Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев по Жамбылскому району Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жамбыл ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.