Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории села Майтубек Майского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Май ауданы Майтүбек ауылының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Май ауданы Майтүбек ауылының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылтұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі «Май ауданы Майтүбек ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы» № 6/40 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Май ауданы Майтүбек ауылының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі
Май аудандық мәслихатының 2022 жылғы 14 қазандағы № 11/19 шешімімен бекітілген Май ауданы Майтүбек ауылының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Май ауданы Майтүбек ауылының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі (бұдан әрі – тәртіп) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Май ауданы Майтүбек ауылының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Май ауданы Майтүбек ауылының аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың жиындарын өткізудің тәртібі
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың жиыны Майтүбек ауылдық округінде өткізіледі.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың жиынын Майтүбек ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Майтүбек ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың халқы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Майтүбекауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары, Instagram, Facebook және WhatsApp әлеуметтік желілері арқылы өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 7
7. Ауылшегінде жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Майтүбек ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 1-тармағының екінші абзацына сәйкес кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың жергілікті қоғамдастық жиынына қатысуға құқығы жоқ. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың жиынын Майтүбек ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Майтүбек ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады. Жергілікті қоғамдастықтың жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Майтүбек ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.
Тарау 3. 3-тарау. Майтүбек ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
3-тарау. Майтүбек ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
Тармақ 13
13. Майтүбек ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны мынадай тәртіппен айқындалады: Майтүбек ауылы -3 адам