Об организации пожаротушения в Экибастузском регионе Күшін жойған
Басқа 0
Екiбастұз өңiрiнде өрт сөндiрудi ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" № 19-1 Заңына, Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2002 жылғы 18 шiлдедегi "Өрт сөндiру жөнiндегi жауапкерлiк iс-қимылдарды орындауға қатысатын өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi мен өрт сөндiруге тартылған күштер үшiн ұйымдардың аумақтарында өрт сөндiру кезiнде қажеттi күштер мен құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ өнiмдерiн және демалыс орындарын ұсыну Ережесiн бекiту туралы" № 801 қаулысына, Павлодар облысы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 19 шiлдедегi "Облыс ормандары, жайылмалар мен дала аумақтарындағы өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы" № 129/5 қаулысына сәйкес және үлкен өрттi жою кезiнде жедел басқару, адамдар мен техниканы уақытылы жұмылдыру, Екiбастұз қаласы мен Екiбастұз өңiрi объектiлерiнде мүмкiншiлiк салдарын жедел және бiлiктi бағалау мақсатында қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес Екiбастұз өңiрiнде үлкен өртке қарсы күрес жөнiндегi қалалық жедел штаб құрылсын.
2. Үлкен өртке қарсы күрес бойынша қалалық жедел штаб пен Екiбастұз өңiрiндегi шаруашылықпен айналысатын объектiлермен бiрлесiп өзара iс-қимыл жасау нұсқауы және Екiбастұз қаласының өрт сөндiру гарнизоны өрт сөндiру бөлiмдерiнiң шығу кестесi бекiтiлсiн.
3. Меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындар мен ұйымдар басшыларына:
Тармақша 1
1) қалалық жедел штаб сұранымы бойынша өртке қарсы Мемлекеттiк қызметiнiң үшiншi Мамандандырылған отрядының билiгiне үлкен өрттi сөндiру үшiн көмекшi және су таситын техниканың, адамдардың қажеттi санын бөлiп отыру;
Тармақша 2
2) қаланың өрт сөндiру күзетiмен келiсiлген өз нұсқауларын бекiтiп, өрт сөндiрудi ұйымдастыру туралы бұйрықтарды шығару;
Тармақша 3
3) өрт сөндiру және көмекшi техниканы жауынгерлiк әзiрлiк дайындыққа келтiру жөнiнде ұтымды шаралар қабылдау, өрт сөндiру гидранттарының дайындығын қамтамасыз ету, өрт сөндiру крандарын тиiстi нормаларға сәйкес топтау ұсынылсын.
4. Екiбастұз қаласының үшiншi мамандандырылған отрядына:
Тармақша 1
1) ауылдық округтердiң өрт сөндiру-техникалық тексеру және табиғи өрттi сөндiру кезiнде күштер мен құрал-жабдықтардың өзара iс-қимылы бойынша практикалық оқулар жүргiзу;
Тармақша 2
2) өртке қарсы- техникалық станциясының жауынгерлiк әзiрлiк дайындығын тексеру;
Тармақша 3
3) Екiбастұз өңiрi аумағында үлкен өрт сөндiру үшiн күштер мен құрал-жабдықтарды тартудың жедел жоспарын тексеруi және түзетуi ұсынылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары С.М.Көшiмбаевқа жүктелсiн.
Келiсiлдi:
Екiбастұз қалалық төтенше
жағдайлар жөнiндегi
басқармасының бастығы
А. Садыков
Екiбастұз қалалық iшкi iстер
бөлiмiнiң бастығы
С. Ергебаев
Өртке қарсы мемлекеттiк
қызметiнiң үшiншi
мамандандырылған отрядының
бастығы М. Садралин
Басқа 7. Үлкен өртке қарсы күрес бойынша қалалық жедел штаб пен Екiбастұз өңiрiндегi шаруашылықпен айналысатын объектiлермен бiрлесiп өзара iс-қимыл жасау НҰСҚАУЫ
Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң
2003 жылғы "5" қыркүйектегі
"Екiбастұз өңiрiнде өрт сөндiрудi
ұйымдастыру туралы"
№ 595/9 қаулысымен бекiтiлдi
Үлкен өртке қарсы күрес бойынша қалалық жедел штаб пен Екiбастұз өңiрiндегi шаруашылықпен айналысатын объектiлермен бiрлесiп өзара iс-қимыл жасау НҰСҚАУЫ
Қаланың жедел штабты уақытылы шақыру және оның тәртiпке салынған жедел жұмысы мақсатында келесi тәртiп белгiленедi:
Тармақ 1
1. Өрт сөндiру байланыс пунктiнiң диспетчерi өрт және төтенше жағдайлар туралы хабарларды қабылдап, өртке қарсы мемлекеттiк қызметiнiң үшiншi мамандандырылған отрядының бастығына баяндайды, өртке қарсы мемлекеттiк қызметiнiң үшiншi мамандандырылған отрядының жедел тобын шақырады, төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасының кезекшiсiне баяндайды.
Тармақ 2
2. Қаланың төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасының кезекшi әкiмшiсi төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасының бастығына өрт туралы баяндайды, сонымен бiрге төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасының командалық пунктiнiң кезектен тыс және үздiксiз байланысын қамтамасыз ету үшiн қалааралық телефон станциясына өрт немесе төтенше жағдай туралы хабарлайды.
Тармақ 3
3. Шұғыл жағдай бойынша өрт сөндiру диспетчерi өрт болған жерге қаланың авариялық қызметтерiн жiбередi.
Тармақша 1
1) "Екiбастұзсу" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны;
Тармақша 2
2) "Горэлектросеть" ашық акционерлiк қоғамы;
Тармақша 3
3) қалалық денсаулық сақтау бөлiмi;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар Агенттiгi жанындағы 3-әскерилендiрiлген авариялық-құтқару отряды;
Тармақша 5
5) "Транссервис" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi;
Тармақша 6
6) өрт сөндiру поезы, НОРПОЖ-3 өртке қарсы қызметiнiң Павлодар отрядының Екiбастұз НОРП-11 станциясы;
Тармақша 7
7) Екiбастұз қалалық телекоммуникациялар торабы;
Тармақша 8
8) қалалық iшкi iстер бөлiмi;
Тармақша 9
9) "Екiбастұз жылуорталығы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi,
Тармақша 10
10) Төтенше орнына шұғыл әрекет жасау құрама отрядына кiретiн құралымдар жiберiледi жағдайлар жөнiндегi басқармасының қажеттiлiгi бойынша өрт.
Басқа 21. Үлкен өртке қарсы күрес бойынша қалалық жедел штабының
ҚҰРАМЫ
Екiбастұз қаласы әкiмiнiң
2003 жылғы "5" қыркүйектегі
"Екiбастұз өңiрiнде өрт сөндiрудi
ұйымдастыру туралы"
№ 593/9 қаулысына қосымша
Үлкен өртке қарсы күрес бойынша қалалық жедел штабының
ҚҰРАМЫ
1
Көшiмбаев
Серiк Мұқиұлы
- қала әкiмiнiң жедел шаруашылық мәселелерi және коммуналдық сала жөнiндегi орынбасары, жедел штабтың төрағасы;
2
Садықов
Ақан Қабдылұлы
- Екiбастұз қалалық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарманың бастығы, жедел штаб төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша);
3
Садралин
Манарбек Мәуиянұлы
- өртке қарсы мемлекеттiк қызметiнiң үшiншi мамандандырылған отрядының бастығы, жедел штаб төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша);
Комиссия мүшелерi:
1
Надточих
Геннадий Михайлович
- "Екiбастұзсу" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының директоры;
2
Варнавский
Виктор Иванович
- төтенше жағдайлар жөнiндегi Екiбастұз мемлекеттiк техникалық инспекциясының бастығы;
3
Балтабай
Мейрам Рахатұлы
- тұрғын-коммуналды шаруашылық басқармасының бастығы;
4
Попов
Вячеслав Иванович
- қалалық телекоммуникация торабының директоры (келiсiм бойынша);
5
Ким
Гари Васильевич
- үшiншi әскерилендiрiлген авариялық құтқару отрядының командирi (келiсiм бойынша);
6
Ергебаев Самат Әбдiлхамитұлы
- Екiбастұз қалалық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығы (келiсiм бойынша);
7
Тоқжұманов
Аманкелдi Қырымзақұлы
- "Қазақстан Темiр Жолы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Павлодар бөлiмшесiнiң Екiбастұз темiржол станциясының бастығы (келiсiм бойынша);
8
Котов
Николай Владимирович
- қалалық денсаулық сақтау бөлiмi бастығының мiндетiн атқарушы (келiсiм бойынша);
9
Федяев
Николай Владимирович
- "Екiбастұз жылуорталығы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң директоры (келiсiм бойынша);
10
Христосова
Ирина Александровна
- "Транссервис" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң директоры (келiсiм бойынша);
11
Ерғалиев
Мырзағали Жылқайдарұлы
- қала әкiмiнiң ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi орынбасары