Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ Актогайского района» Күшін жойған
Басқа 0
«Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы 8-тармақшасына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген мемлекеттік орган туралы үлгілік Ереженің негізінде Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 мамырдағы «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 103 қаулысы жойылсын.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Павлодар облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Ақтоғай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына міндеттелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Ақтоғай ауданы
әкімдігінің 2022 жылғы
23 қыркүйектегі № 284
қаулысымен бекітілді
«Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ) Ақтоғай ауданының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында басшылық ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қарамағында мынадай ұйым бар: Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Ақтоғай ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «ММ, егер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «ММ өз құзыретіндегі мәселелер бойынша «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140200, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 79.
Тармақ 10
10. Осы Ереже «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» ММ мақсаттары мен өкілеттіктері
2. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» ММ мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) аз қамтылған отбасыларды, жұмыссыз азаматтарды, ардагерлерді, мүгедектігі бар адамдарды және өзге де жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуді ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамамен қарастырылған мемлекеттік кепілдіктерді, азаматтардың құқықтары мен олардың қызығушылықтарын қорғау;
Тармақша 3
3) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру;
Тармақша 4
4) аудан аумағында кедейшілікті төмендету бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;
Тармақша 6
6) халықтың әлеуметтік осал санаттарын әлеуметтік қорғау;
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
Тармақша 1-1
1-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек алуға өтініш берушілерден қажетті құжаттарды сұратуға, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеруге;
Тармақша 1-2
1-2) «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және өзге де органдардан ақпарат сұратуға және өтеусіз негізде алуға;
Тармақша 1-3
1-3) «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ құзыретіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте семинарлар мен кеңестер өткізу;
Тармақша 1-4
1-4) ұсынылған құжаттардың ішкі пайдалану үшін пайдаланылатын көшірмелерін куәландыруға;
Тармақша 2
2) міндеттер:
Тармақша 2-1
2-1) өзінің құзыреттілігі шегінде келісімдерді, шарттарды жасасу;
Тармақша 2-2
2-2) «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мүддесін барлық мемлекеттік органдарда, сонымен қатар сотта және құқыққорғау органдарда білдіреді;
Тармақ 15
15. Функциялары:
жұмыс күшінің бір бөлігіне сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, еңбек нарығының жай-күйі туралы жергілікті атқарушы органдарды және облыстың атқарушы органдарын жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органды хабардар етеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жеке сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысады;
Тармақша 3
3) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлейді, Қазақстан Республикасының«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының17-бабына сәйкес халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) Жергілікті атқарушы органдардың білім беру мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінен, білім беру ұйымдарынан, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру қызметіне құқығы бар ұйымдардың жанындағы оқу орталықтарынан нақты кәсіптер бойынша даярланған және даярлау мен бітіруге жоспарланып отырған мамандардың санын сұратады;
Тармақша 6
6) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдарға енгізеді;
Тармақша 7
7) жұмыс берушілерден кадрларға болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұратады;
Тармақша 8
8) жұмыстан босату және жұмысшыларды қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу;
Тармақша 10
10) мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу;
Тармақша 11
11) мүгедектігі бар адамдарды сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету;
Тармақша 12
12) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
Тармақша 13
13) жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарға ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектігі бар адамдардың құжаттарын ресімдеу;
Тармақша 14
14) мүгедектігі бар адамдарға кресло-арбалар беру;
Тармақша 15
15) мүгедектігі бар адамдарды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;
Тармақша 16
16)медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу;
Тармақша 17
17) үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу;
Тармақша 18
18) жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
Тармақша 19
19) мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;
Тармақша 20
20) ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау;
Тармақша 21
21) өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру;
Тармақша 22
22) жаңа жұмыс орындарын құру мониторингі;
Тармақша 23
23) ашық және тіркелген еңбек нарығының мониторингі;
Тармақша 24
24) шоғырландырылған қаржылық есептілікті уақтылы және сапалы жасау және ұсыну;
Тармақша 25
25) әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік әріптестік мәселелері, барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындардан ұжымдық шарттарды тіркеу және есепке алу;
Тармақша 26
26) Ақтоғай ауданының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы іс-шаралар жоспарын және аумақтарды дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларын, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін әзірлеу, болжау, түзету және келісу;
Тармақша 27
27) бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу (өзгерістер мен толықтырулардың жобалары);
Тармақша 28
28) Ақтоғай ауданының жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарын және жұмыспен қамту картасын әзірлеу және түзету;
Тармақша 29
29) Ақтоғай ауданы әкімдігінің қаулы жобаларын және жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша аудандық мәслихат сессиясының шешімдерін дайындау;
Тармақша 30
30) паспортталған әлеуметтік, көлік инфрақұрылымы объектілерінің жалпы санынан мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің мониторингі;
Тармақша 31
31) мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік бөлігі бойынша оңалтудың жеке бағдарламасын орындау;
Тармақша 32
32) мүгедектігі бар адамдардың, аз қамтылған отбасылардың және азаматтардың әлеуметтік осал санаттарындағы басқа да адамдардың мониторингі;
Тармақша 33
33) аз қамтылған отбасыларға шартты ақшалай көмек беру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 35
35) 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдардың жұмыс өтілін белгілеу үшін комиссияға құжаттар дайындау;
Тармақша 36
36) әрекетке қабілетсіз азаматтарға қорғаншылық пен қамқоршылық беру;
Тармақша 37
37) халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысын үйлестіреді;
Тармақша 38
38) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді;
Тармақша 39
39) халықты жұмыспен қамту орталығына әдістемелік және ұйымдастырушылық басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 40
40) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3
Тармақ 3. 3. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшылықты «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бірінші басшысын «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 18
18. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
Тармақ 19
19. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ туралы Ережесін аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық бағыныстағы ұйым басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты ұйым басшысын мадақтайды, материалдық көмек көрсетеді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметкерлерінің барлығы орындауға міндетті өз құзіретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 6
6) «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 7
7) барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де ұйымдарда меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мүддесін қорғайды;
Тармақша 8
8) барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де ұйымдарда меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мүддесін қорғау құқығына сенім хат береді;
Тармақша 9
9) «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметкерлерін іссапарға жібереді;
Тармақша 10
10) азаматтардың жеке қабылдауын жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 12
12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;
Тармақша 13
13) өз құзыретінің шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды.
«Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен реттеледі.
Тармақ 21
21. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мен тиісті саланың уәкілетті органдары (ауданның жергілікті атқарушы органдары) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 22
22. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен және ұжымдық шартпен сәйкес белгіленеді.
Тарау 4
Тармақ 4. 4. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» ММ мүлкі
4. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» ММ мүлкі
Тармақ 23
23. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.
Тармақ 24
24. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 25
25. Егер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5
Тармақ 5. 5. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтікбағдарламалар бөлімі» ММ қайта ұйымдастыру және тарату
5. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтікбағдарламалар бөлімі» ММ қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 26
26. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 27
27. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қысқартылған (таратылған) кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.