шешуде ұсынымдар беру;
Тармақша 6
6) бүйрек аурулары бар пациенттерді КХ сәйкес мамандандырылған стационарлық немесе стационарды алмастыратын емдеуге іріктеу және жіберу;
Тармақша 7
7) емдеудің ЖТМК (жоғары технологиялық ағза алмастырушы әдістерін) уақтылы көрсету, оның ішінде ДБ және (немесе) ДО БАТ (ГД, ПД) үшін, КХ сәйкес күту парағына қосу үшін бүйректі трансплататтауға бүйрек аурулары бар пациенттерді іріктеу және жіберу;
Тармақша 8
8) КХ сәйкес бүйректі трансплантаттау бойынша операцияны бастан өткерген пациенттердің жай-күйін қадағалап-қарау және мониторингілеу;
Тармақша 9
9) бүйрек аурулары бар пациенттерді нефропротективтік терапияның, диагностикалаудың және емдеудің жаңа әдістерін практикаға енгізу;
Тармақша 10
10) тіркелген орны бойынша «Жалпы практика дәрігері», «Педиатрия» мамандықтары бойынша дәрігерлермен сабақтастық және өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 11
11) бекітілген (қызмет көрсетілетін) халықтың арасында бүйрек аурулары бойынша статистикалық деректерді талдау және 3-5-сатысындағы БСА бар диспансерлік пациенттердің, оның ішінде БАТ алатын пациенттердің электрондық тіркелімін (бұдан әрі – ДНЭТ) жүргізе отырып, есептік және есептік құжаттаманы жүргізу;
Тармақша 12
12) халықты санитариялық-гигиеналық ағарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және өткізу, «бүйрек аурулары бар пациенттерге арналған мектептер» өткізуді ұйымдастыру және қатысу;
Тармақша 13
13) амбулаториялық жағдайларда БСА бар пациенттерді қамтамасыз ету мақсатында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға өтінім жасауға қатысу;
Тармақша 14
14) БЖЗ және БСА бар пациенттердің ағынын үйлестіру, пациенттің қозғалыс бағытын үйлестіру және КХ-ға сәйкес нефрологиялық көмек көрсету кезінде сабақтастықты қамтамасыз ету;
Тармақша 15
15) қолданыстағы АЖ-мен интеграцияланған МҰ МАЖ-ға деректерді енгізу, деректерді жүйелеу үшін цифрлық және онлайн технологияларды қолдану, есептілікті қалыптастыру және индикаторлар серпінін қадағалау.
Тармақ 3. 3-параграф. Бүйректің созылмалы ауруы бар пациенттерге медициналық көмек көрсетудің кезеңдері мен деңгейлеріндегі үйлестіру және сабақтастық
3-параграф. Бүйректің созылмалы ауруы бар пациенттерге медициналық көмек көрсетудің кезеңдері мен деңгейлеріндегі үйлестіру және сабақтастық
Тармақ 20
20. Облыстың, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде ЖАО бұйрығымен өңірдің нефрологиялық көмегінің жауапты үйлестірушісі (бұдан әрі - өңірдің жауапты үйлестірушісі) айқындалады.
Тармақ 21
21. МСАК, консультациялық-диагностикалық көмек немесе стационар деңгейінде БСА бар пациенттерді ерте анықтау және қадағалап-қарау бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен МҰ медицина қызметкерлерінің қатарынан нефрологиялық көмек көрсету үйлестірушісі (бұдан әрі – НККҮ) тағайындалады.
Тармақ 22
22. НККҮ міндеттеріне мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) МҰ-ға БЖЗ және БСА бар пациенттердің бар-жоғы туралы ақпарат жинау;
Тармақша 2
2) БСА тіркелімін қалыптастыру;
Тармақша 3
3) өңірдің жауапты үйлестірушісіне есептілікті ұсыну;
Тармақша 4
4) МСАК дәрігерлеріне консультациялық көмек;
Тармақша 5
5) МСАК дәрігерлерін БЖЗ және БСА бар пациенттерді ерте диагностикалау және жүргізу, АЖ-ға маркерлер қою мәселелеріне оқыту;
Тармақша 6
6) МҰ-ға және одан әрі пациенттің бағыты бойынша БЖЗ және БСА бар пациенттердің ағынын үйлестіру.
Тармақ 23
23. Амбулаториялық жағдайларда бүйрек аурулары бар пациенттерді зерттеп-қараудың барлық кезеңі АЖ-да маркерлерді көрсете отырып мыналар көрсетіледі:
Тармақ 1
1. МСАК маманы N00-N08 диагнозы, сондай-ақ амбулаториялық деңгейде алғаш рет белгіленген N00-N08 диагнозы бар СНЭТ-тен үзінді-көшірме болған кезде гломерулярлық аурулар (бұдан әрі - «ГлА») маркерін қояды және пациентті үш жұмыс күні ішінде нефрологқа жібереді; «ГлА» маркері аурулардың және денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктемесінің оныншы қайта қарау кодына (бұдан әрі –АХЖ-10) сәйкес N00-N08 диагноздарымен диспансерлік есепке (бұдан әрі – Д-есеп) қою кезінде алынады;
Тармақ 2
2. МСАК маманы кез келген кезектілікпен екі оқиға басталған кезде «ГлА-мен Д-есепке алу» маркерін қояды:
Тармақша 1
1) N00-N08 диагнозымен D-есепке алу;
Тармақша 2
2) АХЖ-10 сәйкес N00-N08 диагноздарымен стационардан шығару;
Тармақша 3
3) амбулаториялық деңгейде АХЖ-10 сәйкес алғаш рет N00-N08 белгіленген диагнозы болғанда. МСАК маманы нефрологтың консультациясынан кейін қосымша зерттеп-қарау жүргізеді және пациентті ұсынымдарға сәйкес бақылайды. «ГлА-мен Д-есепке алу» маркері нефрологтың консультациясынан кейін есептен шығару кезінде алынады.
Тармақ 3
3. МСАК маманы кез келген реттілікпен оқиғалар басталған кезде «БСА» маркерін қояды:
Тармақша 1
1) АХЖ-10 сәйкес N18.1-N18.5; N18.9 диагнозымен СНЭТ-тен шығару кезінде.
Тармақша 2
2) АХЖ-10 сәйкес Т86.1трансплантатталған бүйрек қабылданбаған кезде;
Тармақша 3
3) 90 мл / мин-ден аз болған кезде ШСЖ кезінде. АХЖ-10 сәйкес Маркер N18.1-N18.5; N18.9 диагноздарымен Д-есепке қою кезінде алынады.
Тармақ 4
4. МСАК маманы кез келген реттілікпен екі оқиға басталған кезде «БСА-мен Д-есепке алу» маркерін қояды:
Тармақша 1
1) АХЖ-10 сәйкес D-N18.1-N18.5; N18.9. диагнозымен есепке алу;
Тармақша 2
2) АХЖ-10 сәйкес N18.1-N18. 5; N18. 9 диагноздарымен стационардан шығару;
Тармақша 3
3) АХЖ-10 сәйкес Т86.1 трансплантатталған бүйрек қабылдамаған кезде. «БСА-мен Д-есепке алу» маркері пациент қайтыс болған кезде алынады.
Тармақ 5
5. МСАК маманы ХАЖ-10 сәйкес N17, N19 диагнозымен СНЭТ-тен шығарылған кезде, сондай-ақ МДТ-дан өтпеген, бірақ диагноз қойылғаннан кейін 3 айға дейін гемодиализ алатын пациенттерге «БЖЗ» маркерін қояды. «БЖЗ» маркері БЖЗ-дан сауыққан кезде немесе АХЖ-10 сәйкес N18.1-N18.5; N18.9 диагноздарымен Д-есепке алынған кезде алынады.
Тармақ 24
24. Көп бейінді стационар құрамындағы нефрологиялық бөлімшеде/төсектерде нефрологиялық көмек көрсететін МҰ-да бүйрек аурулары бар БАТ-қа мұқтаж пациенттерге медициналық көмек көрсетудің жеке тәсілін және тактикасын таңдауды қамтамасыз ету үшін стационар деңгейінде МДТ құрылады. Стационардың НККҮ-інің басшылығымен құрамында нефролог дәрігер, емдеуші дәрігер, терапевт және қажет болған жағдайда бейінді мамандар бар МДТ-ның құрамы қалыптастырылады.
Тармақ 25
25. MДТ функциялары:
Тармақша 1
1) осы Стандартта және КХ белгіленген критерийлерге сәйкес БАТ жоспарлы бастауға көрсеткіштерді айқындау, диагностика алқалық таңдау, емдеу тактикасы және БАТ таңдау модальдығы;
Тармақша 2
2) бүйрек функциясының жіті жеткіліксіздігі (бұдан әрі - БЖЖ) және БСЖ бар науқастарға гемодиализді жалғастыру, бастау және тоқтату, ТБЖЖ бар науқастарда ТБЖЖ түрінде бастау, ТБЖЖ-ның бір түрінен екіншісіне ауыстыру, бүйректі транспланттауға жіберу, ТБЖЖ-ның жеке бағдарламасын түзету туралы шешім қабылдау;
Тармақша 3
3) бүйректі трансплантаттауға кандидаттарды (пациенттерді) бағалау және ағзалардың әлеуетті реципиенттерінің тіркеліміне енгізу (бұдан әрі – тіркелім) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-226/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21717 болып тіркелген) (бұдан әрі – ҚР ДСМ № ҚР ДСМ-226/2020 бұйрығы) сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге пациенттің келісімімен жүргізіледі;
Тармақша 4
4) трансплантаттауға науқастарды іріктеу трансплантаттау орталықтарының МДТ шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Тармақша 5
5) пациентке қолжетімді нысанда емдеу қағидаттарын түсіндіру және емдеу түрін таңдау құқығын беру;
Тармақша 6
6) ЖАО бекіткен тізімге сәйкес пациентке өзі тұратын өңірде бар барлық ДБ және (немесе) ДО немесе нефрологиялық орталықтар туралы ақпарат беру.
Тармақ 26
26. МДТ қорытындысын осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сәйкес МҰ бас дәрігерінің қолы қойғызып Стационардың НККҮ ресімдейді және өңірдің жауапты үйлестірушісіне, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (бұдан әрі - ӘлМСҚ) электрондық пошта арқылы жібереді, кейіннен МДТ отырыстарының журналына жазбаны автоматты түрде қалыптастыра отырып «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген (бұдан әрі - ҚР ДСМ № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы) №052/е нысаны бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасы (бұдан әрі – амбулаториялық пациенттің медициналық картасы) және (немесе) №001/е нысаны бойынша стационарлық пациенттің медициналық картасы (бұдан әрі – стационарлық пациенттің медициналық картасы) медициналық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі-МАЖ) енгізеді. «Тіркелімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21717 болып тіркелген), ҚР ДСМ №ҚР ДСМ-226/2020 бұйрығының 8, 9 және 18-тармақтарына сәйкес бүйректің ықтимал реципиентінің тіркеліміне енгізу және мониторинг жүргізу мақсатында МДТ қорытындысы Трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығына беріледі.
Тармақ 27
27. МСАК деңгейінде БСА-ның 4-5-сатысы бар, БТА-ға мұқтаж пациент анықталған жағдайда, НККҮ оны жоспарлы немесе шұғыл тәртіппен нефрологиялық төсектері бар стационарға жібереді, онда стационарлық НККҮ-нің қатысуымен МДТ жүргізіледі.
Тармақ 4. 4-параграф. Бүйректі алмастыру терапиясынкөрсетуді ұйымдастыру тәртібі
4-параграф. Бүйректі алмастыру терапиясынкөрсетуді ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 28
28. БАТ-да бүйрек аурулары бар пациенттерге жеке тәсілдерді қамтамасыз етуді және диагностика әдістерін, емдеу тәсілін таңдау мен динамикалық байқауды, емдеудің тиімділігіне мониторингті аудандық, қалалық, облыстық, республикалық деңгейлерде және меншік нысанына қарамастан ғылыми ұйымдарда бейінді маман жүргізеді.
Тармақ 29
29. БЖЗ кезінде БАТ КХ-ға және осы Стандартқа сәйкес көрсеткіштер бойынша тәуліктік стационарда жүргізіледі.
Тармақ 30
30. БЖЗ бар пациенттерде бүйректен тыс қанды шұғыл тазалауды жүргізу үшін көрсетілімдер, БЖЗ кезінде БАТ рәсімдерінің баламалылық өлшемшарттары, БАТ жалғастырылған әдістемелерін жүргізу үшін көрсетілімдер КХ-мен және осы Стандартпен регламенттелген.
Тармақ 31
31. L, E (RIFLE) (Райфл) сатыларында БЖЗ бар пациенттерді стационардан тәулік бойы бақылаумен стационарды алмастыратын жағдайлардағы БАТ-қа ауыстыру, КХ өлшемшарттарына және осы Стандартқа сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 32
32. Ай сайын ДБ және (немесе) ДО бүйрек функциясы қалпына келтірілгенге дейін стационарлық жағдайдан стационарды алмастыратын деңгейге ауыстырылған БЖЗ бар пациенттердің бүйрек функциясының мониторингін жүзеге асырады. Бүйрек функциясының тұрақты жоғалуы кезінде МДТ-ның қайта шешімімен пациент БАТ-қа ауыстырылады.
Тармақ 33
33. БАТ жүргізу мәселесін шешу үшін БСА бар пациенттерді шұғыл және жоспарлы емдеуге жатқызу осы Стандарттың 51-тармағына сәйкес тәулік бойы стационарда жүзеге асырылады.
Тармақ 34
34. 5-сатыда БЖЗ және БСА бар пациенттерге БАТ шұғыл емшарасын жүргізу туралы шешімді осы Стандарттың 44 және 47 тармақтарына сәйкес ДБ және (немесе) ДО нефролог дәрігері, реаниматолог-анестезиолог дәрігері қабылдайды.
Тармақ 35
35. БАТ-да 4-5-сатыдағы БСА бар пациенттерді жоспарлы іріктеуді осы Стандарттың 45-тармағында белгіленген көрсеткіштерге сәйкес нефролог дәрігер жүзеге асырады.
Тармақ 36
36. 5-сатыдағы БСА бар пациентке БАТ бастағанға дейін МСАК дәрігері немесе ДБ және (немесе) ДО дәрігері БАТ түрлеғрі туралы ақпаратты ұсынады.
Тармақ 37
37. ГД Дб және (немесе) ДО стандартты аптасына кемінде 12 сағат жүргізіледі, рәсімдердің жиілігін арттыру немесе кеміту осы Стандарттың 49-тармағында айқындалған өлшемшарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 38
38. ПД пациенттің өзі үйдегі стационар деңгейінде, ДБ және (немесе) ДО нефролог дәрігерінің бақылауымен жүргізеді. ПД бағдарламасы - КХ сәйкес тәулігіне кемінде 4 айырбас. ПД алатын өңір пациенттерінің жай-күйіне мониторингті уәкілетті орган айқындаған ДБ және (немесе) ДО жүргізеді.
Тармақ 39
39. Пациентті ДБ және (немесе) ДО-ға қабылдау С, В гепатиттерінің вирустарына тексеру нәтижелері, В гепатиті кезінде вакцинациялау және (немесе) қайта вакцинациялау деректері болған кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 40
40. ТАПД және (немесе) АПД амбулаториялық негізде үйде алатын пациенттер тіркелген жері бойынша тұрақты клиникалық-диагностикалық тексеруден өтеді, БСА КХ-ға сәйкес қажетті шығыс материалдарымен, медициналық бұйымдармен (бұдан әрі-МБ) қамтамасыз етіледі. ТАПД және (немесе) АПД алатын пациенттер «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-89 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24069 болып тіркелген) сәйкес тіркелген жері бойынша дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 41
41. Пациенттің жай-күйін және ТАПД және (немесе) АПД үйлесімділігін қадағалап-қарауды, мониторингін КХ-ға сәйкес ДБ және (немесе) ДО-ның нефролог дәрігері жүзеге асырады.
Тармақ 42
42. ТАПД және (немесе) АПД терапиясының асқынулары бар пациенттер стационар жағдайында емдеуге жатқызылады.
Тармақ 43
43. БАТ тиімділігі осы Стандарттың 56 және 57-тармақтарына сәйкес қол жеткізілген нысаналы деңгейлермен бағаланады.
Тармақ 44
44. БАТ бастау көрсетілген консервативтік әдістермен түзетуге келмейтін асқынулар:
Тармақша 1
1) көлемнен артық жүктеме және/немесе гипертензия;
Тармақша 2
2) гиперкалиемия;
Тармақша 3
3) метаболикалық ацидоз;
Тармақша 4
4) рефрактерлік анемия;
Тармақша 5
5) бақыланбайтын гиперфосфатемия;
Тармақша 6
6) салмақтың тез жоғалуы және нутрициялық мәртебенің нашарлауы.
Тармақ 45
45. Бүйректі алмастыратын бағдарламалық терапияға жоспарлы ауыстыруға шумақтық (гломерулярлық) сүзгілеу жылдамдығының (бұдан әрі – ШСЖ) деңгейі болып табылады.
Тармақша 1
1) ШСЖ ≤ 6 мл/мин-терапияны бастау үшін абсолюттік көрсетілім;
Тармақша 2
2) ШСЖ <10 мл/мин, - уремияның бір және одан да көп симптомдары болған кезде: бақыланбайтын гипергидратация және ісінулер, бақыланбайтын гипертензия, нутритивтік мәртебенің және қышқыл-негізгі жай-күйінің прогрессивті бұзылуы;
Тармақша 3
3) ШСЖ ≤ 20 мл/мин - жоғары қаупі бар пациенттерде (бақыланбайтын ісінулер, диабеттік нефропатия және нефротикалық синдром кезінде, жүрек фракциясы төмен, коморбидік жай-күйлері бар пациенттерде). Анурия немесе олигурия (диурез <600 мл/тәулік) бар пациенттерге ГД сеанстарын аптасына кемінде 3 рет, жалпы тиімді диализ уақыты 720 минуттан артық жүргізу ұсынылады. Тәуліктік диурезі >600 мл пациенттерге сеанстар жиілігін (аптасына 1-2 рет) және/немесе жалпы тиімді диализдік уақытты (аптасына 240-690 минут) азайта отырып, ГД емдеуді бастау мүмкіндігін жеке тәртіппен қарастыру ұсынылады.
Тармақ 46
46. Диализ аппараттары бар стационарға немесе алмастырушы бүйрек терапиясын жүргізу үшін, сондай-ақ өңірде стационар болмаған кезде ДБ және (немесе) ДО шұғыл емдеуге жатқызу «Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы №27 бұйрығымен бекітілген стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету қағидаларымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27218 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 47
47. БСА-ның 4-5 сатысы бар және/немесе БСА-ға күдікті пациенттерде шұғыл алмастырушы бүйрек терапиясының абсолюттік көрсеткіштері болып табылады:
Тармақша 1
1) қан сарысуындағы несепнәр 37,5 ммоль/л жоғары, ШСЖ <5 мл/мин төмендеуі (қант диабетімен ауыратын науқастарда – ШСЖ <10 мл/мин кезінде);
Тармақша 2
2) ЭКГ-да сипатты өзгерістері бар түзетілмейтін 6,5 ммоль/л жоғары гиперкалиемия;
Тармақша 3
3) гипермагнезиемия>4 ммоль/л ануриямен және терең сіңір рефлекстерінің болмауымен;
Тармақша 4
4) қанның рН 7,15-тен кем;
Тармақша 5
5) диуретиктерге сезімтал емес гиперволемия;
Тармақша 6
6) мидың және өкпенің ісінуі түріндегі қауіпті клиникалық көріністер, уремиялық коматозды немесе коматозға дейінгі жай-күй, уремиялық энцефалопатияның, уремиялық перикардиттің, плевриттің, уремиялық қан кету синдромының, тұрақты құсу синдромының, эритропоэтиндермен емге келмейтін уремиялық генездің анемиясының, жаппай ісінудің, диуретиктерге, анасарктерге резистентті, дене салмағының прогрессивті төмендеуінің клиникалық көріністері.
Тармақ 48
48. БЖЗ бар пациенттерде шұғыл бүйрек алмастыру терапиясына қатысты салыстырмалы көрсеткіштер мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1)қан креатининінің 48 сағат ішінде 26 мкмоль/л-ге және/немесе 7 күн ішінде бастапқыдан 1,5 және одан да көп есе артуы (деректер болмаған кезде КП сәйкес базальды креатининге бағдарлану);
Тармақша 2
2) диурез 6 сағаттың ішінде 0,5 мл/кг/сағ кем;
Тармақша 3
3) бастапқы деңгейден 2 есе ШСЖ төмендеуі;
Тармақша 4
4) креатинин мен несепнәрдің үдемелі өсуі бар бүйрек патологиясы бар жүкті, босанатын және босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдер. Бүйрек зақымдануы бар преэклампсия болған жағдайда жүкті және босанатын әйелдер көп бейінді стационардың акушерлік және гинекология бөлімшесіне емдеуге жатқызылады, онда БАТ жүргізу мүмкіндігі, оның ішінде қажет болған жағдайда – БАТ-ты күн сайын жүргізудің көзделуі болып табылады. Барлық жағдайлар зертханалық және аспаптық мәліметтермен расталады. БСА диагнозы расталмаған және/немесе БЖЗ-ға күдікті пациенттерде несепнәрі клиренсі бойынша өлшенген ШСЖ шамасы және оның динамикасы бойынша ГД/ГДФ рәсімдерінің дозасын, жиілігін және ұзақтығын түзету, несепнәр мен диурез клиренсін мұқият клиникалық мониторингтей отырып, бүйрек қызметін қалпына келтіру және диализдік терапияны тоқтату үшін жағдай жасау мақсатында диализдік терапия қарқындылығын біртіндеп арттыру және несепнәр мен диурез клиренсінің жиілігін/ұзақтығын пропорционалды ұлғайту тәсілін қолдану қажет.
Тармақ 49
49. Кезектен тыс гемодиализге немесе оГДС-ға көрсеткіштер:
Тармақша 1
1) дәрі-дәрмектік түзетілмейтін гиперфосфатемия;
Тармақша 2
2) бақыланбайтын ісінулер (гипергидратация) және гипертензия;
Тармақша 3
3) Kt/V <1,0 аптасына 12 сағаттық гемодиализ кезінде және толық емес диализдің (тамыр қол жетімділігінің жеткіліксіздігі, рециркуляция, аппараттардың техникалық ақаулықтары) басқа себептерінің болмауы кезінде; аптасына 12 сағаттық гемодиализ кезінде және диализдің басқа себептері (тамырлық қолжетімділіктің жеткіліксіздігі, рециркуляция, «Жасанды бүйрек» аппараттардың техникалық ақаулары) болмаған кезде диализдің сапа индикаторы (бұдан әрі-Kt/V) <1,0. Kt/V-тазарту дәрежесінің диализ дозасының индексі, мұндағы К-диализатордың несеп бойынша нақты клиренсі (мл/мин), t-гемодиализ уақыты (мин), V- синдром гломерулярлық сүзгілеу жылдамдығының тез (сағат-күн) төмендеуі салдарынан дамитын бүйрекпен шығарылатын азотты (несепнәр, креатининді қоса алғанда) және азотсыз метаболизм өнімдерінің (электролиттер деңгейінің, қышқыл-негіз тепе-теңдігінің, сұйықтық көлемінің бұзылуымен) жиналуына әкелетін несептің таралу көлемі (мл);
Тармақша 4
4) V сатысы БСА бар жүктілік (жүктіліктің бүкіл кезеңі ГД немесе оГДС аптасына 6 рет).
Тармақ 50
50. БАТ-ға абсолюттік және салыстырмалы қарсы көрсеткіштер – КХ-ға сәйкес.
Тармақ 51
51. 5-сатыдағы СБА кезінде бағдарламалық диализ рәсімдерінің барабарлылық өлшемшарттары БГД кезінде бір ай ішінде гемодиализдің орташа адекваттылық индексі kt/v >1,3 немесе СБА КХ-ға сәйкес ТАПД және (немесе) АПД кезінде бір апта kt/v >2,0, болып табылады, сондай-ақ ПГД және тұрақты ПД алатын пациенттер арасында бірінші жылдың өлім-жітімі 10%-дан аспайды. Бұл өлшемшарттар диализдік емдеуді жаңадан бастаған (3 айдан кем) пациенттерде ескерілмейді.
Тармақ 52
52. КХ-ға сәйкес мынадай көрсеткіштер БАТ алатын пациенттерде 5-сатыдағы БСА асқынуларын емдеудің барабар өлшемшарттары:
Тармақша 1
1) гемоглобин - ферритинмен бірге 100 мкг/л кем емес 100 г/л жоғары, трансферриннің қанығу пайызы – 30-40%, гипохромды эритроциттердің пайызы 2,5% кем және сарысулық темірдің қалыпты деңгейі;
Тармақша 2
2) қан сарысуының фосфоры-1,78 ммоль/л артық емес;
Тармақша 3
3) қан сарысуындағы паратгормон-150-300 пг/мл;
Тармақша 4
4) сарысулық альбумин-35 грамм/л төмен емес;
Тармақша 5
5) жалпы кальций - 2,10 – 2,54 ммоль/л болып табылады; Бұл өлшемшарттар диализдік емдеуді алғашқы бастаған (3 айдан кем) пациенттерде ескерілмейді.
Тармақ 53
53. Көп бейінді клиникалардың құрамында ДБ шұғыл және жоспарлы түрде мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. ДО мамандандырылған медициналық көмекті жоспарлы түрде ұсынады.
Тармақ 54
54. ДБ және (немесе) ДО функциялары:
Тармақша 1
1) көрсетілетін көмектің және КХ деңгейіне сәйкес 5-сатыдағы БЖЗ бар, L, E (RIFLE) (Райфл) кластарымен БСА бар пациенттерге БАТ жүргізу;
Тармақша 2
2) пациентті БАТ түрлері туралы хабардар ету;
Тармақша 3
3) диализ, оның ішінде перманентті катетер жүргізу үшін уақытша қол жеткізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) қажет болған кезде тұрақты қан тамыры қолжетімділігін қалыптастыру,
Тармақша 5
5) 5-сатыдағы БСА бар пациентке ГД және (немесе) ПД бағдарламасын енгізу және таңдау;
Тармақша 6
6) ДБ және (немесе) ДО жұмысының кестесіне сәйкес бүйрек ауруларын диагностикалау және емдеу мәселелерінде амбулаториялық деңгейде МҰ-ға консультациялық көмек көрсету;
Тармақша 7
7) осы Стандарттың 2 - қосымшасына сәйкес «Диализдың (гемодиализ, перитонеалдық диализ) сапалық индикаторлары» нысаналы индикаторларға баса назар аудара отырып, МАЖ-ды енгізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) әлеуетті реципиенттер тіркелімінде тұрған адамдарда бастапқы пациенттерді типтеу HLA (Эйч Эль Эй) жүйесі бойынша тексеру және лейкоцитарлық антиденелер деңгейін мониторингтеу мақсатында ағзалардың әлеуетті реципиенттерінің тіркелімін қалыптастыруға және жүргізуге, сондай-ақ қан алуды қамтамасыз етуге қатысу;
Тармақша 9
9) қосалқы мердігерлікті жүзеге асыру кезінде пациенттерді тасымалдау үшін қосалқы мердігерлік қатынастар шеңберінде шарт жасасу;
Тармақша 10
10) 2-қосымшаға сәйкес диализдік емшара картасы мен көшірме эпикризді ресімдеу, пациентке АЖ-ға бекіте отырып, тіркелген жері бойынша емханаға шығару эпикризін беру;
Тармақша 11
11) үйдегі стационар деңгейінде ТАПД алатын пациенттің ауру тарихын жаба отырып АЖ толтыру.
Тармақ 55
55. Жаңа ДБ және (немесе) ДО-ны жоспарлау жұмыс істеп тұрған ДБ/ДО арасындағы қашықтықты, БАТ-ға қажеттілікті Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау басқармасының/қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бақылауымен өңір халқының санын ескере отырып жүргізіледі. ДБ/ДО аппараттардың саны екіден кем емес және жиырмадан артық емес және 10 жұмыс істеушіге бір резервтік аппарат болуы тиіс.
Тармақ 56
56. ОД және (немесе) ОД үй-жайларының жиынтығы мен алаңдарына қойылатын талаптар, пациенттерге, оның ішінде парентеральдық вирустық гепатиттері бар пациенттерге диализдік көмекті ұйымдастыру «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 болып тіркелген) және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 57
57. Гемодиализге арналған сұйықтықтарды дайындауға, гемодиализге арналған ерітінділердің сапасына және қанды тазартуға арналған жүйелерге қойылатын талаптар стандарттау саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес іске асырылады.
Тармақ 5. 5-параграф. Стационарлық жағдайларда нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі
5-параграф. Стационарлық жағдайларда нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 58
58. Тәуліктік стационар деңгейіндегі аурулары бар пациенттерге мамандандырылған көмек көрсету үшін КЖ сәйкес зертханалық, аспаптық тексеру және емдеу жүргізе отырып, көп бейінді стационардың құрамында нефрологиялық бөлімше/нефрологиялық төсектер көзделген.
Тармақ 59
59. Пациенттерге шұғыл, жоспарлы мамандандырылған нефрологиялық көмек аумақтық, ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан «Нефрология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медициналық қызметке мемлекеттік лицензиясы бар медициналық ұйымдар көрсетеді.
Тармақ 60
60. Ауданаралық, қалалық, облыстық деңгейлердегі, республикалық маңызы бар қалалардағы және ғылыми ұйымдардағы көпбейінді ауруханалар (балалар, ересектер) меншік нысанына қарамастан, анестезиология және реанимация бөлімшесі жағдайында арнайы емдеу әдістерімен (бағдарламалық гемодиализ, ПАПД, АӨД, оГДС, гемофильтрация, УФ, плазмаферез) БЖА және БСА бар пациенттерге БАТ көрсетеді.
Тармақ 61
61. Бүйрек аурулары бар, оның ішінде тәулік бойы стационар жағдайында БАТ жүргізуге мұқтаж пациенттерді жоспарлы және шұғыл емдеуге жатқызу портал – Емдеуге жатқызу бюросы (бұдан әрі - Портал) арқылы немесе жедел медициналық көмек желісі, өз бетінше жүгінуі бойынша және тұрғылықты жеріне және тіркелген жеріне қарамастан пациентті жеткізудің кез келген басқа да тәсілдері кезінде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде жүзеге асырылады. Стационарлық жағдайда:
Тармақша 1
1) перитонеальдық катетерді имплантаттау/ қайта имплантаттау;
Тармақша 2
2) артериовеноздық фистула (бұдан әрі – АВФ), тамырлық протезді (аутовен, алловен, синтетикалық) (бұдан әрі – ТП-мен АВФ), стент-графт, баллондық ангиопластика қалыптастыру;
Тармақша 3
3) КХ сәйкес пациенттерде бүйректі трансплантаттаудан кейін ересектерге және балаларға ерте немесе алыстатылған трансплантаттаудан кейінгі кезеңде БАТ жүргізіледі.
Тармақ 62
62. Шұғыл емдеуге жатқызуға мынадай пациенттер жатады:
Тармақша 1
1) қан креатининінің 48 сағат ішінде 26 мкмоль/л-ге және/немесе 7 күн ішінде бастапқыдан 1,5 және одан да көп есе артуы (деректер болмаған кезде КП сәйкес базальды креатининге бағдарлану);
Тармақша 2
2) диурез 6 сағаттың ішінде 0,5 мл/кг/сағ кем;
Тармақша 3
3) бастапқы деңгейден 2 есе ШСЖ төмендеуі;
Тармақша 4
4) бүйрек функциясының бірінші рет анықталған бұзылуы (несепнәр 30 ммоль/л-ден астам, креатинин 300 мкмоль/л-ден астам, калий 6,5 ммоль/л-ден астам) немесе креатинин, мочевина және қан калийі деңгейлерінің үдемелі өсуі, сондай-ақ осы көрсеткіштердің әрқайсысы оқшауланған (несепнәр өсімі тәулігіне 5 ммоль/л-ден астам, креатинин-88-177 мкмоль/л-ден астам, калий – 0,5 ммоль/л-ден астам);
Тармақша 5
5) олигурия немесе анурия 24 сағаттан артық;
Тармақша 6
6) созылмалы бүйрек ауруы пайда болған немесе асқынған кезде анамнезінде БЖЗ-ны бастан өткерген;
Тармақша 7
7) бүйрек патологиясы бар жүкті, босанатын және босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдер. Бүйрек зақымдануы бар преэклампсия болған кезде жүкті және босанатын әйелдер көп бейінді стационардың акушерлік және гинекология бөлімшесіне емдеуге жатқызылады, онда БАТ жүргізу мүмкіндігі, оның ішінде қажет болған жағдайда – күн сайын БАТ жүргізу көзделген;
Тармақша 8
8) бүйрек ауруларынан зардап шегетін, жүрек, тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі белгілері бар пациенттер; инфекциялар; дене салмағының үдемелі төмендеуі немесе патологиялық жиынтығы кезінде; консервативтік терапияға, гиперкалиемияға, метаболикалық ацидозға резистентті пациенттер;
Тармақша 9
9) 5-сатыдағы БСА бар пациенттер, уақытша тамырлық қол жетімділікті орнату және (немесе) тұрақты тамырлық қол жетімділікті қайта қалыптастыру үшін жұмыс істемейтін тамырлық қол жетімділігі бар БАТ алатын пациенттер;
Тармақша 10
10) БСА-ның КХ-мен көзделген жай-күйі.
Тармақ 63
63. Диагнозды морфологиялық верификациялау, жүргізілетін терапияны индукциялау, іріктеу, түзету үшін бүйректің бастапқы және қайталама аурулары бар пациенттер, оның ішінде иммуносупрессивтік препараттар көрсетілімдер бойынша нефробиопсия жүргізу үшін жоспарлы тәртіппен емдеуге жатқызылады.
Тармақ 64
64. Медициналық құжаттаманы ресімдеу № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрығымен бекітілген МҰ бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес жүзеге асырылады. Шығарылғаннан кейін пациент туралы ақпарат тіркелген жері бойынша МСАК ұйымына АЖ арқылы беріледі.
Тарау 3. 3-тарау. Нефрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің штаты
3-тарау. Нефрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің штаты
Тармақ 65
Тармақ 66
66. ДБ және (немесе) ДО шеңберінде БТА рәсімдерін жүргізуді «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген) сәйкес біліктілікті арттыру курсы бар бейінді маман жүргізеді.
Тармақ 67
67. МҰ нефрологиялық кабинетінің медицина персоналының ұсынылатын штат нормативтері:
Тармақша 1
1) 50 000 тұрғынға шаққанда нефролог дәрігер;
Тармақша 2
2) мейіргер-нефролог дәрігердің 2 лауазымына 1 лауазым;
Тармақша 3
3) санитар – кабинетке 0,5 лауазым.
Тармақ 68
68. Диализ бөлімшесінің штаты (көп бейінді стационар құрамында) мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) бөлімше меңгерушісі (нефролог дәрігер) – бөлімшеге 1 лауазым;
Тармақша 2
2) нефролог дәрігер/диализ залының дәрігері (нефролог сертификатымен) – бір ауысымда 10 диализдік орынға 1 лауазым, стационардың 15 төсектік диализ залына 1 лауазымнан кем емес; бір ауысымда 1 дәрігерден кем емес;
Тармақша 3
3) хирург дәрігер – 60 пациенттерге 1 лауазым;
Тармақша 4
4) психолог - бір бөлімшеге 1 лауазым;
Тармақша 5
5) аға мейіргер - бір бөлімшеге 1 лауазым;
Тармақша 6
6) «Мейіргер ісі» бейіні бойынша біліктілікті арттыру курсы бар жоғары немесе орта медициналық білімі бар мейіргер (диализ залы) – бір ауысымда 4 диализдік орнға 1 лауазым, бірақ диализ залына 1 лауазымнан кем емес.
Тармақша 7
7) мейіргер-5 пациентке 1 лауазым;
Тармақша 8
8) палаталық мейіргер -12 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост;
Тармақша 9
9) пациенттерді күту бойынша кіші мейіргер - 1 тәулік бойы 12 төсек орны;
Тармақша 10
10) шаруашылық бикесі-бөлімшеге 1 лауазым;
Тармақша 11
11) санитар – бір ауысымда 8 гемодиализдік орынға 1 лауазым;
Тармақша 12
12) санитар-буфетші – бөлімшеге 2 лауазым;
Тармақша 13
13) инженер – бөлімшеге1 лауазым;
Тармақша 14
14) техник - бөлімшеге 1 лауазым;
Тармақ 69
69. Амбулаториялық диализ орталығының штаты мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) бөлімше меңгерушісі (нефролог дәрігер) - бөлімшеге 1 лауазым;
Тармақша 2
2) нефролог дәрігер – нефрологиялық бейіндегі консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсететін маман - 25-тен 75 пациентке дейін;
Тармақша 3
3) нефролог-дәрігер/диализ залының дәрігері (нефролог сертификатымен) – бір ауысымда 8 диализдік орынға 1 лауазым, диализ залына 1 лауазымнан кем емес; бір ауысымда 1 дәрігерден кем емес;
Тармақша 4
4) хирург дәрігер – 60 пациентке 1 лауазым;
Тармақша 5
5) психолог - бір бөлімшеге 1 лауазым;
Тармақша 6
6) аға мейіргере - орталыққа 1 лауазым;
Тармақша 7
7) «Мейіргер ісі» бейіні бойынша біліктілікті арттыру курсы бар жоғары немесе орта медициналық білімі бар мейірбике (диализ залы) –бір ауысымда 4 диализдік орынға 1 лауазым, бірақ диализ залына 1 лауазымнан кем емес.
Тармақша 8
8) шаруашылық бикесі - орталыққа 1 лауазым;
Тармақша 9
9) санитар – бір ауысымда 8 гемодиализдік орынға 1 лауазым;
Тармақша 10
10) санитар-буфетші - орталыққа 2 лауазым;
Тармақша 11
11) инженер – орталыққа 1 лауазым;
Тармақша 12
12) техник - орталыққа 1 лауазым;
Тарау 4. 4-тарау. Нефрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын ұсынылатын медициналық бұйымдармен жарақтандыру
4-тарау. Нефрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын ұсынылатын медициналық бұйымдармен жарақтандыру
Тармақ 70
70. Нефрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен негізгі ұсынылатын жарақтандыру «Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төменгі стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № КР ДСМ-167/2020 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21560 болып тіркелген) талаптарына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының өтінімдеріне сәйкес ағымдағы қажеттілікпен жүзеге асырылады.
Басқа 1. Мультидисциплинарлық топтың (МДТ) қорытындысы
Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 1- қосымша Нысан Мультидисциплинарлық топтың (МДТ) қорытындысы МҰ атауы _______________________ Мекенжайы _________________________________________________________ Облыс _____________ Қала ______________ Аудан ______________ Пациент туралы ақпарат 1.Пациенттің ТАӘ(бар болса) ____________________________________________ 2. ЖСН______________________________ 2. Үйінің мекенжайы, Байланыс телефондары ________________________ 3. МСАК бекіту __________________________________________ 4. МҰ-ға келіп түсті: МСАК бағыты бойынша жоспарлы түрде, өз бетінше жүгінуі, шұғыл (қажеттісінің астын сызу) 5. Диагноз: А) Негізгі: __________________________________________________ Б) фондық ауру: __________________________________________________________________ В) қосалқы аурулар: _____________________________________________________________________ 6. Ауру күні: ______________________ 7. Жүгінген күні: ________________________ 8. Салмағы ______,кг; жасы ______, жылдар; жынысы______; креатинин деңгейіне ________ ШСЖ ______ мл/мин; БАТ бастаған сәттегі тәуліктік диурездің көлемі 7. БАТ-та жоспарлы бастау үшін көрсеткіштердің болуы (қажетінің асты сызылсын): 1) ШСЖ≤ 6 мл / мин; 2) ШСЖ <10 мл/мин – уремияның бір және одан көп симптомдары болған кезде: бақыланбайтын гипергидратация және ісіну, бақыланбайтын гипертензия, нутритивті мәртебенің және қышқылдық-негіздік жай-күйдің прогрессивті бұзылуы; 3) ШСЖ ≤ 20 мл/мин – қаупі жоғары пациенттерде (бақыланбайтын ісіну, диабеттік нефропатия және нефротикалық синдром кезінде, жүрек фракциясы төмен, коморбидтік жай-күйі бар пациенттер). 30 ммоль/л жоғары қан сарысуындағы несепнәр және/немесе ШСЖ 5 мл/мин / 1- 73 м2-ден төмендеуі (қант диабетімен ауыратын науқастарда 20 мл /мин 1,73 м2-ден төмен); рН капиллярлық қанның 7,2-ден стандартты бикарбонаты 20 ммоль / л -дан төмен, буферлік негіздердің тапшылығы аз-10 ммоль/л; гиперкалиемия 6,5 ммоль/л жоғары; анурия 24 сағаттан асады. 8. Шұғыл алмастырушы бүйрек терапиясы үшін көрсетілімдердің болуы (қажетінің асты сызылсын): 1) қан сарысуының несепнәрі 30 ммоль/л жоғары, ШСЖ төмендеуі <5 мл/мин (қант диабеті пациенттерінде – ШСЖ кезінде <10 мл/мин); 2) 6,5 ммоль/л жоғары түзетілмейтін гиперкалиемия; 3) анурия пациенттерде 12-24 сағаттан артық; 4) ми мен өкпенің ісінуі түріндегі қауіпті клиникалық көріністер, уремиялық коматозды немесе комоматозды жай-күй, уремиялық энцефалопатияның, уремиялық перикардиттің, плевриттің, уремиялық қанау синдромының, тұрақты құсудың, эритропоэтиндермен емдеуге келмейтін уремиялық генез анемиясының, диуретиктерге, анасарктарға төзімді жаппай ісінулердің, дене салмағының біртіндеп төмендеуінің клиникалық көріністері. Барлық жағдайлар зертханалық және аспаптық мәліметтермен расталады; 9. БТА-ның түрі (қажеттісінің астын сызу): гемодиализ; аптасына 3 рет/ аптасына 2 рет/ аптасына 1 рет перитонеальді диализ; бүйректі трансплантаттау Барлық жағдайлар зертханалық және аспаптық мәліметтермен расталады. 10. 4-5 сатыдағы созылмалы бүйрек ауруы бар пациенттің жадынамасымен таныстым: Иә, Жоқ (керегінің астын сызу керек) 11. Пациент ҚДС бекіткен АЖ/ДҚ тізімімен танысты: Иә/Жоқ (қажеттісінің астын сызу) 12. Пациент таңдаған ДБ/ДО атауы:___________________________ МҰ бас дәрігерінің ТАӘ(бар болса) ______________ (қолы) Нефролог дәрігердің ТАӘ(бар болса) __________________(қолы) МДТ мүшелері: ТАӘ(бар болса) ________________________________________(қолы) ТАӘ(бар болса) ________________________________________(қолы) М. О. толтырылған күні 20 ____ жылғы «___» _____ Ескертпе: қорытынды МАЖ-ға тіркеледі және 3 жұмыс күні ішінде ӘлМСҚ АД-ға жіберіледі Ескертпе: МСАК- медициналық-санитариялық алғашқы көмек МО-медициналық ұйым МДТ-мультидисплинарлық топ ШСЖ- шумақтық сүзгілеу жылдамдығы ДБ/ДО – диализ бөлімшесі/диализ орталығы БАТ - бүйректі алмастыру терапиясы ммоль/л - литріне миллимоль АЖ-ақпараттық жүйе ӘлМСҚ – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ
Басқа 2. Диализдың (гемодиализ, перитонеалдық диализ) сапалық индикаторлары
Қазақстан Республикасының нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 2-қосымша Диализдың (гемодиализ, перитонеалдық диализ) сапалық индикаторлары Диализдік терапияның сапалық индикаторлары 1. Сарысулық альбумин Сарысулық альбумин, г/л Пациенттердің саны <35 35-40 >40 Жиынтығы Қаңтар-Маусым,% Шілде-Желтоқсан,% Бұл өлшемшартқа диализ емін жаңадан бастаған (3 айдан аз) пациенттер кірмейді. 35 г/л төмен альбуминнің 6 айлық өлшемінің орташа көрсеткіші 25% аспауы тиіс. 2. Гемоглобин Ге­мо­гло­бин, г/л Па­ци­ент­тер­дің са­ны <100 100-115 >115 Жиын­тығы Қаң­тар-Мау­сым,% Шіл­де-Жел­тоқ­сан,% Гемоглобиннің 6 айлық өлшемінің орташа көрсеткіші ЭПО препараттарын тағайындағанда 100-115 г/л шегінде болуы тиіс, бұл ретте гемоглобин деңгейі 100 г/л-ден төмен пациенттердің саны 20%-дан аспауы тиіс, 115 г/л кем –пациенттердің 40% -дан азында болуы тиіс. Бұл өлшемшартқа диализ емін жаңадан бастаған (3 айдан аз) пациенттер кірмейді. 3. Фосфор Фос­фор­дың дең­гейі, ммоль/л (мг/дл) Па­ци­ент­тер­дің са­ны <1,13 (<3,5) 1,13-1,78 (3,5-5,5) >1,78 (>5,5) Жиын­тығы Қаң­тар-Мау­сым,% Шіл­де-Жел­тоқ­сан ,% Фосфордың 6 айлық өлшемінің орташа көрсеткіші 1.13 – 1.78 ммоль/л шегінде болуы тиіс, бұл ретте фосфор деңгейі 1.78 ммоль/л-ден жоғары науқастардың саны 35%-дан аспауы тиіс. Бұл өлшемшартқа диализ емін жаңадан бастаған (3 айдан аз) пациенттер кірмейді. 4. Иондалған кальций Ион­дал­ған каль­ций­дің дең­гейі, ммоль/л Па­ци­ент­тер­дің са­ны <1,16 1,16-1,32 > 1,32 Жиын­тығы Қаң­тар-Мау­сым,% Шіл­де-Жел­тоқ­сан ,% Иондалған кальцийдің 6 айлық өлшемінің орташа көрсеткіші 1,16 – 1,32 ммоль/л шегінде болуы тиіс, бұл ретте иондалған кальций деңгейі осы диапазоннан жоғары немесе төмен науқастардың саны 35%-дан аспауы тиіс. Бұл өлшемшартқа диализ емін жаңадан бастаған (3 айдан аз) пациенттер кірмейді. 5. Интактілік Паратгормон (иПТГ) иПТГ дең­гейі, пмоль/л Па­ци­ент­тер­дің са­ны <150 150-300 300-600 > 600 Жиын­тығы Қаң­тар-Мау­сым,% Шіл­де-Жел­тоқ­сан,% 6 айлық иПТГ өлшеулерінің орташа көрсеткіші 150 – 300 пмоль/л шегінде болуы тиіс, бұл ретте иПТГ деңгейі 300 пмоль/л жоғары пациенттердің саны 35%-дан, 600-ден астамы 20%-дан аспауы тиіс. Бұл өлшемшартқа диализ емін жаңадан бастаған (3 айдан аз) пациенттер кірмейді. 1000 пмоль/л жоғары ПТГ бар 3 ай бойы дәрі-дәрмектік емге резистентті пациенттер паратиреоидэктомияға жіберілуі тиіс. 6.Тамырлық қолжетімділік: АВФ немесе АВ-стент Та­мыр­лық қол­же­тім­ді­лік­тің тү­рі ГД/оМДФ-да Па­ци­ент­тер­дің са­ны Тұ­рақ­ты ТҚ: АВФ неме­се АВШ Пер­ма­нент­тік ка­те­тер уа­қыт­ша ка­те­тер Жиын­тығы Қаң­тар-Мау­сым,% Шіл­де-Жел­тоқ­сан,% АВФ немесе АВШ бар пациенттердің саны тамырлық қолжетімділікті қалыптастыруға қарсы көрсетілімдер болмаған кезде 70%-дан артық болуы тиіс. Перманенттік катетері бар пациенттердің саны 25% – дан, қысқа мерзімді тұрақсыз катетері барлар 5%-дан аспауы тиіс. Бұл өлшемшартқа диализ емін жаңадан бастаған (3 айдан аз) пациенттер кірмейді. 7. B және C гепатиттері Жаңадан алынған пациенттерді қоспағанда, HBsAg (+) және anti-HCV (+) бар пациенттердің орташа 6 айлық өсу көрсеткіші 5%-дан аспауы тиіс. 8. Kt/V несепнәр (гемодиализ) KT/V несеп­нәр Па­ци­ент­тер­дің са­ны ≥1.2 1,4 >1,4 Жиын­тығы Қаң­тар-Мау­сым,% Шіл­де-Жел­тоқ­сан,% Kt/V өлшеудің орташа көрсеткіші ГД/оМДФ науқастары үшін 1.2 (≥1.2) төмен болмауы тиіс және 30% аспауы тиіс, Kt/V >1,4 кемінде 70% болуы тиіс. Бұл өлшемшартқа ГД-мен (3 айдан аз), тамырлық қолжетімділікпен емді жаңадан бастаған пациенттер, егде жастағылар, гипотензиясы бар, нутрициялық мәртебесі төмен (салмағы төмен) пациенттер кірмейді. Kt/V Daugirdas-2 формуласы бойынша немесе тікелей «жасанды бүйрек» аппаратында емшара кезінде «клиренс мониторы» арқылы есептеледі. Бұл фракциялық клиренсі несепнәрдің таралу көлеміне (V) бөлінген (t – диализ ұзақтығы) уақытқа диализатордың клиренсін (K мл/мин) көбейтіндісі ретінде есептеледі. 9. Kt/V несепнәр (перитонеалдық диализ) KT/V несеп­нәр Па­ци­ент­тер­дің са­ны <1.7 1.7-2.0 >2.0 Жиын­тығы Қаң­тар-Мау­сым,% Шіл­де-Жел­тоқ­сан,% KT/V перитонеалдық және резидуалдық бүйректің жалпы көрсеткіштерінің апталық мәні есептеледі. Дене сұйықтығының жалпы көлемі Ватсон формуласы бойынша есептеледі. Жалпы 1,7-ден төмен KT/V бар пациенттердің саны 40%-дан аспауы тиіс. Ескертпе: Тоқсан сайын әрбір пациент бойынша БТА тиімділігі туралы есеп бекітілген жері бойынша МСАК-қа, ЖАО-ға және ӘМСҚ-ға жіберіледі. аббревиатуралардың толық жазылуы: ЭПО - эритропоэтин иПТГ- интактілі паратгормон ПТГ- паратгормон АВФ-артериялық-веноздық фистула АВ - артериовенозды ГД - гемодиализ оМДФ - онлайн гемодиафильтрация ҚҚ - қантамырлық қол жеткізу АВШ - артериялық-веноздық шунт А. Диализ ем-шараларының картасы: Диализ орталығының атауы____________________ Өңір ____________________________ Күні ____________ Пациенттің ТАӘ (бар болса)_________________________ Бағдарламалық диализ басталған күн _____________________ құрғақ салмағы _ _ _ _ _ кг Режимі: _ _ _ _ _ _ _ еселігі _______________ уақыт________________ Диализат:____________________________ Қосылу әдісі: AV фистула, протез, катетер (уақытша, тұрақты) Кү­ні диа­лиз № Ба­ста­лу уа­қы­ты Аяқ­та­лу уа­қы­ты Диа­ли­за­тор тү­рі Қан ағы­мы­ның жыл­дамды­ғы мл / мин Сал­мақ қо­су, кг УК (л) ГД дей­ін­гі сал­мақ ГД кей­ін­гі сал­мақ Кон­дук­тив­ті­лік (Na) ері­т­ін­ді­нің № Ар­те-ри­я­лық қы­сым мм.сы­нап бағ. ГД дей­ін 1 2 3 4 ГД-дан кей­ін Ан­ти­ко­а­гу­лянт ас­қы­ну­лар Қо­сым­ша дә­рі-дәр­мек­тер Дә­рі­гер Мей­ір­гер Б. Шығару эпикриз: Диализ орталығы/диализ бөлімі: орталықтың атауы Кезең _____________ Пациент:ТАӘ (бар болса)_______________________________________ Жасы___________________ ЖСН _________________ МСАК бекітуді ұйымдастыру ___________________ Бағдарламалық диализ басталған күн ________________________ Мекенжайы:_______________________________________________ Диагноз: АХЖ коды________ карта № :___________ Шағымдар:_______________________________________________ Өмір анамнезі:_________________________________________ Сырқатнама:____________________________________ Объективті мәртебе:_____________________________________ Интрадиализдік мәселелер:_______________________________ Құрғақ салмағы: _ _ _ _ _ кг орташа диализаралық үстемақы: _ _ _ _ _ кг Диализ барабарлығының орташа айлық индексі kt / v___________ Диализ бағдарламасы Кү­ні Диа­ли­за­тор Диа­ли зат Эпо­э­тин Те­мір пре­а­па­ра­ты Ан­ти­ко­а­гу­лянт Қан жыл­дамды­ғы Ағын ГД/ГДФ-ға дей­ін­гі және кей­ін­гі АҚ Уа­қыт (мин) Тамырлы қол жетімділік: _______________________ (орнату күні) Гемодинамика: диализдік АҚ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ синдиализдік АҚ __________, постдиализдік АҚ _ _ _ _ _ _ _ _ _ мм.сын.Б. Қосымша дәрілік терапия: _______________________________________________________________________________ Емдеуге жатқызу: _______________________________________________________________________________ _______________________________________ Диагностикалық зерттеп-қараулар: ________________________________________________________________________ Зертханалық зерттеулердің нәтижелері: Те­стің ата­уы Диа­лиз­ге дей­ін Диа­л­из­ден кей­ін Жүр­гі­зу кү­ні ге­мо­гло­бин са­ры­сулық аль­бу­мин Жал­пы каль­ций глю­ко­за кре­а­ти­нин несеп­нәр па­рат­гор­мон ка­лий/на­трий фос­фор Са­ры­сулық те­мір фер­ри­тин транс­фе­рин ги­по­хром­дық эрит­ро­цит­тер­дің пай­ы­зы ко­а­гу­ло­грам­ма ИФА HCV HBsAg С-ре­ак­тив­тік ақуы­зок Вас­сер­ман ре­ак­ци­я­сы АИТВ Қорытынды: (гемодиализ терапиясы сапасының индикаторларына талдау жүргізіледі, нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізбеу себептері, диализ бағдарламасын өзгерту негіздемесі, дәрілік препараттардың дозасы мен еселігі)_______________________________________________ Ұсынымдар (МСАК дәрігеріне диализаралық кезеңде пациентті жүргізу бойынша ұсынымдарды көрсете отырып) _________________________________________________________ Емдеуші дәрігер:____________________ ТАӘ (бар болса) Меңгерушісі. бөлімше :___________________ТАӘ (бар болса) (қолдары) М. О. Күні
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Бұйрыққа 1-қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының халқына нефрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 15 ақпандағы № 86 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7461 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының халқына нефрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 15 ақпандағы № 86 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 154 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8404 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасында халыққа нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 765 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9144 болып тіркелген).