Об утверждении правил проведения городского конкурса «Лучшая автозаправочная станция» Күшін жойған
Басқа 0
«Ең үздік автожағармай станциясы» қалалық байқайын өткізудің қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бап 1 тармақ 16 тармақшасына сәйкес және қаланың сәулеттік келбеті мен көріктендірілуін жақсарту мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ең үздік автожағар май станциясы» қалалық байқауын өткізудің қағидасы № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ең үздік автожағар май станциясы» қалалық байқауын ұйымдастыру және өткізу бойынша конкурстық комиссияның құрамы № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы байқаудың өтуіне бақылау жасау сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы Ж.А. Мәрденовке жүктелсін.
Басқа 4. «Ең үздік автожағармай станциясы» қалалық байқауын өткізудің ҚАҒИДАСЫ
Екібастұз қаласы
әкімдігінің 2003 жылғы «4» шілде
«Ең үздік автожағармай станциясы»
қалалық байқауын өткізудің қағидасын
бекіту туралы» № 439/7 қаулысына
1-қосымша
«Ең үздік автожағармай станциясы» қалалық байқауын өткізудің ҚАҒИДАСЫ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы қағида байқауға дайындықтың, хабарлануы мен өткізілуінің тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Қалалық байқау көріктендіру бойынша бағдарламаны жүзеге асыру аясында өтеді.
Тармақ 3
3. Байқаудың мақсаты қаланың сәулеттік келбетін жақсарту болып табылады.
Тармақ 4
4. Сәулет және қала құрылысы басқармасы байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.
Тарау 2. 2. Байқау өткізудің қағидасы
2. Байқау өткізудің қағидасы
Тармақ 1
1. Байқауға қатысу үшін сәулет және қала құрылысы басқармасына өтініш беру қажет.
Тармақ 2
2. Байауға меншіктүріне қарамастан кәсіпорындар мен ұымдар, сондай-қ жеке ұлғалар қатысады.
Тармақ 3
3. Байқаудың талартарына неғурлым толық жауап терген конкурстық объект жеңімпаз болып табылады.
Тармақ 4
4. Байқау 2003 жылдың 21 маусымынан 2003 жылдың 26 желтоқсанына дейін 2003 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі номинация бойынша қорытындысын шығара отырып, өткізіледі.
Тарау 3. 3.
«Ең үздік автожағармай станциясы» қалалық байқауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссияның міндеттері
3.
«Ең үздік автожағармай станциясы» қалалық байқауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссияның міндеттері
Конкурстық коммисияға мынадай міндеттер жүктеледі:
а) объектіге барып тексеру жүргізу;
б) байқау қорытындысын шығару
Басқа 16. «Ең үздік автожағармай станциясы» қалалық байқауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі конкурстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Екібастұз қаласы
әкімдігінің 2003 жылғы «4» шілде
«Ең үздік автожағармай станциясы»
қалалық байқауын өткізудің қағидасын
бекіту туралы» № 439/7 қаулысына
2-қосымша
«Ең үздік автожағармай станциясы» қалалық байқауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі конкурстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Көшімбаев Серік Айыпұлы – қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Мәрденов Жеңіс Айыпұлы – сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы
Медведев Анатолий Антонович – көріктендіру басқармасының бастығы
Құрманова Айзада Аманкельдіқызы – қала әкімі ішкі саясат бөлімінің бастығы
Алхимова Лариса Дмитриевна – қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы