О состоянии и мерах по усилению борьбы со скотокрадством Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мал ұрлығы жайында және онымен күресті күшейтудің шаралары туралы Соңғы жылдары облыс территориясындағы қылмыстардың ең көп тарағаны мал ұрлау болып отыр. Соңғы үш жылда қылмыстың осы түрі басқа қылмыстардың құрамында 11,6-ден 16,0 процентке артты. Үстіміздегі жылдың өткен айларында облыста малды ұрлау менн талан-таражға салудың 303 фактісі тіркелді, одан шеккен жалпы зиян 16,4 млн.теңге құрады. Қылмыстың осы түрі әсіресе Ақтөбе қаласында, Алға, Мұғалжар, Қобда, Шалқар аудандарында кең тараған. Малдың талан-таражға түсуінің себептері оның жайлымдарда қараусыз бағылуы, шаруашылық құрылымдары басшыларының тарапынан материалдық жауапкершілік жүктелген адамдар, қадағалаудың жоқтығы, есеп-қисаптың бетімен жіберілуі болып табылады. Аудандар мен селолық округтердің әкімдері малды ұрлау фактілеріне онша көп әлеуметтік мән бермейді, осы қоғамдық кеселге қарсы күресті шындап ұйымдастырмайды. Мал ұрлаудың алдын алу және қылмысты ашу жолында, қызылордалықтардың тәжірібесімен "Сарбаздар тобы" деп аталатын жасақтарды біздің аудандарда құру кең қолдау таппай отыр. Осындай ақылы топтар тек Ойыл ауданында ғана жүмыс істейді және олардың қылмыскермен күрестері табыссыз да емес. Ішкі істер органдары да мал ұрлау фактілеріне шұғыл елең етіп, қылмыстардың ізін суытпай кесуге қол жеткізе алмай келеді. Мал ұрлаумен күресті күшейту мақсатында облыс әкімі ШЕШІМ етті:
Тармақ 1
1. Мал ұрлаудың етек алуы фактілеріне аудан және Ақтөбе қаласы әкімдері мықты назар аударатын болсын.
Тармақ 2
2. Аудан және Ақтөбе қаласының әкімдеріне мынаны міндеттеймін: - мал ұрлауға қарсы күрес шараларының жайы еңбек ұжымдарының жиналыстарында ірі елдегі мекендердегі тұрғындардың жиындарында талқылансын, мал ұрлаудың алдан алу және қылмысты ізін суытпай ашу мақсатында қызылордалықтардың тәжірибесімен кажетті жерлерде "сарбаздар тобы" жасақтары ұйымдастырылсын, "сарбаздар тобының" Ережелері бекітілсін; - малға берілген құжаттар мен тізімге алу /инвентарлық/ нөмірі арқылы оның кімдікі екенін анықтауға жағдай жасайтын облыс әкімінің 1996 жылғы 20 желтоқсанындағы, Облыстағы меншіктің барлық түріндегі шаруашылықтарындағы малды тізімге алу және мал дәрігерлік - профилактикалық шараларды жүргізудің айлығын өткізу туралы шешіміне сәйкес малды сырғалау татуировкалау, таңбалау жұмыстары жалғастырылсын; - мал басын сақтау мәселесіне қатысты материалдар облыстық және аудандық газеттер беттерінде тұрақты жариялансын, радио және теледидар арқылы хабарланатын болсын.
Тармақ 3
3. Облыстық ішкі істер басқармасының және әділет органдарының басшылары мал ұрлауға қарсы күрес, жұмыстарын жандандырсын, малы ұрланған азаматтардың арыз-өтініштеріне сергектік танытып, олардың мезгілінде қаралуын қамтамасыз етсін, қылмысты ашуды жақсартуға, келістірілген зиянды толық қайтаруға қол жеткізсін.
Тармақ 4
4. Келешекте аудан әкімдерінің-жұмыстарына рейтинг бағасын берерде осы аймақтағы мал ұрлығына қарсы күрестің жайы ескерілсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ. Ж. ЕЛЕУСІЗОВКЕ жүктелсін.